Ii тарау Астықты кептіру үдерісiнiң негiздері 1 Астықты кептіру


Ылғал ауаның физикалық қасиеттерi



бет4/20
Дата30.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#130154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
астық кептіру сақтау

2.4 Ылғал ауаның физикалық қасиеттерi
Ылғал ауа туралы түсінік. Атмосфералық ауада әрқашанда белгілі бір мөлшерде су буы болады. Сондықтан да оны ылғал ауа деп атайды. Табиғи жағдайда мүлде құрғақ ауа болмайды. Бірақ ол жасанды жолмен алынуы мүмкін, мысалы ылғал ауаны құрғату, бұндайлар зертханалық жұмыстарда жиі қолданылады.

Ішкі жағдайларға байланысты (орныққан жері, ауа райы, теңіз жағдайларынан биіктігі және т.б.) атмосферадағы ауа және оның құрамындағы ылғал күйі өзгереді. Көп мөлшерде кептіргіште ауа мен ылғалда өзгереді.

Ең көп таралған кептіру әдісі атмосфералық ауаның жанғыш отын өнімінің қоспасы арқылы жүретін конвекция әдісі. Ол екі функция атқарады:

бір жағынан ол жылу тасымалдағыш және жылу бергіш, екінші жағынан ылғал жұтқыш. Бiздiң елде кептіру агенті ретiнде оттық газдары бар атмосфералық ауаның қоспаларын қолданады, бұл бұрында қолданылған қыздырылған ауамен кептіру әдісіне қарағанда екі есе отынның үнемдеуге мүмкіндік береді. Оттық газдардың шоғырландыруы атмосфералық ауамен қоспасы көп емес: оттық газдардың 1 кг, қыстыгүнi сыртқы ауаның 20 кг, шамамен толықтырады, жаздыкүнi оттық газдардың саны 30 кг жетеді. Оттық газдардың атмосфералық ауаға қосылу мөлшері 3–5% құрайтын болғандықтан, тәжірибе жүзінде бұл қоспаны физикалық қасиетіне орай ылғал ауаға жақын деп санауға болады.

Ылғал ауаның қасиеттерін сипаттайтын негiзгi көрсеткiштері:

температура, қысым, ылғалдылық, ылғал сақтау, меншiктi көлем, меншiктi салмақ, жылу сыйымдылығы және энтальпия (жылу ұстағыш)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет