I. Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің



бет2/5
Дата08.11.2023
өлшемі50,58 Kb.
#190515
1   2   3   4   5
Байланысты:
батп курси
Мейрқұл А пед, пед курс
Зерттеудің нысанасы: Курстық жұмысы орта мектептерде көрнекілік құралдар арқылы оқыту – ең тиімді әрі жемісті әдістердің бірі екендігін зерттеуге арналады.
Зерттеудің мақсаты: 
5-6 сыныпта көрнекілік құралдарды қолданудың тиімділігін анықтау
5-6 сыныпта көрнекілік оқу құралдарын қолданудың кейбір ұтымды жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері: 
- 5-6 сыныпта көрнекілік оқу құралдарын қолданудың оқыту сапасын арттырудағы маңызын көрсету;
- 5-6 сыныпта оқытуда қолданылатын ұтымды көрнекілік оқу құралдарынының түрлерін анықтау;
- көрнекілік оқу құралдарды сабақтың мазмұнына, қажетіне қарай қолдану мен оларды сабақ үшін таңдай білу жолдарын көрсету.
Еңбекте қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: талдау, жинақтау, сипаттау, салыстыру, қорыту, тәжірибеден өткізу, бақылау,зерттеу.
Еңбекте психология, педагогика, орта мектепте оқыту әдістемесі салаларында жазылған ірі зерттеу жұмыстары негізге алынды.
​ Көрнекілікоқу құралдарын тіл сабағында қолданудың психологиялық, педагогикалық негіздері нақтыланды. Көрнекілік оқу құралдарын тіл сабағында қолдану барысында жүргізілетін тапсырмалардың түрлері анықталып, ерекшелігі айқындалып, тиімділігі тәжірибе арқылы дәлелденді.
Курсжұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми-практикалық негіздері, жаңалығы берілген. ​
Бірінші тарау «Тіл сабағында көрнекілікқұралдарды пайдалану әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері» деп аталады. Бұл тарауда көрнекілік құралдарды пайдалану әдістемесінің зерттелуі мен даму тарихы, қазақ тілін көрнекілікқұралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері мәселесі сөз болды.
​Екінші тарау көрнекілік құралдарды сабақта пайдалану жолдары және ұтымдылығын эксперимент арқылы тексеру мәселесіне арналады. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады: көрнекілікқұралдардың түрлері және оны сабақта пайдалану әдіс-тәсілдері, оларды ұйымдастыру жолдары және көрнекілік құралдарды қолданудың ұтымдылығын эксперимент арқылы тексеру мәселесі. 
Курстық жұмысының қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, ондағы негізгі ой-пікірлер дәлелденді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет