І. Негізгі бөлім Жоба технологиясының теориялық негіздері


Жоба әдісінің сипаттамасы



бет14/31
Дата09.04.2022
өлшемі63,53 Kb.
#138634
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
дипдип (Автосохраненный)

1.4. Жоба әдісінің сипаттамасы

Еуропада жоба әдісі ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында енген. Дегенмен, ол жақсы нәтижелер берген жоқ. Себебі, ол кезде жоба технологиясының теориялық проблемасы жеткіліксіз зерттелген еді. Осының нәтижесінде бұл ой оқушылардың біліміне мұғалімдер үшін қисынсыз, қажетсіз болды. Нәтижесінде жоба әдісі жайлы ой өз дамуын әрі қарай алып кете алмай, әдіскерлер-ғалымдар өз зерттеулерін бұл бағытта тоқтатады. Ал басқа дамыған елдер бұл әдістің теориясы мен практикасын әрі қарай жетілдірді. (9)


Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда бұл әдіс асқан қызығушылықпен қаралуда.
Ғалым-әдіскерлердің негізгі міндеті шетел тілін меңгеруде мектеп практикасында әлеуметтік-мәдени жағдаятта, қоғамның даму сатысында, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру мақсатында жоба әдісі жаңа педагогикалық технология ретінде айтылып жүр.
Оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу шетел тіліне оқыту ғана емес, сонымен қатар ұстаздардың тәрбие жұмыстарын да жоғары деңгейде жүргізуіне септігін тигізеді.
Біз әрқашанда оқушыларды тәрбиелей отырып оқытуға, оқыта отырып тәрбиелеуге тырысамыз. Шетел тілін оқытудағы жоба әдісін қолдану жобаға қатысушылардың танымдарының кеңеюіне көмегін тигізе отырып, қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді.
Жобаның маңыздылығы, оқушылар жобаны орындау барысында танымдық іскерліктері артып,. өз бетінше білім алуға үйренеді. Егер оқушы ақпарат ағымында зерттеу дағдысын үйреніп, оған болжам жасап, фактілерді салымтырып, қорытынды жасаса, мың құбылып тұрған қоғамда шығармашылықпен өмір сүріп, келешекте дұрыс мамандық таңдауына еш кедергі болмайды.
Жоба әдісін мектеп практикасына енгізудің мақсаттары:

  • әр жеке оқушының немесе оқушылар тобының мектеп қабырғасында игерген зерттеу тәжірибесін көрсете білу;

  • зерттеу пәніне деген қызығушылық танытып, сол пән бойынша білімін ары қарай жетілдіріп, толықтырып, нәтижесінде алған білімдерін жоба технологиясы арқылы белгілі аудиторияға, ортаға жеткізу.

  • Жоба әдісін қолдану шетел тілін меңгеруге деген оқушылардың қызығушылығын, ұмтылысын арттырады. (26)

Бірігіп жұмыс жасау ұжымды жақындастырады: оқушылардың өзара қатынас, бірін-бірі түсінуі артады, тек өз қызметіне емес бүкіл топтың жұмысына деген жауапкершіліг артады. Әрбір оқушы өзінің бастаған жұмысының толық нәтижесін көрсету үшін оны жақсы аяқтауға тырысады. Бұндай оқыту түрлері оқушыларды шығармашылық ізденіске дағдыландыруды, ұжымда жұмыс жасауды үйретеді. Оқушылардың дәстүрлі өткізілетін сабақтарға қарағанда, оқытудың жаңа технологиясын пайдаланған сабақтарға көбірек қызығып, белсене қатысады.
Жобалық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан үлкен айырмашылығы бар. Жобалық сабақтарды дайындау, өткізу оқушылардан да, оқытушыдан да шығармашылық ізденісті. Көп күш жігер мен уақытты талап етеді.
Қазіргі әдіскерлеріміздің міндеті жастарға тек сапалы білім беріп қана қоймай, өзінше ізденетін, өзіне лайықты жұмысты анықтай білетін, өмірден өз орнын таба алатын жастарды қалыптастыру. Қазіргі дайындалған мамандардың сапасымен болашақ қоғамның дамуына байланысты болғандықтан, дайындалып жатқан мамандарымыздың нарықтық экономикалық бәсекелестікке төзе білетін, жеке көзқарасы бар, өз бетінше ойлай білетін тұлғалар болуы керек. Ал оқушыларға өз бетінше ойлауды қалай үйретуге болады? Ол үшін ең бірінші «не ойлау» керектігін үйретуден бас тартып, «қалай» үйрету керектігі қажет. Бұл үшін бізге жобалық сабақтар көмектеседі. Жобалық сабақтарда оқушылар белсенді болады, оқытушы не айтады деп күтіп отырмай, өздері іздейді, зерттейді, таңдайды, шешеді, жасайды, басқа оқушылар мен мамандар бірігіп жұмыс істеді.Оқытушы дәстүрлі сабақтардағыдай аудиторияда ақпарат беретін жалғыз адам болмай, осы жұмыстарды істеу кезінде кеңес беріп көмектеседі, яғни, алға қойған мақсатқа жету үшін оқушы мен оқытушы бірігіп жұмыс жасайды. (27)
В.А.Афанасьев: «Жобалық сабақтар дегенміз- бұл алдын ала жоспарланған, алдына қойған мақсаты бар сабақтың ерекше бір түрі. Оның дәстүрлі сабақтардан теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да айырмашылығы бар». (20) Жобалық сабақтың басы – бір мәселе, не ерекше ой-пікір болып аяғы презентациямен аяқталады. Сабақтың басында ұсынылған мәселені шешу үшін оқытушы мен оқушы бірігіп жоспар құрып жұмыс жасауда әдістерді таңдайды және де жоспарлау, жұмыстарды орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі, қазіргі өмір шындығы пайдаланылады, атап айтқанда:
- оқушыларға өз өмір тәжірибелерін, өз ойларын сабақта пайдалануға мүмкіндік береді;
- сабақтың бір бөлігін жүргізу оқушыларға жүктеледі;
- оқушылар өздері мәліметтер іздейді, шешімдер қабылдайды, тапқан материалдарын өңдейді, құжаттандырады, жұмыстарының қорытындысы мен басқа оқушыларды топ алдына шығып таныстырады, баяндайды.
Жобалық сабақтар әр түрлі кезеңдерден, қадамдардан тұрады:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет