I-тарау. Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру



бет14/26
Дата05.08.2020
өлшемі188,5 Kb.
#76081
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
курсовая работа.ДМ

2.1. Ғылыми шығармашылық

Шығармашылық - белгілі бір нәрсенің шегінен шығып ойлаудың ең биік формасы, сондай-ақ шығармашылық жаңа бір нәрсені туғызатын әрекет. Соңғы айтқанымызға міндетті таңдау мен қоя білу, жақсы нәрсені іздеу жэне оны шешу әдісі, нәтижесінде - жаңаны жасап шығару жатады. Шығармашылық адам әрекетінің кез-келген саласында орын ала алады: ғылыми әрекетте, өндірістік - техникалық салада, саясат саласында, өнер саласында т.б. [3].

Көбінесе, ғылыми шығармашылық қоршаған ортаның танымымен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық (не жай техникалық) шығармашылықтың адамның тәжірибелік қажеттіліктерін қанағаттандыратын бағыты және мақсаттары бар. Оның астарынан ғылым жетістіктерінен қолдану негізінде техника саласындағы міндеттерді іздеу мен оны шешуді түсінуге болады. Бүкіл адамзат тарихы бойы өткен замандардың ғалымдары мен өнертапқыштары жаңа нәрсені жасап шығару үшін өндірістік әдіс «байқап көру және қате» әдісін қолданды. Ойлауға сыйымды, мүмкін нұсқаулардың көп бөлігін жүйесіз таңдай отырып, олар (кейде!) қажетті шешімге келіп отырды.

Таным теориясының келтірілген элементтері ғылыми-техникалық шығармашылықтың негізгі әдіснамалық құралдары болып табылады, оларға эвристикалық тәсілдер мен активизация әдістері және шығармашылық еңбекті ғылыми ұйымдастыру жатады. Солардың бірнешеуін келтірейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет