Іі. Негізгі бөлім Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері



бет7/18
Дата02.06.2022
өлшемі224 Kb.
#145778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
stud.kz-82566
пример 5ЛР 2024
ҚАЗБАТ (КАЗБАТ) - Қазақ батальоны. Сол күші басым жаумен қиян-кескі ұрыста Қазбаттың 17 жауынгері қаза тапты. «Егемен Қазақстан», 9 сәуір 2013 жыл.
ҚазБСҚА (КазГАСА) - Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы. Бүгінгі күні ҚазБСҚА студенттерінде толық компьютерлік техникамен жабдықталған екі тәжірибелік аудитория бар. «Егемен Қазақстан», 11 мамыр 2011 жыл.
ҚазБШҒЗИ (КазНИИРХ) - Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері мен зертханалары, «Қазагроиновацияның» ҚазБШҒЗИ ЖШС ғалымдар түзген зерттеулер мен болжамдар негізінде уақыт оздырмай нақты тұжырымдар жасап, жергілікті кәсіпкерлер, жеке қожалықтар бірлесе атқаратын бағдарлама жасауға, соны заң тұрғысынан бекітуге ықпал етуі керек. «Егемен Қазақстан», 25 ақпан 2009 жыл.
ҚазГЗУ (КазГЮУ) - Қазақ Гуманитарлық Заң университеті. ҚазГЗУ түлеп, түрленіп, оның ғимаратының өзі Астананың көркіне көрік қосып, жасанып шыға келді. «Егемен Қазақстан», 27 наурыз 2010 жыл.
«ҚазМұнайТеңіз» АҚ - «Қазақ мұнай-теңіз» акционерлік қоғамы. Баржаның операторы «Қазмұнайтеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ-тың еншілес. «Егемен Қазақстан», 7 қазан 2011 жыл.
ҚазТАГ (КазТАГ) - Қазақ телеграф агенттігі. Оның сайраған сөздері Мәскеуден ТАСС арқылы тарап, ҚазТАГ-тың қоржынынан өтіп, күнделікті газеттердің бетіне түскенше сан мәрте түзетілетінді шығарды. «Егемен Қазақстан», 15 қазан 2012 жыл. 26 қарашада ҚазТАГ республикалық қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізген сайлаушылардың көңіл күйін социологиялық зерттеудің нәтижелерін жариялады. «Солтүстік Қазақстан», 30 қазан 2012 жыл.
Күрделі атауларды қысқартудың үшінші түрі - техника түрлерінің (ұшақ, трактор, автокөлік т.б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер. Бұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады. Мысалы:
ЯК-40. 1992 жылдың 17 шілдесі күні жолға шығып Баян-Өлкеден Өскеменге, одан Петропавл қаласына “АН-22”, “ЯК-40” ұшақтары арқылы жеттік. «Солтүстік Қазақстан», 8 ақпан 2013 жыл. Кешеннің бас кіреберісінде кеңестік көп мақсатты МИ-4 тікұшағы, АН-2, ЯК-40 ұшақтары тұр. «Егемен Қазақстан», 23 тамыз 2012 жыл.
ИЛ-18. Өзі айтқандай дарылдаған төрт моторлы «ИЛ-18» ұшағымен бақандай төрт сағат ұшып, Қарағандының ескі әуежайына қонады ғой. «Егемен Қазақстан», 2 қазан 2013 жыл.
ГАЗ-53. Әкімжан Ғайбуллаев, тұрғын: – Менің «ГАЗ-53» маркалы көлігім бар. «Егемен Қазақстан», 5 маусым 2013 жыл. Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласының Котов көшесінде “ГАЗ-53” автокөлігі жанып, жүргізушінің кабинасы мен мотор бөлігі жойылды. «Солтүстік Қазақстан», 7 қараша 2013 жыл.
АН-2. Төрт адам тірі қалды Ресейдің тергеу комитеті Камчаткада апатқа ұшыраған АН-28 ұшағына қатысты үш жағдайды атады. «Егемен Қазақстан», 13 қыркүйек 2012 жыл. Сонымен ақын ағамыз 1964 жылдың 9 мамырында ауданнан облысқа “АН-2” ұшағымен баратын. «Солтүстік Қазақстан», 29 мамыр 2013 жыл.
ЗИЛ-130. «МТЗ-80» 25 «ПМ-130» техникасы, «ЗИЛ-130» базасындағы 9 құмшашқыш, 2 қар жинағыш, 2 «К-701», «Урал» базасындағы роторлы техникалар мен тіркемелерді қосқанда барлығы 160 арнайы техника. «Егемен Қазақстан», 18 қазан 2011 жыл. Нақтырақ айтқанда, отын тиеп, орманнан келе жатқан “ЗИЛ-130" жүк көлігі Қызылжар ауданының Николаевка ауылының маңында жаңбырдан кейін саз болған жолда батып қалған. «Солтүстік Қазақстан», 31 шілде 2013 жыл.
ТУ-154. Осыдан екі жыл бұрын Смоленск әуежайына қонар кезде Польша президенті Лех Качиньский мінген ТУ-154 ұшағы апатқа ұшырағаны белгілі. «Егемен Қазақстан», 11 сәуір 2011 жыл. Сол айтқаны рас екен, әлгі 18 тонна жүкті тау-тасты асып түсе алатын машинаға да, пойызға да, тіпті мұхиттарды жүзіп өтетін кемелерге де тиемей, құласаң нардан құла дегендей, ТУ-154 ұшағына сылқита салады. «Солтүстік Қазақстан», 7 желтоқсан 2012 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет