І. «Жайлауға бардым» 5 сағат


«Менің әуес ісім» тақырыбына шағын эссе жазыңыз



бет11/18
Дата29.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#151205
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
5-с деңгейлік тапсырмалар
0001d066-4e2948d3, 0001d066-4e2948d3, 6 сынып тапсырма №1, Экономикалық география сөж, ref 1388, Ақсеңгір ОМ
5. «Менің әуес ісім» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
ХV «Мен әуен тыңдаймын»-5 сағат.
Ән көңілдің ажары. Менің әуес ісім-ән айту. Қазақ халқының музыкалық аспаптар тарихынан. Ұлттық аспаптар. Сұлу, әдемі музыка. Есімдік.
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, толықтырыңыз.
1. Абай - ... ... .
2. Абай шығармаларында ... ... суреттейді.
3. «Желсіз түнде жарық ай» - ... .
4. Абай әндері ... ... тәрбиелейді.
5. Өлеңде ... мерзімі бейнеленген.
Керекті сөздер: әнші, сазгер, табиғатты тамаша, ұлы ақын, лирикалық ән, мақтанышымыз, жаз, лирик, табиғатты сүюге.
2. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Үлгі: менің-есімдік, дара, негізгі, жіктеу.
Ешқайда, әрбір, сенің, қайдан, өзіңіз, өздерің, бұның,кейбір, осы,бірнеше.


3. Мәтін бойынша сызба құрастырыңыз.
Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті және ұрмалы болып 3 топқа бөлінеді. Үрмелі аспаптарға: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік жатады. Ал ішекті аспаптарға: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз жатады. Ұрмалы аспаптарға: даңғара, дауылпаз, асатаяқ аспаптары жатады.
4. «Кубизм» әдісі бойынша сұрақтарға-жауап беріңіз.

  1. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын атаңыз.

(домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, асатақ, даңғара т.б. )

  1. Қа зақтың әйгілі күйшілері мен қобызшыларын атаңыз. (Қорқыт, Құрманғазы, Дина, Махамбет, Кенен)

  2. Домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор. (Ахмет Жұбанов)

  3. Домбыра қандай аспап? (екі ішекті аспап)

  4. Қазақтың музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді? (3 топқа бөлінеді: үрмелі, ішекті, ұрмалы)

  5. Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады? (домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз).

5. Синквейн әдісі
1. Домбыра
2. Ішекті, шертпелі
3. Ұнайды, жатады, жасалды
4. Домбыра ішекті аспаптар тобына жатады
5. Аспап


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет