І. Мектептің педагогикалық ұжымының әдістемелік қызметін талдау


) Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамының сараптамасы



бет4/23
Дата30.06.2020
өлшемі1,85 Mb.
#74712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
жоспар әдістеме 2018ж

2) Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамының сараптамасы.

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мектепішілік пәндік апталықтар ұйымдастыру, мұғалімдерді аттестациядан өткізу, білім жетілдіру курстарына қатыстыру, мектепішілік бақылау, зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Мектепте оқу жылында 1-11 сыныптарда – 746 оқушы, мектепалды даярлық топта - 73 оқушы білім алды.

Мектеп мұғалімдерінің сандық, сапалық құрамы

Барлық педагог саны – 86, соның ішінде

Қосалқы жұмыстағылар – 0

Бала күтіміне байланысты демалыста отырғандар – 11

Даярлық топ тәрбиешілері – 3 Тәлімгер – 1

Психолог – 2 Әлеуметтік педагог - 1

Наградалары бар мұғалімдердің саны


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы – 1 «Үздік педагог» - 1
Біліміне қарай:

Білімі

2015-2016

2016-2017

2017-2018

саны

%

саны

%

саны

%

Магистрант

1

2%

1

1%

1

1%

Жоғары

57

87%

63

90%

69

92%

Арнаулы орта

8

21%

6

9%

5

7%

Барлығы

65




70




75




Педагогикалық өтіліне қарай

Еңбек өтілі

2015-2016

2016-2017

2017-2018

саны

%

саны

%

саны

%

0-5 жылға дейін

18

27%

18

26%

17

23%

5-20 жылға дейін

25

38%

31

44%

44

59%

20 жылдан жоғары

23

35%

21

30%

24

18%

Барлығы

65




70




75



Кәсіби біліктілігіне қарай



Санаты

2015-2016

2016-2017

2017-2018

саны

%

саны

%

саны

%

Жоғары

10

15%

8

11%

11

15%

Бірінші

21

32%

23

33%

26

35%

Екінші

11

17%

9

13%

14

19%

Санаты жоқ

24

36%

30

43%

25

21%

2017-2018 оқу жылында 5 мұғалім Билингвальды пән мұғалімі бағдарламасы бойынша В1 деңгейлі сертификат иеленді, «Педагогикалық қауымдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курсынан бір мұғалім, «Тәжірибедегі рефлексия» курсынан бір мұғалім, CLIL бағдарламасы бойынша 1 мұғалім, «Робототехника негіздері» курсынан бір мұғалім, 10 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқып, сертификат иеленді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 7 мұғалімді жаз мезгілінде курстан өткізу жоспарланып отыр.




Курстан өткен мұғалімдер

Білім мазмұнын жаңарту

Билингвальды пән мұғалімі




ПШО

Өрлеу

Қажет тілік




Қажет тілік

Директор орынбасарлары

2




1







Бастауыш сынып




2

2







Қазақ тілі




2

3







Орыс тілі




-

-







Ағылшын тілі







4

1




География

1

1

1







Тарих және құқық негіздері




1

-







Физика

1

1

-







Биология







1







Химия

1




-







Математика

1

2

-







Информатика




1

-

1




Дене шынықтыру







3







Көркем еңбек







3







Графика және жобалау

1




-






Оқу жылы ішінде 15 мұғалім аттестациядан өтіп, санаттарын көтерді және қайта бекітті.

2017-2018 оқу жылы ішінде 1 мұғалім зейнеткерлік жасқа жетіп жұмыс атқарды.
Жас мамандар





2015-2016

2016-2017

2017-2018

Жас мамандар саны

12

14

8

Жалпы мұғалім санынан %

18%

20%

11%

Мұғалімдердің 3 жылғы қозғалысы



Жылдар

Қабылданған мұғалімдер

Оның ішінде жоғары білімді

Кеткен мұғалімдер

Оның ішінде жоғары білімді

2015-2016

12

8

6

5

2016-2017

5

3

3

2

2017-2018

15

13

6

5

Барлығы

32

24

15

12

3) Мектеп әкімшілігі тарапынан оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелік мониторингі жүргізіледі. 14 критерий бойынша пед қызметті бағалау рейтингі жасалған.

2015-2016, 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылындағы мұғалімдердің кәсіптік рейтингісі


Деңгейі

Оқу жылы


Оптималды

Мүмкін

Кризистік

2015-2016

6

53

6

2016-2017

9

57

4

2017-2018

11

60

4

Кризистік деңгейдегі мұғалімдер – Мырзахметова Қ, Жусупова К, Жұмабекова А, Нусубалиева Е

Жоғарыда аталған мұғалімдер оқу жылы ішінде ешқандай жетістіктер көрсете алмаған, іс-тәжірибе тарату бойынша жұмыстар атқармаған, мектепішілік іс-шараларға да қатыспағандықтан ең төменгі ұпай жинап отыр.

2017-2018 оқу жылындағы бірлестіктердің рейтингісі (мұғалімдер мен оқушылардың жүлделі орындары бойынша)






Пән бірлестігі

Жүлделі орындар

Жалпы

Орын

Халықаралық

Республи калық

Облыстық

Қалалық







І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ







1

Шет тілі

9

9

13




/1

/2

/2

/2

/2




/1

1

32/10

І

2

ИФМ

5

8

1

1

1/2

1



















17/2

ІІ

3

Бастауыш

1










8/1

9







2/2

1

/2

/2

12/5

ІІІ

4

Қоғамдық пәндер










2

3/4

1




/1

1/




1

1/1

9/6

IV

5

Өнер пәндері




1




5




/1

2







1







9/1

V

6

Жараты лыстану










1/1

4

3

/1
















8/1

VI

7

Дене тәрбиесі
















/1













1

1

2/1

VIІ

4) Мектептегі пән әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесіне» сай жүргізіледі



  Мектепте пәндер салаларына қарай 7 пән әдістемелік бірлестігіне біріктірілген.

  • Қоғамдық пәндер бірлестігі(қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану) - бірлестік жетекшісі: І санатты мұғалім Абишева А.

  • Шет тілдер бірлестігі(орыс тілі, ағылшын) - бірлестік жетекшісі: І санатты мұғалім Канапина М

  • Жаратылыстану (химия, биология, география) бірлестігі-бірлестік жетекшісі: ІІ санатты мұғалім Абдибекова Г

  • Өнер пәндері (бейнелеу өнері, технология, музыка) бірлестігі - бірлестік жетекшісі: жоғарғы санатты мұғалім Джетибаева Р

  • Дене шынықтыру (дене тәрбиесі, АӘД) бірлестігі- бірлестік жетекшісі: І санатты мұғалім Байманов Қ

  • ИФМ (математика, информатика, физика) пәндері бірлестігі- бірлестік жетекшісі: бірлестік жетекшісі: І санатты мұғалім Еркінбекова Г

  • Бастауыш сыныптар (бастауыш, мектепалды даярлық) бірлестігі – І санатты мұғалім Утебаева Ш

Сонымен қатар

  • Шығармашылық топ жетекшісі – І санатты физика пәні мұғалімі Ажибекова А

  • Жас мамандар мектебі жетекшісі- І санатты тарих пәні мұғалімі Абилова Қ

  • «Дарын» ОҒҚ жетекшісі –І санатты тарих пәні мұғалімі Ауэзова Ғ



Қыркүйек айында ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Аттестациядан өту, білім жетілдіру курстарынан өту кестесі жасалып, мұғалімдерге таныстырылды. Әдістемелік бөлмедегі стендтердегі мәліметтер жаңартылды. Әдістемелік кеңесте мемлекеттік-нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқау хат, білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі күнтізбелік жоспарды жасауға қолданылатын бірыңғай талаптар, таныстырылып, талқыланды. Сынып журналын жүргізу жайында нұсқаулықпен барлық пән мұғалімдері таныстырылды. Әдістемелік бірлестіктерде пән бойынша әр сыныптағы тақырыптарға, бақылау, жазба жұмыстары, зертханалық жұмыстарға сағат санының бөлінуі, тоқсандық, жылдық жүктеменің орындалуы талқыланды. Жас мамандармен сабақ түрлері, сабақ жоспарын құру, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, мектеп іс-құжаттарының жүргізілуі жайлы кәсіби әңгіме өткізілді. Бірлестік отырыстарында пән бойынша бағдарламалар қаралды. Бірлестік жетекшілерімен жиналыс өткізіліп, бірлестік іс-құжаттарын жүргізу жайлы нұсқау берілді. Пән бірлестіктерінің айлығы мерзімі бекітілді. Таңдау, қолданбалы курс бағдарламаларының талапқа сай жасалуы тексеріліп, бекітілді.

Қажетті ақпараттарға барлық педагогикалық қызметкерлердің мүшелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін  metod17sch@mail.ru   ортақ электронды поштасы ашылып, почтаға бүкіл нормативті құжаттар, бағдарламалар, нұсқаулықтар, жаңаша оқыту әдіс-тәсілдері жайлы мәліметтер салынды және паролі бүкіл мұғалімдерге таныстырылды. Мұғалімдер почтадан өздеріне қажетті мәліметтерді алып отыр.

Мектепте әдістемелік жұмыс әр мұғаліммен жеке және педагогикалық ұжыммен үнемі жүргізіліп отырады. Педагогтердің қызығушылығы мен қабілеттіліктерін арттыру мақсатында, өз бойындағы мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін, жақсы жағдай туғызып, өзара байланыс жасалып отырылады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мектепішілік пәндік апталықтар ұйымдастыру, мұғалімдерді аттестациядан өткізу, білім жетілдіру курстарына қатыстыру, мектепішілік бақылау, зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Оқу-тәрбие бірлестігінің жұмысын жоспарлау мынадай бөлімдер бойынша жүзеге асырылады


  • Ұйымдастыру жұмысы;

  • Бірлестіктің оқу жұмысын ұйымдастыру. Сапалы білім беру шараларын қамтамасыз ету;

  • Мұғалімнің шеберлігін жетілдірудің оқу-әдістемелік жұмысы, педагогикалық озық тәжірибені тарату;

  • Оқу кабинеттерін материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау.

Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес «0»- дік бақылау, жарты жылдық, жылдық бақылау кесінділері алынды. Пәндердің жүргізілуі, оқушылардың білім сапасы, мектеп іс-құжаттарының жүргізілуі тексеріліп, қорытындысы педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, бірлестік отырыстарында қаралып, талқыланып отырды.

Мектеп өміріндегі педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешуге және өзекті сұрақтарға жауап табуға ұжымдық ойласуды жүзеге асыруды бірыңғай ықпал ететін тиімді жұмыс түрі-ғылыми-практикалық семинар, семинарлық сабақтар оқу жылы бойында жүргізіледі. Семинарды дайындау және өткізу жұмысына барлық педұжым қатысып, жаңа педагогикалық идеялар семинарда жүзеге асырылады.



Семинар жұмыстары екі бағытта жүргізіледі:

  • Теориялық бөлім. Мұнда педагогикалық оқулар өткізіледі.

  • Машықтық бөлім. Мұнда ашық сабақтар, семинар-тренингтер түрінде өтіледі.

Мұғалімдердің педагогикалық және кәсіптік шеберлігін арттыру мәселесі мектепте әр түрлі бағыттағы жұмыстар арқылы шешіледі:

  • Әдістемелік тақырыбы бойынша әр мұғалімнің жеке жұмысы (өзіндік білімін жетілдіру, баяндамалар, мақалалар, әдістемелік құралдар);

  • Педагогикалық кеңестер;

  • Жас мұғалімдермен жұмыс мектебі;

  • Мұғалімдердің шығармашылық топ жұмыстарына қатысуы.

Пән мұғалімдері ізденіспен жұмыс жасай отырып әріптестерімен өз іс-тәжірибесін бөлісіп отырады.

5) Мектебімізде жаңартылған білім беру мазмұнына көшу бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілді. Ең алдымен мұғалімдердің біліктілігін көтеру жұмыстары қолға алынып, мектептегі 75 мұғалімнің 55- і «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсынан» өткізілді. Әдістемелік кеңесте жаңартылған білім беру мазмұнының енгізілуіне байланысты нормативтік құжаттар таныстырылып, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылатын 1,2,5,7 сыныптардың оқу бағдарламалары, жұмыс бағыттары, құжаттардың жүргізілуі жайлы нұсқаулықтар берілді.

Педагогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңесте «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» баяндама, «ҚР жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы бойынша критериалды бағалау жүйесі» баяндама оқылып, «Жаңартылған білім беру мазмұнының енгізілуі (құжаттардың жүргізілуі, пәндердің оқытылу жайы» тақырыбында мәселелер қаралды.

Мектебімізде жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытылатын сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер мен оқушыларға қолдау көрсету жұмыстары үнемі жүргізіліп отырды. Айта кететін болсақ, мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында отырыстар жасалып, онда түрлі мәселелер қаралып, кездескен қиындықтар туралы айтылып, оларды шешу жолдарымен мұғалімдердің пікірі мен ұсыныстары тыңдалды. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру мақсатының ұтымды жақтары да айтылып өтті. Мысалы: оқушылар топтық жұмыста жақсы атсалысады, жауапкершілікті сезініп, көпшілік үшін жұмыс жасайды. Оқушылар еркіндікті сезініп, өз ойлары мен өзіндік көзқарастары қалыптасады.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мектепте қалыптастырушы бағалауды енгізу мен қолдану үшін мектеп мұғалімдері smk.edu.kz сайтына тіркелді. Мұғалімдер сайттан қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, жиынтық бағалау тапсырмалары үлгілерін алып, жұмыс барысында пайдаланып отырды. Ата-аналар жиналысында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қолданылатын критериалды бағалау туралы» тақырыбында баяндама оқылып, таныстыру жұмысы жасалды.

Тамыз айында «Мектеп құжаттарын жүргізу» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинарда білім мазмұнын жаңарту жағдайында қолданылатын критериалды бағалау туралы ақпарат беріліп, жиынтық бағалау жұмыстарының нобайын жасау, бағалау құжаттары, бағаны сынып журналына қою, электронды күнделікті толтыру ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. ҚР БҒМ 2017 жылғы 6 маусымдағы № 265 бұйрығына сай «Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі», ҚР БҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы №52 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары» таныстырылды. Жаңартылған білім беру мазмұнына қатысты жаңалықтар мектеп мұғалімдеріне уақтылы жеткізіліп, талқыланып отырды.

Excel форматындағы уақытша электронды журналдың жүргізілуі, әр жиынтық бағалауға балл қою арқылы тоқсандық бағалау жүргізу жайы талқыланды. «Критериалды бағалау оқушылардың нақты мүмкіндіктерін айқындай ала ма?» тақырыбында, «Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың білім алуын қалай жақсартуға болады?» тақырыбында өтілген коучингтерде мұғалімдер жаңаша оқыту, бағалау әдістерінің мәнін түсінді.

Критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша тәжірибе жинақтау, жүйелеу және насихаттау үшін пән мұғалімдері өзара сабақтарға қатысып, тәжірибе жинап, туындаған сұрақтарына жауап алып отырды. Ай сайынғы бірлестік апталықтарында ашық сабақтар жаңартылған білім мазмұны енгізілген сыныптарда өткізілді.

Жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастырып өткізу барысы өз деңгейінде орындалды. Модерация үдерісі де талапқа сай рәсімделді. Сонымен қатар электронды журналдың жүргізілуіне бақылау жасалды. Қорыта келгенде мұғалімдерге көмек ретінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды өткізудегі қолданылатын әр түрлі бағалау түрлері (қалыптастырушы және жиынтық), олардың формалары (топтық, жұптық, жеке), бағалау критерийлерін құрастыру, кері байланыс беру, баға қою және тағы да басқаларын қамтитын құралдар таныстырылды.

Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған: критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар, оқу жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. – бұл оқуда және бағалауда мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді.
6)Мектепте әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияларды меңгертуге бетбұрыс жасалынуда. Мектепте жаңа технологияларды оқып үйрену, оқыту үрдісіне енгізу жұмыстары жүргізіледі. Әр мұғалімнің жеке шығармашылық тақырыбы бар, жүйелі түрде кәсіби біліктіліктерін көтеріп отырады, сабақта ақпараттық технологияларды пайдаланады. Мектептегі қолданыстағы негізгі технология – ақпараттық-коммуникативтік технология. Мектептің материалдық-техникалық базасы сабақта компьютер, интерактивті тақта, ноутбук, Интернет қолдануға толық мүмкіншілік береді. Мультимедиалық кабинет, лингофон кабинеттерінің мүмкіншіліктері сабақ барысында толығымен пайдаланылуда. Пән апталықтары барысында мұғалімдер жаңа технологияларды оқу үрдісінде тиімді пайдалану жолдарының үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасты. Сабақ барысында мұғалімдер «Bilimland», «I mektep» сайттарынан видеофильмдер, тест, жаттығулармен жұмыс істеу мүмкіншіліктерін пайдалана білді. Интернет арқылы өткізілетін пәндік қашықтық олимпиадалары, байқауларға мектеп оқушылары белсене қатысып, өз білімдерін сынап, біліміндегі олқылықтарды анықтап, жұмыс жасауға мүмкіндік алды және жақсы жетістіктер де көрсете біліп, жүлделі орындар иеленіп отырды.

7) Мектебімізде деңгейлік бағдарлама аясында курстан өткен мұғалімдердің саны-9. Мектеп басшысы өткен оқу жылында осы курста білім жетілдіріп, сол кісінің басшылығымен мектепте бірталай жұмыстар атқарылды. Мектепте оқу жылында «Педагогикалық қауымдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» деңгейді бітірген -1 мұғалім (директор орынбасары), ІІ деңгейдегі -1 мұғалім (қазақ тілі), ІІІ деңгейдегі- 6 мұғалім (1 бастауыш, 1 химия, 2 тарих, 1 қазақ тілі, 1 ағылшын тілі) жұмыс атқарды. Оның ішінде 2 мұғалім қосымша тренерлік курста білім жетілдірген. Мектептегі мұғалімдер 6 топқа бөлініп, деңгейлік курс бітірген мұғалімдер тәлімгерлік жүргізді.

Шығармашылық топ мүшелері мектеп мұғалімдерімен түрлі тақырыпта коучингтер, дөңгелек үстел, кәсіби сұхбат өткізіп, үлгі сабақтар көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Мектеп директоры М.Досмаханұлы «Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау», «Іс-әрекетті зерттеу қалай жүргізіледі?» коучинг, «Мұғалім және оқушы көзімен М2 модулі технологиясы» кәсіби сұхбат өткізді.

Мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Кулыбекова «Жаңа тәсілдер арқылы оқуды бағалауды үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбында коучингтер, «Сабақтың өзіндік талдауы-мұғалімнің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру шарттарының бірі» дөңгелек стол, жас мамандармен «Мұғалімдерге нені білу міндет?» кәсіби сұхбат, мектеп директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Г.Маханова ««Ақпараттық коммуникативтік технология негізінде оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың білім сапасына ықпалы» дөңгелек үстел өткізді.

І деңгей мұғалімі З.Сейткулова «Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы», «Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану», «Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау» тақырыбында коучинг, ІІ деңгей мұғалімі Т.Сейткасимова «Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі», «Мінсіз мұғалім», «Оқытуда сын тұрғысынан ойлау дағдыларын арналған әдістерді жоспарлау» тақырыбында коучингтер, мектеп психологы Г.Данаева «Бағалаудың оқу үдерісінде алатын орны» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерімен кәсіби сұхбат өткізді.



ІІІ деңгей мұғалімі Ғ.Ауэзова «Білім берудегі жаңа тәсілдер: оқушылар көзімен» тақырыбында оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, 7б сыныбында «Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы» тақырыбында сабақ берді. Қ.Абилова 9а сыныбында «Сақ және Сармат тайпалары» тақырыбында сабағында топтық жұмыстар, тиімді әдіс-тәсіл, бағалау түрлерін көрсетті.

Мырзакасымова Айжамал 4а сыныбында әдебиеттік оқудан «Сатқын жапалақ», химия пәні мұғалім Т.Абсатарова 10 а сыныбында «Химиялық байланыс түрлері» тақырыбында ашық сабақтарында деңгейлік бағдарлама әдіс-тәсілдерін тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын көрсетті.

Апталық ұйымдастырылып, «Үйренерім көп менің» тақырыбында тәлімгерлер мен тәлім алушылар үлгі сабақтар көрсетті.

8) Бейінді – бағдарлы оқыту дегеніміз оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және оларды келешекте ие болуға, кәсібіне бейімдеуді қамтамасыз ететін оқу.

Өткен оқу жылында 9 – сыныптар бойынша 52 оқушы білім алды. Оқушылардың кәсіби ой – ниетін анықтау, оқушылардың мамандық туралы хабардарлығы, табандылықты зерттеу, кәсіби тұлғалық типті бағалау, оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігі, кәсіптік ынталандыруын зерттеу бағыттары бойынша сауалнамалар алынып, қорытындысы жасалынды. Қорытынды нәтижесінде оқушылардың тұлғалық бейімділігі, қабілеттері мен мүмкіндіктерінің кәсіби ой – мұраттарын сәйкестігі анықталады.

10-11 сыныптар аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағытта – 17 оқушы, жаратылыстану-математикалық бағытта – 39 оқушы оқып шықты.

Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құрудың және оны жүзеге асыруын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтендіруін, оқушыларды орта және жоғарғы оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытудың қамтамасыз ету болып табылады.

Осы бағытта, өткен оқу жылында көптеген жұмыстар жүргізілді.

Жұмыстар екі бағытта жүзеге асырылды.

- Оқушылармен жұмыс

- Ата – аналармен жұмыс

«Мектепке тағзым» тақырыбында 9 сынып оқушылары мен әр түрлі салада қызмет етіп жүрген мектебіміздің түлектерімен кездесу өткізілді. Кездесуде пікір-талас орнап, оқушылар түрлі сұрақтар қойып, қанағаттанарлықтай жауаптар алды.

Сонымен қатар «Ақпараттық, байланыс және технологиялар» колледжі (Есенов Бауыржан, Қасқарбаев Данияр, Қаипиев Ерлан), «Тараз техника және бизнес» колледжі, «Тараз Ғасыр» колледжі (Ізбасаров Берік, Сахиева Ләйлә), «Болашақ» коледжі, ТАРМУ, ТАРМПИ, «Астана» колледжі, Тараз политехникалық колледжі өкілдері келіп, 9 сыныптармен кездесулер ұйымдастырылып, профориентациялық жұмыстар жүргізілді.

Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құрудың және оны жүзеге асыруын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтендіруін, оқушыларды орта және жоғарғы оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.

1. Жаратылыстану – математика бағыттағы сыныптарда математиканы оқыту оқушыларға математиканы белгілі бір деңгейде меңгеруін талап ететін кез келген оқу орындарында таңдаған мамандықтары бойынша білімдерін жалғастыруға қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз ету мақсатында «Тригонометриялық функциялар», «Математикалық есептердің шешуін практикада қолдану», «Математикалық практикум», «Дифференциалды және интегралды есептеулер», «Логикалық есептерді шешу тәсілдері», «Туынды және оның қолданылуы», «Аналитикалық геометрия», «Физикадан күрделі есептерді шығару тәсілдері», «Физикадан эксперименттік және логикалық есептер шығару» қолданбалы курстары, «Қазақ тілінің практикумы» таңдау курстары;

2. Коғамдык- гуманитарлық бағдарлы сыныптарда тілдік сезімі және шешен сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, сөз сапалары мен шешендік стильдің тілдік белгілерін меңгерген, өзіндік көзқарасы мен ой тұжырымдарын қатысымдық нормаларға сай жеткізе алатын, қоғамдық сала бойынша ғылыми зерттеу қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру мақсатында «Қазақ тілінің лингвистикасы», «Әдебиет және өнертану», «Сөз мәдениеті және шешендік өнер», «Елтану» (ағылшын тілі), «Тарихи хронология» қолданбалы курстары, «Биология практикумы» таңдау курстарына арнайы авторлық және сәйкестендірілген бағдарламалар құрылып, әдістемелік кеңесте талқыланып, бекітілді.;

Бейiн алды даярлықты жүзеге асыру, оқушылардың нақты ғылымдардан білімін жетілдіру және бағдарлы оқытуды жүзеге асыруға бейімдеу мақсатында 5-9 сыныптарда «Практикалық қазақ тілі», «Ағылшын тілінің грамматикалық курсы», «Көркем әдебиет», «Сөзжасам», «Биология практикумы», «Химиялық есептер шығару практикумы», «Табиғат және адам», «Өсімдіктану», «Өлкетану», «Тарихи тұлғалар», «Мәңгілік ел», «Көшбасшы мектебі» таңдау курстарына арнайы бағдарламалар құрылып, апробациядан өтуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет