Ыкласова Гульдана пмно курс топ Көркем еңбек сабағы, оның өзіндік ерекшеліктері



бет1/3
Дата13.02.2023
өлшемі224,65 Kb.
#168487
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Ыкласова14 (копия)
көркем еңбек 15 (копия), Жаратылыстану 3 cынып бойынша зерттеу жұмыстарының топтамасы(тапсырма) (копия) (копия), Конспект лекций, Ф КазНИТУ 605-10. Отчет о НИД ред, Ф КазНИТУ 605-10. Отчет о НИД ред

Ыкласова Гульдана пмно 3 курс 1 топ
1. Көркем еңбек сабағы, оның өзіндік ерекшеліктері.
2. Көркем еңбек сабағының кезеңдерін атап, олардың негізгі мазмұнын ашыңыз.
3. Тақырыпты таңдап, сабақтың әр кезеңін, әдісін сипаттай отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрыңыз. Сабақтың түрін анықтауға тырысыңыз.

1. Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол әртүрлі шығармашылық әрекет барысында көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.


«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік.«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.
2.«Көркем еңбек» пәнінің оқу пәнінің бағдарламасы:
- қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға;
- Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге;
- өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға;
- зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға;
- оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы);
- жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға;
- эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға;
- уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға;
- оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған. Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
3.

Педагогтің аты-жөні

Ыкласова Гульдана Кайратовна

Күні:

1.05.2022жыл

Сынып:2 «З»

Қатысушылар саны:32

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет