Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет16/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Ресейлік шешендіктану.
 
Ресейде шешендіктану арнайы білім, 
ғылым саласы ретінде XVII ғасырдың басында ғана тарай бастады. 
Бірақ бұл ежелгі орыстар сөз өнеріне лайықты тұрғыда назар аудар
-
мады, мән бермеді дегенді аңғартпайды. Қайта, керісінше, оларда 
«до
-
броречие», «краснословие»
өте-мөте жоғары бағаланады. Сан алуан 
мақал-мәтелдерде орыс халқының талай ғасырлар бойы қалыптасқан 
алуан қырлы өзіндік риторикалық этикасы көрініс тапқан. 


36
37
Мәселен, шешендіктің осы қырын тап басып танытатын 
төмендегідей негізгі белгілерін топтап тармақтауға болар еді:
боссөзділікті, қызыл тілді безеуді жек көру /«много говорено, да 
мало сказано», «И речисто, да нечисто», «Складно бает, да дела не 
знает»/;
тура да ойлы айтылған сөздерге бас иген /«Мал язык, да всем 
телом владеет», «Хорошую речь хорошо и слушать», «Красно поле 
пшеном, а беседа умом»/;
өзара түсінісуге, қысқа да нұсқа сөйлеуге шақыру /«Красна речь 
слушаньем, а беседа смирением», «от приветливых слов язык не от
-
сохнет», «Краткое слово гнев побеждает», «Ласковое слово лучше 
мячного пирога»/т.б. 
Қарым-қатынас мәдениеті туралы сан алуан кеңестерді «домо
-
строй», «Поручение владимира Мономаха», «Моление данила За
-
точника» сияқты ежелгі орыс тарихи жазба ескерткіштері беттерінен 
де табуға болады. 
Шешендіктануды меңгерудің маңыздылығы мен қажеттілігі 
жөнінде айтылған ең алғашқы ежелгі орыс туындысы «Сказание 
о семи свободных мудростях» атты белгісіз авторлы трактат бол
-
ды. Шешендіктанудың теориялық мәселелері алғаш тізімге ілігуі 
1620 жылдың наурыз айы деп көрсетілген. Бұл «Риторика» атты 
қолжазба оқулықта барынша егжей-тегжейлі сипатталып беріледі. 
осы оқулықтың зерттелу нәтижелеріне арнап в.А.Аннушкиннің 
«орыстың алғашқы «Риторикасы» атты еңбегі жазылды [13]. 
Нәтижесінде 1620 жылғы «Риториканың» жеке бір авторлық шығарма 
емес, латын басылымындағы «Риториканың» неміс тіліндегісінен 
аудармасы екендігі дәлелді тұрғыда нақты анықталды. дегенмен де 
ежелгі орыс кітапшасының түпнұсқалық мәтініне қатысты айтсақ, 
ол «шығармашылық» тұрғыда құрастырылған: кейбір есімдерді ауы
-
стыра, алмастыра ұсынған, «Сказания о семи свободных мудростях» 
трактатынан жекелеген үзінділерді келтірген. 
«Риторика» екі кітаптан құралған: «Істі ойластыра жүйелеу 
туралы» және «Сөзді безендіру туралы». «Риториканың» бірінші 
бөлігінің мазмұны төмендегілерден құралады: жалпы риторикалық 
оқуға қысқаша шолу, ритор анықтамасы, ритор сүйенуі тиіс 
ұстанымдарды баяндау /ойлап табу, орналастыру, сөзбен бейнелеуі, 
жады, дыбысталуы, яғни шешендіктанудың дәстүрлі классикалық 5 
бөлімі/, «сөзді ойлап табу» бөлімін егжей-тегжейлі қарастыру /яғни 
сөз сөйлеуге қажетті материалдарды табу тәсілдері/. Екінші «Сөзді 
безендіру туралы» бөлімі сөз арқылы бейнелеу мен сөзді орынды 
қолдану теориясына арналып: «Бейнелі тілде сөйлеу істі анық та 
түсінікті әрі шешендік қалыпта шебер аңғартады»,-деп басталады 
[13]. «Риториканың» осы бөлімінде поэзия тілі аса бай, ал қазіргі 
шешендер сөзі өте кедей екендігі айтылып, сөйлеу тілінің троптары 
мен фигураларының классификациясына кең түрде орын берілген. 
Сондай-ақ, үлгі тұтар риторларға еліктеудің қыр-сыры баяндалып, 
сөз сөйлеудің үш стилі туралы қысқаша мәлімет ұсынылған. Бұл 
ретте «Риторика» материалдарының берілу, ұсынылу формасы на
-
зар аударуды қажет етеді. Бұл орайда оқытушы мен оқушының диа
-
логын анық танытатын сұрақ-жауап формасындағы материалдар
-
ды жинақтауға арналған кестелер келтіріліп отырады. Баяндаудың 
мұндай формасы оқулықта таразылана ұсынылған риторикалық 
заңдар мен ережелердің мейлінше түсінікті болуын қамтамасыз 
етеді. Сондай-ақ бұл оның көпшілікке танымал болуына да аз 
рөл атқармаған. в.И.Аннушкин 1620 жылғы «Риториканың» атал
-
мыш пәнді XVII ғасыр бойы оқытқан шын мәнінде жалғыз оқулық 
болғанын көрсетеді. 
Тек XVII ғасырдың аяғында және XVIIІ ғасырдың алғашқы 
жартысына таман ғана шешендік өнер туралы жаңа жетекші құралдар 
пайда бола бастады. Бұл орайдағы оқулықтардың сапынан Софроний 
Лихуданың «о силе риторической» /1698/, Михаил Усачевтың «Рито
-
рика» /1699/, Стефан Яворскийдің «Риторическая луна» /1710/ атты 
еңбектерін атауға болады. Бұған қоса көптеген қолжазба оқулықтар 
тек Мәскеу, Киевте ғана емес, сол сияқты Чернигов, Смоленск, Ря
-
зань секілді сандаған өзге қалаларда да әзірленді. Шешендіктанудың 
әрбір оқытушысы өз курсын құрастырып, даярлауы тиіс болды. 
оқушылар құттықтау сөздер құрастыруға әзірленіп, «оқудың 
пайдалылығы», «Жақсылық сыйлаушылар», «Сана мен сезім» тура
-
лы т.б. тақырыптарға «сөздер», уағыз-насихаттар жазады. 
XVII ғасырдағы шешендіктану туралы еңбектердің арасынан 
М.Усачевтың «Риторика» оқулығы ерекше аталды. дегенмен де осы 
бағыттас еңбектерде әлі де шіркеулік шешендіктанудың әсерінің 
күштілігі айқын аңғарылды. 
Ресейдегі шын мәніндегі шаршы топ алдындағы сөз сөйлеу өнері 
университеттік шешендіктің дамуымен байланысты. Бұл алғашқы 
кезекте Ресейде Батыс Еуропа елдеріндегі сияқты демократиялық 
парламенттік формасының болмауына байланысты. Шешендік сөз 
тек университет аудиториясы арқылы ғана еркін дамуға мүмкіндік 
алды.
осы жолда Мәскеу университеті мен Ресей Ғылым 


38
39
Академиясының негізін салушы М.в.Ломоносов (1711-1765) шешуші 
қадам жасады. ол орыс тіліне өте күрделі реформа жасауға бағыт 
ұстанып, қазіргі орыс әдеби тілінің негізін салды. М.Ломоносов 
«Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбегін жазып, орыс 
шешендіктануының келешектегі даму бағдарламасын негіздеді. 
М.в.Ломоносовқа сүйенсек, шешенге алдыңғы кезекте өткір 
ой, жады, жұғымды дауыс, қалыпты тыныс, ұнамды сыртқы по
-
шым, келбет және табиғи қабілет аса қажетті. десек те, шешен бо
-
лып қалыптасу үшін, тек табиғи сапа жеткіліксіз. Шешендіктану 
теориясының маңызды талаптарының бірі - шаршы топ алдында 
сөйлеудің құрылымы мен элементтері туралы білу. М.Ломоносовтың 
еңбегінде сөйленер сөзді 4 бөлімнен құру ұсынылған. олар: 
кіріспе, түсінік беру, бекіту, қорытынды. Әрбір бөлімнің міндеттері 
көрсетілген, әрқайсысын қалай жүзеге асыру керектігі жөнінде 
кеңестер айтылады. 
Ғалым еңбегінде сөздегі дәлелдердің логикалық мағыналы-
лығына, сондай-ақ сөз эмоциональдылығын үстемелетер құралдарға 
көп мән берілген. Шешен тыңдаушылардың санасына да, сезіміне де 
әсер етуі тиіс. Ал сезімді ояту үшін адамгершілік қағидаларын терең 
білу, тыңдаушылардың жағдайын, жас мөлшерін, жынысын ескеру ке
-
рек. Ықылас-ниеттің, сезім-күйдің қарқынды болуына сөз бейнелілігі, 
стиль мәнерлілігі, шешен сенімділігі әер етеді. 
М.Ломоносов өз оқулығында ондаған жылдар, тіпті ғасырлар 
өткеннен кейін де әлеуметтік психология, басқару теориясы және 
басқа ғылым салаларының жүйеленулерінен өткен өте дәл де пай
-
далы бақылауларды, шешенге арналған кеңестерді, таңқалдырарлық 
бірқатар заңдылықтарды молынан келтіргенін аңғарамыз. 
ХІХ ғ. алғашқы жартысында орыс шешендіктану ілімінің 
бірден-бір гүлдене дамуына әсер еткен келесі бір еңбек – белгілі 
саяси қайраткер М.М.Сперанскийдің (1772-1839) «Жоғары 
шешендіктің теориясы» зерттеуі. 1792 жылы ол сөз өнері курсын 
жазып бітіріп, оны Санкт-Петербург академиясында оқиды. Бұл 
еңбек М.М.Сперанский қайтыс болғаннан кейін жарияланды. Ал 
«Жоғары шешендіктің теориясы» еңбегі алғаш басылым көргеннен 
білімпаз да мәдениетті жастар ортасында өте танымал болды. Атал
-
мыш еңбекте шаршы топ алды сөз сөйлеу, айғақтама /аргументация/, 
композиция, сөз мәнерлілігінің құрылымдық мәселелері бұтарлана 
егжей-тегжейлі қарастырылады. Тыңдаушыларға әсер ету амал
-
дарына, шешеннің алға қойған мақсатқа жету жолдарына көбірек 
назар аударылған. М.Сперанский: «Шешендік негізі – құштарлық, 
сезімділік мәнісінде»,-деп, сезім күші мен жанды түрде елестетуді 
жоғары бағалайды. Шешендіктегі екі басты қағида ретінде «жүрекке 
әсер етіп, ақылды бағындыру» деп есептейді [14,91].
М.Сперанскийдің пікірінше, шешен ойлап табу, орналастыру 
және сөздің баяндалуы сияқты бірліктегі үш тармақты міндеттеріне 
сүйенеді. Сөйленер сөз мазмұны үшін алдын ала белгілі болған 
шешеннің сөз мазмұнының толықтығы мен шынайылығын мейлінше 
айқын көрсететіндей тәртіпке келтіру кезеңі аса маңызды. Сөздегі 
ойдың орналасуы екі қағидаға бағынады: 1) тыңдаушылардың зейінін 
тұрақтандыруға, бір мәселеден екіншіге оп-оңай ауысып отыруға 
мүмкіндік болуы үшін, барлық ойлар бірінен-бірі өрбіп отыратын
-
дай, өзара тығыз байланысты болғаны жөн; 2) барлық ой-пікірлер 
бастысына, ұйытқы болар түйінге бағынуы тиіс.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында шешендіктану теориясының 
дамуына өз еңбектерінде /әсіресе, олардың ішіндегі мәндісі 1796 
жылғы «Шешендіктану тәжірибесі»/ сөйленер сөздің тазалығы мен 
дұрыстығы мәселелеріне ерекше назар аударған И.С.Рижский мен 
сөйленер сөздің функциональды-жанрлық әртүрлілігінің өмір сүруі 
мәсе- лесіне маңызды орын берген А.С.Никольский үлкен үлес 
қосты. 
Өзге де теориялық еңбектердің қатарынан А.Ф.Мерзляковтың 
«Қысқаша риторикасын», Н.Ф.Кошан-скийдің шешендіктану 
оқулығын, осы кезеңдегі шешендік-тану туралы мақалаларды 
/М.в.Буташевич-Петрашевский, в.Г.Белинский/ атауға тиіспіз. 
орыс шешендік өнерінде XVII ғасырдың өзінде де, сондай-
ақ одан кейінгі кезеңде де бірден-бір басты жанр университеттік 
(академиялық) шешендік болды. Сондай-ақ ХІХ ғ. екінші жарты
-
сында алғы орынға шығып, практикалық салада да, шешендіктану 
теориясын талдау аймағында да межелі биіктерге жете алған сот 
шешендік жанрын баса айту міндетті. 
оның гүлденуі 60 жылдардағы сот реформасымен байланы
-
сты. Ашық сот процесіндегі жан-жақты талқылау прокурордың да, 
адвокаттың да, сот өкілінің де сенімді, ұғынықты, ашық сөйлеуін 
міндеттеді. Сот шешендері сөйлеу мәдениетін меңгере отырып, 
дамытты. Өз білімдерін тереңдетті. Әдемі де ойлы сөйлеуге 
ұмтылды /Н.П.Карабчевский, П.А.Александров, С.А.Андреевский, 
Ф.Н.Плевако, т.б./. Бұл бағытта шешендік теориясының дамуында 
П.С.Пороховщиков пен А.Ф.Кони сияқты орыстың екі атақты заңгері 
мен ғалымының шығармашылығы маңызды мәнге ие. 
орыс сот шешендігі тарихында П.С.Пороховщиков (псевдонимі 


40
41
- П.Сергеич) «Соттағы сөз сөйлеу өнері» атты еңбегін жазды. 
Автордың сөйленер сөз тіліне, материалдардың ұйымдастырылуына, 
тыңдаушылардың ынта-ықыласын сақтауға қатысты кеңестері мен 
ұсынбалары бүгінгі таңда да өзекті. 
П.С.Пороховщиков шешен алдындағы барлық міндеттердің 
ішінен төмендегі екеуін ерекше бөле-жара атайды: 1) тыңдаушыларға 
мазмұнның белгілі бір бөлігін жеткізе келе, логикалығы мен 
тіл дұрыстығы негізіне сүйене отырып, сөздің анықтығы мен 
түсініктілігін қамтамасыз ету /«Сіз сот қызметкері түсінетіндей 
емес, қайта сізді түсінбей қалмайтындай етіп сөйлеңіз»/ [15,18]; 2) 
тыңдаушыларды өзіңе бағындыру, ұсынылып отырған көзқарасты 
қабылдауға көндіру: дәстүрлі шешендік амалдарды қолдануға, сөз 
байлығы мен бейнелілігіне септесетін белгілі бір атмосфера туғызу, 
баурау, дәлелдеу және иландыру. 
Сот шешендік өнерінде орыстың белгілі заңгері, әдебиетшісі әрі 
қоғам қайраткері А.Ф.Конидің шешендіктану туралы еңбектерінің 
/«Прокуратура міндеттері мен амалдары», «Лекторларға кеңес» т.б./ 
орны ерекше. 
орыс шешендігінің дамуына ХІХ-ХХ ғ.ғ. басындағы ше
-
шен практиктер елеулі үлес қосты. Шындығында, бұл кезеңде, 
мәселен, орыс академиялық шешендік мектебінің, не ұстанымдары, 
не өзіндік ерекшеліктері де теориялық тұрғыда сипатталған да, 
негізделген де жоқ еді. Ресейдегі осы бағыттағы шешендіктанудың 
негізін салушы ретінде Мәскеу университетінің профессоры, та
-
рихшы Т.Н.Грановский (1813-1855) танылса, бұл арнадағы бірден-
бір белгілі тұлғалар қатарынан в.о.Ключевский, К.А.Темирязев,
д.И.Менделеевтер аталады. 
орыс шешендіктану тарихының даму бағыттарының бірі - ХХ 
ғ. басындағы саяси шешендік формасының дамуы. в.И.Лениннің 
шешендік стилі және өзге де осы мектептің насихатшылары 
С.М.Киров, А.в.Луначарский және т.б. туралы бірқатар зерттеу
-
лер жасалды. Біздіңше, олардың шешендік мұрасын оқып-үйрену 
шешендікке баулу ісінде бүгінгі таңда да өзекті әрі пайдалы. 
1918 жылы Петроградта атақты ғалым және қоғам қайраткерлері 
в.Э.Мейерхольд, А.в.Луначарский, Л.в.Щерба, Н.А.Энгельгардт 
және т.б. қатысуымен сөз өнері Институтының құрылуы шешендіктану 
теориясы дамуындағы жаңа құбылыс еді. Шешендіктану теориясы, 
пікіралмасу теориясы, сөз сөйлеу теориясы туралы талқылаулардан 
басталып, осы мәселелер бойынша бірнеше мақалалар жинағы 
шығарылды. Лекторларды оқыту ұйымдастырылды. Алайда 30 
жылдардың басына таман тіл білімі институтымен біріге оты
-
рып, жоғарғы аталған институт өз өмір сүруін түгелдей тоқтатты. 
Шешендіктану теориясын талқылау бірнеше онжылдықтарға дейін 
үзіліп қалды. оның тек сөйлеу мәдениеті мен стилистика аспектілері 
ғана дамытылды.
Тек 70-80 жылдары ғана шешендіктануға ғылым және оқу пәні 
ретінде қызығушылық қайта туындап, Е.А.Ножин, А.Е.Михнеевич, 
Г.З.Апресян, А.в.Толмачев және т.б. еңбектері пайда болды. 
Шетелдік авторлардың /П.Сопер, д.Карнеги, П.Митсич, о.Эрнст 
сияқты/ бірқатар кітаптарымен бірге олар да шешендік шеберлікті 
меңгеруге талаптанушыларға арналған оқу құралдарының негізгі 
шеңберін құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет