І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі



бет1/2
Дата03.03.2020
өлшемі84.27 Kb.
  1   2
Мазмұны
Кіріспе ..........................................................................................................

І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі

1.1. Бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің маңызы ....................................................................................................6

1.2. Адамгершілік тәрбие беру құралы ретінде қазақ халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық көзқарас ..................................10
ІІ тарау. Бастауыш мектептің ана тілі пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізі

2.1. Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әдістемесі .......................................... 21

2.2. Жеке іс-тәжірибелерден сабақ жоспарларының үлгілері ............... 26
Қорытынды ……………………………………………………………. 33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………….…….......... 34



Кіріспе
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастық. Қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған. Атап айтатын болсақ оларға: байқау, әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, анкета алу т.б. әдістер жатады.

Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласында түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындайды:

- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне баса назар аударды;

- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;

- Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема – ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми – теориялық білімі болу керектігін және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи – физиологиялық, педагогикалық проблемеларына аса зор мән берген жөн.

Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара –қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе – адамгершілік тәрбиені күшейту.

Қазақстан Республикасының “Ұлттық Энциклопедиясының” адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: “Адамгершілік адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы.”. “Кісілік”, “Ізгілік”, “Имандылық” тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез- құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік бейнелерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық т.б.

Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстан толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік экономикалық, психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істең бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы оқушының ата-анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.

Халықтық педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын – жалпы адамзаттың құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс. Міне, осы ұстанымдардың жүзеге асуы. Осы тұрғыдан келгенде біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жолдары”- деп анықтап алдық.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің оқу процесінде қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы оқушылар бойынан адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:

1) Педагогикалық, психологиялық және әдебиет тұрғысында жазылған ғылыми еңбектерге теориялық тұрғыдан талдаулар жасау.

2) Бастауыш мектептің оқу процесінде халық ертегілерін қолданудың ролі мен мәнін анықтау.

3) Ана тілі сабақтарында халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді жолдарын көрсету.



Зерттеу объектісі: Оқу – тәрбие процесіндегі халық ертегілерінің орны.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектептегі Ана тілі пәні. (1 – 4 сынып).

Зерттеу әдісі: Ғылыми тұрғыда жазылған мақалалар мен еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, озат педагогикалық тәжірибелерді іріктеу, бастауыш мектеп оқушыларымен әңгімелесу, сұрақ-жауап, байқау т.б.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде - зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды.

Екінші кезеңде - Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әдістемесі дайындалып, оның тиімділігін тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүзеге асырылды.

Үшінші кезеңде – тәжірибелік -эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне талдау жасау және өңдеу, теориялық қағидаларды нақтылау, қортындыларды тұжырымдау, әдістемелік ұсыныстар дайындау жүзеге асырылды.

Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Атырау қаласындағы №11 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде жүргізілді.

Зерттеудің теориялық маңызы: Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау; Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру деңгейлерін жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және практикалық маңызы:

Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру үрдісін тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, теориялық негіздеу және тәжірибеде тексеру.

Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беруге ықпал ететіндігімен анықталады.

Курстық жұмыс құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің ролі.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің маңызы

Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі процесс. Оның өзіне тән заңдылығы, қағидасы, ұйымдастыру формалары мен әдістері бар. Тәрбие заңдылығы деп отырғанымыз педагогикалық құбылыстар мен процестердің объективті байланысы. Мысалы, тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің баланыстығы, тәрбиеленушілердің іс-әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру [4].

Өмірде баланың тәрбиелеудің мазмұнын белгілеу жетекші орын алады. Соңғы кезде білім мазмұнының тұжырымдамасында тәлім-тәрбие мазмұнының негізгі алты жағы: ақыл-ой тәрбиесі, имандылық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, тілдік қатынас тәрбиесі, дене тәрбиесі көрсетілген. Аталған тәрбие түрлерінің мақсаты дүниенің шындығын өз мәнінде танитын, эстетикалық сезімі, талғамы жоғары, іс-әрекетке жарамды, өзгелермен қарым-қатынас жасауға бейім, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасайтын жастарды тәрбиелеу. Қазіргі кезде баланың бойында ұлттық намыс қайырымдылық сезімін қалыптастыру айрықша орын алады. Өйткені әрбір адам ана тілінде өз халқының тәлім-тәрбиесін алуы арқылы өзге ұлттың өкілі алдында өзінің дамығандығын көрсете алады. Бұл тәрбие саласындағы өзін-өзі дәріптеу емес, терезесі тең ұлт ретінде өзінің әдет-ғұрпын, салт –дәстүрін өзгелерге таныту. Оның ықпалынан болған қасиеттерін мақтаныш ету.

Тәрбие процесінің қажетті буыны - өзін-өзі тәрбиелеу. Ол адамның өз мінез-құлқына баға беруінен, өз ісіне бақылау жасап, алға мақсат қоюынан көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу ісі арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарын жүргізгенде тиімді нәтиже береді.

Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу тек өзін дамытуға ғана емес, сондай-ақ оны түзетуге де бағытталған. Тәрбие қоғам белгілеген және халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізінде мұғалімнің, оқытушының, тәрбиешінің оқу сабақтары мен сыныптан, мектептен тыс жұмыстары кезінде арнайы мақсат көздеп, баланы қалыптастыруға ықпал ететін күрделі процесс.

Оқыту-мұғалімнің мақсатқа сай оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыруға және өз бетінше еңбек ету ізденісіне үйретуге бағытталған іс-әрекеті. Оқушының білуге, тануға, үйренуге және бейімділігі мен қабілетін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған іс-әрекетін оқу деп атайды. Ал мұғаліммен оқушының мақсатқа сай, тәлім-тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған іс-әрекетін оқыту процесі деп атайды. Оқыту процесінде білім беру, тәрбиелеу, дамыту ісі шешіледі, яғни оқыту процесінде алдымен оқушыға оқу пәндеріне сай білім беріліп, іскерлік пен дағдыға үйретіледі. Екіншіден, берілген білім оқушының ой-өрісінің, қабілеті мен бейімділігінің дамуына әсер етсе, үшіншіден оқушыда көзқарас, сенім, мұрат, тәртіптілік, жүйелі еңбек ету, мінез-құлық қалыптастырады.

Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы байланысты арналған ғылыми зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенгенін байқауға болады.

Мәселен, С. Төрениязова “Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негіздері” атты ғылыми – зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда білім мен тәрбие негізгі орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды [5].

Психикалық дамуға – оқушының мінез-құлқының, ерік-жігерінің қабілеттігінің дамуы;

Дененің дамуға – дене бітімінің өз жасына сай болуы,

Рухани дамуға – оқушының ішкі жан дүниесінің сырттан әсер ететін күшпен өзара бірлігі;

Жалпы дамуға – оқушының жан-жақты үйлесімді дамуы; деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудық ғылыми теориялық негізін айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардыңь тиімділігін арттыруға, үйірме жұмыстарымен мектептегі қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың тиімділігін нақтылайды.

Көп ұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегі адамгершілік тәрбие мәселесі В.А. Кимнің еңбегінде негіз болады. Әрбір этникалық топтың бір ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшеліктеріне, салт –дәстүріне, әдет-ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда әр ұлт өкілдерінің ықпалын жан-жақты ашып көрсетеді.

Қоғам дамуының жаңа кезеңінде адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге таңдау жасай келе, адамгершілік адамның тұлғаның құрылымында ең алдымен өзін танып білуі, олар мен адамгершілік қарым-қатынасы адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік мәдени орта жағдайында адамның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның, оның жанды саласы – мектептің алатын орнының маңызы зор екеніне тоқталады. Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі.

- Өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты шәкірттерді тәрбиелеу;

- Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

- Оқушының санасына және мінезіне ұстаздың ықпал жасауы;

- Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін күшейту.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас ерекшеліктеріне, жеке бас ерекшеліктеріне, қызығушылығына лайықты жасалады.

Адамгершілік тәрбиесі оқу-тәрбие үрдісінің барлық саналарына, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек [6].

Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады.баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарда көзге түседі, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады.

Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Үлкенді сөйлеудің, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланады. Олар мектепте оқу -әрекетіне өзінің қатынасын, жанұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы және адамгершілік қарым-қатынасы байқалады.

Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйірме жұмыстарында адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Ондай жұмыстар түріне сынып жетекшінің этикалық жарыстар, пікір сайыстар жатады.

Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін көптеген жағымсыз жәйттерден сақтандыру мәселесі ескеруіне тиіс. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.

Адамгершілік тәрбиесінің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты.

“Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды”,- дей отырып, “егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады”,- деген болатын В.А. Сухомлинский.

А.Бейсенбаева “Қазіргі кезде адамгершілік қасиеттер азайған, тұрақсыздық жағдай қалыптасқан қоғамда өсіп келе жатқан жасөспірімдердің бойына жоғары азаматтық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ғаламдастары, интеграция және гуманизация сияқты алдын-ала анықталған тенденцияларды ескеру қажет”,- деп көрсетеді.

Адамгершілік тәрбиесі – үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберлерінде қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру негізі орын алмақ.

Қандай халық болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені ілікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болшақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзінен бірге жасасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан ерекшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді педагогикалық әдебиеттерге сүйенген дұрыс.

Біздердің қазіргі “Халық педагогикасы’’ деп жүргеніміз, сол ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жиып - терген тәсілдері мен тәрбиелерінің жиынтығы. Олай болса, бұл күллі адамзат мәдениетінің тарихының анасы тәріздес, аса үлкен құбылыс. Сөйтіп дүние жүзіндегі халықтардың тәлімі мен тәрбиесінің бастауын сонау топан су заманынан бастау керек. Сонан бері адамзат баласы басынан талай қилы замандарды кешті. Бертін келе толып жатқан халықтар пайдасы болып, әрқайсысы өзінің тарихы мен мәдениетін жасады. Сол рухани қазыналарға жататын фольклордың ішінде, бүкіл халықтық педагогиканың негіздері айтылады. Ендеше, қазақ халқының жүзден аса батырлар жырында, қаншама ғашықтық дастандарында, небір ғажайып ертегілер мен аңыздарында, тіпті мақал-мәтелдерінде тұнып тұрған адамшылыққа жеткізер тәлім екені анық. Тек мұны жүйелі түрге келтіріп, пәрменді әдістермен ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз керек [7].

Қазіргі тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып қойған емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында исі адам баласын адамгершілік тәрбиеге баулу өте-мөте маңызды мәселе болмақ. Осыған орай, бүгінгі мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру мақсатында “Атамекен” бағдарламасы қабылданған “Бағдарламада”, “Салт”, “Асыл мұра”, “Бабалар өсиеті”, “Достық”, “Ата-ана” секілді тәрбиелік мәніне орай топтастырылған бөлімдер бар. Олардың қайсысы болмасын бала бойында асыл да, ізгі қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізері даусыз.




    1. Адамгершілік тәрбие беру құралы ретінде қазақ халық

ертегілеріне педагогикалық-психологиялық көзқарас

Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның балаларға танымдық əсері жоғары. Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеялық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары əдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып əңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.

Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады.

1.Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру.

2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.

3.Суретпен жұмыс. Əр түрлі жəндіктер бейнеленген суреттер немесе бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету. Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тəрбиелеу. Сабақта үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану əңгімелесу, түсіндіру. Табиғаттың əсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тəжірибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз [6;15]. Жер - ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.

Бастауыш мектеп жасында оқушыларға арналған əдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған əңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді.

Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухомлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан [9;44]. Аса көрнекті педагог В.Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тəрбиелеу жəне дамыту мəселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз шығармашылықсыз, қиялсыз толық мəнінде тəрбие жүзеге аспайды деп саналады.

Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уəлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов жəне т.б аталуға болады. Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Əуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев жəне басқалардың қосқан үлесі елеулі болды.

Белгілі қазақ жазушысы академик М.Əуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: "Ертегі -деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, ия сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме əңгімені айтады. Баланы еңбекке тəрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу əрекеті əсер етеді. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы-ертегі. Ертегі - ауыз əдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нəрселер туралы əңгімелер қозғалады. "Ұшқыр кілем","Адам жеңбек Айыртас батыр"т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мəні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың əрбір бөлшегі соныңтыныс-тіршілігі қызықты əрі жұмбақ. Мектепте сабақ үстінде кім хайуанаттар, еңбек жəне өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тəлім-тəрбие беруге болады. Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дəуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты. Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған [8;24]. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тəжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тəрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.

Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір əңгімеден екіншісін тудыру ертекшілірдің шеберлігіне байланысты болады. М. Əуезов пен Е. Исмайлов қазақ ертегішілерінің айтқыштық өнеріне ерекше мəн береді. Олар ертегішіні де үлкен шығармашылық адамы деп дарынды ақынға теңейді. Шынында да ертегі айту еріккенің ермегі емес, ол шығармашылық өнерді, асқан шеберлікті керек етеді. Неше түрлі ғажайып оқиғаға құрылған ертегілерді жігін бұзбай өрістете айту, əрбір эпизодты арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, сюжетін қызғылықты етіп баяндау, ертегілердің əрбір кейіпкеріне лайықты мінездемелер беру, оладың образдарын, көз алдына елестерліктей портреттерін жасау, əрқайсысының іс-əрекеттеріне қарай сөздік, тіл таба білу, т.б. ертегі айтушыдан мол өнерді, шеберлікті керек етеді. Демек, ертегінің тартымды болу - болмауы оның айтуына байланысты. Ертегіші шығармашылық адамы болғандықтан, ол өзінің репертуарына аса ұқыпты қараған. Орыстың халық ертегілерін жинап зерттеген А.Н.Афанасьев, Н.Е.Ончуков, М.К.Азадовский, Ю.М.Соколов. тағы басқалары: «Халық арасынан шыққан ірі ертегішілер ертегі айтуды үлкен творчестволық еңбек деп түсінген жəне олар ертегі айту үшін көптеген даярлықтар жасаған»,-дейді. Бұл жай қазақ ертегішілерінің дəстүрінде де болған. Мұхтардың «Абай» романында, Сəбиттің «Өмір мектебінде» жəне Есмағанбеттің «Ақындар» атты монографиясында қазақ ертегішілерінің шығармашылық қызметін көрсететін аса қызықты материалдар берілген [4;54]. Ел арасына атағы жайылған айтқыш-ертегішілерді халық өте жоғары қадірлеген, оларды жыршы, ақындармен қатар қойған. Кейбір дарынды ертегішілер ел аралап, жұрттың жиналған жерінде ертегі, əңгіме айтатын болған жəне бір əңгімесін қайталай бермейтін, бұрын естілмеген жаңа ертегілерді туғызған. Ол үшін, бір жағынан, бұрын-соңды айтылып жүрген ертегілерді өздерінше өңдеп мəнерлеген; екіншіден, сол халық ертегілерінің негізінде жаңадан сюжетті ертегілер туғызған. Осының негізінде кейбір ертегішілер бір ертегісін бірнеше күн бойына айтқан жəне алдыңғы айтқандарын қайталамай оның жалғасын келесі күндері ұзаққа созған, сөйтіп, бір ертегісін көлемі жағынан повесть, роман дəрежесіне жеткізген. Мұны Абай айналасындағы ертегішілердің шығармашылық өнерінен байқауға болады. Ертегішілер ескіден келе жатқан ертегілерді айтушы, орындаушы ғана болып қойған жоқ. Олар ертегінің халықтық дəстүрін сақтай отырып, қоғамдық, таптық жағдайларға байланысты жаңа ертегілер шығарған. Сонымен қатар ертегі ойыны барысында неше түрлі себептермен байланысты əрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттеулінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады.

Ертегінің құрылымдық жəне функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер терапияға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады мəтіндерінің бағыттылығы, ой шабыты, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтықтық, қорқақтық пен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері терапияға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын əрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ертегінің түзету-дамытушылық функциясы күшті деп айтуға болады [5;42].

Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.

Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.

Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі адамның қиялына қанат бітіреді. Білмегенді білгенге сүйрейді. Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ болуды насихаттайды. Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз.

Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Ертегі шығары бұл менің балалармен рухани қатынас жасауымның ең бақытты сәттері, ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы.

Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға ұғынықсыз.

Мектеп табалдырығынан жаңа ғана аттаған балалар, мектеп тартып тұрады, өйткені олар ертегіден ескен теңдесі жоқ сезімдерді ұжымымен бірге сезінгісі келеді. Оларды мұғалім де тартып тұрады, өйткені олар ертегіні содан естиді, ертегіні ұйып тыңдайды. Мұғалім өмір бойы естерінде қалады, ол баланың рухани дүниесінен ең алдымен ертегі ретінде орын алады. Ертегі – бұл кішкентай дән, баланың өмірлік құбылыстарға эмоцияның баға беруі осы дәннен өсіп жетіледі.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. Байтұрсынов “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:

1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.

2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

3. Бұрынғылардың сана – саңлау, қалып-салты жағынан дерек беруші үшін керегі бар нәрсе”- деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.

Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіре тәрбиелеуде ауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте, тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.

Жүсіп Баласағұнидің “ Құтты біліктің”әр сөзі, әр тарау тынысы – адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр көкіректе күмбірлеп тұрғандай. Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл-ой тәрбиесі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады. Адамгершілік тәрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам даярлау сияқты тәрбиенің жалпы мақсатына бағытталады. Адамгершілік қасиетінің негізгі имандылық пен ізеттілікте. Ал сыйластық, жасы үлкенді сыйлау, сәлемдесу, үлкеннің сөзіне жөнді – жөнсіз араласпау, кісінің алдынан кесе өтпеу, көп алдына дарақыланып күлмеу, есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ санасына ақырындап сіңіру қажет. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық, “Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені”, “Кішіпейілділіктен кішіреймейсіз”, “Құдай деген құр қалмайды” деген қағидаларды үнемі уағыздаған.

Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген [10].

Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу – жоғарыда айтылған мінез- құлықтың дағдыларын ережелеріне үйретеді. Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы - оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі. Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын.

Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады.

К.Д. Ушинский: “... шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекеті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма” деп жазған.

Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің “Бұрынғы өткен заманда”, “Баяғы өткен заманда”, “Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде” деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Олардың еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, елдік тарихы, қилы-қилы қиын қыстаулары, халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген.

Қазақ ертегілерін академик М. Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер. Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы – қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерде табиғаттың немен тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген.

Сол дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады. Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер арасында әділдік пен жауыздық, арасында өрбиді.

Қиял-ғажайып ертегілеріндегі қаскөйде аса үрейлі, жауыздығында шек жоқ жалмауыз кемпір жойқын күш иесі болып бейнеленеді. “Алтын сақа” ертегісіндегі кейіпкерлер жалмауыз кемпір бойында қандай ерен қуат бар, күнәсіз балаға деген қаскөйлігі қандай.Сақасын іліп ала қашқан балаға жете алмасын білген соң, ол бір тісін жұлып түсіреді тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі.

Қиял-ғажайып ертегілердегі мекен жайлар да сиқырлы, жұмбақ әлемі. Адам тек түсінде ғана көрерлік қиял сарайлары. Олар таңғажайып жиһазға толы. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі кейіпкерлердің ішіндегі адамға жағымсыз, сұм кейіпкерлер-мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаһар, жалғыз көзді дию сияқты талай басқа да сиқырлы күштер бар.

Солармен қатар адамдарға дос, қиын-қыстау кезде жол табар, ажал аузынан алып қалар, адамның қаскөй күштерді жеңуіне көмектесер жанды тіршіліктер, жансыз заттар да көп кездеседі.

Көп ертегілерде суреттелген әділдік пен жауыздық арасындағы күрес халықтың әділдікті аңсау арманынан туған. Әділдік пен адалдық жолындағы халық ортасынан шыққан қаһарман жалпы адам бақыты үшін ешбір қауіп қатерден тайынбай, үрейлі алып күштерге қарсы айқасқа түседі. Әділеттіктің жақтаушысы ретінде мерген, батыр, айлалы, ақылды адамдар бейнеленген. Олар қарапайым адамдар. Бірақ алдына қойған мақсатты биік, сондықтан да ертегілер көбіне жақсылықпен аяқталады, әділдік жақтаушысы адамның мерейі үстем болумен тынады.

Кедей, жесір кемпірдің баласы немесе әке-шешесі жоқ, өмірі кедейліктен көз ашпаған тазша өзінің ақыл-айласы, тапқырлығымен ханды, оның уәзірлерін жеңіп, ақыр аяғында хандықты не уәзірлікті өз қолына алады. Ертегінің аяғы жақсылықпен аяқталады.

Ертегінің тағы бір саласы – тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбінесе елдің тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. “Түлкі мен ешкі” ертегісінде айлакер түлкі ешкіні құрығына оп-оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп шөліркеп жүрген ешкіні сол апанға алдап түсіреді. Қу түлкі “ешкі мүйізіне шығып ” зытады, аңқау ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: “Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар”,- деп аңқау жандарды сақтандырған. Ертегілерде түлкі қу, айлакер. Оқушылар ертегілердегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады.

Сонымен қазақ ертегілерінің ең мол тараған түрі – шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегіге жиып түйген. Бұл ертегідегі кейіпкерлер күнделікті өмірдегі еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері де көбіне нақтылы адамдар: хан, бай, молда. Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын. “Айлалы тазша” әңгімесінде тазша бала айла-амалмен, тапқырлық, ақылдылығымен ханнан да, оның баласынан да кек алады. Тазша жайындағы ертегілерде жауыздық иелері күлкі-ақуа етіледі, олардың зұлымдықтары әшкереленіп отырады. Тапқыр да алғыр, ақылды да айлакер тазша халықтың сүйікті қаһарманы. Халықтың сүйікті қаһарманы арқылы жауыздыққа қарсы тұрады [12].

Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін балалар бойына сіңіру, ұнамсыз кейіпкерлердің жасаған зұлымдықтарынан аулақ болуға үйретеді.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды ертегілер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Сынып оқушыларын ертегілерді оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Оқу пәндерінде ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады.

Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В. Родлов, А.Е. Алекторов, А. Ивановский, Л. Исаков,

О. Әлжанов, Р. Дүйсенбаев, М. Көпеевтер болса, кейін Э. Дидаев, Н. Пантусов, А. Мелков, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллиндер зерттеп жинақтай бастады.

Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді.

Ертегілерге үлкен мән беріп зерттеген Максим Горький “Ертегі деген нәрсе маған басқа бір өмірдің сәулесін ашқандай, сондай жақсы өмірді ойлаған, сол үшін қорықпай, еркін күресетін бір күш барлығын көрсеткендей болды”,- дейді. Бірақ, М. Горький әрі қарай бір күштің не екенін түсіндірмейді. Біздің түсінігімізше, бала ертегіні тыңдай отырып, өмірді түрлендіре алатын күш адаммен ғана байланысты, адамның өзінде екенін сезе алады. Адам ғана құдіретті күштің иесі. Сонымен қатар қазақ ертегілерінің адамды тәрбиелеуге қатысты ерекшеліктерін, соның ішінде, өмір мұратын, оған жетудің жолдарын көрсететін жақтарын алып қарастырайық.

Ертегінің құрылымын, негізгі мазмұнының бағытын қарайтын болсақ, оның басты мақсатының өзі өмір мұратына жетудің жолдарын, ол үшін қажет адамдық сапаларды көрсету екені айқын көруге болады. Ең алдымен өмір мұратына жетуге қазақтың даналықта бірінші кезекте келетін, ең басты сапа ақылдылық.

Ақылдылық ертегілерде адамдық қасиетте ең жоғары идеялық дәрежеге дейін көрінеді. “Аяз би”ертегісінде ақылдылық басты көрінісі – тапқырлық болып келеді. Ертегідегі Жаман өзінің тапқырлығының арқасында хан қызына үйленеді, хан болады. Ханның қызы Жаманға жеңгесінен гауһар тас, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді. Жаман балға мен төсті алған соң, қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөліп, тәрелкені уатып, пышақты жетесінен сындырып, гауһар тасты қақ жарып қызға беріп жібереді. Мұндағы хан қызының сыры: “Қайрақтай болып үгітілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып басы кесілгенше сыр айтпайтын кісі мына гауһар тастай қақа жарып мені алады”,- дегені еді, сол сыры “пышақтай болып басым кесілгенше айтпасын!”- деп пышақты сындырып, “қайрақтай үгілгенше”- деп қайрақты уатып, “тәрелкедей уатылғанша”- деп тәрелкені қиратып, сыр шашпаймын, гауһар тастай қақ жарып сені аламын,-деп гауһар тасты қақ бөліп, уәде беріп едім деп Жаман жауап береді.

Ертегілер өз кейіпкерлерін өмір мұратына, адам бақытының ең биік шыңына жетумен аяқталады. Ертегі балалардың ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады [13].

Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу. Мысалы, “Ер Төстік” ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз.

Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі.

“Ер Төстік”ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.

“Ер Төстікте” кездесетін ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер басқа ертегілердеде бар. Кейде олардың іс-амалдары, айла-тәсілдері де өзара бір-біріне жақын. Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір. Ол қай ертегіде болсын қастық істейді және жер жүзі халықтары ертегілеріне тән зұлымдық бейнесі. “Ер Төстік” әңгімесінің оқиғасы да басқа ертегілер тәрізді, тыңдаушыларға ауызша айтып беруге лайықты құрылған. Оқиғаның алғашқы басталуы шындық өмірде бола беретін құбылыстарша басталады. Алдағы қыстың қатаң болатындығын ерте сезген ел жылқысын алыс отарға қыстауға айдатуы, Ерназар балаларының көп жылдар келмеуі, шал-кмпірдің ашығуы- бәрі де шындық оқиғаларға ұқсайды. Бірақ мұның бәрі келешек негізгі оқиғаның кіріспесі – экспозициясы. Сюжет жүйесіндегі алғашқы байланыс - “Шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі”. Ер боп туған ұлдың есімі, ертегінің аты,әңгімеде кездесетін шындық және ғажайып оқиғалардың бір тамыры сол кер биенің төстігінде жатыр. Ертегі желісіндегі екінші байланыс – Ерназардың Сөрқұдыққа қонуы, жанынан қорқып, жалмауыз кемпірге садағының ұшын шығаратын Ер Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. Осыдан әрі қарай оқиға шиеленісе түседі. Егер біз осыған дейінгі оқиғалар Ер Төстіктің ағаларын іздеп жатуы, айдауға жүрмеген көп жылқының күрең биенің ертуі. Ерназардың тоғыз баласына қыз іздеу, үйлендіруі бәрі де халықтың өміріне шындық өміріне жанасса, Ер Төстіктің жер астына түсуінен қиял-ғажайып оқиғалар басталады.

Жылан патшасы бапы Ет Төстікпен достасып, оны жер астының патшасы Темір ханға жұмсайды. Ертегі оқиғасы қиындай, шеленсе түседі. Темір ханға беттеген сапарында: шаужұқпас, Саққұлақ, Таусағар, Көлтауысар, Қиян-қырағы тәрізді. Жақсылық иелері болмаса, Ер Төстіктің не болары белгісіз еді. Қиын жағдайда көмектесу үшін және зұлымдық өкілдерін Ер Төстіктің жеңіп шығуы үшін енгізілген бұл эпизодтық қаһармандар, бір жағынан, ертегіге қиял-ғажайыптың сипат берсе, екінші жағынан, темір хан мен Кенде ханды қалай жеңгеніне дәлелдеме болып отыр.

Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі – Ер Төстіктің жер бетіне шығы, шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешуі болып саналады. Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен бітеді. “Ер Төстік” ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке сандаған бөгет, қиындықтар кездеседі. Оның әрқайсысы – жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһарман сол бөгеттепрдің бәрін жеңіп шығады да, “барша мұратына жетеді”. Бқл барлық ертегілерге тән шешу және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін тұрақты шешім.

Сонымен қатар, “Тазшаның қырық ауыз өтірігі” ертегісінде ханның: “Қызымды мүдірместен қырық ауыз өтірік айтқан өтірікшіге беремін”,-деген хабарын естіп, талай байдың ханның қызынан дәмелі көптеген мырзалар келеді, бірде-бір қойылған шартты орындай алмайды, мұны тек тазша бала орындайды. Ол өзінің әңгімесін “мен анамның құрсағында жатқанда, тумаған атамның жылқысын бақтым” деп бастайды да, адамға таныс жанды жансыз табиғат дүниесінің барлығын қосады. Барлық әңгімесінде бір ауыз шындық қоспай, бір оқиғадан екіншісін тудыра отырып, барлық өтірік әңгімелерін тапқырлықпен айтып береді. “Бұл әңгімелерде әдейі даярлап келген екен, мен оны мүдіртейін”,- деп оқыс сұрақтар қояды. Ханның бәйтерегі қысқа шығар деген сұрағына “болса болар, түбінен ұшқан күйкентай басына кещке жетіп, қонушы еді”,-дейді, “Құдығың тайыз шығар” дейді, дегенде “болса болар, ертемен тастаған тас түбіне кешке жетуші еді” деп жауап қайырады. Тазшаның “тазша” деген аты болмаса, оның халық арасынан шыққан алғыр, ақылды, тапқыр бала екендігін көруімізге болады. Ол өзінің ақыл-өнері арқасында көптеген қиын жағдайлардан, ауыр халдерден аман есен құтылып, сан алуан сындардан мүдірмей өтеді. Ертегілердегі Ер Төстік, тазша бала, Аяз бидегі жаман арқылы, адамды ақылды жасайтын еңбек екенін көрсетуді мақсат ететіндігін көруімізге болады.

Ертегіде өмір мұратына жету үшін ең керек нәрсе адам үшін ақылдылық екені айтылса да, сол ақылдылыққа жетудің жолы еңбек деген түсінікті аз сөзбен ғана беріп отырады [14].

Сонда ертегінің жасаушының басты мақсаты - өмір мұратына жеткізетін ақылдылықты толық дәлелді көрсете білу ме, әлде өмірдің мәні сайып келгенде, еңбекпен ғана байланысты екенін ұғындыру ма, деген сұрақ туындайды.

Қазіргі қазақ ертегілерінің ішкі мазмұнына қарай отырып, бұл сұраққа, менің ойымша екі түрлі жауап беруге болады. Біріншіден ертегіні жасаушы – халық даналығы өмір мұратына жетудің басты жолы ақылдылық екенін бірінші кезекте, сол ақылдылықтың өзін еңбекпен байланысты екенін қысқа болса да ертегіде дәлелді міндетті түрде берілуі, ертегінің сол кездегі өмір жағдайын толық көрсете білуі.

Екіншіден, ертегіде өмір мұратына жетудегі еңбектің мәнінің жеткілікті, толық көрінбеуі, керісінше, ақылдылыққа үлкен орын берілуі, ертегі жасаушының өзі, бұл мәселеге толық жауап беруге әзір емес сияқты.

Адамгершілік тәрбиесі – тәрбиенің ең күрделі саласы. Қазіргі оқу-тәрбие жұмысының өмірдің өзі алға қойып отырған өте маңызды проблемасы – адамгершілік пен білімнің, рухани мәдениет пен білімділіктің өзара байланысының проблемасы.

Теориялық білімді меңгере отырып, оқушы адамгершілік жағынан тәрбиеленеді. Егер оқыту мен тәрбиелеу проблемасы осылайша оп-оңай шешілетін болса, оның шешілуі сабақтарда алынатын білімнің мазмұны мен көмегіне байланысты болса, қазіргі адамның, әсіресе жеткіншек ұрпақтың адамгершілігі және саяси идеяларға толы екені соншалық, бұл идеяларды сенімге, жеке адамның рухани игілігіне айналдыру адамгершілік тәрбие міндеттерін шеше алады деседі.

Адамгершілік тәрбие беруге басшылық ету мектеп өмірінде әрбір тәрбиеленушінің әлдекімге қамқорлық жасап, әлдекім үшін күйіп-пісіп, мазасыздануынан, әлдекімге өз жүрегін арнауынан көрінетін бір қарағанда байқала бермейтін моральдық күш жасау деген сөз. Осы арада біз адамгершілік тәрбиенің мынадай бір қағидасына келеміз: адамды тәрбиелейтін орта жасалып, үнемі байытылып отырғандықтан ғана алдын ала ықпал жасау құралдары тиімді болады [15].

Бастауыш сыныптардың мұғалімі адамның жақсы және жаман мінез-құлқын баланың ажырата білуін күн сайын дерлік үйретіп отырады. Адамгершілік туралы түсініктер анықтама берілмесе де балаларда осылай біртіндеп қалыптасады. Балалардың істерінде адамгершілік ұғым көпшілік пайдасына, олардың қоғамдық мінез-құлқына қарап игеріледі, демек адамгершілік мінез-құлыққа дағдыланумен толықтырылып отырылады. Адамгершілік түсінік пен мінез-құлық бірлігі адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігінің негізгі көрсеткіші.

Адамгершілікке тәрбиелеудің жетістіктері, оқу-тәрбие жұмысының басқа да түрлері сияқты, көбінесе жүйелілігі мен анықталады.

Мұғалім 1-сыныпта бәрінен бұрын қайырымдылық пен әділдік туралы түсінікті қалыптастыруға баса назар аударады. Қайырымдылықты адамдарға ілтипатпен, ниеттестік пен қарау деп әділдікті өзінің және басқалардың мінез-құлқы мен пікірінде объекті түрде адамгершілікпен баға беру деп түсіну керек.

2 сыныпта оқушылар алдында қайырымдылық пен әділдік, жолдастық пен достастық ұғымдарының шеңбері ұлғая түсіп, оның үстіне ұжымдық пен ортақ іске жеке басты жауапкершілігі туралы түсініктер қалыптасады.

Төменгі сыныптарда адамгершілікке тәрбиелеу мазмұнындағы көзқарастардың кейбір қайшылықтарына қарамастан, бұл жұмыстың дәрежесі туралы әңгіме болып отырғанда олардың біртұтастығы мүлде айқындала түседі. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін орта мектепте оқып үйренген кезде, олардың адамгершілікке сенімі қалыптаса түсуі керек.

Адамгершіліктің күрделі ұғымы мен категориясы бүкіл қоғамдық тарихи тәжірибені қайта өңдеуден және жете түсінуден шығуы ықтимал және ол жеке тәжірибеден алынған сияқты мораль туралы ғылымды игеру нәтижесі болып табылады. Сондықтан адамгершілікке тәрбиелеу санасы қалыптасуына басшылық ету - демек, оқушыларды этикамен қаруландыру деген сөз. Бірақ, бұл ережелермен келісе отырып, адамгершілікке тәрбиелеу ұғымын қалыптастыру міндеті төменгі сыныптарда толық шешіле алмайды, өйткені балалар өздерінің білім дәрежесі жағынан да, өмір тәжірибесі жағынан да бұдан әзірленіп болмаған. Міне сондықтан да төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеп білім беру ең алдымен олардың адамгершілік тәрбие жағынан ұғымы болуын, адамгершілік тәрбиесін сезініп, бұл жөнінен тәжірибеде де болуын керек етеді.

Адамгершілік тәрбиесі түсінігі туралы айта отырып, оқушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі нормаларымен өмірдің айналасындағы, әдебиетті айқын мысалдар арқылы және өмірден алынған өз тәжірибесіне сүйене отырып танысады, бірақ, бұл арада түсіну сезімінің дәрежесіне тән істі талдап қорытуға байланысты болады.

Біз талдап өткен адамгершілікке тәрбиелеудің кемшіліктерін жою мектеп бағдарламаларының мазмұнында ізі қаланған тәрбие берудің мүмкіндіктерін толық және тиімді іске асыруға жағдай жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет