И. Т. Алдибеков


- көмірсутектік туындылар. Перфторкөміртектілер – ПФ (Perfluorocarbons - PFCs)



Pdf көрінісі
бет6/54
Дата04.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
OIpfmz5UdRAokhv7ETqW2tM9cLGBYN
Садыкова Т.М.Философия пәнінен билет сұрақтары
 
- көмірсутектік туындылар.
Перфторкөміртектілер – ПФ (Perfluorocarbons - PFCs)
 
- алюминий 
өндірісі кезінде пайда болады. 
Күкірт гексафториді (SF
6
)
- CO
2
қарағанда 22200 есе «күшті»
жылыжайлық газ. Атмосферада ұзақ сақталады және инфрақызыл сәулелерді 
өте жақсы жұтады (бойына сіңіреді).
Жылыжайлық эффект төтенше табиғи апаттар пайда болуына себеп 
болады – үлкен территориялар (Индонезия, Үндістан, Қытай, Еуропа, 
Америка, Жапония) мен қалаларда су тасу, цунами, көшкіндер мен сел жүру, 
қуаңшылық жиілейді. Мұндай апаттардан келетін экономикалық және 
адамдық шығындар өте үлкен болады. Төтенше табиғи апаттар пайда болу 
себебі – «жылжайлық газдар» әсерінен Жер бетінің температурасының 0,5 
0
С …1,5 
0
С, ал кей жерлерде 3,0 
0
С жоғарлауы. 
 
Қарқынды еру нәтижесінде
Арктика мен Антарктикадағы мұздар қабатының
 
қалыңдығы мен ауданы 
азаяды. Биік тау шыңдарындағы мәңгілік қар қабатындағы су қоры азаяды. 
Мұндай зиянды үрдістерге Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) қатты назар 
аударып отыр. Бұл ұйым қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруіне 
қатысты бірнеше конференциялар өткізіп, «жылыжайлық» газдардың 
атмосфераға жіберілу мөлшерін азайтуға бағытталған бағдарламалар мен 
ұсыныстарды бекітті. Солардың ішінде
Киото хаттамасының 
маңызы
 зор
.

Киото хаттамасы - Киотода (Жапония) 1997 жылының желтоқсан 
айында қабылданған климаттың өзгеруі туралы халықаралық құжат. Бұл 
хаттама 2008 - 2012 жылдары аралығында көмірқышқыл газдың, метанның 
және т.б. жылыжайлық газдардың атмосфераға берілуінің жалпы көлемін 
1990 жылғы деңгейге қарағанда 5,2 % азайтуды қарастырады. 
Киото хаттамасы 2005 жылы 16 ақпанда жүзеге енді, оны 180 мемлекет 
бекітті. Киото хаттамасы икемді нарықтық механизмді ұсынады (таза даму 
механизмі, бірге жүзеге асырылатын жобалар, квоталарды сату). 
Киото хаттамасында жылыжайлық газдардың атмосфераға бөлінуі 
бойынша мемлекеттер үшін белгілі бір лимиттер қарастырылған.
Хаттамаға сәйкес, Еуроодақ «жылыжайлық» газдардың бөлінуін 8 %, 
Жапония мен Канада – 6 %, Шығыс Еуропаның елдері мен Прибалтика – 8 % 


10 
азайтуы керек, ал Ресей мен Украина – 2008 – 2012 жылдары орташа жылдық 
газдардың бөлінуін 1990 жылғы деңгейде қалдырады. Дамушы елдер 
(Қытай,Үндістан) өздеріне міндеттеме алмайды, бірақ өз еркімен міндеттеме 
алған жағдайда ол үшін қаржы алады
.
Қазақстан климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Рамалық конвенциясына 1995 
жылы қосылып, 1999 жылы

Киото хаттамасына қол қойды, бірақ хаттама 


2009 жылы
 
ғана күшіне енді.
2015 жылы желтоқсан айында Парижде (Франция) өткен, 195 мемлекет 
қатысқан конференцияда климат өзгерісі туралы жаңа келісім қабылданды. 
Париж 
конференциясына 
қатысушы 
мемлекеттер 
ауаның 
орташа 
температурасының жоғарылауын 1,5 ˚C асырмауға келісті. Бұл келісім 
климат өзгерісімен күресу мен казбалы көміртектік энергия көздерін аз 
қолдатын жаңа экономикаға көшу жолында жасалған батыл қадам деп 
бағаланды. Келісім 2020 жылы күшіне ену керек. Осы жылға дейін әр 
мемлекет «жылыжайлық» газдардың ауаға тарайтын мөлшерін азайтуға 
бағытталған Ұлттық бағдарламаларын дайындауы тиіс. 2030 жылға дейін 1990 
жылғы көрсеткішпен салыстырғанда Еуроодақ 40% дейін, Ресей 20% дейін, 
2005 жылмен салыстырғанда Жапония 25,4% дейін, Қытай – 60-65% дейін, 
Канада мен АҚШ - 30% дейін азайтуды жоспарлап отыр.
Климат өзгерісімен күресу үшін Париж конференциясы дамыған 
елдерден жылына 100 миллиард доллар жиналуы керек деп шешті.
«Үлкен» гидроэнергетика және «атом» дәстүрлі энергия көздеріне 
жатады. Олар да экология жағынан «таза емес». АЭС құрылысы, қолданылуы 
және жұмыс істеу сенімділігі өте жоғары стандартқа сәйкес келу керек 
(Чернобыль және Фукусиманы еске алуға болады). 
Қолданылған ядерлық отынның қалдықтарын қайта өңдеп, пайдалану 
өте қиын мәселе болып саналады.
Қазіргі кезде электр энергияның, мысалы, Францияда – 80 %, Бельгия 
– 60 % жуық, Ресейде – 15 % АЭС өндіріледі.
Ірі гидроэлектрстансалар салған кезде биік плотиналар тұрғызады (200 
м…300 м дейін), пайдалануға жарамды жерлердің үлкен аумағын су басады, 
сондықтан ол аумақ айналымнан шығарылып тасталады, ауыл және балық 
шаруашылықтары зиян шегеді.
Сонымен қатар, дәстүрлі энергетикалық ресурстардың (көмір, мұнай, 
газ, уран және т.б.) қоры (су энергиясынан басқа) шектеулі екенін ескеруіміз 
керек. Болжам бойынша, көмірдің қоры - 15 трлн т (барланғаны - 1685 млрд 
т), мұнайдың қоры – 500 млрд т (барланғаны - 137 млрд т), газдың қоры - 
400 трлн м

(барланғаны - 140 трлн м
3
)
, ал уранның әлемдік қоры 1,5 млн т
құрайды. Әлемде оларды пайдалану деңгейі қазіргідей болса, онда көмір 400 
жылға, мұнай 42 жылға, газ 61 жылға жетеді. Ал Қазақстанға қатысты алсақ,
мұнай 70 жылға, табиғи газ 85 жылға жетеді. 
Дәстүрлі қазбалы энергоресурстарға
 
адамдар арнаулы 
ауыр еңбек 
арқылы және үлкен қаржы жұмсау арқылы қол жеткізеді
, оның мөлшері 
жылдан-жылға тоқтаусыз өсуде.


11 
Адамзатқа керек энергия мөлшері де жылдан жылға өсуде. Энергияға 
деген үлкен сұраныстың белгілі бір бөлігін басқадай энергия көздері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет