І тарау. Физика және астрономия –табиғаты туралы ғылымдар



бет1/14
Дата27.05.2022
өлшемі0,91 Mb.
#145271
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Физика 7 сынып анықтамалар


ФИЗИКА ЖӘНЕ АСТРОНОМИЯ
(анықтамалар)
7 – сынып

І тарау.ФИЗИКА ЖӘНЕ АСТРОНОМИЯ –ТАБИҒАТЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР
Табиғат құбылыстары – табиғатттағы кез келген өзгерістер.
Физика – табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым және оқу пәні.
Астронолмия – аспан денелерін және олардың жүйелерінде орын тебетін құбылысты зерттейтін ғылым және оқу пәні.
Материя – зат түрінде, жарық толқындар түрінде бізді қоршаған барша болмыс.
Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері:
Бақылау
Эксперимент
Теориялық әдіс
Гипотеза – ғылыми деректер негізінде ұсынылған болжамдар.
Физикалық теория – физикалыық құбылыстарды, олардың өзара байланыстарын түсіндіретін жүйелі білім.
Өлшеу – физикалық шаманы бірлік үшін қабылданған басқа біртекті шамамен салыстыру.
Физикалық шама – физикалық нысанның немесе физикалық құбылыстың қасиеттерінің сипаттамасы.
Сандарды стандартты жазу – дәрежесі бар 10 санын пайдаланып сандарды жазу.
ІІ таррау. ЗАТТЫҢ ҚҰРЛЫСЫ.
Атом – химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.
Молекула – заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.
Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары:
Барлық денелер молекулалардан (атомдардан) тұрады.
Молекулалар үздіксіз бей-берекет қозғалыста болады.
Молекулалардың (атомдардың) арасында тартылу күші әрі тебілу күші әрекет етеді.

Диффузия – бір заттың молекулалары екінші заттың молекулаларының арасындағы бос орынға өтуі.
Броундық қозғалыс – газдағы немесе сұйықтықтағы мөлшері кіші (1 мкм) бөлшектердің ретсіз қозғалыстары.
Заттың күйлері:
Қатты (пішінін де, көлемін де сақтайды).
Сұйық (пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды).
Газ (пішінін де, көлемін де сақтамайды).
Температура – дененің (заттың) жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Ол зат молекулаларының (атомдаррының) бей-берекет қозғалыстарының жылдамдығына тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет