I. Философияның пайда болуы және дамуы Дәріс Ойлау мәдениетінің пайда болуы



бет14/26
Дата06.04.2022
өлшемі295,67 Kb.
#138174
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
Философиядан дәрістер курсы 2021-2022

О.Шпенглертарихты мәдениеттердің пайда болуы, дамуы, құлдырауы, құруы процесі деп қарастырады, бір мәдениеттің орнын екінші мәдениет ауыстырып отырады, құрып бара жатқан мәдениет техниканың көмегімен өркениетке айналады дейді. Оның ойынша, техникалық өркениет Батыс мәдениетін дағдарысқа ұшыратып отыр, себебі бұрынғы құндылықтардың орнын техника басты.
Экзистенциализмфилософиясы да техниканы қатты сынға алды. Олардың пікірінше, техника қазіргі заман адамының әлеуметтік өмірінде, рухани өндіріс саласында белсенді рөл атқарып отыр, бірақ адам
бұрынғыдан бақытты болып кеткен жоқ. Керісінше, адамның жаттануы, қоғамнан бөлектенуі, жалғыздығы, уайым-қайғысы, үрейі күшейіп отыр. Адам өз болмысын түсінуге дәрменсіз, оның нағыз болмысы одан тыс дүние емес, ақиқат болмыс - адамның дүниедегі болмысы, оның мәні - экзистенция деп аталады. Экзистенция шекаралық жағдайларда, адамның өзімен озі, озінің мәнімен жалғыз қалғанда ашылады. Экзистенциалистердің пікірінше, техника дүниесі қазіргі уақытта өте зор, оны толық меңгеру, басқару мүмкін емес, адам оның қасында кішкене ғана нәрсе, абстрактылық индивид. Техниканың үстемдігінің кесірінен адам өзінің тұлғалық ерекшелігін, өзіндік қайталанбас руханилығын жоғалтты, сол себепті адамды өзіне-өзі көңілі толмаушылық билейды. Бұл дағдарыстан шығудың жолы, экзистенциалис-тердің пікірінше, адамгершілік, дін, өнер және тағы басқа адамға рухани күш беретін нәрселер.
К.Ясперстін пікірінше, техника - адамдардың материалдық
өмірін жеңіддету мақсатымен табиғатты ғылыми меңгеру тәсілі, адам қызметінің "заттық" саласы, ол тұлғаның адамгершіліктік-психологиялық дүниесіне қарама-қарсы, бірақ олар бірін-бірі толықтырады. Техникалық ойлау тәсілі, Ясперстің ойынша, қоғам мен адам қажеттілігінен емес, экзистенцияның өз болмысын қанағат етпеуінен туындады. Ғылыми-техникалық білім дүниені діни -мифологиялық және керкемдік тұрғыдан сезінуді ығыстырып шығарды, дүние мен табиғат бірте-бірте белгісіз затқа, технологиялық қызмет объектісіне айналды. Адам табиғатпен бірлігін жоғалтты, еңбек процесінің өзі де механикалық, еш қызығы жоқ нәрсе бола бастады.
Неофрейдизм бағыты да адамға техниканың типзіп отырған зиянды әсерін атап көрсетеді. Олардың ойынша, техника адамның неврастения­лық
ауруларының басты себебі, бұл ауруды жеңу үшін адамға психоана-литикалық көмек қажет.
Философиялық антропология техниканы адамның әлсіздігінің орнын толтыру үшін пайда болған, табиғи заңдылықтарды жүзеге асыру тәсілі ретінде түсінеді, адамға әуелден тән "табиғи технологияның" іске асуы деп қарастырады. Олар техниканың зиянды жақтарын да ескереді, бірақ бұл құбылысты жеңу үшін адам техниканың мәнін, даму зандылықтарын ұғынуға тырысып, адамгершіліктік-ұлттық құндылықтарын дамытуы тиіс деп есептейді.
Сонымен, техника философиясы зерттейтін мәселелер қазіргі таңда
өте маңызды, сондықтан техника философиясы жалпы философияның жаңа бағыты және ол өзінен басқа онтология, гносеология, философиялық антропология, экзистенциализм, әлеуметтік философия және тағы басқа бағыттармен тығыз байланысты, болашағы бар бағыт.
Техника және адам. Бұл мәселе туралы техника философиясының негізгі ұстанымдары мынадай: Адам техника жүйесінің басты элементі. Техника қаншама күшті дамығанымен, оның қызметі адамның қатысуынсыз жүзеге аса алмайды, техниканы қозғалысқа түсіретін де адам. Адам өзінің еңбегі арқылы техниканы жасаушы және материалдық-техникалық даму тұтастығын қамтамасыз етуші. Техника ешқашан өздігінен дамитын жүйеге айналмайды. Техникалық прогрестің басты заңдылығы адамның техно-логиялық функцияларын алмастыру болғанымен, бұл процесс салыстыр-малы, ол адамды толық ығыстырып шыға алмайды. Техника дамудың қандай сатысына көтерілсе де, оның мүмкіндігі адам мүмкіндігінен төмен, себебі адамның мүмкіндігі мен қабілеті шексіз, физикалық, психологиялық, интеллектуальдік потенциалы жоғары. Әрине, техниканын адамға да, табиғатқа да тигізіп отырған теріс әсері жеткілікті. Соңғы уақытта адамзаттың қаупі тіпті күшейіп отыр. Дегенмен де адам ақылды тіршілік етуші, сондықтан да бұл қайшылық оң тұрғыдан шешіледі деп үміттенуге болады.
Технология және информатика. Технология қазіргі уақытта өркениет
пен мәдениетті дамытатын, қоғамының қызметтік құрылымын сипаттайтын, жалпы адамзаттың қазіргі даму деңгейін және болашақта дамуының көкжиектерін анықтайтын феномен. Қазіргі заманғы экономикалық ойлаудың басты ұғымы болып есептелетін "технология" ұғымы ұзақ жылдар бойы біздің кеңестік экономикалық ой жүйесі үшін жат болып келді. Шындығында, тағы бір іргелі ұғым "информациямен" бірге технология қоғамның тарихы мен нақты қызметін түсінудің концептуалды негізін құрайды.
Технология мен техника бір нәрсе емес. Техниканың көне
заманда калыптасқан екі мағынасының (бір нәрсені жасауға қажетті инструменттер, машиналар және құралдар жүйесі; өнер, жасай білу) соңғысы технология ұғымына жақынырақ. Технология техниканы қамтиды,
бірақ онымен шектеліп қоймайды. Қазіргі заманғы мағынасында технология дегеніміз инструментальдік жүйе (инструменттер, машиналар, техникалық және транстпорттық коммуникациялар жүйесі), операциялық әрекеттер
жиынтығы және инструментальдік жүйеге байланысты туындаған және оған әсер ететін қызмет жүйесі, осы қызметті басқару жүйесі, әлеуметтік және экономикалық салдарлар жиынтығы, бұл қызмет жүзеге асырылатын био-және социобиологиялық, информациялық орта. Осы мағынасынан-ақ технологияны динамикалық қызметтік жүйе ретінде қарастыруымыз қажет екені байқалып тұр.
Технологияның аппараттық және операциялық құрамдас бөліктерімен бірге маңызды компоненттері болып технологиялық менталитет және технологияның қалыпты қызмет етуі мен дамуы үшін аса қажетті инфор-мациялық ресурстар есептеледі. Егер бұлар болмаған жағдайда технология азып-тозып, тез күйрейді. Оның жақсы мысалдары біздің елімізде, бұрынығы Кеңестер одағы кеңістігінде өте көп. "Болмыс алғашқы, сана оның
бейнесі "принципі бойынша жұмыс істеп дағдыланған, еңбек процесінен адам санасы түгелдей ығыстырылып шығарылған елімізге көптеген жаңа технологиялар әкелінгенімен, осы технологияны қолданып, іс жүзінде қолдана білетін интеллектуалдардың жоқтығынан әлемдік үлгіде жасалған технологиялар аз уақыт ішінде істен шығарьшып, қыруар қаржы желге ұшты.
Елдің мәдениетін, жалпы менталитетін, қоғамдық санасын экономи-калық және технологиялық дамудың екінші факторы ретінде қарастыру өте қауіпті екені қазір айқын байқалып отыр. Бұл дағдарыстан шығудың жолы қандай?
Қазіргі дағдарыс технология, өркениет және мәдениет арасындағы шиеленіспен байланысты. Өркениет күрделі, әлеуметтік маңызы зор тех-нологияларлың негізінде пайда болды. Мұндай технологиялар материалдық еркениет саласын ғана емес, билікті, әскери істі, ауыл шаруашылығын, транспорт, байланыс және интеллектуальдік қызмет салаларын қамтиды. Өркениет технологияның ерекше социогендік функциясынан туындайды. Технология өзіне қажетті нормативті-реттеу ортасын қалыптастырады.
Осы орта "өркениет" ұғымы арқылы бейнеленеді. Яғни, өркениет белгілі
бір технологияның қалыпты қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Өркениет біртипті технологиялардың негізінде қалыптасқан қоғамдардағы жалпыны көрсетеді.
Мәдениет болса, әрбір қоғамдастықтың, әрбір социумның индивиду-альді бастауының көрінісі. Мысалы, қазақ мәдениеті қазақ халқының
этнотарихи индивид ретіндегі болмысының,тілінің, тарихи тағдырының, дінінің ерекшеліктерін бейнелейді. Әрбір мәдениеттің мызғымас, ғасырлар бойы қалыптасқан ядросы және оны қорғаушы белдеулері бар. Белдеулер - әрбір ұлтқа тән адамгершіліктік, әлеуметтік, интеллектуальдік реакциялар, олар ядроға сыртқы ортаның терәс әсерін тигізбеуге тырысады. Белдеулері мықты мәдениет өзін сақтап қалады. Өркениет, технология, мәдениет бір-бірімен үндестік тапқан кезде қоғам бірқалыпты дамиды, ал бір-бірне ықпалдасу болмаған кезде дағдарыс-шиеленістер пайда болады. Сондықтан да тәуелсіздік жолына түскен біз үшін жаңа технологияны қабылдайтын менталитетті қалыптастыру, оның теріс жақтарынан қорғайтын мәдени белдеулерді күшейту аса маңызды. Бұл ретте көп нәрсе адамның өзіндік санасын - адамның өзі, өзінің терең болмысы, өзінің кемшіліктері мен
теріс қасиеттері туралы білімін нығайтуға байланысты. Өзіндік сана мәдениеттің ядросын үңіліп, ондағы тарихи мұраны тануға қабілетті, ал мәдени-ұлттық құндылықтарды дұрыс қолдана білу арқылы технологияның басымдығына қарсы тұруға болады.
Дамыған елдерде ХХ-ғасырдың ортасынан бастап информация рево-люциясы басталды, бұл құбылыс 70-жылдардың соңына таман күшейе түсті. Қогамның информатизациясы дегеніміз - қогамдық және әлеуметтік маңызы бар, экономикалық, құқықтық, саяси, әлеууметтік және басқа міндеттерді шешуге қажетті информацияны өте тез өндіру және тарату әлеуметтік-тарихи процесі.
Информатизацияның нәтижесі - информациялық қоғамның құрылуы. Информациялық қогам - қоғамдық жүйе, ол:
1) әрбір индивид, әрбір ұжым, әрбір мекеме өзінің қызметіне қажетті барлық информацияны ала алуына мүмкіндік береді;
2) бұл информацияны, ең бастысы, ғылыми, саяси, экономикалық, тех-нологиялық білімдерді экспоненциалдық (ашық түрде дегенді білдіреді) есу заңдары бойынша өндіреді;
3) алдыңғы екі мақсатты жүзеге асыруға қажетті (бұған есептегіш ма-шиналар мен коммуникация құралдары да кіреді) қазіргі заманғы инфор- мациялық технологияларды өндіреді және қолданады;
4) материалдық өндіріс, транспорт, байланыс, технологиялық процес тер, басқару, білім, ізденістер мен жобалау, сервис, адамдардың қызмет саласы бойына және жеке араласуының негізгі салаларын толық немесе жартылай автоматтандыруды қамтамасыз етуге қабілетті.
Информатизация индустриальдік қоғамның жалғасы және оның қон-дырмасы. Информация құндылығы қай уақытта да жоғары болды, біздің заманда бұрынғыдан да күшейе түсті. Қазіргі уақытта жер бетіндегі
материалдық ресурстар (ауыз су, таза ауа, құнарлы жерлер, энергия, қазба байлық көздері және тағы басқалары) азая түссе, информация, керісінше, шексіз ресурс. Бірақ оны дамыту үшін бұрын қалыптасқан информациялық технологиялар - телефон, пошта байланысы, жазу, ауызша жеткізу - жеткіліксіз, компьютерлік және коммуникациялық технологияға негізделген жаңа информациялық технология қажет. Онсыз экономиканы, қоғамды дамыту мүмкін емес. Өндірістің кейбір салалары информация көлемін бірнеше есе арттыруды қажет етеді, бірақ бұл шығындар түбінде жемісін береді. Бұл тұжырымның тамаша дәлелі ретінде Жапонияда 1969 жылы ресми түрде жария етілген информатизацияландыру мен информациялық қоғамға көшудің мемлекеттік концепциясы мен моделін айтуға болады. 1971 және 1973 жылдардағы экономикалық дағдарыстардың алдын алу мақсатымен жасалған дағдарысқа қарсы бағдарлама ретінде жасалған және жүзеге асырылған бұл шара керемет нәтижелер берді. Жапондықтар дағдарыстан мейлінше аз шығындармен шығып қана қойған жоқ, сонымен бірге әлемге әйгілі "жапон ғажабының" әлеуметтік және технологиялық негіздерін жасады. Бұл мысал біз үшін даму үлгісі бола алады. Бұл жол өте қиын, адамдардан білімді жасай білу өнері мен интеллектуальділікті кәсіби шеберлікпен, инновациялық технологиялармен үштастыруды талап етеді, бірақ өркениеттің жаңа сатысына көтерілудің бұдан басқа жолы жоқ, өзге жолдар тек құлдырауға апарады.
Ойымызды қорытсақ, техника философиясы техника феномені таби-гатын, оның пайда болужәне даму кезеңдерін жан-жақты зерттеп, оның қазіргі адамга, жалпы қогамга тигізетін оң және теріс ықпалын талдайды, техниканың болашағы туралы гылыми болжамдар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет