И. Т. Алдибеков



Pdf көрінісі
бет47/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN
Садыкова Т.М.Философия пәнінен билет сұрақтары
газдандыру 
деп аталады.
2) Биомеханикалық үрдістер (сұйық немесе ылғалды биомассаны 
қолданған кезде):
а) спирттік ферментация. 
Бұл жағдайда алынатын этил спирті – 
бензин орнына қолдануға болатын ұшқыш сұйық отын. Ол жай қантты 
ферментациялау кезінде микроорганизмдердің көмегімен түзіледі.
б) анаэробты өңдеу (ашыту). 
Кейбір микроорганизмдер оттегінсіз де 
көміртегі компоненттерін тікелей өңдеп, энергия алуға қабілетті, бұл кезде
көмірқышқыл газ (СО
2
) және метан СН
4
өндіріледі. Қосымша газдар мен СО
2

СН
4
қоспасы 
биогаз 
деп аталады. 
в) биофотолиз: фотолиз
дегеніміз - жарықтың әсерінен судың 
көміртегі мен оттегіне ыдырауы. Кейбір биологиялық организмдер белгілі бір 
жағдайлар кезінде биофотолиз арқылы сутегін өндіре алады.
3) Агрохимиялық үрдістер (отын өндіру). 
Кейбір сұйық және қатты 
отын түрлері тікелей тірі немесе жаңа кесілген өсімдіктерден алынады. Тірі 
өсімдіктердің жаңа кесілген қабықтарын немесе бұтақтарын кесіп, содан 
кейін оларды преспен қысып, олардың шырынын жинайды. Бұл үрдіс кең 
тараған үрдіс – каучук алу үрдісіне ұқсас.
Биоэнергетиканың дамуының 
артықшылығымен
қатар, 
кемшілігі
де бар. 
Негізгі артықшылығы:
өсімдіктердің орасан зор қоры мен әртүрлілігі; 
оларды қолданудың әртүрлілігі; ауылшаруашылығының кешенді өндірісіне 
жәрдемдесу; жанама және қалдық өнімдерді, суларды тиімді қолдану; 
қоршаған ортанының жағдайын қалдықтарды қайта жаңғырту арқылы 
жақсарту; ауылшаруашылығының дамуына әсер ету. 
Негізгі 
кемшілігі:
топырақ 
эрозиясын 
тудырады, өнімділігін
төмендетеді, азық-түлік өндірісімен бәсекелесу мүмкіншілігі; кең ауқымды 
агроиндустрияны тиімді басқару қиын болады; өңдеу фабрикаларында 
биомассаны тасымалдау да транспорттың жұмысын күрделендіреді; 
құрастырудағы қателік пен өңдеу үрдісінің жабық циклда болмауы қоршаған 
ортаның ластануын тудырады.
Жылу алу үшін биоотынды жағу. 
Биомассаны жағу арқылы алынған
жылудың көмегімен: 
- азық -түлік дайындайды, баспана жылытады, 
планетадағы халықтың 
жартысына жуығы ағаш отынды және басқа да биоотындарды тамақ пісіру 
мен тұрмыстық қажеттілікте қолданады; 

өнеркәсіптік дақылдарды кептіру (
какао, кофе, шәй, жеміс т.б.
); 
- қалдықтарды жағу – 
тұтыну орнына жақын орналасқан биоотынды 
қолданудың ұтымды әдісі. Оларды тиімді пештерде жағу арқылы 


87 
температурасы 1000 
0
С таза ыстық газ ағынын алуға болады немесе суық ауа 
араластыру арқылы қажетті температураға жетуге болады. 

жылу және электр энергиясын өндіру. 
Әдетте өндіріске қажетті буды 
бу қазандық пештерінде әртүрлі биомасса қалдықтарын жағу арқылы алады. 
Мысал ретінде Ренкиннің органикалық цикл негізінде әртүрлі биомассамен 
жұмыс жасайтын ЖЭС қарастырайық. 1999 жылы жылу және электр 
энергиясын аралас өндіретін қондырғы «STIA» ағаш өңдеу зауытында іске 
қосылды (Адмонт, Австрия). Отын ретінде химиялық өңдеуге түспеген ағаш 
қалдықтары мен ұнтақтары қолданылады.
Соңғы жылдары ағаш қалдықтарын қайта өңдеу үшін арнайы пеш 
қондырғылары құрастырылды, ол қазандықтар жоғары энергетикалық және 
экологиялық сипаттамаларға ие. Бұл пештердің кең тараған түрі төменгі 
температуралы қайнау қабаты бар пештер, олар ылғалдылығы 60 % және
одан да жоғары пайызда болатын биомассаларды жаға алады. 
Ағаштар мен өсімдіктердің ұнтақталған қалдықтарын жағу үшін 
құйынды пештер қолданған тиімді. Биомассаны жағу да айтарлықтай 
дамыған, тиімді технология – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет