І. Негізгі бөлім Жоба технологиясының теориялық негіздері


Презентация (жобаны жұрт алдында көрсету)



бет16/31
Дата09.04.2022
өлшемі63,53 Kb.
#138634
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
дипдип (Автосохраненный)

Презентация (жобаны жұрт алдында көрсету):

а) әр кіші топ өз жобалық жұмысын басқа оқушылардың алдында түсіндіреді, көрсетеді;


б) әр жұмыстың нәтижесін брошюра мен плакаттар, коллаждар түрінде дайындау;
в) жұмыстың нәтижесін көрме, брошюра, коллаж көмегімен айызша айтып беру;
г) қысқаша жұмыс жоспарымен, іс барысымен таныстырып, пікірталас пен пікірсайыс тудыратындай мәселе көтеру. (26)
Мұндай жобалық сабақтарды бір күнде дайындықсыз өткізе салу мүмкін емес. Дәстүрлі сабақтарға үйренген оқушылар бір күнде жобалық сабаққа ауыса алмайды. Жобалық сабақ өткізу үшін ең алдымен оқушыларды төмендегідей дағдыларға үйрету қажет:

  1. Топтарда, жұппен жұмыс жасауға;

  2. Жұмыс кезінде бірін-бірі қолдап, көмектесуге;

  3. Басқалардың жетістіктерін бағалауға;

  4. Бір-бірімен тіл табысып жұмыс істеуге үйрету қажет.

Жобалық сабақтар – бірнеше сабақтарға созылатын ұзақ әрекет деп ойлауға болмайды. Сабақтардың ұзақтығы әр түрлі, ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Олардың кейбіреулері бірнеше айларға созылады, кейбіреулерін мақсатқа қарай бір күнде ұйымдастыруға болады. (28)
Жобалық сабақтарды өткізер алдында мұғалім ұсыныс жасайды, оқушылардың инициативасын қолдайды, қажетті ақпарат көзін қайдан алуға болатыны жайлы кеңес береді, сабақтың құрылысын анықтауға көмектеседі.
Оқытушы ролі өзгереді, яғни бұрын барлық сұрақтарға жауапр беруші басшы мен үйретуші ретінде болса, ал жобалық сабақтар барысында керекті әдістерді, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетуші кеңесші ролінде болады.
Атақты швейцариялық педагог Иоганн Генрих Песталоцци: «Оқыту кезінде бас, қол, жүрек бірге жұмыс жасауы қажет» - деген. Осы жоба сабағында ұлы педагогтың айтып кеткен қағидалары пайдаланылады. Яғни, оқушы алдында шешімді талап ететін мәселені басымен ойлап, жүрегімен сезініп, қолымен жүзеге асырады. Оқушылар баспен ойлап, жүрекпен түсініп, қолдарымен жасаған сабақтар, оларды дәстүрлі жалықтыратын сабақтардан құтқарып, олар үшін еркін кеңістіктің пайда болуына мүмкіндік береді.
С.Д. Титова: «Нашар оқитын оқушылар бір нәрсені дұрыс айтпай қалармын деген қорқыныштан арылып, сабаққа белсене қатысады. Оқушыларға сабақтың кезеңдері – презентация кезінде өз еңбектерінің жемісін көру ұнайды. Қытай мақалында айтылғандай: «Мен естігенімді – ұмытпаймын, көргенімді – еске сақтаймын, қолмен істегенімді - түсінемін», яғни оқушылар өздері дайындаған, өздері жүргізген сабақтарды, өздері тапқан мәліметтерді естеріне жақсы сақтайды». (25)
Көптеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, жобалық сабақтарға төмендегідей сипаттамаларды А.Е. Жансеріков береді:

  1. оқытушы мен оқушылардың бірге жұмыс жасауы;

  2. топпен жұмыс істеу (пармен жұмыс істеу);

  3. оқушылардың белсенділігі (жоспарлайды, тәжірибе жасайды, іздейді, дайындайды, безендіреді);

  4. басқа мекемелермен, ұйымдармен, мамандармен бірге жұмыс істеу;

  5. сабақ үстінде де, сабақтан тыс жұмыс жасала береді;

  6. оқушылардың шешім қабылдауға құқығы бар;

  7. сабақ шығармашылыққа, өзбетіншілікке бағытталған;

  8. білім алу оқуішылардың өздерінің іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады;

  9. өз қателіктерін өздері түзету арқылы үйренеді;

  10. теория мен практикаға байланысты;

  11. жиналған материалдар сабақтың соңы қандай болатынын анықтайды;

  12. оқушылар дербес өз бетінше жұмыс жасайды;

  13. оқытушынгың жаңа ролі (тексеруден - кеңесшіге) өзгереді;

  14. сабақтың соңы жобаны қорғаумен аяқталады, яғни ақырғы нәтижесін көрсетеді. (21)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет