Іі. Негізгі бөлім Компьютерлік желілер, негізгі түрлері Желілік операциялық жүйелер



бет2/3
Дата07.10.2022
өлшемі20 Kb.
#152068
1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (2)
АШЫҚ САБАҚҚҚ), Тесттер жинағы, Тесттер жинағы, Тесттер жинағы, Интеграционные группировки, Молекулалық био,генетика Әбилаев
2. Желілік операциялық жүйелер

Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.


Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.


Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:


* ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;


* желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;


* ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;


* ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;


* ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.


Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша классификациялауға болады. Оларды ауқымды (глобальный), аймақтық (региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады.




3.Жергілікті желілер

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады.


Адаптер компьютердің аналық тақтайшасындағы кеңейту слотына қондырылады. Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. әр қосылу – деректер үшін жаңа маршрут. Желілердің функционалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыратын әр түрлі желі топологиялары қолданылады.

Желі топологиясы – бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы.


Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина және шина.


«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.


«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. «Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.


«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға»тікелей қосылады. Бұл желіде деректер 2 бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина»жағдайындағыдай, желілінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет