I нұсқа «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі



бет1/4
Дата21.04.2023
өлшемі28,8 Kb.
#175124
  1   2   3   4
Байланысты:
9-сынып БЖБ-1 қазақ тілі 4-т
Ò ìåíäåã³ êåñòåäå êåéá³ð æ ã³ðó ï íäåð³íåí ëåìä³ê ðåêîðäòàð ê ð, Ò ìåíäåã³ êåñòåäå êåéá³ð æ ã³ðó ï íäåð³íåí ëåìä³ê ðåêîðäòàð ê ð (1)

Сыныбы: ________ Күні: _______ Білім алушының аты-жөні: ________________________


Қазақ тілі, 9- сынып ББЖ №1 (4-тоқсан)
I нұсқа
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі
Оқу мақсаты: 9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу
9.4.4.4 аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану

1-тапсырма. Берілген белгілі тұлғалардың пікірлерін оқып, түйінді ойын кестеге жазыңыз.


Пан Ги Мун, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы: Адамдар мен әлемдік қоғамдастықтың араласып тұруы - бұл әлемнің осынау бөлігіндегі ізгілікті іс қана емес, бұл сіздердің тарихтарыңыздың бір бөлігі. Осы арқылы Қазақстан өңірде озық шығып, әлемді рухани тұрғыда байытатын жетістікке жетті. Бұл - құрғақ декларациялар шығаруға қарағанда, әлдеқайда жақсы бастама. Осы арқылы сіздер мейлінше өзекті дүниеге терең үңіле бастадыңыздар. Бұл съезд бен басқа да күш-жігерлер арқылы сіздер қоғамдағы үйлесімділіктің ешқашан өзінен өзі пайда бола алмайтынын біліп отырсыздар. Осы түсінікті күн сайын дамытып, қорғау керек. Осы тұрғыдан алғанда, мен, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге бүгінде әлемдік тұрғыда күн тәртібінде тұрған келелі әлеуметтік мәселелерді шешу мен жаһандық қатерлердің алдын алу бағытындағы белсенді бастамаңыз үшін алғыс айтқым келеді.
Саули Нийнистё,Финляндия президенті: Бүгінгідей шапшаң өзгерістерге түскен әлемде Қазақстанда өтіп жатқан осындай форумдар аса қажет, ал осындай үнқатысу алаңдарында ұзақ мерзімді перспектива аясында салмақты да ауқымды проблемалар кеңінен талқылануы тиіс. Біз бірлесе отырып, мейлінше бейбіт өмір сүруге, толерантты болуға, басқа көзқарастар ұстанушылар мен діни наным-сенім иелерінің пікірін сыйлауға үйренеміз. Сондықтан да, әлем үшін осындай пікірталастар алаңдарын ұйымдастырып отырған Қазақстан секілді елдердің маңызы зор. Себебі, шекаралар мен мәдениеттер арқылы үнқатысуларды жандандыру бағытындағы Қазақстанның күш-жігері мойындауға да, құрметтеуге де тұрарлық.
Ицхак Йосеф, Израильдің Бас сефард раввині: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі әлем халықтарын бірлікке, ынтымаққа және тыныш өмір сүруге шақырады. Өйткені, тыныштық - адамзат баласы үшін ең басты құндылық. Сосын адам мен айуанның арасындағы айырмашылық - парасаттылық. Ендеше, біз өзге діннің өкіліне парасаттылықпен қарай алсақ, сонда ғана бейбіт қатар өмір сүре алар едік.
Кардинал Жан-Луи Торан, Папа кеңесінің дінаралық үнқатысу жөніндегі президенті: «Бүгінгі әлем алаңдап өмір сүретін жағдайда тұр. Мұндайда баршаға парасаттылық керек. Ал бүгін басқосып отырған дін көшбасшылары өзгелерден ерекше. Олардың ерекшелігі әділеттілігі мен кез келген адамға деген құрметтеушілігінде. Астанадағы осынау басқосу бейбітшілік пен бауырластық жолындағы ниеттестігімізді білдіреді. Мұндай алаң әртүрлі діндегі адамзат қоғамының байлығы бола алатындығын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет