И. Т. Алдибеков


 Биоотынды өндіру және қолдану



Pdf көрінісі
бет46/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN
Садыкова Т.М.Философия пәнінен билет сұрақтары
 
7.1 Биоотынды өндіру және қолдану 
 
Арнайы энергетикалық фермалар
биоотын шығару өндірісін 
қамтамасыз етеді. Ол үшін ауылшаруашылығы өндірісінінің, орман 
шаруашылығының және су шаруашылығының, сонымен қатар органикалық 
қалдықтар түзетін өндірістік және тұрмыстық іс-әрекеттердің негізгі немесе 
қосымша өнімдері қолданылады. Энергетикалық фермаларға, мысалы, қант 
қамысын өсіретін және оны кешенді түрде өңдейтін фермаларды жатқызуға 


85 
болады. Бұл жағдайда патоктар, химикаттар, жем, этил спирті, құрылыс 
материалдары, электр энергиясын алуға болады.
Биомассаны пайдаланғанда келесі жағдайларды назарда ұстау керек: 
- биомасса өндірісінің кез келген түрі өнімдердің бірнеше түрін беруге 
қабілетті; 
- кейбір технологияларды қолданғанда биоотынның кейбіреулерін 
өндіру үшін жұмсалатын энергия мөлшері олардың беретін энергиясынан көп 
болуы мүмкін; 
- биоотын өндірісі қажетті арзан шикізат өніммен (мысалы, ауладағы 
мал қиы, ағаш кесінділері және үгітінділері, қалалық кір сулар, сабандар және 
т.б.) тұрақты түрде қамтамасыз етіліп отырса ғана экономикалық жағынан 
тиімді болады; 
- биомасса отынын қолданудың басты қауіптілігі – ормандардың 
жойылуы, топырақ эрозиясы, азық-түлік өндіруге пайдаланатын егістіктерді 
отын алуға қолдану; 
- биоотын – бұл органикалық қоспалардың туындылары, сондықтан 
оларды химиялық шикізаттар және құрылыс материалдар ретінде де қолдану
мүмкіндігі бар. Мысалға, пальмо майы – сабын компоненттерінің бірі, 
сонымен қатар, одан пластмасса мен фармакологиялық препараттарын 
өндіруге болады, өсімдік талшығы негізінде жасалған композициялық 
материалдар алу үшін қолдануға болады.
Биомассаның отындық
сипаттамасы 
ретінде
 
мына параметрлер 
қарастырылады:
 

биомассадағы
ылғал мен көміртегіні үлесі
. Егер материал ұзақ уақыт 
қоршаған ортамен тепе-теңдікте жағдайда болса, онда ол құрғақ деп саналады 
және оның құрамында 10 %...15 % ылғал болады. Биомассалық отынның 
құрамында ылғалдың болуы энергия шығынына әкеледі, өйткені суды 
буландыру үшін 2,3 МДж/кг жылу керек

энергияны қайта жаңғырту деңгейі. 
Құрамында 12 г көміртегі бар 
қантта (R=1) 450 кДж жану жылуы бар. Толығымен түрленетін материал, 
мысалы, метан СН4 (R=2) жанғанда 12 г көміртегіне шаққанда 900 кДж 
жылу бөледі (немесе 16 г метанның өзіне шаққанда); 
- биомассаның тығыздығы. 
Қарапайым құрғақ биологиялық 
материалдың тығыздығы көмір тығыздығымен салыстырғанда 3...4 есе аз. 
Биомассаның энергетикалық тығыздығы да мұнаймен және көмірмен 
салыстырғанда аз. 
Сондықтанда бұл материалдарды тасымалдау мен өндіру қажетті 
шикізат көзі жақын болмаған жағдайда көп уақытты алады және қымбат.
Биомассаның әртүрлілігіне байланысты оларды электр энергетикасында 
қолданудың да әртүрлі технологиялары бар.
Биомассаны өңдеуге байланысты энергетикалық үрдістердің мыныдай 
топтары бар: 
1) Термохимиялық үрдістер (құрғақ биомассаны қолданған кезде): 
а) 
үздіксіз жылу алу үшін 
тікелей жағу. 


86 
б) 
пиролиз:
бірінші жағдайда пиролиз биомассаны ауасыз кеңістікте 
қыздыру арқылы, ал екінші жағдайда ауа немесе оттегі шектеулі мөлшерде 
берілген кезде биомассаның біраз бөлігін жағу арқылы жүзеге асырылады. 
Мұндай жағдайларда алынған өнімдердің құрамы әртүрлі, яғни, олардың 
құрамына газ, бу, сұйықтар, май, ағаш көмірі кіреді. Егерде пиролиздің негізгі 
өнімі жанатын газ болса, онда мұндай үрдіс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет