І бөлім 2015-2016 оқу жылының мектептің педагогикалық


Қазақстан тарихы бойынша орташа баллы 17,85 құрайды



бет3/5
Дата26.08.2017
өлшемі0,79 Mb.
#28225
1   2   3   4   5

Қазақстан тарихы бойынша орташа баллы 17,85 құрайды. Максималды балл – 24, минималды – 6. Орташа бағалау балл – 4,077, 0,452 жоғарланды. Үлгерім сапасы 76,93%, 14,43% жоғары. Қала бойынша орташа балл 16,54. Нәтижесі қалалықтан 1,31 жоғары. 6 оқушы жылдық бағаларын растады, 7 оқушы жылдық бағадан жоғары. Оқушылар білім сапасының өте жоғары деңгейін көрсетті (мұғалімі екінші біліктілік санаты бар Т.С.Саворовская).

Биологияны 6 оқушы тапсырды. Орташа баллы 16, 0,75 баллға жоғарланды. Максималды балл – 21, минималды – 13. Орта бағалау баллы – 3,83, 2015ж. ҰБТ салыстырғанда 0,08 жоғары. Қала бойынша орташа балл 17,37. Нәтижесі қалалықтан 1,37 төмен. Оқушылар орта мектеп курсы үшін бағдарламалық материалды меңгеруде өте жоғары деңгейін көрсетті, 1 оқушы жылдық бағаларын растады, 3 оқушы жылдық бағадан жоғары және 2 оқушы жылдық бағадан төмен көрсетті. Оқушылар өздерінің білімдерін растады (мұғалімі бірінші біліктілік санаты бар Милейко Н.В.)

Физиканы 6 оқушы тапсырды. Орташа баллы – 15, 3,5 баллға жоғары. Максималды балл – 23, минималды – 7. Орта бағалау баллы – 4, 0,5 баллға жоғары. Физикадан үлгерім сапасы – 83% (өте жоғары деңгей) 2015ж. ҰБТ салыстырғанда 33% жоғары. Қала бойынша орташа балл 15,92. Нәтижесі қалалықтан 0,92 төмен. Оқушылар жалпы орта білім курсы үшін физикадан бағдарламалық материалды меңгерілу сапасының өте жоғары деңгейін көрсетті. 2 оқушы жылдық бағаларын растады, 4 оқушы жылдық бағадан жоғары нәтиже көрсетті. (мұғалімі екінші біліктілік санаты бар Прохоренко С.В.).

Ағылшын тілін 1 оқушы тапсырып 22 балл алды, 2015ж. ҰБТ 1 баллға жоғары. Қала бойынша орташа баллы 18,67. Қалалықтан 3,33 жоғары. Білім сапасы 100% , жылдық бағасын растаған. Пән бойынша үздік білімдерін көрсетті (мұғалімі бірінші біліктілік санаты бар Г.Ш.Оспанова).

ҰБТ жүргізу ережелерінің 48 тармағына ҰБТ нәтижелері және пән бойынша жылдық бағалар нәтижесі бойынша аттсетатқа орта арифметикалық баға қою бөлігіне өзгертулер енгізілді.

Қазақ тілі – оқу жылы 69,23%, ҰБТ – 100%, қорытынды –100%.

Орыс тілі – оқу жылы 38,47%, ҰБТ – 76,93%, қорытынды – 92,31%.

Математика – оқу жылы 61,54%, ҰБТ – 69,23%, қорытынды – 76,93%.

Қазақстан тарихы – оқу жылы 38,47%, ҰБТ – 76,93%, қорытынды76,93%.

Ағылшын тілі – оқу жылы 100%, ҰБТ – 100%, қорытынды – 100%.

Биология – оқу жылы 50%, ҰБТ – 66,67%, қорытынды100%.

Физика – оқу жылы 16,67%, ҰБТ – 83,34%, қорытынды83,34%.

Жоғары айтылғаннан келесі шешім шығаруға болады: мектеп педагогикалық ұжымы ұсынатын білім қызметінің сапасы бастапқы және жоғары буындарда жоғары деңгейде тұр, орта буында оңтайлы деңгейде. Бұл ҰБТ нәтижелері бойынша үлгерім сапасымен рсталады. Оқушылар білім сапасының жеткілікті жоғары деңгейін көрсетті, терең, мықты білімдерін көрсетті, сондай-ақ ҰБТ деген жоғары және жүйелі дайындығын растады.

Педагогикалық кадрларының жұмыс талдауы

Жалпы білім сапасының артуына педагогикалық мамандығының абыройын арттыру бойынша педагогикалық кадрларымен жүйелі жұмыс себеп болды.

2015 -2016 оқу жылы әдістемелік қызмет және педагогикалық ұжым «Мұғалім құзырлығы білімнің жаңа сапасының құрылу негізі» (2012-2017 жж.) әдістемелік тақырыбын жүзеге асыру жөнінде төртінші жыл жұмыс жасап келеді.



Өзекті құзырлықтардың қалыптастыру моделін енгізуіне дайындық бойынша 2015-2016 оқу жылына қойылған міндеттер жалпы келесі арқылы орындалды:

  1. өзекті құзырлықтар мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу қызметінде жаңа көзқарастарды белсене қолдануын ұйымдастыру;

  2. өзекті құзырлықтар мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша педагогтардың машықтары мен шеберліктерін арттыру;

  3. өзекті құзырлықтарды қалыптастыру бойынша әдістемелік-дидактикалық материалдарды апробациялау және жүйелендіру;

  4. құзыреттілік көзқарасқа білімнің бейімделуі кезінде өзгерістердің сипаты мен талдауы: тәжірибелерді сипаттау және материалдарды жүйеге келтіруіне, тамыз конференциясына өздігінен білім алу және әдістемелік тақырыптары бойынша баяндамаларды дайындауына, «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал-2016» қалалық сайысына қатысуына әдістемелік көмк ұйымдастырылған.

2015 жылы өздігінен білім алу тақырыбы бойынша қызметтерін қорғау жөнінде өткізілген әдістемелік кеңес көрсетті, мұғалімдердің 85% белсене жұмыс жасайды екен. Әдістемелік бірлестік өздігінен білім алу тақырыбы бойынша мұғалімдердің жұмыс нәтижелілігін оқып меңгерді. Бір, екі және үш жылдың нәтижелері қарастырылуға ұсынылды (бала күту демалысынан шыққандар, жаңадан келгендер). 2015 жылы Әдістемелік кеңесімен қабылданған шешім жүзеге асырылды, яғни:

  1. Мұғалімдер өзекті құзыреттіліктерді қалыптастыру жөнінде материалдарды жетілдіру және апробациялау жұмыстарын жалғастырды.

  2. 2015-2016 оқу жылы мұғалімдер Н.Г.Лаврикова және Н.Н.Лунгу жұмыс тәжірибелерін облыстық деңгейде талдап қорытты.

  3. Мұғалімдер: А.А.Қонырова, С.В.Прохоренко, К.А.Фалеева, Н.В.Замятиналар өздігінен білім алу тақырыптары бойынша жұмыс тәжірибелерін қорыту жөнінде материалдарын дайындады және 2015 жылғы қазан айында мектеп деңгейінде қорғады.

  4. Мұғалімдер: А.А.Қонырова, С.В.Прохоренко, Н.В.Замятиналар материалдарын жүйеге келтіріп қала деңгейінде тәжірибелерін корғады.

  5. Келесі мұғалімдерге материалдарын жүйеге келтіріп «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал-2016» қалалық сайысында қатыссын: А.А.Қонырова (физикалық эксперимент), Т.И.Перфильева (сызупәнінен), С.В.Прохоренко. Жұмыстарын ұсынбаған мұғалімдер: Е.К.Андронова (3,4 сыныптарындағы диалогтық оқыту), М.Ж.Абұлғазинова (ТИСО бойынша оқу парақтары, 8 сынып), Н.Г.Лаврикова (Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар жинағы), Н.А.Жұмағұлова (Оқу сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар, 3 сынып).

  6. Өздігінен білім алу тақырыбы бойынша баяндама дайындап қалалық тамыз мәжілісіне сөз сөйлеген 4 мұғалім (2015 жылғы тамыз: Н.В.Замятина, С.В.Прохоренко, Г.Ш.Оспанова (А.М.Омарова – жұмыстан босатылды).

  7. 2015-2016 оқу жылы барлық мұғалімдер мектептің әдістемелік тақырыбын жүзеге асыру шеңберінде өздігінен білім алу тақырыбын жүзеге асыру жөнінде зерттеу ашық сабақтар берді. Сабақтардың жетілдіруі басылымға дайындалып жатыр.

2016 жылы өздігінен білім алу тақырыбын қорғау жөнінде өткізілген әдістемелік кеңес көрсетті, мұғалімдердің 87% өздігінен білім алу тақырыбы жөнінде белсене жұмыс атқарады. Өздігінен білім алу тақырыбы жөнінде мұғалімдердің жұмыс нәтижелілігі әдістемелік кеңесімен меңгерілді. Төрт, үш, екі және бір жылдың нәтижелері қарастырылуға ұсынылды. Сәйкес келмейтіні мұғалімдердің 20% жаңа оқу жылында келген. Жаңадан келген оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін бастауыш сынып мұғалімдері өзекті құзыреттіліктерді қалыптастыру шеңберінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту әдістерін меңгеру жөнінде семинарларға жүйелі түрде қатысып отырды және оқу процесіне ене бастады.

Қабылданған шешім: 2016-2017 оқу жылында өздігінен білім алу тақырыбын «Білім көшбасшысы» сайысында жұмыс жобасын ұсыну.

Үш жылдың ішінде өзекті құзыреттіліктерді қалыптастыру жөнінде барлық негізгі пәндер бойынша мұғалімдер 14 баяндама құрастырды (2015-2016 оқу жылында қалалық тамыз мәжілісіне 4 баяндама, 2 облыстық), қалалық сайысына қатысқан 8 әдістмелік-дидактикалық құрал. (№1 кесте).

Осы тақырып бойынша сегіз мұғалім қалалық шығармашылық топтарда жұмыс жасады (2014-2015, 2015-2016 оқу жылдарында):



  • Оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін бастауыш сынып мұғалімдері (Г.Қ.Ақпаева, Г.Қ.Өмірбекова) Блум таксономиясына сәйкес математикадан тапсырмалар блогын әзрледі 1-4 тоқсан 8 нұсқа.

  • ҚБТ құрастыру бойынша тарих мұғалімдері (К.А.Фалеева).

  • Өзекті құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша қайта бағдарланумен ТИСО режімінде жұмыс жасайтын математика мұғалімдері (А.Е.Шарапиденова).

  • ҚБТ құрастыру бойынша қазақ тілі мұғалімдері (Г.С.Балпекова).

  • ҚБТ құрастыру бойынша химия мұғалімдері (Н.А.Қабдығалиева).

  • ҚБТ құрастыру бойынша биология мұғалімдері (Н.В.Милейко).

Оқу жылы ағымында шығармашылық топқа қатыса отырып мұғалімдер құзыреттілік-бағытталған тапсырмаларды әзірлеп шықты, сабақтарда бейімдеді, құралдарды шығару және жүйеге келтіруіне қатысты. Қалалық шығармашылық топтарына басқа тақырыптар бойынша 9 мұғалім қатысты.

Мектеп мұғалімдері өзекті құзыреттіліктерді бағалау өлшемін бейімдеу және әзірлеуәне жұмыстарын жалғастыруда.

Құзыреттілік көзқарас мәселесіндегі педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыруына жұмыс атқарған деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің мектеп шығармашылық тобы жұмысының жоспары жүзеге асты. Барлығы мектеп ішінде 8 семинар-коучинг және 20 шақты зерттеу сабақтары жүргізілді.

Қойылған міндетке сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қызмет нәтижелілігі ақпараттық құралдарда бекітілуі ақпараттық технологиялар арқылы жүргізілді. Мұғалімдер 30-дан аса әдістемелік әзірлемелеріншығарды. (№2 кесте).

Мектеп тақырыбымен және мұғалімдердің өздігіенен білім алу тақырыптарымен тығыз байланыста болған мұғалімдерге арналған қалалық семинарлар-практикумдарға, семинарлар-коучингтерге қатысу үшін жағдай жасалған. Ерекше назар жаңадан келген және оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін бастауыш сыныптардың жас мұғалімдерәне бөлінген.

Педагогикалық кеңестер, пән апталығы шеңберінде және әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша жиырма бес мұғалім жақсы деңгейде зерттеу сабақтарын өткізді.

Мектеп негізінде өткізілген: 1 семинар облыстық деңгейде, 18-мектеп мұғалімдерінің шығармашылық топ отырыстары, мектеп деңгейінде 10 семинарлар-коучингтер жүргізілді. (№1 диаграмма).
Мектеп педагогтары оқу процесінде инновациялық технологияларды белсенді бейімделуін және қолдануын жалғастырды. Сараланған оқыту технологиясы, модульдік технология, РКМ, ТИСО, «Шаг за шагом» толық меңгеру технологиясы, жобалық әдістерді мұғалімдердің 46% қолданады және АКТ 100%. (Қосымша №1 кесте). Бірнеше жылдар бойы мұғалімдер таңдаған технологияларды жүйелі түрде қолдануын жалғастыруда. Биылғы оқу жылда жаңа үлгідегі курстарға байланысты РКМ әдістемесін қолданатын мұғалімдер саны көбейді.

2015-2016 оқу жылы уақытылы қайта дайындау курсынан мемлекеттік тапсырыс бойынша - 2 педагог (2-шаруашылық есепте) 4 мұғалім өтті, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа көзқарастарына оқытылды.

2015-2016 оқу жылында жұмыс істеген 39 мұғалімнің 27-і жоғары және бірінші санатқа ие, бұл 69% құрайды. Педагогикалық кадрларының аттестатталу ережелеріне сәйкес және жоспар бойынша педагогикалық шеберлігін арттыруына әдістемелік көмек көрсету, әдістемелік қызметінің жандандыруы оқу жылында 4 мұғалімге біліктілік деңгейін арттыруына, алты мұғалімге растауына (2-жоғары, 2-бірінші, 2-екінші) рұқсат берді. Үш жас мұғалім екніші санатқа ие болды.

Мектепте оқу жылы ағымында екінші санатқа ие 12 мұғалім жұмыс жасады:

* онын ішінде 42% (5 мұғалім) оқу жылы аяғында бірінші санатқа аттестаттаудан өтті, 2015-2016 оқу жылы бір мұғалім жоспар бойынша (Т.С.Саворовская).

* 2016 жылға бір педагогтың санаты мерзімінен бұрын жоғарлатуы жаспарланды (Кизат С.К ).

* А.А.Қонырованың бірінші санатқа жоспар бойынша алуы өтпей қалды, оқыту сапасының жеткліксіз деңгейіне байланысты.

Санаты жоқ 4 мұғалім бар. Жұмыс өтіліне сәйкес аттестаттау жоспарлануда (1 - 2015 ж., 3 – 2016ж.). 2016-2017 оқу жылында төрт жас мұғалімнің ішінен екеуі санатсыз, біреуі қызыл диплом, екіншісі жаңадан келген. Жас мұғалімдерге мектеп әкімшілігі және тәлімгерлер тарапынан жеке кеңестер өткізілді, сабақтарына қатысып жас мұғалім мектебінің сабақтары өткізілді.



Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс талдауы
Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің артуы оқушылардың зияткерлік жарыстарының нәтижелілігі мен қатысу белсенділігінің артуын растайды.

2015 жылғы тамыз айында өткен Педагогикалық кеңестің қойылған міндеттерінің бірі балалардың зияткерлік жарыстарда белсенді қатысуы мен нәтижелілігін арттыруы болып табылады.

Екінші жыл қарастырылатын мәселе бойынша (балалардың зияткерлік жарыстарда белсенді қатысуы мен нәтижелілігін арттыру) «Дарынды және қабілетті мектеп оқушыларымен жұмыс ұйымдастыру» тақырыбына Педагогикалық кеңес жұмыс жасады. Педагогикалық кеңес шеңберінде «Дарынды және қабілетті балалармен сабақтарда қолданылатын әдістер мен түрлер» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел, «Қабілетті балалармен мұғалімнің жұмыс жүйесі» отырысы өткізілді.

2015-2016 оқу жылы Педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша сайыстар ұйымдастырылды және қызмет нәтижелерін арнайы курстарда ұсыну.

Бұл бағытта оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін бастауыш сынып оқушылары максималды қатысуларын танытты. Пән апиалығы шеңберінде «Кім тапқыр?» («Логика» арнайы курс 1-4 сыныптар) зияткерлік сайыс өткізілді. «Тіл дамыту» аранйы курсы бойынша 1-4 сыныптарда шығармашылық сайыс, сондай-ақ Абай оқулары жүргізілді, онда оқушылардың 30% қатысты. Шахматтар бойынша бастауыш сынып оқушылары арасында мектеп чемпионының кубогы ойналды. Чемпион атағын алып кубокқа ие болған 3 сынып оқушысы.

Мұғалімдер арасында «Үздік арнайы курс» мектеп сайысы өтті. Сайысқа бағдарламалармен бірге сабақ жоспары, сондай-аө балалардың шығармашылық жұмыстарын ұсынуымен дидактикалық материалдар ұсынылдыү 6 мұғалім жүлдері орындарға ие болып мақтау қағаздарымен және ақшалай сыймен марапатталды. 2015-2016 оқу жылына балалар дарындылығын қолдау жөнінде тамыз Педагогикалық кеңесімен қойылған міндет жүзеге асты.

Мәселе жөнінде жұмыс нәтижелілігі ғылыми қызметке ұмтылатын оқушылар санының артуымен расталады. «Эрудит» ОҒҚ секциясының саны 10 оқушыға артты, «Знайка» секциясында 21 оқушыға жоғарлады.

Глеб Анциферов қалалық сайысының жеңімпазы «Зерде» облыстық сайысында екінші орынға иеленді, тақырыбы «Үй жағдайында бор жасау».


«Знайка» секциясының ОҒҚ қатысушыларының мониторингісі.


Оқу жылы

Қатысушылар саны

Қалаға өтініш берген жобалар саны

Финалға өткен саны

Жүлделі орындар саны

2012-2013

8

4

2

2

2013-2014

12

4

2

0

2014-2015

18

3

2

2

2015-2016

49

7

4

3

2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда қатысушылар пайызы 55% жоғарлады. Жобалар тақырыбы да сан алуан.

Мектепте 5-8 сынып оқушылары арасында «Жыл көшбасшысы-2016» зияткерлік сайыс өткізілді. 7 сынып оқушысы 8 Гбайт флешкасымен марапатталды. Үш кезеңмен «Үздік мектеп оқушысы-2016» сайысы өткізілді.

«Үздік мектеп оқушысы-2016» кубогына 9 сынып оқушысы иеленді.

ОҒҚ пресс-орталығы жақсы деңгейде жұмыс атқарды, 4 мектеп газеті шығарылды.

Оқу жылына әдістемелік қызметтің қойылған міндеттері шешілді, бірақ сонымен қатар келесі проблемалар анықталды:


  1. Құзыреттілік көзқарасты сипаттайтын тұжырымдамалық материалдардан тұратын әдістемелік материалдарды әзірлеуінде жаңадан келген және жас мұғалімдердің қиындықтары сақталуда.

  2. Материалдарды меңгеру, сабақтарға қатысу барысында анықталғаны өзекті құзыреттіліктердің қалыптасуына анықтау өлшемдерін және дамуына бағытталған тапсырмалар әрі қарай жетілдіруін және апробациялауын қажет етеді, ол мониторингтің жоқ болуына әкеліп соқтырды.

  3. Тамыз ПК шешімінің пунктісі жүзеге аспаған: «Педагогический альмонах», «Педагогика хабаршысы» облыстық журналының парақтарына мақала жариялау. Мұғалімдерге: Т.И.Перфильева, А.А.Қонырова, Е.К.Андронова, М.Ж.Абұлғазинова, С.Н.Жусупова сондай-ақ пәндер бойынша республикалық журналдарының парақтарына мақала жарияласын. «Трибуна учителя» журналына келесі мұғалімдер жарияласын: Н.Г.Лаврикова, Н.Н.Лунгу, Н.В.Милейко, С.В.Прохоренко, Н.В.Замятина, К.А.Фалеева.

  4. Курстан өту жөнінде жоспар толық орындалмаған. Сонымен бірге 9 жоспарланған мұғалімдердің курстан 5-і өтпеген, ол 45% құрайды.

Тәрбие жұмысының талдауы

Мектептің тәрбие жүйесі қызметінің басты акцентіқұзыреттілік көзқарас негізінде Қазақстан патриотын және азаматы сияқты рухтық-адамгершілік тұлғаны тәрбиелеу.

Құзыреттілік көзқарасты енгізу оқушыларға теориялық білімдерді меңгеруге және проблемалық жағдайда немесе нақты өмірлік міндеттерді шешу үшін оларды қолдануға рұқсат етеді.

Құзыреттілік көзқарас оқушылардың кешенді түрде білім мен икемділіктерін меңгеруін болжамдайды. Міндетті: білу, іздеу, ойлау, бірлесіп жұмыс жасау, іске кірісу, бейімделу, ақпараттың және коммунакацияның жаңа технологияларын қолдану, қиындықтарға шыдамдылық таныту, жаңа шешім табуды білу.

Өзекті құызреттіліктердің келесі топтары анықталды: құндылықты-маңызды, жалпы мәдениетті, оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-еңбек, өздігінен жетілу.

Мақсаты: құзыреттілік көзқарас негізінде Қазақстан азаматы және патриоты сияқты рухтық-адамгершілік тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Тәрбие жұмысының келесі міндеттері анықталды:



  1. Патриоттық сана-сезімін қалыптастыру.

  2. Отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау.

  3. Құқықтық сана-сезімін дамыту және қалыптастыру.

  4. Жалпы адамгершілік қасиеттері негізінде көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру.

  5. Дағдыларды қалыптастыруында кешенді, үздіксіз және тұрақты жүйені құру, салауатты өмір салтымен айналасу.

Оқу жылы басында оқушылардың жас ерекшеліктерін , қызығушылықтарын және сұрауларын ескере отырып тәрбие іс шараларының жоспарлауы құрастырылған.

Өткен жылдың тәрбие қызметін қорыта отырып келесі қызмет салаларына тоқатлып өтейік.



  1. Азаматтық-патриоттық тәрбие

2015-2016 оқу жылы азаматтық-патриоттық тәрбиесі жөнінде жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. Оқу жылы басында 1-11 сынып ұжымдарына педагогикалық еңбегінің ардагерлері бекітілді. Қарттарды құттықтау күні мектеп оқушылары концерттік бағдарламамен және сыйлықтармен қонақтарды қарсы алып, үйлеріне барып қайтты. Саптық және әскери дайындық бойынша оқу сабақтары сияқты шаралар дәстүрге айналды, Бөлім күні, Жеңіс күні, мемлекеттік мерекелер сияқты мерекелерге бірлескен концерттік бағдарламалар өткізілді.

«Мектеп тарихы - ел тарихында» ұранымен «Красная гвоздика» ізденіс-зерттеу клубы өз жұмысын жүргізеді. Жетекшісі Дидар Мейрамқызы Апсаликова. Бұл клубтың мүшелері мұражайлық материалдарды іздеумен айналысады, дөңгелек үстелдер, ҰОС ардагерлерімен кездесулер өткізеді. 9 мамыр күнін мерекелеу қарсанында сынып сағаттары, мектеп түлегі ҰОС ардагері В.В.Рассказовты шақырумен мектеп мұражайында дискуссиялық сағат жүргізілді. Әдебиет пәнінің мұғалімі А.А.Сагумбаева ҰОС ардагерлеріне арналған өлеңді мәнерлеп айту сайысын өткізді. 7а, 7б сынып оқушылары 9 мамырға арналған шеруге қатысты, Даңқ обелискісінде 5а сынып оқушылары ескерткіш вахтасына қатысты. Келесі бағыттар бойынша Наурыз мейрамын мерекелеуіне арналған іс шаралар өткізілді: 5 сыныптар арасында өлең айту сайысы, 6 сынып арасында бауырсақтар сайысы, 7 сыныптар арасында халық билер және халық әндер сайысы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған «Форум патриотов» қалалық сайысына 8а, 8б және 10 сынып оқушылары қатысты.



Жақсы нәтижелер:

1. Азаматтық-патриоттық тәрбиесіне көп назар аударылып отыр.

2. Осы бағыт бойынша ата-аналарды шаралардың жүргізілуіне қатыстыру.

3.Мектеп оқушылары осы бағыттағы барлық іс шараларға қатысып отыр.




  1. Рухтық-адамгершілік тәрбие

Мектеп тәрбие жұмысының ерекше назары көркемдік талғамын, әлемге, әсемдікке деген қызығушылығын дамытуға себеп болаты эстетикалық бағытта беріледі. Осы қызметтің негізгі түрі сайыстар, фестивалдер, мерекелер, «Мисс и мистер - осень» фестиваль мерекесі, «Күз сыйы» қолмен ұсақ түйектер, гүл шоғын жасау болып табылады. Барлық орталықтардың бірлескен жұмысы жүргізіледі, музыкалық рәсімдеу «Радуга» орталығымен жүргізіледі, жетекшісі Л.С.Қуанова. «Балауса» қалалық сайысына қатыстық. Оқу жылы ағымында сынып сағаттар өткізілді: «Мен және мектеп этикеті», «Сынып ұжымының достығы туралы әңгімелесейік».

Оқушылардың адамгершілік және рухтық қасиеттерінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлуі байқалады. Жас өспірімдер арасында бір-біріне қарым-қатынастарының шыдамсызды



  1. СӨС қалыптастыру және физикалық тәрбие

Тәрбие бағытының бірі дені сау тұлға тәрбиелеу, СӨС насихаттау және зиянды заттарды қолдануын алдын алу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл бағытта мынадай орталықтар жұмыс атқарады: «Денсаулық», «Экос», спорттық үйірмелер мен секциялар: волейбол, баскетбол, футбол, теннис, тогыз-кумалак, шахматтар. Санитарлық күнтізбеге сәйкес айлықтар, СӨС декадалар өткізіледі. Жетекшісі И.С.Павлович.

Бағдарламаға сәйкес жұмыстың негізгі бағыттары анықталды:



- сауықтыру және алдын алу – оқу процесінде мидың жұмысын және көру мүшелерінің релаксациясын белсендіру үшін таңғы жаттығу, дене шынықтыру сергітулер, ыстық тамақтандыру, дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстар;

- білім беру процесіденсаулық сақтау құралдарын, әдіс-тәсілдерін қолдану

- ақпараттық–кеңес беру жұмыс – салауатты өмір салтын насихаттауына бағытталған мектеп медбикенің дәрістері, ай сайынғы сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы, сыныптан тыс шаралар: Денсаулық күні, спорттық жарыстар, спорттық секциялардың жұмысы.

2015-2016 оқу жылы ағымында мектепте спорттық секциялары мен үйірмелер «Волейбол», «Баскетбол», «Футбол» жұмыс жасады. Спорттық секциялар мен үйірмелерге оқушылардың қамтылуы өте төмен пайызын құрайды. Спорттық стендтердегі ақпарат уақытылы толықтырылмайды.

Мектеп медициналық қызметкері Н.М.Сафяникова алдын алу әңгімелер жүргізілді («Тұмау және тыныс органдарының өткір ауруларын алдын алу», «Авитаминоз», «ішімдікті, шылым шегуді және нашақорлықты алдын алу» дәрісті нарколог дәрігер Чеботарев В.А өткізді, фельдшер-нарколог Гарусова З.Н. «қауіпті» тобындағы балалармен жеке тексеріс және қарау жұмыстарын өткізді-63 оқушы). Бірақ та шылым шегу және насвай ату мәселесі қалады.

Әр сынып жетекшілері балалардың денсаулықтарын нығайту және сақтау бойынша балалардың демалыс күндерін ұйымдастыру және жүргізуінен, қауіпсіздік техникасы ережелері жөнінде нұсқаулықтарынан, оқушылардың жие сырқаттанып ауратын ауруларды, жолда балалардың жарақаттануын, нашақорлықты, шылым шегуді, таксикоманияны алдын алудан тұратын іс шаралар кешенін жетілдіріп жүзеге асырды.

Сынып жетекшілері тақырыптық сынып сағаттары өткізілді: «Профилактика болезней грязных рук», «Алкоголь и наркотические средства-угроза здоровью!», «Личная гигиена», «Туберкулез-глобальная ситуация» және т.б.

Өкінішке орай, оқушылардың және сынып жетекшілердің кейбіреулері сауықтыру шараларын өткізуіне адал, жауапкершілікпен қарамайды (8а және 9а сыныптарда таңғы жаттығулар сапалы өткізілмейді), бастауыш мектепте жие оқушылар сабақтардан кейін мектеп ауласында қараусыз қалып қояды.

Мектеп психологы Букаева Т.Т. оқушыларға диагностика және түзету жұмыстарын жүргізеді. Диагностикалық-алдын алу жұмысы болашақ бірінші сынып оқушыларына мектепке дайындығын білу мақсатында жүргізіледі. 1 сынып және 5 сынып оқушыларының бейімделу процесін біліп меңгереді. Қауіпті тобындағы балалармен жеке жұмыс атқарады. Психологиялық қызметтерімен байланысып жұмыс жасайды.


  1. Құқықтық тәрбие

Тәрбие жұмысының ерекше орны педагогикалық жағынан асқынған балалармен жұмыс жасау. Негізгі қызмет жас өспірімдер арасында құқықбұзушылықты алдын алуына бағыттылған.

Оқу жылы басына алдын алу Кеңесі отырыстарының жоспары құрастырылып бекітілген. Оқу жылында 20 отырыс өткізілген, әр бейсенбі күндері (айына 2 рет).

2015-2016 оқу жылына жас өспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықты алдын алу бойынша Павлодар қаласы ІІБ МЮП бірлескен алдын алу іс шаралар жоспары құрастырылып бекітілген.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, Павлодар қаласы ювеналды полиция тобының кешенді оперативті-алдын алу іс шаралары негізінде мектепте «Правовой всеобуч» айлығы, «Правовые знания», «Дети в ночном городе», «Профилактика религиозного экстремизма» апталығы бойынша іс шаралар өткізілді.

Іс шаралар құрастырылған жоспарға сәйкес қатал түрде жүргізілді.

Оқу жылы аяғында балалар тізімі жаңартылып бекітілді:

- «Қауіп тобында» -7 оқушы

- МІБ - 3 оқушы

- аз қамсыздандырылған отбасыдағы балалар -49 оқушы

- жетім, ата-аналар қарауысыз қалған балалар – 6.

КЖТІБ, МІБ, «Қауіп тобы», «қиын жеткеншектер» есебінде тұратын оқушыларға бақылау жасау мақсатында және Павлодар қ. Жас өспірімдер арасында құқықбұзушылықты алдын алу және ескерту бойынша әрекеттер жоспары негізінде, «қиын» оқушылармен жұмысты жақсарту мақсатында мектеп бойынша 2015 ж. 03.09 «Қиын жеткіншектерге» қоғамдық тәрбиешілерді тағайындау туралы» №1-03/140-Б бұйрық шығарылды.

2015 жылдың қыркүйек айында мектепішілік бақылауда және «қауіп тобы» есебінде тұратын 9 –ші сынып түлектерін жұмыспен қамту туралы мәселесін қарастырдық, барлық оқушылар 100% жұмыспен қамтылған, Павлодар қ. колледждерінде сондай ақ елден тысқары оқиды.

Қазан, қаңтар айларында «Қылмыс пен құқықбұзушылықты алдын алу бойынша» айлықтар өткізілді, барлық жоспарланған шаралар орындалды.

2015-2016 оқу жылы ағымында ата-аналарды шақырумен алдын алу Кеңесінде мәселелер қарастырылды:

- Литау Слава 9а, Кривошеев Дима 9б, Байрамов Андрей 9а.

- Шарипов Қанат 7а – себепсіз сабақтарды босату.

Барлық оқушылар мектепішілік бақылауға алынды. Сынып жетекшілері, ата-аналары, мектеп әкімшілігі сыныптан тыс уақытта қамтылуына, сабақтарға, үйірмелер мен секциялар қатысуына бақылау жүргізуде, кешкі уақытта үйіне бару, бақылау күнделігін жүргізу, шағын ауданында рейдтер жүргізу.

2015-2016 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты алдын алу және ескерту жөнінде келесі іс шаралар өткізілді:

- АКТ қолданумен 6а сыныпта «Адам құқықтары» іс шараны тарих пәнінің мұғалімі Т.С.Саворовская жүргізді.

- «Құқықтық тәрбие» сабағын 7 сыныптарда К.А.Фалеева өткізді.

- 1-11 сынып жетекшілері сынып сағатар өткізді «Устав-ученик-школа», заңды құжатпен танысу «Бала құқықтары туралы конвенция», «Құқықтық тәрбие – құқықбұзушылық түрінің бірі», «Сен оқуға және тәртіпті сақтауға міндеттісің!», «Бопсалаушылық – қылмыстың бірі», «Діни экстремизмге жоқ!».

- желтоқсан айында «Отбасылық тәрбие процесіндегі қыин педагогикалық жағдайлардан өту» тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.

- мектеп әкімшіліг келесі тақырыптарға арналған ата-аналар лекторийлерін жүргізді: Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының өкілдерін С.Қ.кульжибаев, З.О.Асанбаева, Павлодар қаласы ІІБ ювеналды тобы полициясының аға инспекторы Д.Б.абикеева, инспектор Р.Ш.Сулейменовтарды шақырумен «Дети и секта» деректі фильмін көрсетумен «Радикалдық ұйымдарды және бүлдіргіш ғұрыптарды алдын алу қарсы әрекет жасау», «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмысты алдын алу», «Балалар агрессиясының себептері».
- мектеп кітапханасында Құқықтық тәрбиесі айлығы бойынша әдеби көрме рәсімделген.

- шылым заттарын, өткір-кескін заттарын анықтау үшін жоғары, орта буында мектеп инспекторының қатысуымен рейдтік шаралар өткізілді.

- 5-9 сыныптармен нарколог-дәрігер Гарусова З.Н жеке әңгімелер өткізді.

- педагогикалық және ата-аналар патрулінің күн сайын мектеп аймағын патрульдеу жұмыстары дұрысталды.

- бірнеше рет сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог және мектеп әкімшілігі келесі оқушылардың пәтерлерін тексерді: Шарипова К.-8а, Литау С.-9а, Малахова С.-7б.

- «қауіп тобы», МІБ, КЖТІБ есебінде тұратын балаларға бақылау күнделіктерін келесі сынып жетекшілері жүргізеді.

- есепте тұратын балалардың үйірмелер мен секцияларға қатысу пайызы 62% құрайды 24-ттен (15 оқушы).

- «Жастар ортасында діни экстремизмді алдын алу және ескерту» тақырыбы бойынша жоғары буынға арналған он-лайн сабағы өткізілді.

Мектеп психологы КЖТІБ, МІБ есебінде тұратын оқушыларымен жеке кеңестер өткізеді, айлық шеңберінде психолог кабинетіне Литау С.-9А., Кривошеев Д. –9б, Шарипов Қанат-7а және т.б. кіріп шықты.

Баланың қасиеттерін толық сипаттайтын оқушылардың психологиялық денсаулығына диагностика жүргізілді.

Мектеп оқушылары арасында бопсолау мәселесі жөнінде жасырынды түрде бірнеше сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 5-11 сыныптары 203 оқушы қатысты.

Қылмыс пен құқықбұзушылық жағдайы.




жылы

«қауіп тобы» балалар саны

МІБ есебінде тұратын оқушылар саны

КЖТІБ есебінде тұратын оқушылар саны

Қылмыстардың жасалған саны

Сотталғандар саны

2014-2015

11

6

1

0

0

2015-2016

7

3

0

0

0

2013-2016 жж. оқушылар арасында қылмыс пен құқықбұзушылық түрлерінің динамикасы




түрлері

2014-2015

2015-2016

Ұрлық

0

1

Тонау

0

0

Телефон лаңкестігі

0

0

Бопсалау

0

0

Төбелестер

0

0

Суық қару ұстау

0

1

23.00 сағаттан кейін үлкендер қарауысыз болу

0

0

Нашар отбасылар динамикасы




жылы

Нашар отбасылар саны

КЖТК шығарылған

Ата-аналар құқытарынан айрылғандар

2014-2015

4

0

0

2015-2016

3

0

0

Оқу жылы ағымында мектеп педагогикалық ұжымы шағын аудан бойынша қаңғыбастық пен қайыршылықты жою және алдын алу бойынша жұмыс атқаруда.

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет