I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет3/5
Дата21.10.2022
өлшемі5,16 Mb.
#154333
1   2   3   4   5
Байланысты:
Аяжан
Screenshot 2021-09-11 at 12.34.41 PM, Лекция 4. КАНТЕМИР И ТРЕДИАКОВСКИЙ, ЭКЖ 2022 (копия), НКТ Педагогика КШ факультеті, motivacia i motivi
Жатырішілік зат (ЖЗ) - босанғаннан кейін орнатылуын, алынуын арнайы дайындалған медициналық кызметкер жүргізеді, емшекпен емізуге әсер етпейді, жатыр қуысында 5-10 жыл тұра алады, сонан соң, ауыстырған жөн.
Қынаптық әдістер - диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы, спермицидтер, әйелдер бақылай алатын контрацепциялық әдіс, керек уақытында ғана қолданылады. Қауіпсіз әдіс. Кейбір жыныс жолымен жұғатын инфекцияларды жұқтыру қаупінен сақтайді.
Отбасын жоспарлаудың табиғи әдістері - бұл контрацепция әдісі ceнімсіз келеді және оны етеккір айналымы тұрақты әйелдер қолдана алады. Денсаулыққа зиянсыз және қаражат қажет етпейді.
Лактациялық аменорея әдici (ЛАӘ)-тек қана емізетін аналар бала туылғаннан бастап 6 айға дейін қолдана алады.
Контрацепция үйлесімді әpi қayiпciз жыныстық қатынаспен өмip сүруге және өз денсаулығыңды күтуге мүмкіндік береді. Контрацепция денсаулыққа зиян келтіретін, физикалық және эмоционалдық жарақат жасайтын жасанды түсікпен байланысты болатын қауіп-қатерден сақтайды.
Көп қолданатынның бірі – гормональды контрацепция. Бұл аналық жыныс безінің гормоны синтетикалық аналогы негізінде жасалынады.
Комбинирленген оральді контрацепция  
Құрамы. Оральді контрацепция, яғни ұрықтануға қарсы препарат комбинациясында эстроген және прогестина немесе прогестин бар. Бізге бір –, екі -, және үш- фазалы комбинерленген эстроген – гестагенда препараттар белгілі. Бір фазалыға: овулен, овидон, регевидон, диане — 35, микрогинон жатады; Екі фазалыға: антеовин, климин, дивин жатады. Үш фазалыға: триквилар, тризистон, трирегол, марвелон және т.б Комбинерленген оральді таблеткалар құрамында эстрогегннің (этинилэстрадиол немесе местранол ) және прогестиннің құрамы әр түрлі мөлшерде болады. Бірақ, қазіргі кездегі препараттар құрамында төмен дозалы эстроген (бір таблеткада 20 – 50 мкг) болады. Оларда 21 күн ішінде цикл арасында апталық үзіліспен қабылдайды. Құрамында прогестині бар препараттарды үзіліссіз қабылдайды. Әсер ету механизмі. Овулияцияны төмендету КОК — тың негізгі механизмдік әсері. Эстраегендер сияқты прогестиндер де гонатропин синтезін төмендетіп, овуляцияны тоқтатады. Жатыр мойны шырышы қоюланып, жабысқақтанады. Цервикальді өзекке сперматозоидтардың жылжуына кедергі жасайды. Прогестин әсерінен эндометрий активтілігін төмендетіп, сонымен бірге бластоцистаны имплантациялауға дайын болмайды. Зиянды әсері. Төмен мөлшерлі препараттарды жиі қолданғанда қан кетулер немесе аменорея , дисменорея болады. Кейде жүрек айну, дене салмағы жоғарлауы және сүт бездерінің ауырсынуы болады. Бас ауру, ішінің ауруы, құсу басқа аурулармен байланысты болуы мүмкін. Таблеткаларды екі — үш рет қабылдағаннан кейін бұл көріністер жоғалып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет