Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет14/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

«Көшерімді жел біледі
қонарымды сай біледі, соны сұрата жіберген хан ақымақ па, сұрай 
келген сен ақымақ па?», -
деп қаңбақ атынан ханға тұспалдап айты
-
латын Жиреншенің сөзі - тапқырлықтың тамаша үлгісі екендігін 
айтып жүрміз. 
- Шешендік сөздердің тартымдылығы тапқырлығымен бірге 
батылдығында, ойының қисынды, сөздерінің мәнділігінде. Мәселен, 
«Сөздің шынына қарама, қисынына қара» дейтін мақал мәселенің 
дәлелді, ойдың жүйелі болуына үлкен мән бергендікті көрсетеді. 
демек, шешендік күші шындықта, шындықты тартымды ой, шебер 
тілмен тыңдаушыларға жеткізе, ұғындыра білуде. Тек сондай көркем 
тіл, жүйелі оймен батыл айтылған және мақал, нақыл сияқты белгілі 
халық даналығымен шегеленген шешендік тапқырлық, көркем 
сөздер ғана тыңдаушының ақылын баурап, сезімін тебіренте алмақ. 
Қысқасы, қазақ шешендігінің табиғаты өз алдына бір тылсым дүние. 
Қазақ шешендік сөздерінің табиғатына үңіле отырып, бойлай білсек, 
ұтарымыз мол. 
Сонымен халқымыздың сөйлеу өнеріне қай кезеңде де ерек
-
ше мән бергені аян. Ал қазіргі таңда тілдік қатынастың барлық 
түрлерін игерген жоғары мәдениеті адамдарға қоғам қажетсінуі 
айқын аңғарылуда. Қайта оралған тиімді қарым-қатынастың 
жағдайы мен формасы туралы шешендіктану ғылымы қоғамдағы
сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мен мықты «шешен тұлғаларды» 
тәрбиелеу мәселесін шешу жолдарын ұсынуы тиіс. Бұл жолда 
шешендіктануды оқыту арқылы шешен сөйлеуге үйретудің рөлі баға 
жеткізгісіз де. 
Әлемдік шешендіктану ілімінің бір тармағы қазақтың шешендік 
дәстүрі - әлеуметтік феномен тұрғысынан таразылағанда, белгілі 
бір әлеуметтік ортада, қоғамда, қалай да бір адами оқиғаға байла
-
нысты қалыптасып, айрықша тапқырлықпен, суырып салмалықпен, 
көркем тілмен айтылатын озат ойлар мен тәлімді тұжырымдар үрдісі 
болмақ. 
Өз кезеңінде қазақтың шешендік нақыл сөздерін алғаш жи
-
нап, жариялаушы, хрестоматияға енгізіп, оқуға ұсынушы ағартушы 


30
31
ғалым Ыбырай Алтынсарыұлы халық даналығының шәкірт атаулы
-
ны тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбиелік 
мәнін орынды бағалаған. 
Қазақ зерттеушілері шешендік сөздердің сөз өнерін қуған жас 
талап ақын-жазушыларға, тілші-әдебиетші ғалымдарға, көркем өнер 
қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар халықпен жиі араласып, 
ауызекі сөйлесіп тұратын насихаттаушыларға да, әсіресе, мемле
-
кет қайраткерлеріне де аса қажеттілігін баса айтады. Сөзсіз, қазақ 
шешен-билер мұрасының тағылымы телегей. Мәселен, шешендік 
сында түйе үстінде туып, ат жалында өскен еңбеккер, жүйрік ат, 
қыран құсты шаппай-ұшпай танитын саяткер, құсбегілер, ізіне қарап 
түйенің түгі-түсін айтатын, қозыға қарап мың қойдан енесін тауып 
табыстыратын, жоғалған биенің ішінде кеткен құлынын ат болғанда 
танып алатын сыншылар айтқан сөздің қисыны мен дәлеліне қарап 
халық даналығы мен тапқырлығын тапжылтпай аңғарамыз. Немесе, 
шешендік нақылда үй ішінде, көпшілік арасында өзіңді ұстай білуге, 
ойланып шебер сөйлеуге үлкен мән берген. Мысалы, «Алған жарың 
жақсы болса, ат үстінен дүбір ет, алған жарың жаман болса, шиге 
кіріп сабыр ет» деп жанашыр жақының болғанмен, істес адамдардың 
ерекшелігімен, мінез-құлқымен есептесіп отыруға кеңес береді. 
Ал қазақ халқы шешендік мұрасының шәкірт атаулыға жұғысты 
болар өнегелік-тағылымдық қыры неде деп білеміз? Біздіңше, бұл 
орайда төмендегідей бірер түйіндер жасауға болар еді: 
- Сөздің құдіретті күшке ие екендігін аңғартуы. Сөздің өзіндік 
бояуы, дәмі, адам сезіміне әсер етерлік қоңыр исі бар екендігін, ал 
оның күші дауыс ырғағы арқылы берілетіндігін танытуы. демек, да
-
уыс үнділігі – сөйлеушінің сан қырлы қалтарысты иірімдерін таны
-
татын басты құрал да. Шаршы топ алды қарсыласынан сескенгендер 
ол құралды орынды қолдана алмайды, дірілдеп, жарқыншақталып 
шыққан дауысыңнан сенің кім екенің де танылмақ. Мәселен, 
халық шежіресіндегі Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмақ ханы 
Қонтәжіге айтқан, елдің намысын қорғауға арналған ар дауынан үзік 
келтірейік:
Сен темір де, мен көмір, 
Еріткелі келгенмін.
Екі еліктің баласын,
Теліткелі келгенмін. 
Егесетін ер шықса,
Иілткелі келгенмін.
Тұтқыр сары желіммін,
Жабысқалы келгенмін. 
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенмін. 
Танымайтын жаттарға
Танысқалы келгенмін.
Қазақ, қалмақ баласы - 
Табысқалы келгенмін.
Табысуға келмесең,
Тұрысатын жеріңді айт,
Сен қабылан, мен арыстан,
Алысқалы келгенмін.
Бұдан Қазыбек би сөзінің аса байсалдылықпен айтылатынын, 
әр сөздің үні сазды шығатынын, онда асып-сасудың, мүдірудің 
жоқтығын аңғаруға болар еді. Бұл байсалдылықпен, қоңыр 
үнділікпен, ешбір кідіріссіз екпіндете шыққан дауыстан жауы оның 
психологиясын біліп отыратындығы байқалады. онда Қазыбектің 
ерлігі, қайсарлығы сезілумен қатар, достық құшағы да ұғынылады. 
Қазыбек сөзі қарсыласының жан жүйесін босатып тастайды, абды
-
ратып жібереді, бірақ өзі ықшам, белі бекем буылған, өлісерге баруға 
бел байлаған, серттен ауытқу деген сезілмейді, қарсыласын ойынан 
жаңылыстырып, құмықтырып тастайды [10,59].
- Шешендіктің ой еркіндігі, сөз еркіндігі, ауызекі тілдегі сөздерді 
әдемі тізбектеп, оралымды орналастыру, тиімділігін күшейтіп, 
қисынды ойға сыйғызу екендігін аңғартуы;
- Сөзбен тоқтату, сөзден жаңылыстыру, қарсыласын сөз 
тыңдарлық жағдайға түсірудің орасан күшті өнер екендігіне көз 
жеткізуі. Яғни қарсыласыңды ұтымды сөзіңмен, тапқырлығыңмен, 
шешендігіңмен иілте білу оңай шаруа емес. Сөзсіз, бұл ойлау 
қабілетіне де байланысты. Шаршы топ сенің төкпектетіп, ешбір 
мүдірмей сөйлеуіңе тәнті болады. Ұшқыр ойлы қалыпта сөйлей ала
-
тын адамның қолынан кесімді істің де келері дау туғызбайды. 
- Тұспалдап сөйлеуге, меңзеуге, бернелеуге, символдауға, 
басқаша айта отырып, нені нысаналап отырғанын жасыра айтуға, 
жұмбақтап айтуға, яғни терең зейінділік пен ойлылыққа төселтуі;
- Астарлап сөйлеу халқымыздың сөйлеу мәнері екендігін, бұл тек 
сөйлеу шеберлігімізді ғана емес, сөйлеу мәдениетімізді де танытатын, 
ойлау қабілетімізді аса тереңдететін құбылыс екендігін аңғартуы;
- Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, тез жауап берушілікке баулуы;
- Өзгені тыңдауға, өзгенің өнегелі ісінен тағылым алуға жөн 
сілтеуі т.б. 


32
33
Жинақтай айтқанда, қазақтың дәстүрлі шешендігі көп көріп-
білуді, білгенді көкейге берік тоқуды, айтыс-тартыстарға түсіп, 
жалықпай жаттығуды тілейтін өнер ретінде қалыптасқан. демек, 
нағыз шешенге сөзге шебер болу ғана жеткіліксіз. Сондай-ақ ол та
-
банда тауып айтатын тапқыр, шаршы топта тайсалмай сөз бастайтын 
батыл, сөз сайысында саспайтын салқын қанды болуы шарт. 
Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұхар жырау:
Көш бастау қиын емес,-
Қонатын жерде су бар. 
Қол бастау қиын емес,-
Шабатын жерде жау бар. 
Шаршы топта сөз бастау қиын,-
Шешімін адам таппас дау бар!-деген.
Сонау дәуірлерден бастап қазақтың шешендік дәстүріне бойлай 
қарасақ, шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқымаса да көкейге 
тоқығаны көп саналы, білімді, парасатты азаматы болуы тиістілігіне 
анық көз жетеді. Мәселен, Майқы мен Аяз билер, Асанқайғы мен 
Жиренше шешендер, Төле би, Әйтеке би, Қаздауысты Қазыбектер, 
Жәнібек пен Сырым батырлар – көзі қазы, көңілі таразы дүлдүл 
шешендер. демек, шешендік сөздерді қай уақытта да озат ой
-
шылдар мен ділмар шешендер шығарып, халық сынынан, ғасыр 
шыңдауынан өткен, сөз өнерімен соғылған әдеби мұра, асыл қазына 
деп түсінеміз. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қазақ шешен-
билерінің мұрасы – халықтың даналық қазынасы. демек, ғасырлар 
бойы жинақталып, сұрыптала сүзілген шешендік сөз нұсқаларынан 
халықтың тіл байлығын, ақыл-ой қорын және шебер сөйлеу мәнерін 
үйрену бүгінгі ұрпаққа сын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет