«Қиындығы жоғары физикалық есептерді шығару» пәні бойынша дәріс



Дата04.01.2022
өлшемі47 Kb.
#109310
Байланысты:
№2 дәріс. Физ.ес.пед.талапт.
1- апта дәріс Гүлжанат апай, 1- апта дәріс Гүлжанат апай, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, Лекция 10 Жартылай өткізгіштердің түрлері, есеп, есеп, есеп, 8, 173001, 173001, 1513913725

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

Физика кафедрасы

5В011000- «Физика» мамандығының

4-курс студенттеріне арналған


«Қиындығы жоғары физикалық есептерді шығару»

пәні бойынша дәріс

Дәрісті оқушы: физика кафедрасының

аға оқытушысы Баймолданова Л.С.
2 дәріс.
Физикалық есептердің классификациясы және оларға

қойылатын педагогикалық шарттар
Физиканың табиғат заңдарын терең түсіндіруінің арқасында, ол ғылым ретінде қоршаған ортаны жіті танып, жан-жақты көзқарастар қалыптастырған адам баласының тыныс-тіршілігінің басқа да көптеген салаларына әсер етуде. ТМД және шет елдер тәжірибесінде физика ғылымының орта мектепте пән ретінде орны мен маңызын ғылыми-техникалық прогрестің келер онжылдықтағы жетістіктеріне байланысты бағалау қабылданған. Мәселен, бұл жөнінде халықаралық сарапшылардың болжамы мынандай: адам қызметінің барлық сферасына компьютерлер енеді; миллиондаған мамандықтар лазерлер мен роботтармен байланыста болады; адам қызмет сферасының кеңеюі (денсаулық сақтау, гигиена, өндіріс, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, күрделі индустриялық әскери жабдықтар және т.б.) жаңа технологияларды енгізілуімен байланысты болады.

Психологиялық-педагогикалық теорияларда қызығушылықты жіктеудің бірнеше түрі бар: дүниеге деген қарым-қатынасының сипаты, мазмұны мен кеңдігі, күші (белсенді, немқұрайды), тұрақтылығының дәрежесі (тұрақты, тиянақсыз), пайымдауы мен тереңдігінің дәрежесі бойынша және т.б.

Психолог ғалымдардың (В.В.Давыдов, Б.М.Теплов, П.М.Якобсон және басқалары) еңбектерін салыстыра жүргізілген талдауға сүйене отырып, зерттеу жұмысымызда қызығушылықтың психологиялық табиғатын, оқушының оқыту үдерісі барысында өсіп келе жатқанын байқауға көмектесетін механизмдерін қарастырдық. Төменде оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық есептердің алатын орны көрсетілген (1-сурет).



жағымды сезімдер туғызатын нәтижелер (өз ісіне қанағаттану, шаттану және т.б.)

1 -сурет-Оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық есептердің алатын орны
Мектепте физиканы оқытудың күйіне талдау, білім саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға қарамастан, оқушылардың басым көпшілігінің физикаға қызығушылығы енжар, ал сабақтар әлі де орындаушылық бағытын ұстануға бейімдейтін дәстүрлі әдістермен жүргізілетінін көрсетеді.

Қазіргі кезде мектепте физиканы оқыту үдерісінде дамыта оқыту теориясы ерекше орын алады. Дамыта оқыту үдерісінде міндетті түрде «жаңа өнім» - «жаңа нәрсе» алыну қажеттігі туралы ой жетекші болып табылады. Мұндағы «өнім» − білім, білік, материалды объект немесе олардың біреуі болуы мүмкін. Шығармашылық есептерге қойылатын талаптарды ескеретін болсақ, онда оқыту үдерісіне іс-әрекеттік тұрғыдан келу қажеттігі туындайды. Мұнда алынған «өнімнің» қасиеттерін іс-әрекеттің мақсатында көрсетілген қасиеттерімен салыстырып, қасиеттер арасында өзгешеліктер болған жағдайда, оның себептері айқындалады. Құбылыстың күнделікті өмірде, тұрмыста, өндірісте және т.б. жерлерде қолдануын жан-жақты қарастырады.

Зерттеу жұмысында шығармашылық есептер арқылы физикаға қызығушылықты арттыру осы дамыта оқыту идеясы негізінде жүзеге асырылды. Көбіне орнындаушылық бағытын ұстанатын дәстүрлі және ойлау мектебі-дамыта оқыту әдістерінің салыстырмалы көрінісі төмендегідей.

Физикалық шығармашылық есептерін жалпы үш түрге бөлу қабылданған. «Не істеу керек?» деген сұраққа жауап беретін зерттеушілік есептеріне және «Қалай істеу керек?» (В.Г Разумовский., Р.И.Малафеев) деген сұраққа жауап беретін құрастыру есептеріне. Одан кейінгі кезеңде шығармашылық есептерді тапқырлық есептер тобына ажырату пайда болды (Г.С.Альтшуллер). Мұнда физикалық эффектілердің үйлесімділігін пайдалана отырып, техникалық шығармашылықтан теорияға көшу ұсынылады Одан кейін шығармашылық есептер оқыту үдерісіне қатысты «шығармашылық» ұғымымен бірге қарастырылып, толықтырылды.



В.Л. Данилов: «Кез-келген шығармашылық есептің кілті болып табылатын қандай да бір формула немесе схема болмайды. Дайын формуланың немесе кілттің болуы есептің шығармашылығын, жалпы шығармашылық ойлауды жоққа шығарған болар еді» деген пайымдайды. Егер шығармашылық есепті шығару үдерісі мұғалімнің ешбір басқаруынсыз жүргізілетін болса, онда бейберекетсіз іс-әрекеттерді тудыратын, нәтижесінде есепті шығарудың тәсілдерін іздеуден бас тартуға соқтыратын жағдай пайда болады. Ал мұндай жағдайлардың жиі қайталануы оқушылардың қызығушылығын ғана емес, өздерінің мүмкіндіктеріне деген сенімсіздіктерін туғызады.

Шығармашылық есептердің мазмұнымен және оларды орындау әдістемесімен айналысып жүрген физик-әдіскерлердің (В.П. Басаргин О.Ю. Овчинников, Д.В. Богоявленская, Н.Н. Тулькибаева, А.В. Усова) барлығына ортақ ой – шығармашылық есептің нақты анықтамасы жоқ. Есептің бір оқушы үшін шығармашылық, ал келесі бала үшін қарапайым болатынын үнемі есте ұстаған жөн. Оқу-танымдық іс-әрекеттің арқасында ғана оқушы әлемді, табиғатты, оның заңдарын танып білуінде жаңалықтар ашады, бірақ мұндағы айырмашылық − осы жаңалықтардың субъективтік сипатта болуы. Осы орайда іс-әрекетті бағалаудың критерийі ретінде жалпы «жаңашылдықты» емес, жаңашылдықтың тек білімге қатыстылары ғана алынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет