І. Гуманистік психология тұрғысында тұлғаны тану және К. Роджерстің феноменологиялық теориясы



Дата22.11.2019
өлшемі48,28 Kb.
#52315
Байланысты:
Психологиядағы ірі бағыттардың бірі
Ибраева Данара
І. Гуманистік психология тұрғысында тұлғаны тану және К.Роджерстің феноменологиялық теориясы
1.1 Гуманистік психология

Психологиядағы ірі бағыттардың бірі - гуманистік психология. Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам мәселесін түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады. Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды. А.Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқыңың қайнар көзі адамның үздіксіз өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек адамға жақсылық істеуге ұмтылу. XX ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен ғылыми-техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты математикалық, ақпарат теориясының әдістері колданыла бастады, сонымен катар электрондық есептеу техникасы, компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды. Психология биология және медицина салаларынан соңғы жаңалықтарды белсенді қабылдап отырды. Қазір психологияның тәжірибеге бағытталған салалары алдыңғы шетке шыга бастады. Психолог ғалымдармен бірге тәжірибелік психологтар пайда болды. Олар білім беру, өндіріс пен мекемелер, әскер мен медицина салаларында жұмыс істейді. Онда өздерінің психологиялық қызметін көрсетуде.

Гуманистік психология өкілдері - А.Маслоу мен К.Роджерс оқытуды ұйымдастырудағы басты принцип «дамытушы көмек» көрсету деп көрсетті. Бұл принциптің мәні мұғалім оқушыға не істеу керек екендігін көрсетіп, проблеманы ол үшін шешпей, оның белсенділігін және ішкі күштерін ояту қажет, өзі таңдау жасап, шешім қабылдап, жауап бере білуге үйрету қажет деп есептейді. К.Роджерс: «Дәстүрлі мектепте өктемшіл, еріксіз оқыту (когнитивтік оқыту типі) жүреді, мұнда оқу үдерісінде білімдерді мұғалім таңдаған бағдарламамен меңгеру ғана жүреді. Ал оқыту типі «тәжірибелік оқу» болу керек. Бұл оқу типі бойынша окушылар ерікті, өз бетінше іс-әрекетте, өзінің тәжірибесінде, пікірталас пен шешім қабылдау барысында оқып білім алуы қажет», - дейді [1].

Тұлғалық дамыта білім беру идеясы 80-жылдарда ынтымақтастық педагогикасында жүзеге асырылды. Ынтымақтастық педагогикасын жаңашылдар педагогикалық үдерісте үйлесімді дамудың қажетті шарты ретінде оған қатысушылардың ізгілікті өзара қатынасын орнату деп түсінді.

Гуманистік психология көрнекті өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс. Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты- бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларды орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршен психологияны тандап алу еді. Өз зерттеулерінің объектісі ретінде гуманист- психологтар салуатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты – өзін-өзі кемелендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып білу. А.Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықыласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік - адамға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмытылу. Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндеті.

Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқы қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге асыруы тиіс.

Жеке адам психологиясын анықтауда гуманистік психологияның да өзіндік үлесі бар. Жеке адам психологиясы мен мінезі гуманистік дәстүрге сай құрылымда зерттелінді және ол зерттеулерді психодинамикалық, интеракционды, құрылымды-динамикалық, экспериментті емес типіне жатқызуға болады. Негізінен адамның ішкі тәжірбилік құрылымы мен дамуына өзіндік сана мен ойлануына мән беріп, оларды кеңірек сипаттайды. Оларды адам нені қабылдайды, қалай түсінеді және өз өмірінің нақты жағдайларын қалай түсіндіреді деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Олар осылай тұлға феноменологиясын сипаттды. Өмірлік тәжірбиесіне негізделіп, «өмір мәні» «құндылықтары», «өмірлік мақсаты» және т.б. терминдер типімен сипаттауға тырысты. Гуманистік тұрғыда тұлға теориясын анықтауға талпынған американ психологтары А.Маслоу мен К.Роджерс болды. К.Роджерс әрбір адамның қандай қабілеті бар және ол ұмтылу мен бірлесу тұлғаның өзіндік жетілуіне көмек беретін тұрғысын қарастырды.

Жоғары саналыққа ие адам өзінің өмірінің мәнін, мақсаты мен құндылығын белгілейді, әрі оның жоғары соты мен эксперті деп есептейді. Роджерс теориясының негізгі түсінігі «Мен» түсінігі. Әрбір адам мен кіммін? Не істей аламын? Кім бола аламын? Ондай болу үшін не істей аламын? деген сүрақтарға жауап береді. «Мен» образы адамның өмірлік тәжірбиесі арқылы айналаны қабылдауы, бағалауы жүзеге асады да, мінезі қалыптасады.

Адамның негізгі қажеттілігі – өзін жүзеге асыру (самоактуализация) өзіндік жетілуге талпыну мен өзіндік ой болып табылады. Гуманистік психология тұлғаның теориялық бағытын анықтауда өзін жүзеге асырудың барлық бағытымен байланысты болады. А.Маслоу өзін жүзеге асыру сипаттарына ақиқатты белсенді қабылдауы мен оған дұрыс бағдарлану қабілетін; өзін және өзгенің болмысының қандай болғанына қарай, дәл сол түрғысында қабылдауды және т.б. белгілерге қатысты психологиялық ситпттаулар жүргізді [2].

Өзін жүзеге асырушы адам белгілі бір іспен шұғылданады, оны беріліп атқарады және олар мойындауды қажет етеді деп сипаттайды. Олар үнемі таңдауды және шешуші қадам жасаушылар, олар үнемі алда жүруді және кез-келген кедергілерді жеңуде өз мүмкіндігін көрсете алады.

Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге бағытталған. Біріншісі: «клиникалық» американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық», өкілі Маслоу. Осы екі бағыттың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан оларды көптеген ортақтақтар біріктіреді.

Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты онша тұрақты дамуға творчествоға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады.

Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі – ол индивидтің тұтастығы.

Бұл бағыт бойынша әр адамды уникалды ұйымдасқан тұтас жүйе ретінде қарастыру қажет. Уникалды – ешқашан қайталанып келмейтін деген сөз.

Адамның ішкі табиғатында позитивті өсу мен өзін-өзі жетілдіру потенциялы бар.

Творчествролық потенциал адамның неғұрлым универсалды сипаты,барлық адамға тән.

Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді.

Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық гуманистік теориялардың бір өкілі, психолог – К.Роджерс ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде өзінің феноменологиялық теориясын және осы теорияға сүйенген “клиентке бағытталатын терапиясын” қалыптастырды.

К.Роджерс бойынша, адам – табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К.Роджерс, сондай-ақ, реструктивті-аномалды импульсивті мінез-құлық реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда көрінеді деп есептеген. Тұлғаның жүріс-тұрысы, оның субúективті қабылдауы мен танымы терминологияларын да түсіне аламыз. Тұлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-тұрысын анықтауда негізгі рөл атқарады.

К.Роджерс бойынша, әр адам әр құбылысты субьективті қабылдайды және әр құбылысқа субьективті реакция көрсетеді, яғни осы субьективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады.

Феноменологиялық психологияның негізгі тұжырымы бойынша, феномендердің психологиялық шындығы субьективті қабылдауға сүйенеді, шын мәніндегі шындық - бұл ағза қабылдауының және интерпретацияның шындығы. Тұлға өміріндегі негізгі мотив – ол өзіндік жандандыру тенденциясы, ағзаның барлық қабілеттерін дамытып қана қоймай, тұлға дамуы мен тұтастығын да қамтамасыз етіп отырады. Осы фундаменталды тенденция К.Роджерс қалыптастырған бір ғана негізгі мотивациялық конструктор болып табылады.

К.Роджерс тұлғаның өзіндік сана-сезімін, “мен” тұжырымдамасын қалыптастыруға негізгі мән берді, өзіндік сана құрылымында идеалды және реалды “мен” бейнесін толық көрсеткен. “Мен” бейнесінің дифференсациялануын, субьективті мәнділігінің артуын тұлға дамуының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырады. К.Роджерс бойынша, идеалды “мен” бейнесі тұлға дамуын, тұлға жетілуін әрдайым итермелеп отырады. Идеалды “мен” мен реалды “мен-нің” арақатынасы өзіндік бағалау деңгейін көрсетеді. Реалды “мен” мен идеалды “мен” бір-біріне жақын болса, өзін-өзі бағалау жоғары.

Невроздың негізгі себебі – идеалды “мен” мен реалды “мен” арасында үлкен алшақтықтың болуы. К.Роджерс бойынша, “мен” тұжырымдамасының дамуы үшін қажетті шарттар мыналар:

1. Позитивті қабылдау. К.Роджерс бойынша әмбебап және өзіндік “мен-нің” пайда болуы, “мен” тұжырымдамасының дамуы осыған байланысты. Позитивті қабылдау қажеттігі туа берілген, оның негізгі 2 жағы бар: біріншіден, өзінің позитивті қабылдануы; екіншіден, өзінің басқаларды позитивті қабылдауы.

2. Құндылық шарты. Позитивті қабылдау қажеттігі қанағаттанғаннан кейінгі негізгі шарт - тұлғаның құндылық бағаларының қалыптасуы.

3. Шартсыз, бағалаусыз позитивті қабылдау.

Гуманистік психологияның сипаттамасы:

- Кең және тұтастық перспектива яғни адам тұтастай алғанда, оның тұтастығын қарастыру. Басқаларға қарағанда маңызды нәрселер жоқ: ойлар, дене, эмоциялар, рухани орта; барлық осы аспектілер өзара әрекеттеседі және біріктіріледі. Олар адамға кім екенін білуге мүмкіндік береді.

- Адамның өмірін адамның жеке контекстінде ғана мүмкін етеді. Сондықтан адамдармен қарым-қатынас контекст пен қоршаған ортаны ескермеуді ұмытпай, адамның жеке орындауы үшін өте маңызды және маңызды.

- Адам өз шешімдерін қабылдай алады, жауапкершілікті өз мойнына алу, өз ресурстарын дамыту және пайдалану.

- Жеке өсім көтеріліп, жеңілдетілген. Психолог өз потенциалын пайдалана отырып, пациент түсінуге және өсіруге мүмкіндік беретін құрал және құрал ретінде қызмет етеді.

- Жеке тұлғалар өзін-өзі жүзеге асыруға тектік бейімділікке ие. Адам өзінің ішкі даналығына сене алады, өйткені емдеу өз жауаптарында. Осылайша, қалғандарды басқаруға немесе өздерінің эмоцияларын оларды қудалау арқылы басқаруға болмайтынын түсіну өте маңызды.

Гуманистік психология адамға оның жалпы көрінісінде, оны біріктіреді Адамды құрайтын барлық аспектілер маңызды.

1.2 Тұлға психологиясы.


Тұлға түсінігі. Тұлға – адамның индивидуалды ерекшеліктері мен мінез-құлық тұрақтылығын шарттайтын индивидуалды сипаты және мінез-құлық тәсілдерінің ұйымдастырылған құрылымы.

Адам индивид болып дүниеге келгеннен кейін, қоғамдық өзара қатынастар және процестер жүйесіне енеді. Нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға ие болады, яғни ол тұлға болып қалыптасады.

Бұл-адамның қоғамдық байланыстарға түсіп, субъект сапасында көрінуіне байланысты жүзеге асады. Өз кезегінде адамның индивидтік, тұлғалық және субъектік деңгейлерінің даму ерекшеліктерінің қайталанбастығы индивидуалдылықты көрсетеді.

Қазіргі психологияның барлық мектептерінің тұлға жайлы өз көзқарастары бар.

Бихевиоризм бағыты бойынша тұлға сыртқы оң және теріс нығайтуларға байланысты әсерлерге жауап беруші реактивті жүйелер.

Бихевиоризм бағытында тұлғаның мінез-құлқы, оның ішкі толғаныстарына емес, әрекет жасауға стимул беретін сыртқы орта әсерлеріне байланысты. Машинаның түсі оның жылдамдығына әсер етпейтін сияқты, адам әрекетіне психика, сана, мінез де әсер етпейді.

Психоанализ бағытында тұлға адам қуаты құрылымы, адам қуаты бағыттылығы, адам қуатының қарқындылығы ретінде қарастырылады.

Психоанализ бойынша адамға қандай инстинктивті күштер әсер еткенін білу арқылы адамның қазіргі кездегі ғана емес және өзгерген жағдайдағы мінез-құлқын анықтай аламыз.

Қазіргі кездегі тұлғаның теориялары. Гуманистік психологиядағы тұлғаны түсіну (К. Роджерс, А.Маслоу). Гуманистік келісте адам жағымды рухани қасиеттерімен жоғарғы рухани қажеттіліктер тән деп қарастырылады (өзін, өмірдің мәнін, әлемдегі орнын, сұлулыққа қажеттілігін, үйлесімділігін, түсінуге ұмтылу). Гуманистік психологияда адамды жағымды жақтарымен ғана қабылдайды және жақсы қырларына сенеді. Абрахам Маслоу - ХХ ғ. 60ж. Гуманистік психология терминін енгізген. Гуманистік психология психикалық дені сау, гармониялық тұлғаны зерттеді, яғни өзінің даму шыңына, өзін-өзі жетілдіруге жеткен адам

К. Роджерстің клиентке бағытталған бағыты: «Клиентке бағытталған терапия: қазіргі практика, мәні мен теориясы» атты кітабында клиентпен жұмыс жасауға түбегейлі жаңа директивті емес бағыттың негізін қалады.

Клиентке бағытталған бағыттың негізгі түсініктері: «тәжірибе алаңы», «өздік», шынайы-«Мен», идеалды-«Мен», «өзіндік актуализацияға тенденция».

Өзіндік актуализацияға деген тенденция – адамзат табиғатының түбегейлі аспектілерінің бірі, біршама шынайы қызмет атқаруға қарай қозғалыс ретінде түсініледі.

Түзету әсерлері шартты құндылықтарды жоюға, оларды қайта қарастыруға және олардан бас тартуға бағытталуы тиіс.

К. Роджерстің пікірі бойынша, психолог клиенттің субъективті немесе феноменологиялық тәжірибесіне назар аударуы керек. К. Роджерс, адам денсаулықты сақтауға және өсуге көмектесетін өзіндік актуализацияға деген тенденцияға ие деп есептеген. Психолог өсудегі эмоциялық блоктарды немесе кедергілерді жоюдағы көмекші ретінде әрекет етеді және клиенттің одан ары кемелденуіне көмектеседі (кедергілерді жойғанда өсу күштері босайды және өзіндік даму мен өзіндік жетілулерге жол ашылады).

Коррекцияның мақсаты клиенттің бойында, оның шынайы «Мен»-ін өзінің жеке тәжірибесі мен терең бастан өткерулеріне сәйкестендіру үшін қажет болатын әрекеттерді жасауға қабілеттілікті және өзіндік құрметті қалыптастыруда. Ең басынан бастап зейін адамның мәселелеріне емес, оның өзіне, оның «Меніне» шоғырланады, сондықтан да психолог пен клиенттің өзара әрекеттестігінің шеңберінде қойылып, шешілетін міндет – бұл тұлғалық өсу мен дамуға көмектесу, соның арқасында адам өз мәселелерін өзі шешеді. Ал екінші ретті міндет – сәйкес психологиялық климат және сәйкес қарым-қатынастар қалыптастыру.

К. Роджерс осындай үрдісті жүзеге асыруға көмектесетін атмосфера қалыптастыруға қажетті төрт түрлі шартты ұсынды:

1. Сөзсіз позитивті қатынас

2. Эмпатия. Психолог әлемді клиенттің көзімен көруге және жағдайларды клиент қалай бастан өткерсе, солай бастан өткеруге тырысады.

3. Аутенттілік. Осы әдістің негізінде жатқан клиенттің эволюция атмосферасын қиратуы мүмкін өз ісінің шеберінің маскасынан немесе қандай да бір басқа камуфляждан бас тарта отырып, психолог оны дәлелдеуі тиіс.

4. Және соңғысы, психолог клиенттің айтқандарын интерпретациялаудан немесе оның мәселелерін шешу жолдарын айтудан аулақ болуы керек. Ол тек тыңдауы керек және бар болғаны клиенттің ойлары мен эмоцияларын бейнелейтін айна қызметін атқаруы және оларды жаңадан қалыптастыруы керек. Осындай бейнелеу клиентті өзінің ішкі бастан өткерулерін қарастыруға, біршама шынайы өзіндік қабылдауға және оны басқа адамдардың қалай қабылдайтындығын түсінуге алып келеді. Роджерстің айтуынша, өзі туралы шынайы түсініктер дамуының нәтижесінде адам өзі кез болған мәселелерді шешу қабілетіне ие болады.

К. Роджерс, психологтың тұлғасына қатысты және клиенттің өзінің жеке мінездемелеріне жеткілікті түрде тәуелсіз болып келетін, жақсы коррекциялық үрдістің қажетті шарттарын атап көрсеткен - бұл «К. Роджерстің триадасы»:

-Клиентпен қарым-қатынастағы конгруэнттілік;

-Клиентке қатысты сөзсіз жағымды бағалау;

-Клиентті эмпатиялық қабылдау.

Бұл бағыт бойынша, барлық адамдар өзін өзектеуге деген тума тенденциямен бөленген, ол келесі ұмтылыстарда көрінісін табады:

Қоршаған ортаға деген неғұрлым артушы бейімділік;

Өзінің ішкі ұйымдастырылуының дамуы мен күрделенуі.

Дамудың белгілі бір кезеңінде барлық дамдар өзгелердің көзқарастары мен бағасына тап болады. Олардың негізінде өзін-өзі басқарудың ішкі жұмыс органы - өзін-өзі бағалау - қалыптасады.

Егер де адам өзін өзектеуге байланысты тенденцияларға қарсы көзқарастар мен бағаларға тым бағдарланса, бұл жолда оны невроз тоқтатуы мүмкін.

Клиентке орталықтанған тәсілдегі клиентпен жұмыс істеудің мақсаты. Клиент өзінің күнделікті өмірінде жақын әлеуметтік ортаның көзқарастары мен бағлауына неғұрлым аз бағдарлануы қажет те, өзінің жеке тұлға ұйымдастырылуының күрделенуімен байланысты тума тенденциясына неғұрлым көп бағдарлануы керек.

К. Роджерс жоғарыда аталған мақсат бағытында жүзеге асаптындай кеңес беруші мен клиент арасындағы диалгтың міндетті 3 шартын анықтап, сипаттады (Роджерс триадасы):

1.Кеңес беруші өз тәжірибесіне байланысты клиентпен когруэнтті болады. «Конгруэнтті» сөзі латынның congruens (congruentis) – сәйкес, беттесуші деген мағынаны білдіреді. Бұнда кеңес берушінің әрекет-қылығы оның тәжіриебсіне, ойлауына, сезімдеріне сай болатындығы туралы айталады.

2.Кеңес беруші клиентке байланысты шартсыз жағымды бағаны сезінеді. Бұл бағаның жағымды болуы – кеңес берушінің адам табиғатының жағымды сипатына сенуінің арқасында болады екен.

3.Кеңес беруші клиентті эмпатиялық түрде қабылдайды.

Клиентке орталықтанған бағытта жиі қолданылатын тәсілдер:

1.Вербализация. Кеңес беруші клиенттің айтқан сөздерін жиі қайталайды. Бұл клиенттің өз сөздеріне, өзіне назар аударуы үшін қажет.

2.Клиенттің қабылдауды сезетіндей кеңес берушінің үн қатпауы. Егер де кеңс беруші клиентті қабылдаса, клиентте өзін қабылдайды.

3.Эмоцияларды акценттеу. Клиенттің назары әрдайым өзінің және өзгелердің эмоцияларына аударылады. Бұл эмоцияларға назар аудару арқылы терең қажеттіліктерге мән беруге болады.

Адамдарға алдымен өзін, содан соң өзгелерді қабылдау үшін клиентке орталықтанған тәсіл шегінде келесі шара жасап шығарылған (Фейдимен, Фрейгер, 1995):



1-кесте

Клиентке орталықтанған тәсілдегі жеке тұлағылық конгруэнттілікті зерттеу әдістемесінің бланкісі



Жеке тұлағалық қасиеттер

Реалды Мен

Әлеуметтік Мен

Идеалды Мен

Басқалардың ойына қарамай, сіздің өзіңізге сәйкес келетін мінездемелерді белгілеңіз

Сізді білетін адамдар белгілейтіндей қасиеттерді өзіңіз белгілеңіз

Сізді ең жақсы көрсетіп, сонымен қатар өзіңіздің дербестігіңізді жоғалтпайтындай қасиеттерді белгілеңіз

1

2

3

4

Сергек










Қажымайтын










Шулы










Жауапты










Қиялданғыш










Тынымсыз










Қатал










Тәкаппар










Шыншыл










Қозушы










Піспеген










Батыл










Атаққұмар










Өзін-өзі аяушы










Сабырлы










Дербес










Салмақты










Досшыл










Естияр










Әртісшіл










Ақылды










Қызықты










Идеалисшіл










Түсінгіш










Жылы










Сексапилды










Белсенді










Эгоисшіл










Әлсіреген










Сүйкімді










Зерделі










Назды










Өз-өзіне сенген









1-кесте


Клиентке орталықтанған тәсілдегі жеке тұлағылық конгруэнттілікті зерттеу әдістемесінің бланкісі

Жеке тұлағалық қасиеттер Реалды Мен Әлеуметтік Мен Идеалды Мен

Басқалардың ойына қарамай, сіздің өзіңізге сәйкес келетін мінездемелерді белгілеңіз. Сізді білетін адамдар белгілейтіндей қасиеттерді өзіңіз белгілеңізСізді ең жақсы көрсетіп, сонымен қатар өзіңіздің дербестігіңізді жоғалтпайтындай қасиеттерді белгілеңіз

1-кестені толтырғаннан кейін клиентке сәйкес келмейтін сын есімждерді белгілеуді сұрайды. Бұл – оның өміріндегі конгруэнтсіздіктің мүмкін сәттері. Ары қарай клиентпен келесі сұрақтар талқыланады:

Сіздің талаптарыңыздың кейбір шындыққа сай келмейді деп ойламайсыз ба?

Сіздің идеалды өзін-өзі сипаттаумен ұйғарылатын кейбір мақсаттарды сіз өзгерте алатындай ойларыңыз бар ма?

Бұл үшін себептер бар ма?

К. Роджерс өмір сүрген еуропалық мәдениетте клиентке орталықтанған күтімге үлкен сұраныс байқалды. Клиенттер бұндай әрекет-қылықтың дағдыларына 2 фасилитатордың (кездесу топтары) әрекетіне бақылау жасауға үйренеді. Топтағы фасилитаторлардың негізгі міндеттеріне клиентке орталықтанған қарым-қатынасты демонстрациялау, топтың басқа да мүшесінде клиентке орталықтанған қатынасты тудыру т.б. жатады.

К. Роджерс отбасыны кездесу топтарының аналогы ретінде қарастырды.

Адамдарды отбасына біріктіретін негізгі фактор болып жақын адамдармен клиентке орталықтанған қатынасқа деген қажеттілік жатады.

Бихевиоралды кеңес беру.

Мақсаты:


-.Түрлі әрекет-қылық реакция деффициттері

-Бейімделген әрекеттің жоғарлауы.

-Адекватсыз әрекеттердің төмендеуі.

-Ішкі қорқыныш реакцияларының жоғарлауы.

-Еркіндесе алу қабілетінің жоғарлануы.

-Өзін-өзі реттеу қабілетінің артуы.

Психологиялық кеңес беруде әрекет-қылықты бағалау мен клиенттің мәселесін анализдеуден басталады. 3 түрлі реакцияны байқаймыз.

1.Жағдайлық өткеннің стимулы:(стимул ситуационного прошлого)(С)Мысалы:кеше 15:30-да мен өзімнің 15 қызметкерлеріне жобаны көрсету керек болатын.

2.Ауыспалы реакциялар:(Р)Қобалжыдым ,тез сөйледім.

3.Нәтиже немесе ауыспалы нәтиже:Мысалы:Аудиторияға қызықты,бастық мені қолдады және менің қызметімді жоқтады.

Жоғарыда ұсынылған мәлімет алу кезеңдері «СРП-анализі» деп аталады.

Ақпараттар жиналуы:

-интервью арқылы;

-медециналық тексеру;

-Ерте өткізілген психикалық бақылау отчеты.

-Сұрақтамалар

-Қалыпты кездегі бақылау.

-Қосымша бақылау(клиент таныстарынын ақпараттар жинау.

Ақпарат жинаудан соң кеңес беру мақсаты анықталады. Ол клиент пен кеңес берушінің арасындағы жетістіктерді анық көрсетеді.

Гиперқозу мен гипертітіркену сияқты рефлекторлы реакциялармен жұмысты Эдмунд Джекобсон кейін Джозеф Вольпе жалғастырған прогрессивті релаксация әдістерін қолданды.

Егер уайым мен қорқыныш жұмыс істеу керек болса, онда жүйелі десенсибилизация әдісін қолданады. Бұл әдісті Дж. Вопье 1952 жылы жасады.

Десенсибилизация түрлері:

1. Десенсибилизация in vivo (шынайы өмірде) реалды өмірде қайталана кездесетін мәселелерді шешуде қолданады.

2. Контактілі десенсибилизация Белгілі бір обьектімен байланысты ,клиенттің кеңес алуды қажетсінуінде.

3. Эмотивті қиял Балалармен жұмыс істеуде қолданады. Бала өзіне ұнайтын киноактерлардың рөлімен,өмірімен танысу бала бойындағы қорқыныштарды әлсіздендіреді.

Егер қарым-қатынас дұрыс дамымаса,рөлдік ойын әдісі қолданылады.

Егер клиент келесі адам әрекеттеріне қорқыныш сезімімен қараса,агрессивтілік трейнингі қолданылады.

Әрекет қылықты өзгерту үшін,нақтылау әдісі қолданылады.



1.3 «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері
«Мен-тұжырымдамасы» ұғымы (ағылшын тілінен тікелей аударғанда «self-conception», өзі туралы тұжырымдама). «Мен-тұжырымдамасы» - бұл индивидтің өзінікі немесе өзі жайлы ойлары, оған тән өзін-өзі тәрбиелеу жолы.

«Мен-тұжырымдамасының» құрауыштарын көп жағдайда «Мен бейнесі» немесе «Мен картинасы» деп атайды. Өзіне немесе өзінің жеке қасиеттеріне байланысты қатынасын өзін-өзі бағалау немесе өзін-өзі қабылдау деп атайды. «Мен-тұжырымдамасы» тек тұлғаның өзі жайлы елестетулерін ғана анықтамайды, сонымен қатар ол өзі жайлы не ойлайды, болашақтағы даму мүмкіндіктері және жаңа бастамаларына қалай қарайтындығы жөнінде [3].

«Мен - тұжырымдамасы» түсінігін 20 ғасыр соңында америкалық философ жән е психолог У.Джеймс енгізген. Көрнекті психолог, гуманистік бағыттың өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс және жаңа психоаналитикалық дәуірдің гуманисі Э.Эриксонның еңбектері арқылы «Мен - тұжырымдамасы» теория түрінде және қолданбалы дамыды [3].

Кеңестік психологияда «Мен – тұжырымдамасының» мәселесімен Б.Г.Ананьев, И.С.Кон, Д.А.Леонтьев, В.В.Столин, А.А.Реан айналысты.

Төменде үлгіде К.Роджерс бойынша «Мен-тұжырымдамасының» негізгі ережелері ұсынылған:

«Мен-тұжырымдамасы» - бұл мәдени құндылықтарға құштар индивидтің елестетулері және ішкі болмысы.

«Мен-тұжырымдамасы» тұрақтылық қасиетке ие және адамның іс-әрекетін орнықты тәсілдерімен қамтамасыз етеді.

«Мен-тұжырымдамасы» даралық және бірегейлікк қасиетке ие.

Индивидтің тәжірибесі мен оның «Мен-тұжырымдамасының» арасындағы айырмашылық психологиялық қорғаныш механизімінің көмегімен бейтараптанады.

«Мен-тұжырымдамасы» «өзіндік сана-сезім» ұғымына жақын, бірақ «Мен-тұжырымдамасы» өзіндік сана-сезімнің нәтижесі болып табылады.

«Мен-тұжырымдамасы» қоршаған ортамен әлеуметтік өзара қарым-қатынас процессінде психикалық даму нәтижесі ретінде көрінеді.

С.Л. Рубинштейн пікірінше тұлғаны психологиялық зерттеу мәселесі тұлғаның психикалық ерекшелігін - оның қабілеттіліктерін, темпераменті мен мінезін зерттеумен ғана емес, ол тұлғаның өзіндік сана-сезімін ашып көрсетумен аяқталады [4].

XX ғасырдың басында социолог Кули «Айналық Мен» теориясын жасады, адамның өзін-өзі елестетулерімен байланысты, «Мен идеясы», айналадағылардың пікірінің әсеріне салынып және 3 компонентті құрайды: басқа адамға мен қалай көрінемін, ол адам мені қалай бағалайды деген елестетулер, және осыған сәйкес өзін-өзі бағалау, мақтаныш және кемсіту сезімі.

Белгілі бір әлеуметтік топтар шегінде индивидтің басқа адамдармен шынайы өзара байланыс үдерісінде адамның «Менінің» қалыптасуын зерттеген Д.Т. Мид болатын. Мид пікірінше, өзіндік сана-сезім – индивидтің басқа адамдармен практикалық өзара қарам-қатынасы негіз болып табылатын үрдіс. Басқа адамдармен табысты қарым-қатынас жасау үшін, оның белгілі бір іс-әрекетке деген қатынасын алдын-ала болжау қажет. Өзінің психикалық күйін түсіне алады, бірақ мәселе онда емес, өзін басқалардың орнына қойып көру, басқалардың өзіне деген қатынасын ұғынуда [4].

К. Роджерс өзіндік сана-сезім жайлы, «Мен-тұжырымдаманы» индивидтің санасында бар өзіндік фигура мен фон және «өзіндік Менді», сондай-ақ ол түсе алатын қарым-қатынасты, сонымен қатар өткеніндегі, қазіргісіндегі, болашақтағы «Меніне» қатынасымен және түсінетін сапалық қасиеттерімен байланысты позитивті және негативті құндылықтарды қосатын күрделі құрылымдық бейне деп түсіндіреді. «Мен-тұжырымдамасы» өзіне «Шынайы» және «Идеалды Менді» қосады.

Тұлғаның дамуын өзін-өзі жандандыру теориясында А. Маслоу басынан бастап темперамент, мінез, интеллектке қатынасында өзінің тұқым қуалаушылық және генетикалық бейімділігін жандандыру ұмтылысымен байланысты ішкі процесс ретінде түсіндіреді. Маслоу өзін-өзі жандандыруды немесе өзін-өзі танытуды маңызды адами қажеттіліктің бірі деп атап көрсетеді [3].

Карен Хорни актуальды, немесе эмпирикалық «Менді» бір жағынан идеаландырылған «Меннен» және басқа жағынан шынайы «Меннен»- бөліп көрсетеді. Актуалды «Мен»-адам дәл қазіргі уақыттағы жағдайы туралы: оның жаны мен тәні, денсаулығы және жүйкесі. Идеаландырылған «Мен»-бұл субъект өзінің иррациональды қиялындағы қандай екендігі немесе невротикалық астамшылдығы немен байланыстылығы. Шынайы «Мен» -бұл невроздан тәуелсіз кезінде субъект қайтадан толық идентификацияға жете алатын, өзін-өзі көрсету мен индивидуалды өсуге бағытталған «бастапқы» күш [4].

И.С.Кон өзіндік сана-сезімнің маңызды қызметтері – реттеуші-ұйымдастырушылық және эго-қорғаныш мәселесімен байланысты индивид өзін адекватты қабылдап және бағалай алама деген сұрақты көтереді. Өзінің әрекетін табысты бағыттау үшін субъект қоршаған орта жайлы және өзінің тұлғалық ерекшеліктері мен жағдайы туралы адекватты ақпаратпен қамтылған болуы керек. Керісінше, Эго-қорғаныш қызметі көбінесе өзін-өзі бағалаудың қолдауына және ақпарат бұрмаланған күннің өзінде де мен образдың тұрақтылығына бағытталған. Осыған байланысты дәл сол субъект адекватты және де жалған өзін-өзі бағалау беруі мүмкін. Невротиктің өзін-өзі сыйлауының төмендеуі - бұл түрткі, сонымен қатар қызметтен кеткеннен кейінгі өзін-өзі ақтау, онда шығармашыл тұлғаның өзін-өзі сынауы - өзін-өзі кемелдендіруге стимул және жаңа белестерді бағындыру [5].

Пасторино және Дойль-Портийо «Мен-тұжырымдамасы» - біздің қабылдауымыз, біздің қабілеттіліктеріміз бен бірегейлігіміздің бейнесі. Басында біздің әрқайсысымыздың «Мен-тұжырымдамамыз» өте жалпылама және құбылмалы мінезге ие. Біз есейе бастаған сайын, бұл тұжырымдама ұйымдастырылған, айқын және нақты бола бастайды [6].

Вейтен Данн және Хаммер «Мен-тұжырымдамасы» - өзіндік табиғаты жөнінде елестетулерді, бірегей сапаларды және әдеттегі іс-әрекеттердің жиынтығын көрсетеді. Сіздің «Мен-тұжырымдамаңыз» - сіздің өзіңіз жайлы ойша көрінісіңіз. Ол өзіне мысалы, «мен қозғалуға жеңілмін», «мен сүйкімдімін» немесе «мен еңбекқормын» деген секілді мақұлдауларды қосуы мүмкін.

Адамның психологиялық-әлеуметтік даму үдерісі, тұлғаның «Мен – тұжырымдамасының» қалыптасу кезеңдері Э.Эриксонның шығармашылық жұмыстарында толық ашылған.

Э.Эриксонның пікірінше, даму кезеңінің дәл сол қоғамға лайық тұлғадан күтетін бір үміті бар. Жеке тұлға үмітін ақтауы да, ақтамауы да мүмкін, сонда ол қоғамға сіңіп кетеді немесе қабылданбайды. Эриксон бойынша әр кезеңде лайықты мәселелердің шешілуі тұлғаның психомоторлық даму деңгейіне байланысты, сондай-ақ тіршілік етіп жатқан қоғамдағы рухани атмосфераға да байланысты. Эриксонның осы ойлары оның тұжырымын түсіндіретін екі маңызды түсініктің негізі, ол «топтық ұқсастық» және «эго-ұқсастық» түсініктері болып табылады. Өмірінің бірінші күнінен бастап баланың тәрбиесі көзделген әлеуметтік бір топқа енгізуге бағытталған, міне, осы бағыттың арқасында топтық ұқсастық қалыптасады. Эго - ұқсастық, топтық ұқсастықпен бірдей қатарласып қалыптасады және де субъектінің тұрақтылық сезімін тудырады. Адамның өсуіне, дамуына байланысты өзгерістерге қарамастан өзінің «Мен» деген сезімі үздіксіз тұрақтанады. Тұлға тұтастығының, яғни эго-ұқсастықтың қалыптасуы оның бүкіл өміріне созылады, және бірнеше кезеңнен өтеді [8]. Эриксон: адам өзінің өмірлік жолында ішкі сенімділікке ие болатын болса эго-ұқсастық сезімі оптималды болып табылады деп санайды. Ұқсастықты қалыптастыру процессінде индивидуалдық тәжірибенің нақты мазмұны ғана емес, сондай-ақ индивидтің тәжірибенің ажырамас бөлігі ретінде әр түрлі ситуацияларды қабылдай алу қабілеті де маңызды [7].

«Мен-тұжырымдамасы» – қарым-қатынас және қызмет барысында жинақталатын тұлғаның психологиялық кейпінің маңызды құрылымдық элементі, индивидтің өзі жайлы идеалды елестетулері. «Мен-тұжырымдамасы» адамдар арасындағы қызметтің алмасуы кезінде туындайды, субъект «басқа адамның айнасы ретінде көрінеді және осылайша өзінің «Мен бейнесін» талқылайды, нақтылайды және түзетеді». Басқалардың өзі жайлы не ойлайтынын түсінуге тырысу арқылы адам өзін, өзінің әрекеттерін және олармен қарым-қатынас ерекшеліктерін талдайды, яғни ол басқа адамдармен өзара байланыс жасауда өзінің қандай екендігіне талдау жасайды. Осындай талдаулар нәтижесінде адам «өзінің Мені» жөнінде біршама білімдермен танысады. Мұндай өзін елестетулер өзін-өзі тәрбиелеу процессінде айтарлықтай маңызға ие, яғни өзінің басқа адамдармен қарым-қатынасын талдауда адам өз мінезінің ерекшеліктерін, оның ішінде негативті жақтарын да түсіне бастайды [7].

Өсіп, дамып келе жатырған тұлғаның талаптары да өсе бастайды. Нақ осы арқылы адам және оның «Мен-тұжырымдамасы» пайда болады. Жағдаяттық Мен бейнесінен( дәл қазіргі сәтте индивид өзін қалай көріп, сезініп отырғандығы) «Мен тұжырымдамасының» айырмашылығы, ол адамда өзінің үнемі анықтылық, өзіндік теп-теңдік сезімін тудырады. Адекватты «Мен тұжырымдамасын» және бәрінен бұрын өзіндік сананы қалыптастыру – қоғамның саналы мүшесін тәрбиелеуде маңызды шарттардың бірі болып табылады [7]. «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуы, дамуы және өзгеруі ішкі және сыртқа реттілік факторларымен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік орта (отбасы, мектеп, көптеген формалды және формалды емес топтар)

«Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуына өте қатты әсер етеді. «Мен-тұжырымдамасының» іргетасының қалануына отбасы ең басты әсерін тигізеді [8].




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет