Ибраева магрипа курманбековна



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата16.03.2020
өлшемі2,1 Mb.
#60229
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
disser ibrayeva m



 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
 
 
 
ӘОЖ 373.22:398                                                                        Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
 
 
ИБРАЕВА МАГРИПА КУРМАНБЕКОВНА 
 
 
 
Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық 
шығармашылығы құралдарымен дамыту 
 
 
 
6D010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 
 
 
Философия докторы (PhD) 
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация 
 
 
 
Ғылыми кеңесші 
Абдигапбарова У.М. 
п.ғ.д, профессор 
Шет елдік кеңесші: 
Онищенко Э.В. 
п.ғ.д, профессор 
 
 
 
 
 
 
                                   Қазақстан Республикасы 
Алматы, 2017 


 
МАЗМҰНЫ 
 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР..................................................................3 
АНЫҚТАМАЛАР............................................................................................4 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТАУЛАР..................................................6 
КІРІСПЕ............................................................................................................7 
 
1  ЕРТЕ 
ЖАСТАҒЫ 
БАЛАЛАРДЫҢ 
ТАНЫМДЫҚ 
БЕЛСЕНДІЛІГІН 
ҚАЗАҚ 
ХАЛЫҚ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
ҚҰРАЛДАРЫМЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........17 
1.1  Ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін  дамытудың 
психологиялық-педагогикалық аспектілері..................................................17 
1.2  Ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін  қазақ  халық 
шығармашылығы құралдарымен дамытудың мәні......................................40 
1.3  Ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін  қазақ  халық 
шығармашылығы  құралдарымен  дамытудың  құрылымдық-мазмұндық 
моделі...............................................................................................................64 
 
2  ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ  ЖҰМЫСЫНЫҢ  МАЗМҰНЫ 
МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ....................................................................................86 
2.1  «Сәби танымы» кешенді бағдарламасының мазмұны.........................86 
2.2  Тәжірибелік-эксперимент  жұмысының  анықтау  және  қалыптастыру 
кезеңдері.........................................................................................................102 
2.3  Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері..........................129 
 
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................137 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................141 
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................153 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  нормативтік  құжаттарға  сілтемелер 
қолданылған: 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана. 27 шілде 
2007.  
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана. 30 тамыз,1995ж. 
Қазақстан  Республикасының  «Ғылым  туралы»  Заңы.  Астана  18  ақпан, 
2011. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы 
№1118  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы - Астана, 2016 ж. 1 наурыз, 
№205 Жарлық. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Рухани 
жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы – Астана, 12 сәуір 
2017 ж. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  – 
2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси амалы атты Қазақстан 
халқына Жолдауы (желтоқсан, 2012 ж.) 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан 
жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауы (17 қаңтар, 2014 ж) 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Үздік 
отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасы (20 мамыр, 2015 ж) 
Қазақстан  Республикасы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 ж., 2016 ж. 
Қазақстан 
Республикасында 
ерте 
жастағы 
балалар 
дамуының 
тұжырымдамалық негіздері «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ - Астана, 2014. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  терминдерге  сәйкес  анықтамалар 
қолданылған: 
Ауыз  әдебиеті  –  халық  шығармашылығының айрықша  саласы,  ауызша 
шығарылып,  ауызша  тараған  көркем-әдеби  туындылардың  жиынтық  атауы. 
Қазақ  халқының  мұндай  сөз  өнерін  ғалымдар  ауыз  әдебиеті  деп  атаған. 
Сонымен  бірге  ғылым  мен  мәдениетте  “халық  шығармашылығы”,  “халық 
поэзиясы”,  “халықтың  ауызша  сөз  өнері”  дейтін  атаулар  да  осыған  жақын 
мағынада  қолданылады.  1846  жылы  ағылшын  Вильям  Томс  ұсынған 
“фольклор”  (ағылшынша  lolk  –  халық,  lore  –  білім,  даналық)  сөзі  де  ауыз 
әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-
қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді.  
Бала – он сегiз жасқа /кәмелетке/ толмаған адам. Баланың заңды өкiлдерi-
ата-анасы,  бала  асырап  алушылар,  қорғаншысы,  қамқоршысы,  патронат 
тәрбиелеушiсi,  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  олардың 
орнында қамқорлық  жасайтын, бiлiм,  тәрбие  беретiн,  баланың  құқықтары  мен 
мүдделерiн қорғайтын адамдар. 
Белсендiлiк  -  әлеуметтiк  және  психикалық  белсендiлігiнiң  турi:  жеке 
адамның  белгiлi  бiр  iс-әрекетке  бағытталғандығының  қарқыны.  Тiршiлiк  және 
iс-әрекеттерi  барысында  адамның  қарым-қатынас  жасау,  таным  және  өзiн-өзi 
тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды. 
Ерте  жастағы  бала    –  ерте  жастық  шақ  кезеңі  - балаға жаңа  жетістіктер 
алып  келеді,  адамға  тән  психикалық  әрекеттердің  алғашқы  формалары 
қалыптасады.  Алғашқы  үш  жылда  бала  ұшыраған  сапалы  өзгерулер  өте 
маңызды,  сол  себепті  кейбір  психологтар  (мысалы,  Р.Зазза)  туылғанынан 
бастап  ересек  болуға  дейінгі  адамның  психикалық  даму  жолының  ортасы 
баланың үш жасы деп белгілейді. 
Ерте жастан дамыту – ерте даму дегеніміз – ол, өз баласының қабылетін 
(3  жасқа  дейін)  ертерек  және  тиімді  түрде  ашып  және  нығайтуға  арналған  іс-
әрекеттерінің бағдарламасы 
Қарым-қатынас  /общение/  -  субъектілердің  өзара  әрекеті,  онда 
рационалдық  және  эмоционалдық  ақпаратпен,  іс-әрекетпен,  тәжірибемен, 
біліммен,  іскерлік  пен  дағдымен,  іс-әрекет  нәтижесімен  алмасу  жүзеге 
асырылады. Жеке адамның және топтың дамуының қажетті шарты. 
Мектепке дейінгі педагогика баланы туғаннан бастап мектепке барғанға 
дейінгі тәрбиелеу мен дамыту туралы ғылым   
Ойын  –  адам  белсенділігінің  көрінісінің  формаларының  және  іс-әрекет 
түрлерінің  бірі.  Балалар  өзара  қатынастарын  ересектердің  әрекетін  және 
олардың өзара қатынастарын жаңғыртудың тәсілі, сөйтіп қоршаған шындықты 
таниды.  Ойынның  түрлері:  заттық,  ролдік,  символикалық,  сюжеттік, 
компьютерлік, т.б.. 
Таным  –  санада  объективті  дүниенің  психикалық  бейнеленуінің  және 
қабылдауының  процесі,  нәтижесі  ретінде  оның  мәні  туралы  жаңа  білім  б.т.; 


 
табиғаттың  және  қоғамның  заңдарын  ашуға  бағытталған  адамның  ерекше  іс-
әрекеті.  Арнайы  ұйымдастырылған  таным  оқу-тәрбие  процесінің  мәнін 
құрайды. 
Танымдық белсендiлiк – психикалық белсендiлiктiң түрi, қызығушылық, 
зейiн, бiлiмге құмарлық, шығармашылық формасында көрініс табады 
Ұлттық  мәдениет  –  материалдық  және  рухани  мәдениетке  бөлінеді,  ол 
қоғамдық сананың барлық түрлерiмен айналысады: құқық, мораль, саясат, дiн, 
ғылым, өнер, философия. 
Ұлттық  сезiм  –  қоршаған  айналаға  ерекше  қатынас  түрi,  халықтың 
қажеттiлiгiмен тығыз байланысты. 
Ұлттық  мiнез  –  белгiлi  ұлттық  тарихи,  экономикалық,  мәдени, 
тұрмыстық, табиғи ерекшелiктерiне негiзделген нақты категория. 
Ұлттық қатынас – бұл көп ұлтты және бір ұлттық қоғамдардың ішіндегі 
саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа да қатынастардық синтезі. 
Олар  әр  түрлі  деңгейде  көрініс  тауып,  дамиды  –  мемлекетаралық  және 
мемлекетшілік; ұлт ішінде және ұлтаралық, қоғамдық және жекелік. 
Ұлттық тәрбие – жалпыадамзаттықты ұлттық пен бірлікте ұштастыратын 
азаматтарды,  ұлт  мұшелерін  қалыптастыру:  мәдениет,  тілді  білуімен  қатар  ол 
қазіргі білімді де меңгеруі тиіс 
Халықтық  тәрбие  –  тәрбиелеу  аясындағы  өмір,  болмыс,  педагогикалық 
практика. 
Халық  педагогикасы  –  бұл  практика  жүзiнде  тексерiлген  және 
жинақталған  эмпирикалық  бiлiмдердiң,  iскерлiк  пен  дағдының  жиынтығы.  Ол 
халық бұқарасының тарихи және әлеуметтiк тәжiрибесiнiң өнімi ретiнде, көбiне 
ауызша  түрде  бiр  ұрпақтан  келесi  ұрпаққа  берiлiп  отырады.  Оның  мұрасы 
халық жасаған ертегiлерде, аңыздарда, мақал-мәтелдерде т.б. сақталады 
Ынта - адамның белгілі бір таңдаған іс-әрекетке бағытталғандығы. 
Ынталандыру  –  жағымды  әрекетті  ынталандыру  мақсатындағы 
тәрбиеленушіге педагогикалық әсер ету жолдары. 
Iс-әрекет - философиялық, социологиялық және психологиялық категория: 
бүкiл  қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдар  зерттейтiн  құбылыс;  адамның 
немесе  топтың  және  дүниенiң  өзара  әрекетi,  соның  процесiнде  адам  дүниенi 
және өзін-өзі саналы және мақсатты бағытталған түрде өзгертедi.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТАУЛАР 
 
ҚР –  Қазақстан Республикасы 
ҚР БжҒМ  – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 
ҚР  БжҒМ  БҒСБК  –  Қазақстан  Республикасы  білім  және  ғылым 
министрлігінің білім мен ғылым бақылау комитеті  
ҚР  МЖМБС    –    Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
білім беру стандарты  
МДҰ – Мектепке дейінгі ұйымдар 
МДБ – Мектепке дейінгі білім 
МЖДБ – Мектеп жасына дейінгі балалар  
ЕЖБД – Ерте жастағы балалардың дамуы 
БҰҰ –   Біріккен Ұлттар Ұйымы 
ЮНЕСКО  –    Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Білім,  Ғылым  және  Мәдениет 
жөніндегі Ұйымы  
ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры 
ЕДО – ерте дамыту орталығы 
ББ – бала бақша 
БТ – бақылау тобы 
ЭТ – эксперимент тобы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің  көкейкестілігі.    Қазақстанның  әлемдегі  озық  отыз  елдің 
қатарына  ену  мен    мемлекетте  бәсекеге  қабілетті,  интеллектуалды  ұлт 
қалыптастыру  қажеттілігі  жағдайында  қазіргі  үздіксіз  білім  беру  саласына, 
соның  ішінде    баланы  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  оқыту  мен  тәрбиелеу 
мәселесіне  аса  мән  беріліп  отырғаны  мәлім.  Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  амалы 
атты  Қазақстан халқына  Жолдауында  –  «Кішкентай  бүлдіршіндердің дамуына 
ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі 
білім  беруге  баса  назар  аударған  жөн.  Және  бұл  сатыны  олардың 
шығармашылық және интеллектуалдық, қабілеттерін дамытуға арналған тиімді 
бағдарламалармен  қамтамасыз  ету  қажет.  Әрбір  балалардың  білім  алуға, 
еңбекке  және  қоршаған  ортаға  бейімі,  қарым-қатынасы  нақ  осы  кезеңде 
қаланатынын естен шығармауымыз керектігі» - көрсетілген [1]. 
Сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды 
дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  –  
проблемалар  қатарындамемлекет  мектепке  дейінгі  дамудың  барлық 
кезеңдерінің ішінде туғаннан 3 жасқа дейінгі балаларға аз көңіл бөліп отырғаны 
көрсетілген:  «Қазақстандағы  1  жастан  3  жасқа  дейінгі  балаларды  мектепке 
дейінгі  тәрбиемен  және  оқытумен  қамту  Экономикалық  ынтымақтастық  және 
даму  ұйымы  (бұдан  әрі  –  ЭЫДҰ)  елдерінің  орташа  көрсеткіштерінен  төмен 
(республикада–16%,  ЭЫДҰ–32%).  Осы  бағдарламада  1-3  жас  аралығында  
«...балалардың  танымдық  және  зияткерлік  дамуының,  әлеуметтік  және 
коммуникативтік  дағдыларды  меңгеруінің  негізі  қаланады.  Балаларды  ерте 
жастан  дамыту  проблемаларын  кешенді  шешу  білім,  денсаулық  сақтау  және 
әлеуметтік қорғау салаларын үйлестіруді және келісілген іс-әрекетін, сондай-ақ 
ата-аналар  қауымдастығын  кеңінен  қатыстыруды  қажет  етеді»  деп  атап 
өтілген» [2]. 
Қазақстан 
Республикасында 
ерте 
жастағы 
балалар 
дамуының 
тұжырымдамалық  негіздерінде  балаларды  табысты  әлеуметтендірудің  бастапқы 
мүмкіндіктері өмірлік циклдің бірінші жылдарында қалыптасатындығы айтылған. 
Балалық  шақта  тұлғаның  ерекшеліктері  қалыптасып,  оның  зияткерлік,  эмоциялық 
және  нығайып  өсуі  қабілеттерін  дамыту  бағыттары  анықталатындығы,  -  
көрсетілген [3].  
Ал  бұл  болса,    ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін  дамыту 
проблемасын  зерттеу  қажеттілігін  туындатады.  Өйткені,  жоғарыда  айтлғандай 
ерте  жас  (1-3  жас)  –  адам  өмірінің  ең  маңызды  әрі  жауапты  кезеңі  болып 
табылады. Осы жас аралығында адамның әрі қарай дамуын анықтайтын негізгі 
қабілеттер  қалыптасады.  Дәл  осы  кезеңде  таным  белсенділігі,  өзіне,  өмірге 
сенімділік,  адамдармен  қарым-қатынас,  шығармашылық  мүмкіндіктер,  жалпы 
өмірлік  белсенділік  және  т.б.  басты  қасиеттер  қалыптасады.  Оның  үстіне 
технологиялар  мен  технократтық  ілімдер  дамуы  барысында  заманауи 


 
талаптарға  сай  баланың  танымдық,  шығармашылық  белсенділігі  ерте  жастан 
басталуы тиіс.   
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Білім,  Ғылым  және  Мәдениет  жөніндегі 
Ұйымының  (ЮНЕСКО)  «Барлығына  арналған  білім  беру»  тақырыбындағы 
баяндамасында  да  балаларды  оқытуды  туғаннан  бастау  қажеттігі  алдыңғы 
орынға  қойылған.  Сондай  ақ,  1989  жылғы  20  қарашада  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының  Бас  Ассамблеясы  қабылдаған  Бала  құқықтары  туралы 
Конвенциясында  ертеден  оқытудың  қажеттілігі  негізделгенін  ескерсек,  ерте 
жастағы  балаларды  дамыту  мәселесінің  теориялық  негіздерін  зерттей  түсудің 
қажетілігі артады [4]. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Рухани 
жаңғыру:  Болашаққа  бағдар»  атты  бағдарламалық  мақаласында,  ұлттық 
жаңғыру ұғымы ұлттық сананың кемелденуін білдіретіндігі айтылған. Сондай-
ақ,  осы  мақалада  қазақ  халқының  «ұлттық  салт-дәстүрі,  тілі  мен  музыкасы, 
әдебиеті, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухы мәңгі қалуға тиістігі» атап өтілген. 
Ал бұл болса, балалардың ұлттық санасын дамытуға ықпал ететін қазақ халық 
шығармашылығын,  олардың  бойына  ерте  жастан  сіңіру  қажеттілігін  көрсетеді 
[5].  
Қазақ    халық  шығармашылығы  құралдары  –  ауыз  әдебиеті  (ертегілер, 
санамақтар,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  тақпақтар),  сәби  ғұрыптық  жырлар, 
ұлттық  би  қимылдары,  ойын  фольклоры,  қолөнерінің  түрлері  және  т.б.  ерте 
жастағы  балалардың  қабылдау,  қиял,  зейін,  жады,  ойлау  психикалық 
құбылыстарына,  сөйлеу  коммуникативтік  қарым-қатынасқа  түсуіне,  тілін 
дамытуға тез ықпал етіп, олардың  танымдық белсенділігін арттырады. Өйткені 
қазақ  халық  шығармашылық  құралдарының  бай  табиғаты,  бар  болмысы 
балалардың заттар мен құбылыстар, адами қатынас, отбасы, табиғат, өмір және 
т.б.  туралы  білімдерді  олардың  сөйлеу,  айту,  ойнау,  билеу,  сипап-сезу,  ұстап 
көру,  жасай  алуы  арқылы  жүзеге  асуына  мүмкіндіктер  береді.  Әсіресе,  халық 
шығармашылығы  құралдары  ерте  жастағы  балалардың  «қажетсінуден-
құштарлыққа,  құштарлықтан  байқауға,  байқаудан-білуге,  білуден-үйренуге, 
үйренуден-жасап көру» сұраныстарын қанағаттандырып, танымдық әрекеттерін 
белсендіреді.  Қазақ  халық  шығармашылығының  құралдары  бір  жағынан  ерте 
жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін  арттыруға  әсер  етсе,  екінші 
жағынан  олардың  тұлғалық  ерекшеліктерінің  ұлттық  негізде  қалыптасуына 
ықпал  етеді.  Олай  болса,  қазақ  халық  шығармашылығының  түрлерін  ерте 
жастағы  балалардың  ерекшеліктеріне  сәйкес  саралап,  жіктеп,  олардың  осы 
бағыттағы  мүмкіндіктерін  анықтап,  пайдаланудың  жолдарын  айқындап 
практикаға енгізу қажет.   
Әрине  баланың  танымдық  белсенділігін  дамыту  мәселелерін  қарастыру 
бұрынғы  кезеңнен-ақ,  сонау  ежелгі  грек  философтарынан    (Аристотель, 
Платон, Сократ және т.б.)  бастау алады.  
Ұлы ғұлама ойшылдары (әл-Фараби, Ю.Баласағұни, А.Йүгнеки және т.б.)   
адамның  танымын  дамыту  арқылы  ғана  оны  бақыт  жолына  жетелеуге 
болатындығын  айтады.  Ал  қазақтың  ағартушылары  Абай  Құнанбаев  қырық 


 
үшінші  қара  сөзінде  «баланың  танымын  алғашқы  күннен  бастап  дамытпаса, 
өзінің  із-түссіз  жоғалып,  жойылып  кететінін»  айтады.  Ы.  Алтынсарин  таным 
әрекетінің негізін – оқу, білімнен іздестіреді.   
Педагог  классиктер  Я.А.Коменский  1663    жылы    «Ұлы    дидактика», 
И.Г.Песталоцци  1703  жылы  «Гертруда  өз  балаларын  қалай  оқытты?» 
еңбектерінде  мектепке    дейінгі    жастағы    балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу 
бағдарламаларын ұсынды.  
Ерте жастағы балалардың психологиялық және физиологиялық дамуының 
теориялық негіздері  В.С.Мухина, М.Щелованов, Н.Л.Фигурин, Н.М. Аксарина, 
Е.И.Радина, Ж.И.Намазбаева  және т.б. еңбектерінде негізделген. 
Балаларды  ерте  жастан  дамытудың  теориялық  негіздері,  соның  ішінде 
балаларды  дамыту  орталықтарында,  балалар  үйінде,  қосымша  білім  беру 
мекемелерінде  тәрбиелеу  (Н.И.Кузьмина,  Р.И.Яфизова,  Н.В.Володько  және 
т.б.),  ерте  жастағы  балаларды  әлеуметтік  бейімдеу  (С.В.Паршукова, 
С.В.Королева  және  т.б.),    эмоционалдық  қарым-қатынастарын  дамыту 
(Н.Н.Искра,  Л.А.Максимова,  О.М.Вотинова  және  т.б.)  сенсорлық  дамыту 
(Ю.М.Хокрикова  және  т.б.),  тілін  дамыту  (О.А.Горлова,  Р.Р.Орлянская  және 
т.б.),  музыкалық-эстетикалық  қызығушылығын  қалыптастыру  (А.Ю.Хилиль, 
Р.А.Матвеева,  М.Г.Кайтанджян  және  т.б.),  танымдық  аясын  дамыту 
(О.П.Рожков) мәселелері зерттелген.  
Мектепке  дейінгі  балалардың    (5-6  жас)  тәрбиесінде  халық  фольклорын 
пайдалану 
мәселесі 
Э.А.Музенитова, 
О.В.Акулова, 
М.Н.Братухина, 
Г.Н.Пивнева және т.б.  еңбектерінде көрініс тапқан.  
Білім  алушының  танымдық  белсенділігін  дамыту  мәселесі  қазақстандық 
ғалымдар  зерттеулерінде  де  зерделенген.  Белгілі  психолог-ғалымдар 
Ә.Алдамұратов,  Қ.Б.Жарықбаев,  М.Мұқанов,  Т.Тәжібаев,  А.Темірбеков, 
Ж.Ы.Намазбаева  Г.А.Урунтаева,  М.А.Перленбетов  және  т.б.  зерттеулерінде 
балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  дамуы  және  оқыту  үдерісіндегі  жеке 
тұлғаның  танымдық  іс-әрекетін  белсендірудегі  психологиялық  ерекшеліктер 
қарастырылған. Педагогикалық зерттеулерде бастауыш сынып оқушыларының 
(Т.С.Сабыров,  Т.И.Қоқымбаева  және  т.б.),  орта  сынып  оқушыларының 
(Б.Т.Абыканова,  А.К.Сариева  және  т.б.),  жоғары  сынып  оқушыларының 
(М.М.Коккоз,  Мустояпова  А.С.  және  т.б.),  студенттердің  (Ж.Е.Қараев, 
А.Е.Абылкасымова және т.б.) танымдық белсенділігін дамыту мәселесі де жан-
жақты қарастырылған.    
Сондай-ақ  отандық  ғалымдар  еңбектерінде  мектеп  жасына  дейінгі 
балаларды  (5-6  жас)  оқыту  мен  тәрбиелеу  мәселесіне  қатысты  бірқатар 
мәселелер теориялық тұрғыдан негізделген. Мәселен,  балалардың тілін дамыту 
(Р.Аралбаева,  А.Бакреденова,  К.Метербаева);  ойын  әрекетін  дамыту 
(М.Турскельдина,  Т.Иманбеков);    айналамен  таныстыру,  экологиялық  тәрбие 
беру  және  денсаулығын  нығайту  (А.Манкеш,  Р.Керімбаева,  Н.Сайлауова, 
Ш.Сұлтангазиева), рухани-адамгершілікке тәрбиелеу (Р.Сыздық, М.Асылбаева, 
А.Казетова),  еңбекке тәрбиелеу (Г.Меңлібекова, С.Жиенбаева, Ш.Сапарбаева), 

10 
 
баланы  мектепке  дайындау  (К.Сейсенбаев,  М.Сәтімбекова,  Ж.Рысбаева, 
Ғ.Таубаева және т.б.) мәселелері зерделенген.   
Халық 
шығармашылығының 
мүмкіндіктерін 
бала 
тәрбиесінде 
пайдалануды  тек  бүгінгі  күннің  мәселесі  деп  қарауға  болмайды.  Ол  қайсібір 
кезеңдерде болмасын педагогика ғылымының зерттеу объектісінен түскен емес. 
Оның  озық  үлгілерін  өскелең  ұрпақ  тәрбиесінде  пайдалану  қажеттігін  кезінде 
көптеген  алыс  және  жақын  шетел  мемлекеттерінің  педагогтары  (Ж.Ж.Руссо, 
К.Д.Ушинский, 
Н.А.Добролюбов, 
В.Г.Белинский, 
В.А.Сухомлинский, 
А.С.Макаренко),  қазақ  даласының  ойшылдары  (Әл-Фараби,  Қорқыт  ата, 
Ю.Баласағұни,  М.Қашқари,  А.Яссауи),  қазақ  ағартушылары  (Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев,  М.Жұмабаев  және  т.б.)  еңбектерінде  көрініс 
тапқан.Қазақ  халық  шығармашылығының  тағылымдық  әлеуеті  ғалымдардың 
іргелі  (Қ.Жарықбаев,  С.Қалиев,  С.Ұзақбаева,  М.Балтабаев,  К.Қожахметова, 
Ж.Наурызбай,  Р.Төлеубекова,  Ұ.М.Әбдіғапбарова  және  т.б.)  және  қолданбалы 
(А.Мұхамбаева,  Е.Сағындықов,  А.Айтбаева  және  т.б.)  зерттеулерінде  жан-
жақты қарастырылған. 
Халықтың 
ауызекі 
шығармашылығы 
тарихшылар, 
этнографтар, 
философтар,  өнертанушылардың  еңбектерінде  (М.О.Әуезов,  Ә.Марғұлан, 
С.Қасқабасов,  А.Жұбанов,  Б.Қазыханова,  Р.Ісламжанұлы  және  т.б.)  көрініс 
тапқан.  Осы  тұрғыдан  филология  ғылымы  тұрғысынан  жазылған 
А.Т.Мамбетованың  еңбегі  қызыушылық  тудырады.  Бұл  еңбекте  балалар 
фольклорының мазмұны мен жанры талданып, сипатталған.  
Бастауыш  сынып  оқушыларына  қазақ  халық  ауызекі  шығармашылығы 
(Г.Ә.Мұратбаева,  С.Қ.Әбілдина,  А.Ж.Едігенова,  З.Т.Көкшеева),  музыкалық 
шығармашылығы  (Ж.Ақпарова,  М.Оразалиева),  сәндік-қолданбалы  өнері  
(С.Жолдасбекова) негізінде адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру мәселелері 
де қарастырылған.  
Мектеп жасына дейінгі балаларды (5-6 жас) оқыту мен тәрбиелеуде  халық 
шығармашылығын, 
соның 
ішінде 
қазақ 
фольклорын 
(Ә.Әмірова, 
Н.Ә.Нұрмұхамедова),  салт-дәсүрін  (Ш.С.Сапарбаева),  сәндік-қолданбалы 
өнерін  (Т.Левченко,  Ф.Жұмабекова),  ұлттық  ойындарды  (А.Айтбаева, 
Ұ.Т.Төленова, Б.М.Меңдалиев ) пайдалану мәселелері негізделген.   
Қазақстандық  ғалымдар  арасынан  ерте  жастағы  балалардың  даму 
мәселесін зерттеген ғалымдар - Н.Құлжанова (қол еңбегіне үйрету), М.Лексина 
(шала  туылған  балалардың  дамуы),Б.Баймұратова  (сөздік  қорын  байыту), 
Р.Каримова  (нейрофизиологиялық дамуы бұзылған балаларды, алдын ала ерте 
жасынан түзету жолдары).  
Қазіргі  уақытта  «Балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  және  оқытумен 
қамтамасыз  ету  жөніндегі  2010-2020  жылдарға  арналған  "Балапан" 
бағдарламасы»  міндеттерін  жүзеге  асыруда    республиканың  мектепке  дейінгі 
ұйымдарының білім беру үдерісінде «Алғашқы қадам», «Балбөбек», «Тәй, тәй 
балапан» және т.б. білім беру бағдарламалары қолданылуда.  
Дейтұрғанмен,    жоғарыда  көрсетілген  еңбектерге  жасаған  талдау  ерте 
жастағы    балалардың  танымдық  белсенділігін    қазақ халық    шығармашылығы 

11 
 
құралдарымен  дамыту  мәселесінің  зерттелмегенін  көрсетті.  Проблеманың 
өзектілігін  талдау  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ерте  жастағы    балалардың 
танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытуда  
қоғамның  сұранысы  мен    педагогика  ғылымында    оның  теориялық    және 
тәжірибелік-эксперименттік    негізделуі    арасындағы  қарама-қайшылықтардың 
бар екендігін көрсетті, атап айтқанда:   
-  ерте  жастағы    балалардың  танымдық  белсенділігін  қазақ  халық 
шығармашылығы  құралдарымен  дамыту  қажеттігі  мен  оның  теориялық 
негіздерінің зерттелмеуі; 
- ерте жастағы  балалардың танымдық белсенділігін дамытуда қазақ халық 
шығармашылығы  мүмкіндіктерінің  жоғары  екендігі  мен    оның  практикада 
жеткіліксіз пайдаланылатындығы; 
- ерте жастағы  балалардың танымдық белсенділігін дамытуда қазақ халық 
шығармашылығы  құралдарын  пайдалану  қажеттілігі  мен  оны  пайдалану 
бойынша  кешенді  бағдарлманың  жетіспеушілігі  және  оны  жүзеге  асыру 
формаларының, тиімді әдіс-тәсілдерінің  толық зерттелмеуі. 
Осықарама-қайшылықтардың      шешімін        іздестіру        біздің  зерттеу 
проблемамызды  айқындауға    және    тақырыпты    «Ерте  жастағы    балалардың 
танымдық  белсенділігін    қазақ    халық  шығармашылығы    құралдарымен 
дамыту» деп  таңдауымызға  негіз болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет