І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Студенттерге берілетін тапсырмалар



бет37/41
Дата08.10.2023
өлшемі313,7 Kb.
#184103
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі-emirsaba.org

Студенттерге берілетін тапсырмалар:
  1. Сауат ашудың әдістері.


  2. Дайындық, әліппе, әліппеден кейінгі кезеңдер.


  3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар.




II Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:
  1. Тапсырма бойынша сұрақтарды талқылап, пікір алысу.


2)
3)


4) Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды ата.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. Технологиялық карта құру, өткізу, талдау.
ҮІІІ . МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ
8.1. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жоспарлау және есепке алу.
Мақсаты: Студенттерге тіл дамыту жұмыстарын жоспарлау мен есепке алудың мақсатын түсіндіру. Жоспар түрлерін, принциптерін меңгерту. Жоспарлаудың принциптерін басшылыққа ала отырып жоспар құруға үйрету.
Жоспар
  1. Балабақшада тіл дамыту жұмысын жоспарлау мен есепке алудың мәні.


  2. Жоспар түрлері.


  3. Жоспарлаудың принциптері


  4. Балалармен жүргізілген жеке жұмыстар.




Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Жоспар тәрбиеші еңбегінің дұрыс мақсатқа сай ұйымдастыруына тіл дамытудан іске шалағайлықтың болмауына жағдай жасайды. Сонымен қатар жоспарда тіл дамытудың мазмұны, әдістері, өткізілетін мерзімі көрсетіледі. Сондықтан жоспар тәрбиешіге өз тобында жүргізілген жұмыстар бойынша алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді. Балабақшада жоспарлаудың бірнеше түрлері бар: бір жылға арналып жасалатын — жылдық жоспар. Жылдық жоспарда тіл дамыту сабақтарының негізгі міндеттері көрсетіледі. Бұл жоспардың 1-ші нұсқасы әкімшіліктің, кәсіподақ ұйымдарының, барлық ұжым қызметкерлерінің қатысуы арқылы және солардың ұсыныс тілектері аудандық, қалалық оқу бөлімінің кезектегі талаптары ескертіліп жасалады. Осы жасалған жылдық жоспарды тәрбиеші өзіне қажетті бөліктерді көшіріп алып, әдістемелік шаралар дайындайды. Яғни тіл дамытыу сабақтарында қандай көрнекі құралдарды және әдіс-тәсілдерді бейнелейді.
Жоспардың келесі түрі – екі апта бұрын таныстырылатын календарлық жоспар. Календарлық жоспарда топта күні бойы істелетін жұмыстар көрсетіледі.
Перспективалық жоспар – тәрбиешілер өздері дайарлайды. Бұл жоспарды жасаудын міндеттілігі жоқ, бірақ тәрбиешіге пайдалы.:
  1. тіл дамыту жұмысынын мазмұнына байланысты бір айда немесе бір тоқсанда қандай сөздерді, қандай грамматикалық формаларды балаларға үйрету керектігі көрсетіледі.


  2. перспективалық жоспарда тіл дамытудан бағдарламалық талаптың шаралары көрсетіледі. Мыалы: ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кезде қандай дидактикалық ойындарды пайдалануға болатындыгы жазылады. Осы жоспарлармен қатар күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектілері жасалады. Барлық топтарда жасалатын календарлық жоспарға бірдей талап қойылады. Тек қана олардың айырмашылығы бағдарламалық материалдарға кететін уақытқа байланысты және оқыту әдістеріне байланысты. Сонымен, бірге тәрбиеші календарлық жоспар жасағанда екі апта өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жүйелілігіне көңіл бөледі. Сонымен қатар жыл басында жеңілдеу, балаларды қызықтыратындай материалды алу керек. Сондықтан кейбір атаулы күндер, жыл мезгілдері ескерілуі қажет. Балалардың өткен сабақтарында игерген икемділіктері мен дағдылары өткен сабақтардың нәтижесіне көңіл бөлінеді. Сондай-ақ бұл жоспарда балалардың сөйлеу белсенділігін арттырып, сөздік қорын дамытатын, байланыстырып сөйлеуге үйрететін тақырыптар алуы қажет. Жоспарлау кезінде қайталау жұмыстарына да көңіл бөлінеді. Әсіресе балалардың үн реңкін қалыптастыратын, балалар айтқан кезде қиналатын сөздер, сөз тіркестеріне қайтадан оралып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кезде сол сөз тұлғаларымен жұмыс жасау қажет. Сондықтан тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қандай мақсатта қайталау керектігін жоспарда көрсетуі тиіс. Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тек қана тілдік элементтер ғана емес, тәрбиелік жағына да көңіл бөлінеді. Яғни балаларды көргендерін талдай білуге, жинақтап қорытынды жасай білуге, байқағыштыққа үйрететін материалдарды іріктей білу қажет. Балабақшада көбінесе календарлық жоспар жасаған кезде төмендегідей қателіктерге жол беріледі:


Әдетте бағдарламалық материалдың бір бөлігі ұмыт қалады, немесе жүйелілік сақталмайды. Ең басты қателік: Сабақтарға берілген уақытты толық пайдаланбау. Әңгіме немесе ертегіні жоспарлаған кезде қойылатын сұрақтар, балаларға түсіндірілетін жаңа сөздер, шығармалар. Сол шығарманың мазмұнына байланысты пайдаланатын дидактикалық ойындар немесе тақпақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар тәрбиеші жоспарында нақты көрсетілмейді де, тәрбиеші оқу іс-әрекетін уақытынан бұрын аяқтайды.


Барлық топта ең кем дегенде аптасына бір рет бақылау жұмысы жоспарланады бақылау жұмысының тақырыптары мазмұнына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, бірінші аптада құрылыс обьектісін бақылау, екінші аптада табиғат құбыластарын бақылау, үшінші аптада адамдар еңбегін бақылау, төртінші аптада жыл мезгілдеріне байланысты болатын өзгерістерді бақылау. Осы аталған жоспарлардың қайсысын болсын жасағанда төмендегі принциптерді ескеру керек:
  1. Жоспардың негізі балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу бағдарламасы болып табылады.


  2. Тіл дамыту жұмысы оқу-тәрбие процесінің барлық бөлімдерімен тығыз байланыста жүргізіледі.


  3. Тіл дамыту жұмыстарының әдістері мен мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.


  4. Әдіс-тәсілдерді, тақырып мазмұнын, бірте-бірте күрделендіру қажет және қайталау жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі керек.


  5. Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бірізділігі сақталуы тиіс.


  6. Жоспар жасағанда балабақшаның жағдайы есепке алынады.


Балалардың тілін дамытуға арналған жұмыстар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кезде де жалғасын табуы тиіс. Ертеңгілік балабақшаға балаларды қабылдап алғаннан бастап,ертеңгілік, серуен, күннің екінші жартысында ойын, еңбек түрлері негізінде балалардың сөздік қорын дамытуға, байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге арналған көркем мәтіндер немесе дидактикалық ойындар, сөздік жаттығулар ұйымдастыру қажет. Ал, күннің екінші жартысында істелінетін жұмыстар календарлық жоспарда көресетіледі. Календарлық жоспар балабақшаның әдістемелік бірлестік отырысында бекітіліп, талқыланады. Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық процесс есепке алуды қажет етеді. Алдымен әр тәрбиеші өз жұмысына талдау жасауы керек. Балабақшадағы есепке алудың басты формасы тәрбиешінің күнделік толтырып отыруды. Жыл басында тәрбиеші өз тобындағы балалардың тілінде қандай кемшіліктер бар екенін бақылап байқауы қажет. Содан соң тіл дамыту оқу іс-әрекеттерінде өтілген материалдарды топтағы балалар қалай меңгерді, егер балалар арасында меңгере алмағандар болса не себепті, бала тілінің грамматикалық құрылысы, дыбыстық жағы талапқа сай ма деген мәселелерді күнделіктерінде көрсетіліп отырылуы керек. Осы өзінің байқаған кемшіліктері бойынша жеке балалармен жұмыс жүргізеді


Календарлық жоспардың үлгісі
  1. Жалпы мәлімет тәрбиешінің аты, жөні, тобы, календарлық жоспар қай мезгілге жасалғаны көрсетіледі.


  2. Тіл дамытудан екі аптада жүргізілген тақырыптарды талдау. Сол тақырыптың мақсаты және мазмұны, әдіс-тәсілдері, қолданылатын көрнекі құралдардың бағдарлама талабына сай келуі.


  3. Бір айда өткізілген тақырыптарды талдау. Осы мерзім ішіндегі тіл дамыту оқу іс-әрекетінің бірізділігі және онда жүргізілген қайталау жұмыстарының тақырыптары бір ай ішінде пайдаланған әдіс-тәсілдер, көрнекі құралдар.


  4. Тексеріліп отырған мерзім ішіндегі, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кездегі жүргізілген жұмыстар және ол жұмыстардың мазмұны, түрлері.


  5. Сол топта балалармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны.


  6. Осы уақыт ішіндегі тәрбиешінің күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі және ондағы жетістіктер мен кемшіліктер.


  7. Тәрбиешінің күнделігі бар болса, тексеру.


  8. Тәрбиешінің екі аптада немесе бір айда істеген жұмысы бойынша қорытынды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет