Ііі. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Тақырыбы: Десмургия. Таңғыштардың түрлері. Таңғыш салу тәсілдері. Студенттер тақырыпты жақсы меңгерулері үшін «Десмургия. Таңғыштардың түрлері. Таңғыш салу тәсілдері»



бет6/12
Дата04.10.2022
өлшемі275,54 Kb.
#151719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Ііі. Жа а та ырыпты т сіндіру. Та ырыбы Десмургия. Та ыштарды
Реферат КлинБХ
Іс - әрекеттің алгоритмі:

  • Науқасты өзіне қарама – қарсы отырғызу

  • Тыныштандыру және өткізілетін манипуляцияны айтып түсіндіру

  • Залалсыздандырылған пинцет көмегімен көзге таңғышты салу

  • Таңу, ауру көз жақтан басталады. Айнамалы орамы қабақ үстінен және қарақұсты айналдыра бекіту жүргізіледі.

  • ІІ айналым құлақтың артқы жағынан төмен түсіп, ауру көз жағынан беті арқылы, ауру көзін жабады және жоғары қарай қайта бекіту жолына түседі

  • ІІІ айналым қайта бекіту жолы болып табылады. Бұл әдіс толық жарақаттанған көз жабылғанға дейін қайталанады.

  • бекіту жолына қайта түсіп, дәкені ұштары бір- біріне бекітіледі

Е кі көзге ( биноокулярлы ) таңу іс- әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші:көз алмасы және қабақтың іріңді қабыну аурулары және операциядан кейінгі кезеңі
Әзірле:

  • медициналық табақша ( лоток)

  • залалсыздандырылған салфетка

  • анатомиялық пинцет

  • дәке (ені 7-10 см көлеміндегі)

  • қайшы

Іс - әрекеттің алгоритмі:

  • Науқасты өзіне қарама – қарсы отырғызу

  • Тыныштандыру және өткізілетін манипуляцияны айтып түсіндіру

  • Залалсыздандырылған пинцет көмегімен көзге таңғышты салу

  • І айналым орамы қабақ үстінен және қарақұсты айналдыра бекіту жүргізіледі.

  • ІІ айналым құлақтың артқы жағынан төмен түсіп, ауру көз жағынан беті арқылы, ауру көзін жабады және жоғары қарай қайта бекіту жолына түседі

  • ІІІ айналым қайта бекіту жолы арқылы жоғарыдан төменге қарай бағыттап екінші көзді жабу. Бұл әдіс толық жарақаттанған көз жабылғанға дейін қайталанады.

  • бекіту жолына қайта түсіп, дәкені ұштары бір- біріне бекітіледі.

Желкеге айқастандырылып салынатын таңғыш іс – әрекетінің алгоритмі
М ойынның артқы бетінде және желкеде қабыну процестері немесе жарақат болғанда, стерильді салфетканы ұстап тұру үшін салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет