И. П. Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлген. Рефлекторлы доға, оның бөлімдері. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлы доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай



бет3/3
Дата03.05.2024
өлшемі26,03 Kb.
#201704
1   2   3
Байланысты:
Документ (7)
zФГСН (1)
жинақталуы дейді. Жинақталу таралуға қарама- қарсы құбылыс. Балаларда ол нашар болады.Нерв орталығының қызмет атқаруының негізгі қасиеттерінің біріне домината жатады. Оның негізін ең алғаш А.А.Ухтомский ұсынған. Оның қозу мен тежелуінің доминантасы ( лат.доминанта — басым) туралы ілім бойынша жүйке жүйесінің қызметінде бір нерв ортлаығының қозуы басқаларының қозуын өзіне тарту арқылы белгілі бір сәтте басымрақ болады да, басқа орталықтарының қызметін өзіне бағындырады. Мұндай жағдайда басқа нерв орталықтарын қоздыратын тітіркендіргіштер доминантты орталықтың қозуын күшейте түседі.
Себебі, бұл сәтте баланың орталық жүйке жүйесінде басым нерв орталығы басқа орталықтардың қозуын өзіне тартып, қоза түседі. Бір мүшесі қатты ауырып отырған адамның ауырмайтын сау мүшесіне қол тиіп кетсе, оның ауру мүшесі одан сайын қатты ауырады. Бұл да басымдылыққа мысал бола алады. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан да баланың зейіні тұрақсыз болады.Жаңа тітіркендіргіштер оның миында басқа орталықтың басымдылығын тударыды.Педагогикада кездесетін балалардың белсенді зейінін ми сыңарларында басым орталық және шетте индукциялы тежелудің пайда болуы мен түсіндіріледі. Балаларда белсенді зейіннің ұзақтығы жасына қарай әртүрлі. Кішкентай балаларда белсенді зейін нашар қалыптасады, тек 7 жасқа таман ол ұзара бастайды, 7 жасар балада 15 минут , 10 жаста – 20минут, 12 жаста – 25 минутқа созылады, 13 – 15 жас арасында – жарты сағаттай , 16 жаста – 40минуттай, ересек адамда бір сағатқа жуық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К. Дуйсенбин, З.Алиакбарова Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2004.
2. М.Т. Матюшенок. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы. Алматы, 1986.
3. Ж.Д.Демеуов, Б.Я.Байназарова. Мектепке дейінгі балалар анатомиясы, физиология және гигиенасы. Алматы, 1995.
4.М.Дайырбекова «Адам анатомиясы» Алматы 2002 ж.
5. Рақышев «Адам анатомиясы» 1 том Алматы
6.М. Нұрышев «Адам анатомиясы» Алматы 2006 ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет