I. Түсіндірме беретін жазба



бет4/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,31 Mb.
#4350
1   2   3   4   5   6   7

Тест сұрақтары:

1. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің доктринасын қнегізіне жатқызуымызға бола ма?

А) болады

Ә) болмайды

Б) ия мүмкін

В) Төле бидікі

Г) дұрыс емес

2. Шіркеу мен Король және қолындағы билігі қалай аталады?

А) 1164 ж. «Кларендин Конституция»

Ә) 1679 ж. «Хабеас корпус акт»

Б) 1037 ж. «Павий конституциясы»

В) 1768 ж. «Құқықтар туралы билль»

Г) 1215 ж. « Еркіндік Ұлы Хартиясы»

3.Рим империясының королі феодалдары реттейтін құжат

А) 1037 ж. «Павий Конституциясы»

Ә) 1768 ж. «Құқықтар туралы бильь»

Б) 1164 ж. «Кларендиндік Конституция»

В) 1222 ж. « Алтын буллалариенен»

Г) 1679 ж. «Хабеас корпус актсімен»

4.Бразилия Президенті қанша жыл мерзімге сайланады?

A\ 5 ж

B\ 6 ж


C\ 7 ж

D\ 4 ж


E\ 9 ж

5.Монарх билігінің қыз балаға да мұрагерлікке қалу мүмкіндігі -

A\ кастильдік жүйе

B\ регенттік жүйе

C\ плюрономинал

D\ саликалық жүйе

E\ регент қамқоршы

6. Мелекет басшысының имунитеті дегеніміз не?

A) ерекше құқықа ие болуы

Ә) қойылатын шектеулер

Б) құқық мәртебесіменен

В) құқығына ие болуымен

Г) дұрыс жауаптары жоқ

7. Республикалық басқаруағы мемлекет басшысы ретінде:

A) президент

Ә) парламент

Б) үкіметтер

В) монархтар

Г) жауабы жоқ

8. Әлемдік тәжірибеде президентті сайлаудың қандай түрлері бар?

A) тікелей, жанама

Ә) бір партиялық

Б) негізгі қосымша

В) саяси әлеуметтік

Г) жауаптары дұрыс

9. Шетелдердің президенттері әдетте неше жылға сайланады?

A) 4 ж

Ә) 5 ж


Б) 6 ж

В) 1 ж


Г) 3 ж

10 Президенттің мандатынан айырылуға жатпайтын негіздер:

A) азаматтығынан айырылғанда

Ә) өкілеттік мерзімнің бітуі

Б) мерзімінен бұры босағанда

В) импичмент сотталған болса

Г) қайтыс болуына байланысты
8-тақырып. Шетелдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі.

1.Парламент-шетелдердегі жоғарғы өкілді орган. Оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.

2.Шетелдердегі Парламенттердің нысандарының сан түрлілігі.

3.Парламенттің қалыптасу тәртібі, оның құрылымы.Парламенттің өкілеттіліктері.



Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін ла-уазымды адамдардың есебін тындау туралы ұсыныс енгізуге; депутаттардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын зандар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.Парламент депутатының өкілеттігі: ол орнынан түскен; депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған; Парламент таратылған; депутат болып сайланғаннан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға тиіс болған жағдайда тоқтатылады (52-баптың 3 және 5-тармақ-тары). Депутат оған қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған кезде, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетсе өз манда-тынан айырылады. Депутаттың өкілеттігін тоқтату немесе одан айыру туралы шешімді республиканың Орталық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Парламенттің тиісті Палатасы оның депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен шығарады.Депутаттардың Парламент сессияларына, оның Палаталарының отырыстарына қатысуы.

Депутат Парламент және оның құрамына кіруге тиісті органдарының жұмысына қатысуға міндетті. Депутат дауыс беру құқығын жеке өзі жүзеге асырады. Оның дауысын басқа депутатқа беруге құқығы жок. Палата Бюросының, оның тұрақты комитеттерінің, Парламент комиссияларының және оның Палаталарының құрамына кірген депутат оның қарауына кез кел-ген мәселені енгізуге, мәселелерді қарауға әзірлеуге, ол бойынша талқылау мен оны қабылдауға қатысуға, сондай-ақ қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын ұйымдастыруға, олардың орындалуын бақылауға құқылы. Ол Парламенттің өзі құрамына кірген органының шешімімен келіспесе, өз көзқарасын Парламент сессиясында мәлімдеуге немесе ол туралы жазбаша нысанда хабарлауға құқылы. Палата Бюросының, оның комитеттерінің, комиссияларының құрамына кірмеген депутаттар аталған органдардың отырыстарына белсенді түрде қатыса алады.Депутаттық сурау салу Парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарында депутаттың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының Парламент сессиясына осы органнын, немесе лауазымды тұлғаның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады.Парламент депутаты Премьер-Министрге және Үкімет мүшелеріне, Ұлттық Банктің Тарағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасына және мүшелеріне, Бас Прокурорға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы мен мүшелеріне сұрау сала алады. Бұл ретте Бас Прокурорға салынған сұрау қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыруға байланысты мәселелерге қатысты болмауы тиіс.Депутаттық сұрау салу ауызша немесе жазбаша түрде болуы мүмкін және лауазымды нақты адамға арналуы тиіс. Сұрау салу және оған жауап беру тәртібі Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентімен қаралады. Лауазымды адам қойылған сауалға Парламенттің немесе Палаталардың жалпы отырысында жауап беруге міндетті. Депутаттық сауалға берілген жауап және оны талқылаудың нәтижесі бойынша Парламенттің немесе оның Палаталарының қаулысы қабылданады.Депутат өз қызметін тәуелсіз жүзеге асырады. Лоббизмді заңды түрде реттеу депутаттың тәуелсіздігіне зандық кепілдіктің бір түрі болып табылар еді. Алайда, осы мәселе Қазақстан Республикасының конституциялық зандарында реттелмеген. Осыған байланысты заң шығару процесінде әр түрлі көлеңкелі саяси күштердің Парламент депутаттарына ықпалы туралы әр түрлі пікір айтылып жүр. "Директорлық лоббидің", "салалық лоббидің", "криминалды лоббидің" және басқаларының бар екендігі айтылады. Алайда, мұндай пікірді тексеру де, оның бетін ашу да өте қиын. Депутатқа немесе оның жақын туысқандарына депутаттық міндетін дәл атқаруға кедергі келтіру мақсатында қандай да болсын нысандағы іс-әрекет республика заң-дарына сәйкес жауаптылыққа тартылады. Депутаттың алдында өз міндетін орындамаған, оған жалған ақпарат берген, депутаттық қызметтің кепілдігін бұзған мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдары заңға сәйкес жауап береді.Қазақстан Республикасының Конституциясы егер сайлаушылар өз депутатына аманат тапсырып, ол сенімді ақтамаса, сайлаушылар ол депутатты кері шақырып алатын депутаттың аманаттық мандатынан бас тартты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша депутат тек өз сайлаушыларының ғана тілегін білдірмейді, ол Қазақстанның барлық сайлаушыларының өкілі болып табылады. Сондықтан Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес 52-баптың 1-тармағы). Депутатты сайлаушылардың кері шақырып ала алмауы, депутат сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін сезінбейді деген сөз емес. Депутаттар парламенттік каникул кезінде өздерінің сайлау округтеріне барып, сайлаушылармен кездеседі, олардан түскен ұсыныстарды, өтініштерді қарайды, өз өкілеттігі шегінде сайлаушылар көтерген мәселелердің дұрыс және уақытында шешілуіне ықпал етеді, қоғамдық пікірді зерттейді және қажет кезінде тиісті мемлекеттік билік органдарына, қоғамдык бірлестіктерге ұсыныс түсіруі мүмкін. Депутаттың қызметіне байланысты мәселе бойынша депутат мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кедергісіз кіру құқығын, олардың басшылары мен басқа лауазымды адам-дардың кідіріссіз қабылдауы тиістігі құқығын пайдаланады.
Тест сұрақтары:

1.Парламенттік республикада мемлекет басшысы жүктеледі?

A) үкіметке

Ә) Парламентке

Б) Қауіпсіздікке

В) Конституцияға

Г) Мемлекеттік органдарға

2.Екі палаталы парламент қандай федеративті мемлекеттерде бар?

A)АҚШ,ФРГ, Ресей

Ә) Япония, Қытайда

Б) Өзбекстан, Түркместан

В) Шыѓыс елдерінде

Г) дұрыс жауабы жоқ

3.Франция Парламентінің төраѓасы кімдердер төртінші болып саналады?

A) барлық жауап дұрыс

Ә) Республика Президент

Б) Премьер-Министрлер

В) Парламент палатасы

Г) Сенаттың төраѓасы

4.Жапонияның Парламент палаталары -

A\ кеңесшілер және өкілдер

B\ бундесрат және бундестаг

C\ федерация кеңесі мен дума

D\ бірінші және екінші палата

E\ кантондар мен ұлттықтар

5.Шет елдердегі парламентердің құрылымы

A) бірпалатаны

Ә) бірмандатты

Б) саясилардан

В) бір жүйелік

Г) барлығы дұрыс

6. «Монокамералды» деп қандай парламентті атайды?

A) бірпалаталы

Ә) қос палаталы

Б) көп дәрежелі

В) екі палаталы

Г) дұрыс емес

7. «Бикамералды» деп палатаның қандай түрін атайды?

A) екі палаталы

Ә) бір палаталы

Б) көп палаталы

В) үш палаталы

Г) барлық дұрыс

8. Парламентте қандай негіздер бойынша жіктеледі?

A) құрам бойынша

Ә) сонына қарай

Б) атқаратын қызмет

В) саяси көзқарас

Г) өкілеттік мерзім

9. Парламенттің ішкі органына жатпайтындар:

A) барлығы жатады

Ә) партияның фракция

Б) тұрақты комитеттер

В) парламент комиссия

Г) палата бюролары

10. Заң шығарушылық бастаманың субъектілеріне жататындар:

A) барлық жауап дұрыс

Ә) парламент депутаты

Б) палата комитеттері

В) мемлекет басшылары

Г) үкімет және орталық
9-тақырып. Шет елдердегі Үкімет.

1. Үкіметтің мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.

2.Үкіметтің қалыптасу тәртібі және құрылымы.

3.Үкіметтің құзыреті мен оның функциялары.



Үкімет, әдеттегідей, накты бір мемлекеттің атқарушы билігі жүйесіндегі жоғары алкалы орган болып табылады.Шетелдердің көптеген конституциялары Үкіметтің занды мәртебесін өздерінше түсіндіріп береді. Мысалы, Қырғыз Рес-публикасы Конституциясының 70-бабы бойынша Республика-ның мемлекетгік билігінің жоғары атқарушы органы — үкімет болып саналады. Ал, Франция Республикасы Конституциясы-ның 20-бабыңда:"Үкімет Үлттық саясатты анықгап, оны жүзе-ге асырады", — деп жазылса, Марокко Корольдігі Конституция-сының 60-бабында: "Үкімет зандардың орындалуын қамтама-сыз етеді. Ол әкімшілікті басқарады", — деп көрсетілген. Испа­ния Конституциясыньщ 97-бабына жүгінсек:"Үкімет ішкі және сыртқы саясатгы, азаматтық және әскери әкімшілік пен елдің қорғанысын баскарады. Ол езінің атқарушылық билігін консти­туция мен зандарға сәйкес жүзеге асырады".Дегенмен, үкіметтің мемлекет билігін жүзеге асырудағы іс жүзіндегі рөлін, сондай-ақ мемлекет басшысымен, парламент-пен, конституциялық бақылау органдарымен және де абыройлы саяси партиялармен арақатынасын накты анықгап беретін ережелер де бар.Мысалы, президенттік республикаларда үкімет парламентсіз жолмен құрылады. Айталық, АҚШ президенті үкіметті өзі түзеді, ал конгресс үкімет қызметіне вотум шығарып, сенімсіздік көрсе-туге хакы жоқ; үкімет қызметін бакылау тек шектеулі түрде: Пре­зидент тиісті лауазымды түлғаларды тағайындағанда, келісім-шарттарды, бюджетті бекіткенде, сондай-ақ инпичмент реттері арқылы өз келісімдерін беру түрінде ғана жүзеге асырады. Сонымен бірге президенттік республикаларда үкіметтің парламент-теп партиялық кепшілікке де тәуелді еместігін айта отырып, үкіметтің парламент үстінен бақылауын партиялықфракциялар арқылы емес, өзі тікелей жүзеге асыратынын ерекше көрсете кету жөн. Мұның басты себебі президенттік республикаларда (мысалы, Бразилия, Өзбекстан Республикасы, Аргентина, Бо­ливия, Габон Республикасы, Гамбия Республикасы, Заир Респуб­ликасы, Венесуэла, Гватемале) президент өзі бір мезгілде мем­лекет басшысы да әрі үкімет басшысы да болуында жатыр.

Үкіметтің релі парламентарлық елдерде де күшті екенін мойындамасқа болмайды. Мысалы, мемлекет басшысы ез міндетін тек үкімет аркылы не болмаса оның санкциясы арқылы ғана жүзеге асырады. Ол ол ма, мемлекет басшысының ең маңызды өкілеттігінің бірі болып табылатын парламентті тарату құкы мен вето құқы және т.б. тек парламенттің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Үкіметтің парламентке есептілігі себепті пре-зиденттің кез келген актісіне өзіне тиісті министр немесе премьер-министрдің қолы койылуыі тиіс (мысалы, Австрия, Италия). Үкімет парламент тарапынан кұрылатындығына қарамастан, парламенттің алдында саяси жауапкершілікті әрі, егер парламент сенімсіздік вотумын біддіргенде, отставкаға кетуге міндетті, ал енді осыган қарамастан, іс жүзінде парламенттің қызметін бақылап, оған бағыт-бағдар беріп отырады. Сөйтіп, парламентарлық елдерде үкімет мемлекеттік билікті накты жүзеге асыруда ерек­ше рөл аткарады. Мысалы, Италия, ФРГ, Индия, т.б. парламентарлық елдерде барлық аткарушылық билік үкімет басшысының қолына топталған (премьер-министр, федеральдық канцлер, министрлер кеңесінің төрағасы). Бұлардың ынтасы бойынша пре­зидент ете жауапты шешімдерді қабыдцайды. Парламенттік сай-лауда жеңіске жеткен саяси партияның жетекшісі өзі үкімет бас­шысы болады әрі оның құрамын өзі түзеді. Міне, осыдан келіп, парламентарлық елдерде үкімет саяси партиялармен тығыз бай-ланыста болады. Осындай парламенттік жүйенің жауап-кершілікті болуы нәтижесінде үкімет тек жеңіске жеткен саяси партиялардың жетекшілерінен құрылады (біз бұл арада бірпартиялық үкіметті мезгеп отырмыз).Ал, енді коалициялық үкіметке келсек, олар парламенттің кепшілігін құраса да бірпартиялық үкімет қуаттылығындай сая­си партияларды басқару мүмкіндігіне ие бола алмайды. Сол себепті де коалициялық үкімет басқалармен тіл табысып, жұмыс істеуге тырысады. Мүндай жағдайда үкіметтің партияларды бақылауға алуы бәсендейді. Міне, осы тұрғыдан алғанда коалиция-лык өкімет әлсіз келеді. Біз енді монархиялық басқару түріндегі елдердің мемлекеттік жүйесіндегі үкіметтің рөлі мен орнын қарастырып өтейік. Ма­рокко корольдігі Конституциясы бойынша (Марокко консти-туциялық монхархиялы ел) үкіметті король тағайындайды, яғни, король премьер-министрді де, министрлерді де езі койып, олар-дың міндеттерін орындауларын да (өз ынтасымен немесе олар-дың отставкаға кетуіне байланысты) тоқтатады. Үкімет король алдында және өкілдер палатасы аддында (бір палаталы парла­менте) жауап береді. Премьер-министр екілдер палатасы адцына үкіметке сенім жайлы мәселе қоя алады; сенім қабылданбаса, онда үкімет түгелімен отставкаға кетеді. Король парламентті тарата алады. Заң шығару ынтасы қүқығы тек премьер-министр мен өкілдер палатасы мүшелеріне ғана тиесілі.Шетеддердегі мемлекеттердің үкіметтерін қүру тәртібі кашан да сол елдің басқару билік түріне байланысты болады. Бізге үкіметтің күрылуының екі тәсілі белгілі. Олар: парламенттен тыс үкімет КҮРУ тәсілі және үкіметті күрудын парламенттік тәсілі.Парламенттен тыс үкімет қүру тәсілі негізінен президенттік республикаларда қолданылады. Бүл еддерде, жоғарьща айтып еткеніміздей, үкіметті президент кұрады.Енді Ресейдің (өйткені Ресей республикалық басқару түріндегі федеративтік мемлекет болып табылады) мемлекеттік тәжірибесіне көз салайық. Бұл елдің Конституциясының 3-ба-бына сәйкес Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасын Мемле-кеттік Думамен келісе отырып Президент тағайындайды. Жаңа-дан сайланған Президент өз қызметіне кіріскен күннен екі апта кешіктірмей Төраға жайлы өз кандидатурасын Мемлекеттік Думаға үсынуы тиіс немесе үкіметтің отставкаға кетуіне байла­нысты, болмаса үсынған кандидатурасын қабыдцамаған жағдай-да бір апта ішінде қайта ұсынуы қажет.

Мемлекеттік Дума кандидатура жайлы ұсыныс келіп түскен-нен кейін бір апта ішінде Президент ұсынған Үкімет Төрағасы кандидатурасын қарауы керек. Егер Президент үсынған Үкімет Төрағасын Мемлекеттік Дума катарынан үш рет қабылдамаса, онда Президент Үкімет басшысын тагайындап, Мемлекеттік Думаны таратады әрі жаңа сайлау белгілейді.АҚШ-та атқарушы департаменттердің басшыларын таға-йындау президент ұсынысымен әрі сенаттың келісімімен жүзе-ге асырылады.Парламенттен тыс үкімет құру тәсілі басқару түрі аралас ел-дерде де (мысалы, Франция, Португалия) қолданылады.

Үкіметті қүрудың парламенттік тәсілі парламентарлық басқару жолындағы барлық елдерде қолданылады. Үкіметті кұру өкілеттілігін сайлауда жеңіске, парламентте көпшілік орын алған (егер екі палаталы болса, онда төменгі папатасында) саяси пар­тия мен партиялық коалиция алады.Мысалы, ФРГ-да үкімет басшысын (федеральдык канцлер) Федеральдык президент Бундестаг депутаттарына сайлауда жеңіс-ке жеткен саяси партиялар фракциялары пікірлерімен санаса отырып, ұсынады. Егер де, федеральдык президент үсынған кан­дидат Бундестагқа екі тур бойы катарынан сайланбаса, онда федеральдық президент канцлердің ұсынысымен парламенттің осы палатасын мерзімінен бұрынтаратып жіберуге құқылы (Бундес­таг өкілдігі — терт жыл).

Үкіметтің ішкі құрылысы әсіресе алыс шетел мемлекеттеріңце әр алуан. Дегенмен, таяуда ғана "буржуазиялық" деп аталған бүл елдердегі үкіметтік қүрылысты агылшын-саксондық және конти-нентальдық деп екі жүйеге белуге болады. Мүндай жүйелер үкімет құрылысын анықтайтын принциптермен және оның қыз-мет керсететін белімшелерінің қүрылу тәсілдеріне негізделеді.

Осы айтылған жүйелер арнайы және ғылыми көпшілікке арналған әдебиеттерде кеңінен айтылады. Соған қарамастан біз бұл еңбекте де азырақ токталып еткенді жен кердік. Мұның ғылыми тұрғыдан да, танымдық түрғыдан да зияны жоқ. Біздің ойымызша, әсіресе ағылшын-саксондық жүйе ерекше қызгы-лыкты. Оның үстіне бұл үкіметтің қүрылыс жүйесі (оның түпкі тамыры британ мемлекеттік тәжірибесі болып табылады) езінін екі ерекшелігімен кезге түседі.

Бірінші ерекшелігі — іс-әрекеттегі атқарушы екіметтің жога­ры органын конституция мойындамайды. Сейтіп, сайып келген-де, ол занды тұрғыдан заңсыз болып табылады. Мүндай жүйені ұстанатын елдерде кабинет конституциялық келісім негізінде емір сүреді (Австралия, Индия, Канада, Жаңа Зеландия, т.б.).

Екінші ерекшелігі — үкімет құрамына (кабинетгің) атқару-шы екіметтің орталық органдары бірінші басшыларьшың бәрі бірдей кірмейді, тек кейбір абыройлы, ықпалдылары ғана кіреді арада мынаны айта кеткеніміз орынды. Кабинет құрамына енген "Кабинет мүшелері рангісіндегі министрлер" кабинет қүрамына енбеген министрлерге қарағанда ерекше пүрсатты жағдайда болады. Сол үшін де, ағылшын-саксондық жүйе бо­йынша укімет пен кабинет түсінігі бір-біріне дәл келмейді.

Континентальдық жүйеге келсек, үкімет қүрамына мемле-кеттік аткарушы биліктің орталық органдарының басшылары түгел дерлік кіреді. Мұның езі, былайша айтқанда, үкімет құрамы санының шектен тыс кебеюіне жол береді. Сондыктан да, кепте-ген елдерде атқарушы билік жүйелеріндегі ең абыройлы да сал-макты мемлекеттік қайраткерлерден тұратын шағын (үкімет ішіаралық) орган кұрылған.Осы континентальдық жүйе бойынша, мысалы, Италия, Франция, АҚШ, ез үкіметтерін құрады.Әлбетте, континентальдықжәне ағылшын-саксондыкжүйе-лер ете кеп таралған. Дегенмен, өз ерекшеліктері бар үкімет қүрылысын үйымдастырудын басқа да жолдары мен түрлері кез-десетінін де айтканымыз орынды.Осы түрғыдан алғанда танымдық маңызға ие бола алатын жақын шетел мемлекеттерінін мемлекеттік тәжірибелерінен мысалдар келтіргеніміз орынды болмақ.,барлык елдердің конституцияларында үкімет міндеттерін белгілеп беретін нақты ережелер баршылық.

Мысалы, Қырғыз Республикасы Конституциясынын 70-ба-бына сәйкес Үкімет қызметі Республиканың Премьер-министрі-не жүктеледі. 73-бапта атап көрсетілгеніндей, Үкімет Конститу­ция көрсетіп бергендей Республика Президенті мен Жоғарғы Кенестін міндетіне жататын жарлықшы және бакылау өкілетті-гінен баска мемлекеттік басқарудың барлық мәселелерін шешеді.Жапонияның 1947 жылғы Конституциясынын 65-бабы бо­йынша атқарушы билікті Кабинет жүзеге асырады. Осы Конс-титуцияның 73-бабында: "Кабинет басқарудың жалпы қызмет-терімен катар төмендегі міңцеттерді де орындайды: зандарды адал өмірге енгізу; мемлекеттік істерді жүргізу; сыртқы саясатты бас-кару; келісім-шарттарды жасау; бюджетті жасап, оны Парламент қарауына үсыну; үкіметтік жарлықтарды шығару; жалпы және жеке адамдарға тиісті кешірім жайлы шешімдер қабылдау; жа-заларды жұмсарту және кейінге қалдыру; адам құкықтарын калпына келтіру".
Тест сұрақтары:
1.Үкіметтік бастама қандай басқарудағы мемлекеттерде болады?

A) парламенттік

Ә) монархиялық

Б) фашистіктер

В) унитарлықта

Е) росистіктерде

2.Партиялық құрамда үкіметердің қандай түрлері болады

A) бірпартиялық

Ә) екіпалаталы

Б) бірмандаттық

В) көпмандаттық

Г) жауаптары жоқ

3. Бірпартиялық үкімет қандай мемлекетте құрылады?

A) саяси партиялар алады

Ә) президенттік республика

Б) монархиялық басқаруда

В) унитарлық мемлекеттер

Г) федеративті мемлекетт

4. Коалициялық үкіметтер қандай мемлекетте құрылады?

A) орын алмаған мемлекеттер

Ә) ауқымды орнын мемлекет

Б) көппартиялы парламенттік

В) екіпартиялық рпезиденттік

Г)ешқандай дұрыс жауап жоқ

5. Қайсысы үкіметті басқарушы тұлғаға жатпайды?

A) палата төрағалары

Ә) премъер – министр

Б) министрлер кеңесі

В) федералды канцлер

Г) үкімет басшысы

6. Үкіметтің ішкі құрылымын қандай жүйелер құрайды?

A) континентальді

Ә) униноменальды

Б) комиссиялық

В) комитеттіктер

Г) дұрыс жауап жоқ

7.Премьер-министрдің міндетті қол қоюы -

A) контрасигнация

Ә) ветолармен

Б) интервенция

В) цензуралар

Г) кокустармен

8. Ұлыбританияның кабинет құрамын «құрайтындар»

A) аталғандар барлығы

Ә) премъер – министр

Б) көп қазына канцлер

В) министр хатшылар

Г) лорд – канцлерлері

9. Президенттік үкіметтердің қандай мерзімге тағайындалады?

A) өкілеттік мерзімімен бірдей мерзімге

Ә) президент өкілеттігі мерзіміне

Б) 7 жылға дейінгі қысқа мерзімге

В) 5жылға дейінгі ұзақ мерзімге

Г) ешқашан дұрыс жауап жоқ

10. Парламенттік елдерде үкімет өкілеттігі қанша мерзімге созылады?

A) үкіметтің күшінде болады

Ә) бекіткен уақытқа дейін

Б) парламент мерзімге дейін

В) үкімет бекіткен мерзімге

Г) ешқандай дұрыс жауап жоқ


10-тақырып. Шетелдердегі сот билігінің конституциялық негіздері.

1.Сот билігінің ерекше белгілері.

2. Сот жүйелерін ұйымдастыру мен қызметінің конституциялық негіздері.

3.Сот жүйесі мен өндірісінің түрлері.

Қасиетті Мекке мен Орталық провинциялардағы сот істеріне басшылыкты біріктіруді жүзеге асыру ћижраша 1349 ж. жүзеге асырыла бастады. Сол жылы Министрлер Кеңесі № 143 шешімін қабыддап, онда Министрлер Кеңесінің төрағасына, сот істері органдарын ұйымдастыру жолында қажетті шараларды қарас-тыра келіп, қажетті кадр мәселелерін өзгертуге, орталыгы ар-Риядта болған корольдік сот істерін бір басшылыққа біріктіруге нұскзу берілді. Осыған сүйене отырьпі, 1379 ћижра жылының шәууәл айында Шейх Мұхаммед би Ибраћим аш-Шейх баскарған сот істеріне басшылыкты біріктіру жайлы № 19746 каулы кабыл-данды.Нәтижеде қасиетті Меккедегі сот істеріне басшылық біріккен сот істері басшылығының провинциялық филиалы болып қалды.

Бұл басшылықка негізінен сот істеріне бакьілау жасау міндеті жүктелді. Сондай-ақ: исламдық нормалардың сақталуын бақылау (кейіннен бұл бас баскармаға айналып, оны министр дәрежесіндегі қызметкер басқарды); ағарту мекемелері қызметін бақылау (сабақ беру және кітаптарды бақылау); барлық мешіттердегі оқытушыларды тағайындап, оларға қатысты мәселелерді шешу (бұл міндет Меккедегі әл-Харам және Мәдинадағы Пайғамбар мешіті баскарма істеріне жүктелді);мешіттердегі имамдар мен азаншыларға қатысты барлық мәселелерді (кейіннен бүл міндет қажылық пен вакиф минис-трлігіне берілді);фетва шығарылуына қатысты барлық мәселелер Басшы-лық өкімет орындары мен жеке адамдардан, жоғарғы өкімет ор-гандарынан келіп түскен мәселелерді қарап, фетвалар шығару-да басты рөл атқарады (жалпы басшылыктың ғылыми зерттеулер жүргізуі, фетвалар мен үгіт-насихаттарды талдауы, т.б. бас­ты міндеті). Сот істеріне басшылық жасай отырып, соттарды әкімшілік және қаржылай басқаруды және баска да шариаттық үйым, ұжымдарды басқарып келген еді.Әділет министрлігінің мақсаты мен қызметі, үйымдастыры-луы мен дамуы жайлы сөз етер болсақ, оның негізгі қүрылу мақсаты Құран мен Мұхаммед пайғамбар сунналарына негізделген шариаттық ұйымдар мен соттық жүйелерді әкімшілік және кар-жылай басқару, корольдік аумағында өділеттілік қүрылымдары (инфраструктура) дәрежесін қамтамасыз ету мәселелерінен туындады. Әділет министрлігінің негізгі мақсатын төмендегіше айтуға болады исламдық шариат нормаларын тәжірибеде пайдалану жөне корольдіктің ішкі кауіпсіздігін нығайту;корольдік азаматгарының, ол жерде тұратын шетелдік азаматтар мен қысқа мерзімге келуші азаматтардың соттылық ісін жеңіддету;шариат соттары қарауына берілген дауларды тездетіп шешу; шариат бойынша келісімдер жасауды куәландыру мен қызмет көрсетуді жеңілдету; сот істерін жүзеге асыруда қиындықтуғызатын кадр ақаулықтарына байланысты мәселелерді шешу;сот істерін жүргізуге кедергі келтіретін адам ресурстары жетімсіздігін жеңу; шариат нормалары негізінде азаматтар мәселесін шешудегі әлеуметтік қауіпсіздікті нығайту;



Король жарлықтары мен қаулыларын шығару үшін Жоғарғы Соттық Кенестен келіп түскен үсыныстар мен шешімдерді оқып-үйрену әрі оны қарап, өзіне қайта жіберу.Сот ісін жүргізу тәуелсіздігін сақтау әрі өкілеттіктерін бір арнаға бұру үшін жүзеге асырылатын принциптерді тәжірибеде пайдалану үшін шариаттық сот істері органдарына әр түрлі міндеттер мен арнайы тапсырмалар жүктеледі. Б үл топтар билік-терін жоғарыдан төменге карай тәртіпте ұйымдастырумен құрылған. Олар:

  1. Жоғарғы Соттық кеңес.2 Кассациялық сот,3Жалпы сот,4Бірінші сатылы соттар,5 Арнайы мамандандырылған соттар,6 Жоғарғы Соттық кеңес бүрынғы Жоғарғы Соттық комитет орнына құрылған. Бұл Кеңес негізінен соттардың қозғалысын, яғни, тағайындалуы мен орнынан түсуін, зейнеткерлікке шығуын, т.б. және шариат принңиптерінің шешілуіне кажетті кезде өкімет не әділет министрлігі тарапынан өкілеттік қатысу-ды басқарады. Сол сиякты, өлім жазасы, қолын кесу, тас боран ету секілді сот шешімдерін де қарайды.Кассациялық сот негізінен соттардың қарап шыгарған шешім-дері мен жазаларын король Жарлығына (№24836, ћижраша 29.10.1386, бул №20320 жарлық 23.10.1381. ћижра жылында шығарылған сот және әкімшілік нұсқауларын алмастырған) сәйкес жан-жакты зерттейді. Әлбетте, шағым тізімінен майда мәселелер шығарылады. Шағымдық сот үш басқармадан тұрады:

1-бірінші сатылық мәселелерді басқару;

  1. 2-зандылық мәселелерін басқару;

  2. 3-жеке хал-ахуал ісін басқару.

Корольдікте үш шағым берілетін сот ұйымдастырылған. Олар: ар-Рияд, Мекке және Абхста калаларыңда құрылғанымен, қазіргі кезде тек ар-Рияд пен Меккеде ғана жүмыс істейді.Сот ісін жүргізу жайлы занда Жалпы сот құрамы бір немесе онан да көп соттардан тұрады деп жазылған. Жоғарғы Сот ке-несі ұсынысы негізінде Әділет министрі шешімімен жалпы сот құрамын, штаб-пәтерлерін белгілеп, олардың мамандаңдырылу сипаттарын анықтайды. Олардың мамандандырылу сипаты ис-ламдық шариат зандарына сай өздерінің мөселелерімен айналы-сып, шешуіне және азаматтар арасындағы қарым-қатынасына байланысты болады. Занда көрсетілгендей өлім жазасы, қол кесу немесе тас боран ету және тағы басқа үкімдерден баска шешім-дерді тек бір ғана сот шығарады. Ал, бүл үкімдер құрамыңда үш сот болғанда ғана шығарылады.Бірінші сатылы соты болмаған барлық тұрғыңдық жерлерде бірінші сатылы сот қызметін жалпы сот соттары аткарады.Бірінші сатылы сот (жедел істер соты)Әрине неке, алимент жөне қозғалмайтын мүлік дауларына байланысты мөселелерді санамағанда, жедел істер бойынша сот-тар әсіресе 20 мың риалдан аспайтын кдржы шығындарының бәрін қарап шешуге мамандандьфылады. Олар сол секідді маскү-немдікті, құнның үштен бірінен аспайтын қылмыстарды, зи-нәқорлық пен ғайбат айту секілді тәртіп бүзушылықгарды да қарайды.Бірінші сатылы соттың соттары бір не бірнеше соттан түра-ды. Олардың қүрамы мен орнын аныктау жөне мамандандырылу сипаттары Жоғарғы Сот Кеңесі ұсынысы негізінде Әділет министрі шешіміне сәйкес белгіленеді. Үйымдастырылуы түрғысынан бүл соттың екі түрі бар: Бірі кәмелетке жетпегеңцердің соты, екіншісі отбасы мен неке мәсе-лелерінің соты. 1993 ж. (ћижраша 1410 ж.) Рияд пен Джиддада жол оқиғасы соттары құрылды. Олар өз кызметтерін бастау мен үйымдастыру кезендерін аяктап келеді.Кәмелетке жетпегендердің соты 7 жастан бастап 18 жаска дейінгі аралыктағы (өлім жазасы, тас боран ету, қолын кесу жа-заларын қарастырмағанда) тәртіп бұзушылыктарды карауға ма-мандандырылады. Соттың мақсаты кәмелетке жетпегендерді тура жолға салып, түзету болып табылады. Әлбетте, бүл әуелі қылмысқа итермелеген себептер мен қылмыс табиғатына зер салғаннан кейін жүзеге асырылады. Тек содан кейін барып өзіне лайықты үкім шығарылып, үкімнің орындалуы кадағаланады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет