I т а р а у Ќазаќ тілін оќыту методикасыныњ ПЅНІ



бет9/59
Дата11.01.2022
өлшемі1,64 Mb.
#111277
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59
Байланысты:
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
2 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ МАҚСАТ

Қазақ тілін оқу, білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі — қазақ республикасының мемлекеттік тілі, ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің, барлық саласын қамтып көрсете-тін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (көркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ресми іс-қағаз стилі және т. б.) сипатталады.

Қазақ тілінде көптеген газет-журналдар шығады. Көркем әдеби шығармалар мыңдаған тиражбен басылып, таратылып отырады. Қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер шығарылады. Соның нәтижесінде қазақ тілінің лексикасы саяси және ғылыми-техникалық терминдермен толығып баюда.

Түрлі жанрдағы еңбектер дүние жүзі және ТМД халықтарының көркем әдеби үлгілері қазақ тіліне аударылуда.

Қазақ тілі арнайы ғылымның зерттеу нысанына айналып, оның әр түрлі сөздіктері мен тұрақты оқулықтары жасалуда.

Қазақ тілі бастауыш, орта мектептерде, жоғары жә­не арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылуда. Қазақ тілінің, жеке грамматикалық категорияларының өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының нысаны болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда.

Қайта құруға жұмыла кіріскен бүкіл кеңес халқының ерлік қимылы барысындағы, басқа тілдер сияқты, қазақ тілі де нәрлене, байи түсуде, Тіл мәдениеті күшеюде.

Бастауыш сыныптарда балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?

Балалар бастауыш сыныптарда оқуға, жазуға үйренеді, ойын анық, дәл жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді.

Сөйтіп, қазақ тілін педагогикалық оқу орындарында оқудағы мақсат — бастауыш сынып оқушыларын сан алуан грамматикалық, формаларды қолдана білуге үйрету және соның негізінде олардың тілдерін ұстарту, сондай-ақ жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге төселдіру бо­лып табылады.

Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д. Ушинский «Халық тілі - тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын жәнс өмір бойы қайтадан шешек атып тұратып тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі — барлық, толық ойы мсн сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде ...» деп көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып-үйренуге жол ашылады. Бұл жөнінде де ұлы педагог К. Д. Ушинский: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген ксзде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?» — деген болатын.

Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, интернационалдық, патриоттық рухқа тәрбиеленеді.

Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған не­месе айтылған материалдардағы ойды да дәл түсінеді.

Ал мектепте оқытылатын грамматика, оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір жағынан, білімдік мәні, екінші жағынан, тәрбиелік мәні, үшіншіден, баланың жеке басындағы қасиеттерді дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор үлес қосатыны мәлім.

Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруде және оларды дамытуда мынадай қағидалар басшылыққа алынады:

1. Мұғалім білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан
құнды, шәкірт ұғымына сай келетін, анық та дәл, көр-
кем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыруға міндетті;

2. Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі
түрде, үнемі дағдыландырады;

3. Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып,
балалардың сезімдеріне эсер етіп, кеңес адамына қажетті моральдық қасиеттер, адамгершілік мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет