Iбөлім. Жарнама психологиясының жалпы теориялық мәселелері


Жарнама ықпалының эмоционалды аспектілері



бет20/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#85343
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
Дип.-Жарнаманы-қолданудың-психологиялық-аспектілерін-анықтау
1 ОШ СОр Казахский язык Т1 6кл, Магит ағыны
Жарнама ықпалының эмоционалды аспектілері.
Жарнама ықпалының аффективті компоненті объектінің жарнамалық ақпаратқа эмоционалдық қатынасын анықтайды. Оған симпатия, антипатия, немқұрайлық қарсылық кіреді. Жарнама іс-әрекетінің психологиялық аспектісін зерттеуде жарнаманың адамға эмоционалдық көңіл тудыруын тауардың өзін сатып алу не сатып алмау ниетін қалыптастыратын анализді болжамдайды. Принцип бойынша, жұмыс істейтін адамдарда эмоцианалды ес тұрақты болады: жағымды-жағымсыз, ұнамды-ұнамсыз. Эмоционалды есте, басқа есте сақтау түрлеріне қарағанда күштірік ол адамның сатып алу кезінде шешім қабылдауға күшті әсер етеді. Мамандар тауарға деген сипатияны жарнама ақпаратына пропорционалды сипатиялы деп есептейді. Эмоцияның әрқашанда жеке субъективті ерекшелігі бар. Адамдарды қоршағанның бәрі белгілі бір эмоция тудырады. Дәл эмоционалдық сферада жеке түрлі қажеттіліктер туындайды. Кез-келген жарнама видеоклипі- бұл тек ақпарат емес, ол адамның көру кезінде жеке қобалжыған, бірнеше эмоционалды қанық минуты. Жарнаманың лексикасы өзінің бай эмоционалдық терминологиясымен «жылжу», «жайлылық», «баурау» ерекше. Эмоция оң және теріс болуы мүмкін. Оң эмоция субъектіні мақсатқа жетуге ынтландырады, ал теріс жағымсыз күй тудырудан объектіні қашырады. Көптеген адамдар сәтті сатып алуды рахат алу тәсілі және жаман көңіл-күйді құртады деп есептейді. Сондықтан, жақсы сатып алу әрқашан адамға оң эмоция сыйлайды. Егер адам өзіне эмоционалды боялған қызығатын нәрсені таппаса, онда оның сатып алуға ниеті болмауы мүмкін. Пайдаланушының эмоционалдық реакциясын есепке алмай құрылған жарнамалық хабарландырудан, жарнама затына деген теріс эмоция туындайды. Теріс эмоция тудыратын ақпаратты адам есте сақтауға тырыспайды. Егер жарнама қорқыныш ұялшақтық сезімін тудырса нарық өнімін тоқтатады керісінше егер, жарнамалық тауар жағымсыз эмоциядан құтылуға көмектессе сұранысқа ие болады. Экранда ойналып жатқан сюжет басынан аяғына дейін барлық эмоциялық циклді моделдеу керек. Ол бітпей аяқталмаса жағымсыз сезімін тудырады.
Мысалы, жиһаз жарнамалайтын фирма «жұмсақ диванға жағымсыз қайғырып жатқан жас әйелді бейнелеген». Кейде пайдаланушыға тауар сатып алу кезінде кінәлау сезімін тудыратын мысалы, темекі алкогольді сусындар, денсаулыққа зиян келтіретін, гигиеналық ережені бұзатын жарнамалық хабарландыруды көрсетеді. Тіс пастасын шығаратын фирма былай жарнамалайды ұсынылып отырған паста жақсы әсіресе тамақтан кейін тіс жумайтын адамдарға деп. Радио немесе теледидардағы жарнама, кейде теріс эмоция тудырады. Бір нәрсені тыңдай беру, психологиялық өте ауыр болады, және ол басқа толқынға ауыстыруға алып келеді немесе радионы өшіреді. Әзіл сөзсіз оң эмоция тудырады. Жарнамада әзілді қолдану көп нәтиже бере бермейді. Кейде өзіне тартады, кейде жоқ.
Жарнамалық хабарландырудың эмоционалдық тиімділігін тексеру үшін бұл хабарландыруды өзіне елестетіп онда түрлі психологиялық мінезі бар адамдар қалай қарайды, оларға ол жағымды болды ма соны анықтау керек. Психологияға жақсы таныс, атаулы проекция бар, мұнда адамдар бірнәрсеге өзінің қатынасын айналадағыларға танытады. Айтылғандар, сөзсіз жарнамалаушы болатын шығармашыл тұлға «Креаторла» (латынша-құру) ол бұл сферадағы шығармашыл жұмысшылар.
Қазіргі психология мәселесін шешуде жарнамадағы жеке шығармашылық пайдаланушылардың нарықта көбеюіне қарсылық жасамау керек. Бұл жарнама адамдарды эмоционалды жағынан итермей өзіне тарту деген сөз. Қазір көптеген батыс елдерінде кішкене ирония қоса отырып заттарды тартымды түсте көрсету тенденциясы қаралуда. Адамдарда сатып алу ниетін ояту үшін, оған тауар алғанда туындайтын жаңа мүмкіндіктерді көрсету керек. /64,51/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет