Іi тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата11.03.2022
өлшемі24,23 Kb.
#135166
Байланысты:
5-сынып, ІІ тоқсан 1 сор


Білім алушының аты-жөні:________________________________________________________


Сыныбы: __________ Мерзімі:______________


ІI тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаты

А1. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздердің синонимдерін анықтау;
Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын анықтау;
Ж5. Берілген сөздерден сөйлемдер құрап жазу.

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Сөздердің синонимдерін анықтайды.

  • Ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын анықтайды.

  • Берілген сөздерден сөйлемдер құрайды.

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут




1-тапсырма. Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Көшпелілер өркениеті – мал шаруашылығымен айналысатын, көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы, өркениеті. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл – далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау қойнаулары.
Көшпелі өмір салты халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге, оның сырын тануға мүдделі етті. Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым болмады.
Сақтар туралы өзге елдердің зерттеушілерінің құнды жазбалары сақталған. Олар көшпелілерді «рухы биік, жаны таза, бейбітшілік сүйгіш, әділ, батыр, ұйымшыл халық» деп бағалады.
Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе, қолбасшылар мен батырлардың орны жоғары болды. Одақты сақ көсемдерінің кеңесі сайлаған патшалар биледі. Сақ қоғамы үшке бөлінді: әскерлер, абыздар, ру мүшелері. Сақ жауынгерінің қару-жарағы мен сауыт-сайманы түгел болған.
1. Берілген сөздердің синонимін анықтаңыз.
өмір ______________
қаһарман ____________________
басқарды ______________
[3]

Ақпараттар

+ дұрыс

  • бұрыс

Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады.







Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым болды.







Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе, қолбасшылар мен батырлардың орны жоғары болмады.






2. Ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз.


[3]
2-тапсырма. Жазылым
Берілген сөздерден сөйлемдер құрап жазыңыз.
Томиристі, тәрбиелейді, әкесі, кішкентай.

Атқа, бес, мінген, жасынан, Томирис

Кирді, шайқаста, жеңеді, Томирис.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[3]





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет