Ибраева магрипа курманбековна



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата16.03.2020
өлшемі2,1 Mb.
#60229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
disser ibrayeva m


 
Авторлар 
Зерттеу тақырыбы 
Қорғау жылы 



Аксарина 
Н.М. 
Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу 
1981 
Гизатуллина 
Д. Х. 
Ерте онтогенезде танымдық функцияларды қалыптастыру  1984 
Ривальта Ф. 
Пәндік  іс-әрекеттер  арқылы  ерте  жастағы  балалардың 
мотивациясын қалыптастыру 
1985 
 
Герасимова 
Е. Н. 
Екі,  үш  жастағы  балаларда  өзін-өзі  қамтамасыз  ету 
бойынша жұмыс процестерін қалыптастыру. 
1990 
Уханева  
Е.В. 
Тепе-теңдік 
функциясын 
дамыту 
негізінде 
жас 
балалардың дене шынықтыруын ұйымдастыру 
2002 
Демиденко  
А. М. 
Ата-аналармен  өзара  әрекеттесу  негізінде  ерте  жастағы 
балалардың 
дене 
шынықтыру 
тәрбиесінің 
ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері 
2003 
Кайтанджян 
М. Г. 
Ерте  эстетикалық  даму  топтарындағы  балалардың 
педагогикалық 
диагностикасы: 
музыкалық 
және 
шығармашылық іс-әрекетте 
2004 
Рожков О.П. 
Ерте  жастағы  және  кіші  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың танымдық саласының даму ерекшеліктері 
2004 
БолуеваО.Ю.  Балалар үйіндегі балаларды ерте жастан дамыту 
2006 
Яфизова Р.И.  Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемесі  жағдайында  үш 
жастағы  балалармен  педагогикалық  өзара  әрекеттесу 
әлеуетін дамыту 
2006 
Искра Н. Н. 
Ерте жастағы балалардың эмоцияларын бер-әлпеттерінен 
тану. 
2006 
Милькевич  
О. А. 
Бала  өмірінің  алғашқы  жылда  дамуын  әлеуметтік-
педагогикалық қолдау 
2006 
Максимова 
Л.А. 
Ерте  жастағы  балалар  топтарында  эмоционалды  даму 
ортасын құрудың педагогикалық шарттары 
2007 

20 
 
1 – кестенің  жалғасы 
 



Паршукова  
С. В. 
Ерте  жастағы  балаларды 
отбасылық 
қатынастар 
жағдайында 
әлеуметтік-психологиялық 
бейімдеуге 
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әсері (МДББҰ) 
2007 
Селина В. В. 
 
Мектеп  жасына  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  ерте 
жастағы 
балалар 
ата-аналарының 
педагогикалық 
құзыреттілігін дамыту 
2009 
 
Минулина 
Н. А. 
Ерте  жастағы  балаларға  арналған  қосымша  білім  беру 
мекемелерінде 
этнопедагогиканың 
тәрбиелік-
дамытушылық әлеуетін жүзеге асыру 
2009 
Куделина  
Е. М. 
Педагогикалық  колледж  студенттерін  ерте  жастағы 
балалармен жұмыс істеуге дайындау 
2009 
Меняйлова  
И. Н. 
 
Отбасының және мектепке дейінгі білім беру мекемесінің 
өзара  әрекеттестігі  негізінде  жасөспірімдердің  дене 
тәрбиесі арқылы қозғалуы және психикалық дамуы 
2009 
Орлянская   
Р. Р. 
Балалар  үйіндегі  ерте  жастағы  балалардың  сөйлеу 
белсенділігін дамытудың педагогикалық шарттары 
2010 
Хохрякова 
Ю. М. 
Ерте  жастағы  балаларға  сенсорлық  білім  беру 
технологиясы 
2010 
 
Володько 
Н.В. 
Балаларды 
дамыту 
орталығының 
психологиялық-
педагогикалық 
кеңістігін 
ұйымдастырудың 
психологиялық шарттары 
2010 
Королева 
С.В. 
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ерте жастағы 
балаларды  әлеуметтік  бейімдеу  үрдісін  әлеуметтік-
педагогикалық жобалау 
2011 
Хилиль А.Ю.  Дидактикалық  ойын 2-3 жастағы балалардың  музыкалық 
және эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру құралы 
ретінде 
2011 
Кузнецова  
Г. Н. 
Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  қысқа 
мерзімді  демалыс  тобында  ерте  жастағы  балаларды 
әлеуметтік дамытуды педагогикалық қолдау 
2012 
Горлова О.А.  Ерте  жастағы  балалардың  коммуникативті  және  сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыру 
2012 
 
Гореликова 
Г.А. 
Балаларды 
дамыту 
орталығы 
мұғалімдерінің 
инновациялық  іс-әрекетін  басқаруды  ұйымдастырудың 
педагогикалық шарттары 
2013 
Короткова 
Т.В. 
Ерте  даму  студиясында  ата-аналар  мен  балалардың 
бірлескен 
шығармашылық 
белсенділігін 
ұйымдастырудың педагогикалық шарттары 
2013 
 
Н.М.Аксарина  ерте  жастағы  баланың  дамуы  ерекшеліктері  негізінде  бір 
жасқа  толғанда  алғашқы  бір  сөзді  толық  айта  алатын  бала  3  жасқа 
толғандақұрмалас сөйлем құрастырып айтатын болады, сөздік қоры 1200-1300 
сөзге дейін жететіндігін айтады. Сондай-ақ, ол осы жас аралығында балалардың 
«нерв  жүйелері  тез  шаршайды,  шыдамсыз,  төзімсіз  болады.  1  жасқа  толған 
балады  ойлау  қабілеті  дами  бастайды.  Жинақтап  қорыту  қабілеті  дамиды. 
Қабылдау  жоғары  дәрежесіне  жетеді.  Заттарды  айыра  алады.  Жеке 

21 
 
әрекеттер жасайды, оларды бірте бірте байланыстыра бастайды (1жас 4 ай 
– 1 жас 5 ай). Затпен ойнау 2 жасар баланың негізгі қызметі. 2,5-3 жас бейнелеу 
іс-әрекеті пайда болады. Алғашқы 3 жасында балалардың өсіп-дамуы тез өтеді» 
деп негіздейді [18, б. 48]. 
Осы  айтылғандар  негізінде  ол  1-3  жас  аралығындағы  балалардың 
тәрбиесінде  басым  назар  аудару  керек  тұстарын  айтады:    «Баланың  жеке 
қимыл-әрекетін арнайы жолға қоюды дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде оның әр 
нәрсеге  көз  тоқтатып,  көңіл  бөлуін  тұрақтандыруға,  тілі  шығуын  ертерек 
жетілдіруге болады. Толық жарамды сенсорлық дамуды қамтамасыз ету, ақыл-
ойлылыққа тәрбиелеу, байқағыштық қабілетін дамыту, көңіл қою, есте сақтауға 
тәрбиелеу,  сөйлеуін,  есту  қабілетін  дамыту,–3  жасқа  дейінгі  балалар 
тәрбиесіндегі ең маңызды міндеттердің бірі.»[18, б. 145]. 
1-кестеден  көрініп  тұрғандай  жақын  шет  елдерде  ерте  жастағы 
балалардың  дамуы  мәселесі  бұрыннан  қарастырылып  келгенмен,  өткен 
ғасырдың  80-нші  жылдарынан  бастап,    оны  әр  түрлі  медицина,  психология, 
педагогика  ғылымдары    саласынан    арнайы  зерттеуге  басым  көңіл  бөлінген. 
Осы еңбектерде  ерте жастағы балалардың физиологиялық, психикалық дамуы 
ерекшеліктері,  ерте  дамыту  орталықтары  мен  қосымша  білім  беру 
мекемелерінде олардың сөйлеуін қалыптастыру, эмоциялық аясын,  танымдық 
аясын  дамыту,  эстетикалық  тәрбие  беру,  осы  жастағы  балаларды  дамыту  мен 
тәрбиелеуде  инновациялық  әдістерді  қолдану,  балалардың  өзара  және  ата-
аналарымен  әрекеттестігі,  сенсорлық  дамыту  және  оларды  тәрбиелеуге  
болашақ  мамандарды  тәрбиелеу    мәселелері  қарастырылған.  Атап  айтқанда, 
М.П.Малиновскаяерте  жастағы  балаларды  қосымша  білім  беру  мекемелерінде 
тәрбиелеудің  педагогикалық  шарттарын  анықтаған  болса,  [19],  Т.В.Брагина 
ерте  жастағы  балаларды  отбасында  тәрбиелеуді  [20],  Ш.А.Абдуллаева  ерте 
жастағы  балаларды  сенсорлық  дамытуды  негіздеген    [21].  М.Г.Сорокова 
реформаторлық педагогика үлгісіндегі Монтессори жүйесін жасаған [22]. 
Қазақстандық  ғалымдардың  баланы  ерте  жастан  дамыту  мәселесіне  
арнаған  еңбектерін  анықтау  мақсатында  біз  зерттеу  барысында  мектепке 
дейінгі  оқыту  мен  тәрбие  мәселесі  қарастырылған  отандық  ғалымдардың 
зерттеулеріне талдау жасап, оларды жүйеледік, кестеге түсірдік (қосымша А) 
Талдау нәтижесінде  отандық ғалымдардың мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқыту  саласындағы  зерттеу  жұмыстарын  12  бағытта  топтап 
қарастырдық:  
1.Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  даму  тарихы    (Батибаева  С.Ғ., 
Храпченкова  Н.И.,  Михалькова  О.А.,  Кайбульдаева  Г.А.,  Елкеева  А.Б.  және 
т.б.) [23-27]; 
2.Мектепке  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуға  болашақ 
мамандарды  даярлау  (Мирза  Н.В.,  Бупебаева  Р.Т.,  Балабаева  А.И.,  Белгібаева 
Г.Қ., Арзанбаева Б.О.) [28-32]; 
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепалды даярлығы  (Таубаева Г. З., 
Мовкебаева З.А., Рысбекова Ж. К., Никитин В. Я.) [33-36]; 

22 
 
4.Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  отбасында  тәрбиелеу  (Сейсембаев  К., 
Ауталипова У.И., Капенова А.Ә., Шужебаева А.И.) [37-40]; 
5.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін қалыптастыру (Баймұратова 
Б.Б.,  Меңдаяхова  Қ.,  Метербаева    К.  М.,  Ханина  Н.  Н.,  Атыманова  К.Ж., 
Бақреденова А.Б., Наубаева Х.Т., Аубакирова Ж.К.) [41-48]; 
6.Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  математикалық  қызығушылығын 
қалыптастыру (Сыздық Р.М., Леушина А.М., Пустовалова Н.И.) [49-51]; 
7.Мектепке дейінгі балалардың қоршаған ортаға қатынасын қалыптастыру 
(Бадел А., Салиева А. Ж., Керимбаева Р. К., Манкеш А.Е., Сайлауова Н. С.) [52-
56]; 
8.Мектепке  дейінгі  балалар  тәрбиесінде  қазақ  халық  педагогикасы 
материалдарын  пайдалану  (Құлжанова  Н.,  Әбдіғапбарова  Ұ.М.,  Жұмабекова 
Ф.Н.,  Акпарова  Ж.М.,  Маженова  Р.Б.,  Сапарбаева  Ш.С.,  Амирова  А.С., 
Нұрмұхаметова  Р.Ә.,  Абаева  Г.А.,  Төленова  Ұ.  Т.,  Оразаева  Г.С.,  Мендалиев 
Б.М., Иманбеков Т.) [57-69]; 
9.Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  еңбекке  баулудың  теориясы  мен 
әдістемесі (Меңжанова А., Жиенбаева С.Н.) [70,71]; 
10.Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  белсенділігін,  шығармашылығын  
дамыту  (Дәрібаева  С.Қ.,  Муханбетчина  А.Г.,  Бердибаева  С.К.,  Жумадиллаева 
О.А., Мырзатаева Б.П., Күребаева Г.А.) [72-77]; 
11.Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологияларды пайдалану (Лихачева 
Е.Н.,  Баймуратова    А.Т.,  Искакова  А.Т.,  Касымова  Г.М.,  Тукеев  С.А., 
Баримбеков Н.Ж.) [78-83]; 
12.Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық, психикалық дамуы 
мәселелері (Ли Е.П., Унарбекова  Н.Д., Ерепбаев Н.К., Абишева Э.Д.) [84-87]. 
Осы  талдаулар  бізге  республикада  балаларды  ерте  жастан  дамыту 
мәселесінің 
толық 
зерттеле 
қоймағандығын, 
тіпті 
ондай 
еңбектердің(Н.Құлжанова, 
Б.Б.Баймұратова, 
М.З.Лексина,  Р.Б.Каримова 
еңбектерін қоспағанда) [57; 85, б. 88-90]жоқтың қасы екендігін көрсетті. 
Н.Құлжанованың  зерттеуінде  балалардың  қол  еңбегін  ұйымдастыру, 
оларды  қазақтың  қолданбалы  қолөнеріне,  матадан  ою-өрнектер  қиюды  үйрету 
қарастырылған    болса,  Б.Баймұратова  3-4  жастағы  балалардың  сөздік  қорын 
дамыту  мәселесін  зерттеген,  М.З.Лексина  шала  туылған  балалардың  дамуын  
зерделесе,  Р.Б.Каримова  нейрофизиологиялық  дамуы  бұзылған  балаларды, 
алдын ала ерте жасынан түзету жолдарын негіздеген.  
Ал,    қазақ  халық  шығармашылығы  түрлерін  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың тәрбие құралы тұрғысынан қарастырған еңбектер баршылық. Бірақ 
оларда,  біріншіден  қазақ  халық  шығармашылығының  бір  түрі  ғана  (ұлттық 
ойын,  немесе  ауызекі  фольклор,  яки  сәндік-қолданбалы  өнер)  қарастырылып, 
екіншіден  балаларды  осы  құралдар  арқылы  қоршаған  ортамен  таныстыру, 
адамгершілікке  тәрбиелеу,    эстетикалық  тәрбие  беру,  денесін  шынықтыру 
мәселелері зерттелген, үшіншідензерттеу объектісіне 5-7 жастағыбалаларды  

23 
 
Кесте 2 – Қазақстандық ғалымдардың біздің зерттеуімізге жақын келетін еңбектері 
 
Ерте жа
ст
ағы б
ала
 тәрб
ие
і 
 
Автор 
Еңбектің атауы 
Мект
еп
ке
 де
йін
гі б
ала
ла
ртәрби
ес
ін
де
 тан
ым
дық б
елс
ен
діл
ік
 қ
ара
ст
ыры
луы
 
Автор 
Еңбектің атауы 
Мект
еп
ке
 де
йін
гі б
ала
ла
р т
әрби
ес
ін
де
 ха
лық 
шыға
рм
ашыл
ығы
н п
ай
да
ла
ну
 
Автор 
Еңбектің атауы 
Лексина 
М.З.  
Развитие 
недоношенных детей 
раннего периода жизни 
воспитывавщихся в 
разных условиях 
Бердибаева 
С.К. 
 
5-8 жастағы балалардың 
зияткерлік белсенділігін 
бастапқы физикалық 
көріністерді жоспарлы 
қалыптастыру негізінде 
дамыту 
Құлжанова Н 
 
Жұмабекова Ф. 
Н.  
Балалардың қол еңбегін 
ұйымдастыру, қазақтың 
қолданбалы қол өнері 
көркемдік талғамын 
қалыптастыру 
Баймұр
атова Б.  
Сәбилердің сөздік 
қорымен сөз игеру 
ерекшеліктері 
Асылханова  
М.А.  
Танымдық іс-әрекет 
мектепке бейімделудің 
басты факторы 
Иманбеков Т. 
Төленова Ұ. 
Оразаева Г. С. 
Мендалиев Б.  
Мектеп жасына дейінгі 
балаларды  тәрбиелеуде 
ұлттық ойындарды 
пайдалану (5-7 жас) 
Каримо
ва Р.Б.  
Особенности психо-
нейрофизиологических 
нарушений у детей 
раннего возраста и пути 
коррекционного 
воздействия 
Жумадиллаева 
О.А.  
 
Мектепке дейінгі 
жастағы балалардың 
шығармашылық 
дарындылығын 
дамытудың психол.-
педагогикалық 
ерекшеліктері 
Акпарова Ж.М. 
 
Мектепке дейінгі жастағы 
балалардың қазақ халық 
музыкалық 
шығармашылығына деген 
қызығушылығын 
қалыптастыру  
Баймур
атова 
А.Т.  
Научно-теоретические 
основы построения 
лекотеки в системе 
развивающего обучения 
детей раннего и 
дошкольного возраста 
Мырзатаева  
Б. П.  
Этникалық 
өзін-өзі 
танудың  психологиялық 
ерекшеліктері  
(6-7 ж.астағы қазақ 
балаларының тәрбиелік 
белсенділігінің үлгісі 
бойынша) 
Бадел А. 
 
Қазақ этнопедагогикасы 
негізінде мектеп жасына 
дейінгі балалардың 
дүниетанымын 
қалыптастыру 
 
 
 
 
Нүрмұхаметова 
Р.Ә. 
Қазақ фольклорын 
пайдалану арқылы мектеп 
жасына дейінгі балаларға 
эстети-калық тәрбие береу 
(5-7 жас) 

24 
 
оқыту  мен  тәрбиелеу  алынған.    Мектепке  дейінгі  балалардың  тәрбиесінде 
танымдық  белсенділік  мәселесі  арнайы  зерттелмесе  де,  балалардың 
зияткерлігін,  шығармашылығын  дамыту  мәселелері  ғалымдар  еңбектерінде 
көрініс тапқан (кесте 2-ден көруге болады).   
Осы  айтылып  өткендер  отандық  ғылымда  баланы  ерте  жастан  тәрбиелеу, 
соның  ішінде  олардың  танымдық  белсенділігін  дамыту  мәселесінің  арнайы 
зерттеу пәні болмағандығын көрсетті.  
Жалпы  республикада  баланы  ерте  жастан  дамыту  мәселесінің 
қарастырылуы  ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарда  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы  жарық  көргеннен  кейін  қарқынды  қолға  алына 
бастады.  Бағдарламада    «таяу  уақытта  туғаннан  бастап  үш  жасқа  дейінгі 
балаларды ерте жастан дамыту жүйесін құруға құруға көп көңіл бөлінетіндігі» 
атап көрсетілген [91]. 
Сондықтан  бір  жағынан,  ерте  жастан  дамыту  проблемасының 
республикада  алғаш  зерттеу  пәні  болып  отырғандықтан,  екінші  жағынан 
«баланы  ерте  жастан  дамыту»  ұғымының  мәнін  анықтау  барысында  ерте 
жастағы  баланың  жас  ерекшелігі  кезеңдері  мәселесі  қарастырылған  ғылыми 
зерттеулер мен әдебиеттерге, сөздіктерге, мемлекеттік бағдарламаларға  талдау 
жасалды (кесте 3).  
Осы  талдау    әртүрлі  кезеңдерде  баланың  жас  ерекшелігін    айқындауға 
байланысты  көп  талқылаулар,  зерттеулер  бар  екендігін,  дейтұрғанмен  күні 
бүгінге  дейін  ғалымдар  адам  дамуының  жас  кезеңдері  мәселесінде  бірыңғай 
пікірге  келмегендігі  байқалды.  Солардың  арасынан  біз,  қазіргі  ғылымда 
қызығушылық  тудыратын  ең  көп  таралған  балалық  кезең  жіктемелеріне 
тоқталып  өткенді  жөн  көрдік.  Осы  тұста  айта  кететін  жәйт,  ұсынылған 
диссертацияда ғалымдардың және сөздіктердегі адам дамуының жас кезеңдері 
жіктемелері  мазмұнынан  (балалықтан  кәрілікке  дейін  берілгендіктен) 
барынша тек ерте жас аралығын ғана бөліп алып талдауға тырыстық.  
Жоғарыда  көрсетілген  Л.Аберти,  Ф.Барбаро,  М.Пальмиери  ерте  жастағы 
балаларды қабылдау сезімінің дамуына қарай екіге бөледі: 1) нәрестелік кезең – 
бұл  сөйлеу  және  жүре  бастағанға  дейінгі  бала  өмірінің  кезеңі;  2)  нәрестелік 
кезінен  бастап  шамамен  7  жасқа  дейін  –  баланың  түрлі  ғылымдарды 
қабылдауға дайын болуы кезеңі [9]. Демек, италияндық гуманистер баланың 1 
жастан  бастап  танымдық  қабілеттерін,  белсенділіктерін  дамыту  қажеттігін 
жоққа шығармайды.  
Ал,  Дж.Биррен  бірінші  кезең  –  сәбилік,  2  жасқа  дейін;  екінші  кезең  –
мектепалды жасы 2 жастан 5 жасқа дейін деп жіктейді . 
Дж.Биррен  жіктемесінің  кемшілігін  Б.Г.Ананьев,  жіктеудің  бірыңғай 
қағидасын  ұстанбауында екендігін айтады. Өйткені, екінші кезеңді – мектепке 
дейінгі  жасты  бөлуде  жас  ерекшелігінің  әлеуметтік-педагогикалық  белгілерге 
сәйкес  келмейтіндігін  көрсетеді.  Дегенмен,  осы  кезеңде  баланың  психикасын 
дамытудағы қажеттілік пен маңыздылыққа баса назар аударылғанын атап өтеді 
[92]. 
 

25 
 
Кесте  3    –  Бағдарлама,  сөздіктердегі    және  ғалымдардың  еңбектеріндегі  ерте 
жастағы балалардың  жас аралығының жіктемесі 
 
Бағдарлама, сөздік 
атауы; 
автордың аты-жөні 
Жас кезеңдер жіктемесі 


Э.Геккель 
онтогенетикалық дамуына қарай: 
Перинаталды-құрсақтағы кезең: 

эмбрионалды даму (эмбрион) – 1,5-2 айға дейін ұрықтың 
қалыптасуы; 

плацентарлы даму (ұрық) – 3-10 ай, ұрықтың өсуі. 
Босанғаннан кейінгі кезең:ерте;жетілген;соңғы 
 
Б.Ц.Урланис 
қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуына қарай:  
1) жұмысқа дейінгі кезең  
-  ясли жасы – үш жасқа дейін  
-  балабақша жасы – 3-6 жас  
Э.Эриксон 
әлеуметтік-психологиялық дамуына қарай: 

сәбилік шақ (туғаннан 1 жасқа дейін) 

ерте балалық шақ (1-3 жас) 

ойын жасы, мектепке дейін (4-6-7 жас) 
Д.Бромлей 1966 
жалпы дамуына қарай: құрсақтық кезең, 
балалық щақ кезең: 

Сәбилік шақ (туғаннан 18 айға дейін) 

Мектепке дейінгі балалық шақ (18 ай – 5 жас) 
П.П.Блонский 
тістің пайда болуына қарай: 

тіссіз балалық (8 айдан 2-2,5 жас),  

сүт тісі кезіндегі балалық (2-2,5 жастан 6,5 жас) 
Л.С.Выготский 
тұрақты және дағдарыстағы дамуы кезеңдеріне қарай: 

туған кездегі дағдарыс (2 айға дейін) 

сәбилік шақтағы дағдарыс (1жасқа дейін) 
1 жастағы дағдарыс 

ерте балалық шақ (1-3 жас) 
3 жастағы дағдарыс 
 
Д.Б.Эльконин 
өмір сүруіне қарай:  ерте балалық шақ 
   - Нәрестелік шақ (0-1 жас) 
   - Ерте балалық шақ (1-3 жас) 
 
Я.А.Коменский 
тәрбиелеу оқытуға қарай: 
Бірінші кезең: 
1) 
баланың  туғанынан  6  жасқа  дейінгі  кезеңінде  әрбір 
отбасында – «Ана мектебі»... 
 
К.Қожахметова 
психологиялық  және  физиологиялық  даму  ерекшеліктеріне 
байланысты: 
- туылғаннан 1 жасқа дейін – «нәресте»,  
- 1-ден 7 жасқа дейін – «сәби», 
қазақ халқының мал шаруашылығымен байланысты: 
 

26 
 
3 – кестенің  жалғасы 
 


Қ.Шалғынбаева 
еңбек етуге икемділігіне қарай 
балбөбектік (1-6 жас); 
С.Ғаббасов 
...адам 
физиологиясының 
кезеңдері 
мен 
халық 
педагогикасыныңнегіздеріне  қарай:  тән  құрылысы  -  жан  дүниесі;  ұрық 
тазалығы – тек, тұқым қуалау; ана құрсағындағы тоғыз ай – түйсік, ішкі 
сезім,  жүрек  тәрбиесі;  нәресте  кезеңі  –  бесік  жыры,  ақыл  тәрбиесі; 
балбөбек кезеңі – тіл, ой, зерде; сәбилік кезең – табиғатқа сүйсіну, таңдау;  
Ұ.М.Әбдіғапбарова 
қолөнерін үйренуіне қарай: 
1. 1-6 жас  – көріп-білу, байқау кезеңі; 
М.Құрсабаев 
«Атамекен» 
бағдарламасында 
халықтық педагогика негіздеріне қарай: 
1) Ана құрсағындағы кезең; 2) сәбидің дүниеге келуі (1-12 ай); 3) 
Сәбилік кезең (1-3 жас);  
Демографиялық 
энциклопедиялық 
сөздік 
өмір кезеңдеріне қарай: 

1-10 күн – жаңа туған нәресте 

10 күн-1жыл – омыраудағы балалар 

1-3 жас – ерте балалық шақ 
Мәскеуде  (1965  ж.) 
ССРО  Педагогикалық 
ғылымдар 
Академиясының 
симпозиумында 

Жаңа туған нәресте 10 күнге дейін. 

Омыраудағы жас 10 күн – 1 жыл. 

Ерте балалық шақ 1–2 жас. 

Балалық шақтың бірінші кезеңі 3–7 жас 
Қазақстан 
Республикасында 
білім беруді 
дамытудың 2011 – 
2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік 
бағдарламасы 
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін) 
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін); 
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін); 
 
Жалпыға міндетті 
мемлекеттік білім 
беру стандарты (2012) 
Ерте жас –туғаннан 3 жасқа дейінгі кезең: 
-  нәресте-туғаннан1 жасқа дейінгі кезең 
-  сәби-1-3жас 
Жалпыға міндетті 
мемлекеттік білім 
беру стандарты (2016 
мамыр) 
Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін: 
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ); 
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);  
 
«Алғашқы қадам» 
бағдарламасы 
Балалардыңденежәнепсихологиялықдамуына қарай: 
1) 
Бөбекжасы–1жастан3жасқадейін: 
ертежас–1жастан2жасқадейін(ертежастағытоп); 
кішіжас–2жастан3жасқадейін(біріншікішітоп); 
 
Педагогикалық 
энциклопедиялық 
сөздік  
туғаннан 6 жасқа дейін 
- кіші жастағы балалар 
 
 
 
 

27 
 
Біздің  зерттеуіміз  үшін  қызығушылық  тудыратын  баланың  зияткерлік 
дамуына  әсер  ететін  Ж.Пиаженің  жіктемесі:  1-кезең  –  сенсомоторлық  зият 
(алғашқы кезеңдері: өз денесіне бағыну және тәжірибелік зиятты объективтеу); 
2-кезең  –  репрезентативті  зият  және  арнайы  операциялар  (алғашқы  кезеңдері: 
алдын ала операциялық зият және нақты операциялар) [93]. 
Пиаже әр адам белгілі бір сатылардан өтіп, оларды жаңа деңгейге көтеріп, 
келесі  қадамдарға  шығады  деген  қорытынды  жасайды.  Бірақ  бұл  жіктемеде, 
біздіңше баланың үздіксіз дамуы есепке алынбағандығы байқалады.  
Д.Бромлей жіктемесінде адам дамуының бес циклін көрсеткен: құрсақтық, 
балалық, жастық, ересектік, кәрілік. Айта кету керек,  автор баланың ақыл-ой 
дамуында  құрсақтық  циклге  мән  беріп,  оны  төрт  сатыға  бөліп  ерекше 
анықтайды:  ұрықтану;  эмбрион;  тұқым;  дүниеге  келу  сәті.  Д.Бромлей 
топтамасында бізге қызығушылық тудыратыны, балалық кезеңі. Ол «балалық» 
кезеңін  үш  сатыға  бөледі:  сәбилік  шақ  (туғаннан  18  айға  дейін);  мектепке 
дейінгі балалық шақ (18 ай – 5 жас); мектептегі ерте балалық шақ (5-11-13 жас) 
[94]. 
Онтогенез  ұғымын  1886  жылы  Э.Геккель  енгізген.  Ол  баланың 
онтогенездік  дамуына  байланысты  екі  маңызды  кезеңді  атап  өтеді: 
перинаталды-құрсақтағы  (жатырда  пайда  болғаннан  дүниеге  келгенге  дейінгі) 
кезең;  босанғаннан  кейінгі-құрсақтан  кейінгі  (адамның  дүниеге  келгенінен 
өмірден  кеткенге  дейінгі)  кезең.  Перинаталды-құрсақтағы  кезеңнің  бөлінуі: 
эмбрионалды  даму  (эмбрион)  –  1,5-2  айға  дейін  ұрықтың  қалыптасу  кезеңі; 
плацентарлы  даму  (ұрық)  – 3-10 ай, ұрықтың өсу  кезеңі.  Баланың  тез өсуімен 
және дамуы, анасының ағзасы арқылы қоректенуімен сипатталады, сондықтан 
жүктілік кезеңіндегі анасының созылмалы науқасы, оның тамақтану ерекшелігі, 
психикалық  және  физикалық  ауыртпашылығы  болашақ  баланың  дамуына 
маңызды  әсер  етеді.  Босанғаннан  кейінгі  кезеңдегі  сатылар:  ерте;  жетілген; 
соңғы.  Дүниеге  енді  ғана  келген  адам  ересек  адамнан  бірнеше  сапалық 
ерекшеліктерімен  өзгешеленеді,  оның  қарапайым  кішірейген  көшірмесі  ғана 
болып есептелмейді. Дамып келе жатқан баланың ересектердің деңгейіне жету 
уақыты ағзаның негізгі физиологиялық көрсеткіштерін ескергенде 16-20 жылды 
құрайды. Онтогенез процесінде жеке ағзалар мен жүйелер бірте-бірте жетіледі 
және  өзінің  дамуын  әртүрлі  кезеңде  аяқтайды.  Бұл  әртүрлі  жастағы  балалар 
ағзасының жұмыс істеу ерекшеліктерінің пісіп-жетілуін негіздейді [95]. 
Құрсақтағы кезеңде ағза мен тіндер қаланады, олардың саралануы жүреді. 
Босанғаннан  кейінгі  кезеңдегі  онтогенезде  ағза  мен  жүйенің  пісіп-жетілуі 
әртүрлі  жастағы  балалар  ағзасы  қызметінің  мүмкіндіктерін,  оның  сыртқы 
ортамен өзара байланысының ерекшеліктерін анықтайды.  
Баланы ана құрсағынан дамыту пікірін қазақстандық ғалым С.Ғаббасов та 
қолдап, негіздеген. Ол  адам дамуының  жас  ерекшелігін  адам физиологиясының 
кезеңдері мен халық педагогикасыныңнегіздеріне қарай бөледі: тән құрылысы - жан 
дүниесі; ұрық тазалығы – тек, тұқым қуалау; ана құрсағындағы тоғыз ай – түйсік, 
ішкі  сезім,  жүрек  тәрбиесі;  нәресте  кезеңі  –  бесік  жыры,  ақыл  тәрбиесі;  балбөбек 
кезеңі – тіл, ой, зерде; сәбилік кезең – табиғатқа сүйсіну, таңдау; балиғат кезеңі – 

28 
 
білім және логика; кәмелет кезеңі – орта білім сана. Соның ішінде ұрық тазалығына, 
ана құрсағындағы тәрбиеге аса мән береді [96]. 
Осындай ой М.Құрсабаевтың  ұлттық тәрбие құндылықтарына негізделген 
«Атамекен»  бағдарламасында  да  тұжырымдалған.  Ол    балалар  жас 
ерекшеліктерін  мынадай  кезеңдерге  бөліп  қарастырған:  1)  Ана  құрсағындағы 
кезең;  2)  сәбидің  дүниеге  келуі  (1-12  ай);  3)  Сәбилік  кезең  (1-3  жас)...  Автор 
тәрбие жұмыстарының бағыттары мен мазмұнын осы кезеңдерге сәйкестендіріп 
ұсынған.  Соның  негізінде  тілін,  дінін,  салт-дәстүрін  меңгерген  жеке  тұлғаны 
тәрбиелеп шығару мүмкіндігін айтады [97].  
  Ал.  П.П.Блонский    балалардың    жас  ерекшелігін  тістің  пайда  болуымен 
байланыстырады. Ол балалық шақты үш кезеңге бөледі:  
- тіссіз балалық (8 айдан 2-2,5 жас),  
- сүт тісі кезіндегі балалық (2-2,5 жастан 6,5 жас),  
- тұрақты тістер кезіндегі балалық [98]. 
Анри Уолло балалардың онтогенетикалық дамуына қарай жас шекарасын  
7 кезеңге бөліп көрсетеді: 
1) импульсивті кезең «6 айға дейін); 
2)  эмоционалды  кезең  (6  айдан  10  айға  дейінгі  кезең)  –  эмоцияның 
жинақталуы; 
3)  сенсомоторлық  кезең  (10  айдан  14  айға  дейінгі  кезең)  –  тәжірибелік 
ойлаудың қалыптасуы; 
4)  жобалау  кезеңі  (14  айдан  3  жасқа  дейінгі  кезең)  зерттеушілік 
белсенділіктің қалыптасуы; 
5) жеке-даралық кезең (3 жастан 6 жасқа дейін) – «Меннің» қалыптасуы; 
6) оқу кезеңі (6 жастан 12-14 жас) – объективті жетістік; 
7) жыныстық жетілу кезеңі 14 жастан бастап) – өзіндік «Мен» көзқарасына 
бағытталуы мен өзіндік ойлау қабілетінің қалыптасуы [99]. 
Л.С.Выготскийбалалардың даму сатысын тұрақты және дағдарыс кезеңіне 
қарай  бөледі: бір жылдық дағдарыспен аяқталатын дүниеге келер алдындағы 
кезең;  үш  жылдық  дағдарыспен  аяқталатын  ерте  балалық  шақтағы  кезең; 
жеті  жасқа  дейінгі  дағдарыстан  тұратын  мектеп  жасына  дейінгі  кезең. 
Тұрақты  кезеңде  балада  сырттай  ешқандай  елеулі  өзгерістер  болмайды,  ұзақ 
уақытқа  созылатын  даму  бірте-бірте  жүреді.  Дағдарыс  кезеңінде  қоршаған 
ортадағы  шынайы  заттармен  қақтығысқа,  барлық  мүмкіндіктерге  қарсылық 
білдіруге негізделген дамуда елеулі секіріс болады. 
Л.С.Выготскийдің  тұжырымдауынша  тұрақты  және  дағдарыстағы  дамуы 
кезеңдері:  туған  кездегі  дағдарыс  (2  айға  дейін);  сәбилік  шақтағы  дағдарыс 
(1жасқа  дейін);  1  жастағы  дағдарыс;  ерте  балалық  шақ  (1-3  жас);  3  жастағы 
дағдарыс; мектепке дейінгі жас (3-7 жас); 7 жастағы дағдарыс - мектеп жасы (7-
13 жас); 13 жастағы дағдарыс -жеткіншек жас (13-17 жас) 17 жастағы дағдарыс 
[100]. 
Д.Б.Эльконин баланың дамуын ерте жастағы балалық кезең, балалық кезең 
және  өсу  кезеңі  деп  үшке  бөледі.  Әр  кезең  баланың  іс-әрекетінің  жетекші 
түрімен байланысты екі кезеңмен алмасып отырады. Бірінші кезеңде «міндетті, 

29 
 
мотивті  және  адамдармен  қарым-қатынас  нормасын  басым  игеру  және  осы 
негізде  мотивациялық-қажетсіну  аясын  дамыту  жүреді»,  екіншіде  –  «қоғамда 
өндірілген  заттармен  әрекет  жасау  тәсілдерін  басым  игеру  және  осы  негізде 
балалардың  зияткерлік-танымдық  күшін,  олардың  операциялық-техникалық 
мүмкіндіктерін қалыптастыру жүреді». 
Элькониннің  жүйесі бойынша  жас ерекшелік аралығы: Ерте балалық шақ 
-    нәрестелік  шақ  (0-1  жас);  ерте  балалық  шақ  (1-3  жас);  Балалық  -  мектепке 
дейінгі  жас  (3-7  жас);  кіші  мектеп  жасы  (7-11/12  жас);  Жеткіншек    -   
жасөспірім  жасы  (11/12-15  жас);  ерте  жастық  шақ  (15  жасқа  дейін).  Ол  осы 
кезеңдер аралығындағы баланың даму өзгерістерін былайша сипаттайды:  

 
нәрестелік кезеңді қамтитын тікелей-эмоциялық қарым-қатынас; 

 
ерте жастағы балалықты қамтитын заттық-қимылдық кезең; 

 
мектеп  жасына  дейінгілер  үшін  іс-әрекеттің  жетекші  түрі  болып 
табылатын рөлдік ойындар [101]. 
Э.Эриксон адамның әлеуметтік-психикалық дамуын сегіз фазаға бөледі: 
- Сәбилік шақ (туғаннан 1 жасқа дейін) 
- Ерте балалық шақ (1-3 жас) 
- Ойын жасы, мектепке дейін (4-6-7 жас)... 
Бірінші  кезең  (туғаннан  бір  жасқа  дейінгі  кезең)  «базалық  сенім  базалық 
сенімсіздікке  қарсы».  Бұл  кезеңде  ана  мен  баланың  жағымды  қарым-
қатынасын қалыптастыру өте маңызды болып табылады. Егер анасы баланың 
қажеттілігіне сай сезімтал қамқорлық, сүйіспеншілік пен нәзіктік көрсетсе, бала 
өзінде барлығы ойдағыдай екенін сезінеді, ол өзімен өзі болады және баланың 
мінез-құлқы  басқа  адамдардың  күткеніне  сәйкес  келеді.  Сәби  әлемге  деген 
сенімді  сезінеді,  балада  елеулі  ауытқушылықтар  мен  аурушаңдыққа  әкеп 
соғатын өзгерістер болмайды. 
Бір  жастан  үш  жасқа  дейінгі  кезеңге  сәйкес  келетін  екінші  кезең  «ұялуға 
қарсы  автономия»  деген  атауға  ие  болды.  Баланың  тез  дамуы  оның  барынша 
дербес  болуына  мүмкіндік  береді.  Ата-аналар  баланы  жиі  бақылауға  алады, 
тыйым  салады,  шектеу  қояды.  Үнемі  тыйым  салу  балада  өзін  түкке  тұрғысыз 
сезімінің  пайда  болуына  негіз  болады.  «Шамадан  тыс  ұялта  беру  шынайы 
дұрыс  мінез-құлыққа  апармайды,  керісінше  жағдайдан  шығу  үшін  жасырын 
шешім қабылдауға, байқатпай кетуге қадам жасатады». Бала осы жастан бастап 
балалық  дөрекілігімен  қоғамның  назарын  аудара  бастайды.  Сондықтан 
ересектердің міндетіне баланы құрметтей білу және оны шамадан тыс еркелете 
бермеу  жатады.  Осы  жағдайда  ғана  бала  өмірде  әділдікті  сезіне  отырып  алға 
қарай  жүреді  және  қоғамның  толыққанды  мүшесі  ретінде«бастама  кінәні 
сезінуге қарсы» деп аталатын келесі кезеңге өтеді [102]. 
Кеңестер  Одағы  тұсында  Мәскеуде  (1965  ж.)  педагогикалық  ғылымдар 
Академиясының симпозиумында келесі жас кезеңдері қабылданды: 
- Жаңа туған нәресте 10 күнге дейін. 
- Омыраудағы бала 10 күн – 1 жас. 
- Ерте балалық шақ 1–2 жас. 
- Балалық шақтың бірінші кезеңі 3–7 жас. 

30 
 
- Балалық  шақтың  екінші  кезеңі  ер  балалар  үшін  8-12  жас,  қыз  балалар 
үшін 8-11 жас. 
Ал, 
көпшілікпен 
мақұлданып 
қабылданған 
демографиялық 
энциклопедиялық  сөздікте  адамның  өмірінің  кезеңдері,  соның  ішінде  балалық 
шақтың  (салыстырмалы  шектерін  ескере  отырып)  аралығы  төмендегідей 
берілген: 
- жаңа туған нәресте  – 1-10 күн  
- омыраудағы балалар – 10 күн-1жыл  
- ерте балалық шақ –1-3 жас  
- алғашқы балалық шақ – 4-7 жас [103]. 
Қазақ  халық  педагогикасында  және  отандық  ғалымдар  еңбектерінде  де 
балалардың жас ерекшелік аралығы қарастырылған. 
К.Қожахметова  өзінің  монографиялық  еңбегінде  халықтың  түсінігінде 
қалыптасқан жас ерекшеліктері кезеңінің үш тәсілін көрсетеді: 
Бірінші  тәсіл  адамның  психологиялық  және  физиологиялық  даму 
ерекшеліктеріне байланысты: 
- туылғаннан 1 жасқа дейін – «нәресте», 
- 1-ден 7 жасқа дейін – «сәби»... 
Екінші тәсіл, қазақ халқының мал шаруашылығымен байланысты: 
-  туғаннан  –  10  жасқа  дейін  –  «қозы  жасы»  (бұл  жаста  балалар  қозы 
баққан); 
Үшінші тәсіл, мүшел жасқа байланысты [104].  
Ал,  С.Қалиевтің  еңбегінде  қозы  жасы,  қой  жасы,  жылқы  жасы,  патша 
жасына мазмұндық сипаттама беріледі [105].  
Сондай-ақ, Қ.Шалғынбаева балалардың еңбек тәрбиесіндегі жас кезеңдері 
мәселесін жыныстық ерекшеліктеріне қарай жүйелеген: 
Ер балалардың жас кезеңдері: 
- балбөбектік (1-6 жас); 
- балиғаттық (7-15 жас); 
- бозбалалық – жетілген азамат (16-18 жас). 
Қыз балалардың жас кезеңдері: 
- балбөбектік (1-6 жас); 
- балиғаттық (7-15 жас); 
- бойжеткендік (16-18 жас) [106]. 
Ұ.М.Әбдіғапбарова қазақ халық педагогикасындағы балалар мен жастарды 
сәндік-қолданбалы өнерге үйретудегі жас кезеңдерін айқындаған:  
- 1-6 жас  – көріп-білу, байқау кезеңі; 
- 5-9 жас   қолөнерінің қарапайым жұмыстарына қатысу кезеңі; 
- 10-14 жас  – қолөнерінің негізгі жұмыстарына үйрену кезеңі; 
- 15-19 жас – қолөнерінің бір түрі бойынша мамандану кезеңі [107]. 
Сонымен, 
мектепке 
дейінгі 
балалардың 
жас 
ерекшеліктерін 
физиологиялық  және  психикалық  дамуына  қарай    топтастырған  ғалымдардың 
еңбектеріндегі, бағдарламалар  мен сөздіктердегі жіктемелерге жасаған талдау 
олардың  құрсақтық  –    туғанға  дейінгі  кезең  (Д.Бромлей,  С.Ғаббасов, 

31 
 
М.Құрсабаев  және  т.б.)  және  нәрестелік–  туғаннан  1  жасқа  дейін 
(Л.C.Выготский,  Д.Б.Эльконин,  Э.Эриксон),  1,5  жасқа  дейін  (Д.Бромлей),  2-
жасқа дейін (Г.Крайг), 3 жасқа дейін (В.Квинн.); ерте балаллық шақ туғаннан 2 
жасқа дейін (A.B.Петровский), 1-2 жас (JI.C.Выготский, Д.Б.Эльконин), 1-3 жас 
(B.C.Мухина, Э Эриксон),  1,5 – 5 жас (Д. Бромлей), 2-6 жас (Г.Крайг), 3-6 жас 
(В.Квинн),  мектепке  дейінгі  балалық  шақ  –  3-6  жас  (Л.С.Выготский, 
A.B.Петровский, Д.Б.Эльконин) кезеңдерін қамтитынын көрсетті.  
Қазақ  халық  педагогикасы  аясындағы  еңбектерде  ерте  балалық  шақ 
кезеңін  нәрестелік  –  1  жасқа  дейін  (К.Қожахметова),  сәбилік  1-3  жас 
(С.Ғаббасов,  М.Құрсабаев),  1-7  жас  (К.Қожахметова),  балбөбектік  –  1-6  жас 
(Қ.Шалғынбаева) деп қарастырылғаны байқалды.  
Жоғарыда  талдау  көрсеткендей,  ерте  балалық  шақ  кезеңі,  олардың  жас  
шекара  аралығының  бірыңғай  жүйеге  келмегендігін  көрсетті.  Балалардың  жас 
кезеңіне  берілген  теориялық  тұжырымдар    мен  жіктемелердің  алуан  түрлілігі, 
бірыңғай  пікірге  келмеуі      ерте  балалық  шақтың  әлі  де  зерттеле  түсу 
қажеттілігін көрсетеді.  
Осы жас аралық кезеңдерін ғана емес атауларын да зерттей түсу керектігін  
мемлекеттік  бағдарламалар  мен  құжаттарда  аталған  жас  кезеңі  аталуының 
біркелкі аталмауы да көрсетіп отыр.  
Қазақстан  Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік бағдарламасында баланың жас ерекшелік шекарасын: 
1) жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін); 
2) нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін); 
3)  ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін) деп көрсеткен [91, б. 123]. 
2012  жылғы  ҚР  МЖМБС-ндаерте  жас  –туғаннан  3  жасқа  дейінгі  кезең: 
нәресте-туғаннан1 жасқа дейінгі кезең, сәби-1-3жас деп көрсетсе,  2016 жылғы 
ҚР МЖМБС- бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:  ерте жас – 1 жастан 2 жасқа 
дейін (ерте жастағы топ);          кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші 
топ)  деп берілген [108]. 
Аталған мемлекеттік бағдарлама мен стандартта да баланың ерте жасы 1-3 
жас  аралығы  екендігін  нақты  көрсетеді.  Дейтұрғанмен,  олардың  бірінде  ерте 
сәбилік  шақ,  екіншісінді  сәби,  үшіншісінде  бөбек  деп  аталуы,  осы  мәселенің 
республикада  қолға  алынып,  кеңінен  талқыланып  жатқандығын,  оның 
атауларының  бір  ұғымға  келуі  үшін  бұл  мәселенің  зерттеле  түсуі  қажеттілігін 
дәлелдейді.  Осыған  байланысты    біз  диссертациялық  жұмысымызда  ерте 
жастағы  бала  деп  отырғанымыз,  мемлекеттік  құжаттардағы    сәби,  бөбек 
жас аралығы. 
Біз  де  ғалымдардың  баланың  үйлесімді  дамуының  негізі  үш  жасқа  дейін 
қаланады  деген  тұжырымдары  негізінде,  халықтық  педагогика  және  психолог 
ғалымдардың    (Л.Выготский,  Д.Эльконин,  Э.Эриксон  және  т.б.),  сондай-ақ 
аталған мемлекеттік бағдарламалар мен құжаттардағы   балалық шақ кезеңдері 
жіктемесіне  сүйене  отырып,  ерте  жас  аралығын  шартты  түрде  былайша 
бөлеміз:Ерте жас – туғаннан 3 жасқа дейінгі кезең:  
1) нәресте – туғаннан 1 жасқа дейін 

32 
 
2) сәби – 1- 3 жас 
Енді  анықтап  алған  жас  аралығындағы  баланың  қай  кезңінен  бастап 
танымдық  белсенділігін  дамытуға  баса  көңіл  бөлу  керектігін    анықтау  үшін 
олардың  физиологиялық  және  психикалық  даму  ерекшеліктері  туралы 
теориялар мен тұжырымдарға мән бердік. 
Аса  көрнекті  чехтың    ұлы  педагогы  Я.А.  Коменский  баланың    сезім 
ерекшеліктеріне  байланысты оқыту  системасын  құру  керектігін айтты. «Ұлы 
дидактика» еңбегінде мектепке дейінгі тәрбиенің жүйесін  жасады [109]. 
Ж.Ж.  Руссо  мектеп  жасына  дейінгі  психологиялық  ерекшеліктерін  толық 
ашып берді. Ол баланың ақыл ойының, ықылас-тілегінің өзіндік ерекшелігінің 
болатынын,  оларға  барлық  уақытта  бала  деп  қарауға  болмайтындығын,  кейде 
үлкендермен түрліше араласу баланың табиғи дамуына кері әсер етеді [110]. 
Г.  Песталоцци  баланың  жеке  басының  қалыптасуына  жанұяның  әсіресе 
ананың ролі зор деп бағалады. Ол танымның басталар сәті сезімді қабылдау деп 
есептеді,  әрбір  баланың  бойында  бақылау  мәдениетін  қалыптастыруды  талап 
етті [111]. 
Баланың  жеке  тұлғасының  белсенді  түрде  қалыптасуы  осы  жаста 
басталатыны  туралы  пікірлер  психологиялық-педагогикалық  әдебиетте  көптеп 
кездесетінін  айта  кеткен  жөн.  Баланың  ақыл-ой  және  психикалық  дамуының 
ерекшеліктерін зерттеген психологтар: П. П. Блонский, Л. С. Выготский, П. Я. 
Гальперин, А. В. Запорожец, П. Ф. Каптерев, А. Н. Леонтьев, Т. А. Маркова, B. 
C.  Мухина,  М.  И.  Лисина,  Л.  С.  Рубинштейн,  Е.  О.  Смирнова  және  т.б.  [112-
122]. 
Әсіресе  біздің  еңбегіміз  үшін  қызығушылық  тудырған  және  зерттеу 
барысында  негізге  алынған  В.С.Мухинаның  «Балалар  психологиясы»  еңбегі 
болды [123]. 
Осы  ғалымдардың  және  Л.А.Семчук,  А.И.Янчийдің  даму  психологиясы 
еңбегі негізінде ерте жастағы балалардың дамуы туралы ойлардың жинақталған 
түрі  кестемен  қосымшада  беріледі.  2-3-қосымшада  баланың  туғаннан  1  жасқа 
дейінгі  яғни,  нәрестелік  кезеңіндегі  психикалық  үдерістерінің  (моторика, 
қабылау,  есте  сақтау,  ойлау,  эмоциялық  қарым-қатынасы  )  дамуы  мен  оған 
ықпал ету мүмкіндіктерікөрсетілген. 4 қосымшада баланы 1-3 жас аралығында 
дамытудың жалпы сызбасы беріледі (зерттеу барысында ерте жастағы баланың 
дамуы бойынша берілген теориялық тұжырымдар негізге алынады).  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет