Құқық негіздері



Дата07.02.2022
өлшемі80 Kb.
#82975
Байланысты:
Құқық негіздері
Құқық негіздері

Құқық негіздері

Төкенова Арайлым

ҚҰҚЫҚ - мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.

  • ҚҰҚЫҚ - мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.

Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары:

  • Заңның үстемдiк етуi.
  • Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi.
  • Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы.
  • Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалатындығы.
  • Саяси және идеологиялық плюрализмнiң болуы.
  • Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
  • Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерiне сәйкес келуi.

Құқықтың екi түрлі тұсінігі болады:

  • біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
  • екіншісі құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері

  • Азаматтық құқық қатынастары әдетте:
  • а) мүліктік және мүліктік емес;
  • ә) абсолютті және салыстырмалы;
  • б) заттық және міндеттемелік деп ажыратылады.
  • Азаматтық құқық қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының белгілі бір экономикалық мазмұны бар, сонымен бірге мүліктік емес құқық қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке адамның кейбір материалдық емес мүдделерін (есімін, ар-ожданын және басқаларын) қамтамасыз етеді.

Құқық қатынастары

  • Құқық қатынастары тағы да абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді.
  • Субъективті азаматтық құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары абсолютті құқық қатынастары деп аталады. Мүліктік (мысалы, меншік құқық қатынастары) және жеке мүліктік емес құқық қатынастары (мысалы, туындыға немесе өнертабысқа авторлықпен туындыға құқық қатынастары) абсолютті болуы мүмкін. Бұл арада меншікті заттың бір субъектісі, туындының немесе өнертабыстың авторы басқаруға құқықты болып табылады. Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады. Олардың негізгі міндеті келеңсіз болып табылады және меншік иесінін өз құқығын жүзеге асыруына, автор құқығын бұзбауға және т.б. келіп саяды.

Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір айқын тобы қарсы тұратын құқық қатынастары салыстырмалы деп саналады. Олар бірнешеу болуы мүмкін, бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе занды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.

  • Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір айқын тобы қарсы тұратын құқық қатынастары салыстырмалы деп саналады. Олар бірнешеу болуы мүмкін, бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе занды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.

Заттың және міндеттемелік құқық қатынастары

  • Профессор М.И.Брагинскийдің атап көрсеткеніндей, Рим құқығынан бастау алатын «заттық» немесе «міндеттемелік» болып бөлу ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарында маңызын сақтап қалған.
  • Егер де институциондық жүйе бойынша жасалған кодекстерде (мысал - Француз азаматтық кодексі) бұлайша бөлу онша айқын көрінбесе, павдектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде (Герман азаматтық зандар жинағынан Ресей Федерациясынының кодексіне дейін) оның негізгі маңызы бар.

Мейлінше жалпылама түрінде заттық және міндеттемелік құқық қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады: заттық құқықтық мәселені зат, абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан, соның ізінен шықпайды және, ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге өзіне қарсы тұрғандардың енжарлығын керек етеді. Міндеттемелік құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның (борышкер) іс-әрекеті болуы тән, олар салыстырмалы болады, борышкерден қалмайды және құқықты адам - несие берушіге қарсы тұратын сол борышкердің белсенділігін керек етеді. Мүлікті беру, ақша төлеу, жұмыс орындау және т.б. сондай іс-әрекет болуы мүмкін.

  • Мейлінше жалпылама түрінде заттық және міндеттемелік құқық қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады: заттық құқықтық мәселені зат, абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан, соның ізінен шықпайды және, ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге өзіне қарсы тұрғандардың енжарлығын керек етеді. Міндеттемелік құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның (борышкер) іс-әрекеті болуы тән, олар салыстырмалы болады, борышкерден қалмайды және құқықты адам - несие берушіге қарсы тұратын сол борышкердің белсенділігін керек етеді. Мүлікті беру, ақша төлеу, жұмыс орындау және т.б. сондай іс-әрекет болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет