Ыбырай алтынсарин – Әдістемелік-математикалық Ғылым тарихында негізгі тұЛҒа насретденова а. Е. «Ақсай қаласының №5 жоббм»



бет1/2
Дата25.04.2024
өлшемі20,35 Kb.
#201373
  1   2
Байланысты:
Ы.Алтынсарин-әдістемелік - математикалық ғылым тарихында негізгі тұлға


ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ӘДІСТЕМЕЛІК-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ТАРИХЫНДА НЕГІЗГІ ТҰЛҒА
НАСРЕТДЕНОВА А.Е.
«Ақсай қаласының №5 ЖОББМ» КММ, Ақсай қаласы, nasretdenovaanar@mail.ru

«Халық мектептері үшін ең керектісі-оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды».
Ы.Алтынсарин.
Қазақстанда әдістемелік-математикалық ғылымның тамыр тарта бастауында ұлы ағартушы Ыбырай (Ибраһим) Алтынсариннің атқарған рөлі зор болды. Ы.Алтынсарин инспекторлық қызметке қоса оқу-ағарту жұмыстарын жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе елдің көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Омбыда бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. [«Тарихи тұлғалар», Алматыкітап баспасы, 106-бет]
Ұстаздық-ағартушылық қызметте жүріп, ағартушы-педагог кезінде орыс оқымыстыларымен өзара хат жазысып, олармен халық ағарту саласына байланысты және өзге де мәселелер турасында пікірлесіп отыруды жөн санаған. Ол өз хаттарында қоршаған ортаға деген көзқарасы мен туған халқының келешегі туралы ой-пікірін, арманын білдіріп отырады. Мәселен, 1882 жылы 12 қыркүйекте жазған бір хатында: «Ұлы мәртебелі, мархабатты төрем Николай Иванович, ... Қазіргі кезде қазақ арасында Мұхамбеттің діни оқуы жайылып, етек алып барады. Бұл діни оқуды Бұқар молдалары мен татар молдаларынан білім алған қазақтар жүргізіп отыр. Бірақ онда ешқандай жүйе жоқ» делінген. [Ыбырай Алтынсарин «Өнер білім-бар жұрттар», Алматыкітап баспасы, 2017 жыл, 10-бет]
Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Алтынсариннің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуі тиіс болды. Бастауыш математиканың көптеген терминдері ең алғаш қазақ тіліне Ы.Алтынсариннің еңбектері арқылы енді. Ұлы ағартушының Қазақстандағы математикалық білім беру ісінің қалыптасуына тигізген әсері қандай? XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстанда математикалық білім беру ісі жаңа мазмұн мен мағына тауып, жаңа бір арнамен дами бастады. Бұл Ресейде болған саяси, экономикалық және мәдени өзгерістерге байланысты туған жағдай еді. Жер-жерде мектептердің ашылуы қазақ даласына да орыстың алдыңғы қатарлы ағартушылық-демократиялық, педагогикалық, идеяларын ала келді. Бұл өз кезегінде Ы.Алтынсариннің батыстың озық ғылым-білімін игеруге үндеген педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына игі әсерін тигізді. Ағартушының педагогикалық көзқарасы Қазақстан жерінде әдістемелік ой-пікірлердің де өріс алуына үлгі және негіз болды.
Ы.Алтынсарин - математиканы оқыту жөнінде келелі пікір айтқан адам. Математикадан оқу құралын немесе арнайы әдістемелік-математикалық құрал жазбағанымен , оның жазбаларынан, хаттарынан, есептерінен, т.б. шығармаларынан математиканы оқытудың кейбір дербес мәселелеріне қатысты ой-пікірлері кездесіп қалып отырды. Ағартушы-ғалым Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып қызмет атқарып жүрген кезінен-ақ 1879 жылдары орыс-қазақ мектептерінде берілуге тиісті математикалық білім мазмұнын кеңейте түсуге айтарлықтай көңіл бөлген. Мәселен, ол 1879 жылы В.В.Катаринскийге жазған хатында: «Менің қазақ балаларын оқыту жөніндегі жоспарым мынадай: 1-класс: ...Текшелер мен шоттар арқылы арифметикалық есептеулер жүргізу; 2-класс: "...Бөлшекке дейінгі арифметика». Ал бұған дейінгі 1874 жылғы ашылған Торғайдағы мектепте екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде математика арифметиканың төрт амалы көлемінде ғана оқытылған болатын. Математиканы оқыту жөнінде өзінің жоспарын асырғандығы Ы.Алтынсариннің «1882 жылы Торғай облысындағы оқу жұмысының жайы туралы» есебінен де аңғарылады. Мұнда ол: «Торғай, Тройцк және Ырғыз училищесінің ересек оқушыларына қазірдің өзінде география, сызу, тарих және бөлшекке дейінгі арифметика (бөлшектерді қоса алғанда) оқытылады»,-деп хабарлайды. [«Аңыз адам» журналы, №17, қыркүйек, 2013 жыл, 14-бет]
Ағартушы-педагог математика оқулықтарын таңдап алуға зор мән беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу құралдарының ең жақсыларын енгізуге тырысты. Мысалы, өзі инспектор болып келгенге дейін қолданылған Левенің арифметикасының орнына украин педагогі Т.Лубенецтің оқулығын ұсынды. Ы.Алтынсарин неліктен Левенің арифметикасына қарсы болды, неліктен Лубенецтің оқулықтарын таңдады? Т.Лубенецтің оқулықтарында математиканың практикалық мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, бухгалтерлік есептеулер жүргізу, кіріс пен шығысты есептей білу, шаруашылық және тұрмыстық істерде қажет болатын басқа да қарапайым есептеулер жүргізу сияқты мәселелер қарастырылады. Ы.Алтынсариннің басқа емес, Т.Лубенецтің оқулықтарын таңдап алуында үлкен сыр жатыр. «Дала қоңырауы» қазақ балаларына бастауыш білім беріп қана қоймай, арнаулы білім беретін қолөнер және ауыл шаруашылығы училищелерінің де негізін қалағаны мәлім. Демек, ол орыс-қазақ мектептеріне Т.Лубенецтің оқулығын енгізу арқылы қазақ балаларының Торғайда өзі аштырған Я.П.Яковлев атындағы қолөнер училищесіне, сондай-ақ Кросноуфимск өндірістік-техникалық училищесіне түсіп, оқуы үшін қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтылған. Ағартушының қазақ тіліндегі математика терминдерін қалыстастыруға қосқан үлесі ерекше көңіл аударуға тұрарлық. Ол бірінші болып миллионға дейінгі сан есімдердің қазақша-орысша сөздігін жасады. Оның еңбектерінде арифметика, минут, шақырым, пұт, аршын, т.б. терминдер кездеседі. Бастауыш математиканың көптеген терминдері ең алғаш қазақ тіліне Ы.Алтынсарин еңбектері арқылы енді. Ұлы ағартушы есеп шығару мәселелеріне үлкен мән берген, есептің мазмұны балаға таныс оқиғалардан алынғаны дұрыс деп білген. Сондай-ақ ол есептер шығаруды оқып-үйрету қарапайымнан күрделіге, оңайдан қиынға көшу принципіне негізделуі керектігін ерекше қадап айтады. Бұл жөнінде былай дейді: «Арифметиканы оқыту кезінде балалық өмірден және маңайдағы тұрмыстан алып, алғаш жай, аса күрделі емес, кейін күрделірек есептер беріп, оқушылардың ақыл-ойына әсер етуге тырысамыз». [«Аңыз адам» журналы, №17, қыркүйек, 2013 жыл,11-бет]
Ы.Алтынсарин және оның ізбасарлары математиканы оқытудың барлық мәселелерін зерттеп, белгілі бір жүйеге келтіріп, ғылыми-әдістемелік арнаға түсіре алған жоқ. Өйткені, ол ашқан орыс-қазақ мектептерінің басты міндеті-қазақ балаларына орыс тілі мен орысша жазуды үйрету болды, ал басқа пәндердің барлығын, соның ішінде арифметкианы оқыту жұмысы осы басты міндетке бағындырылды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында аралас мектептердің мұғалімдері арифметиканы оқыту ісінде осылардың көзқарастарына арқа сүйеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет