Ылым министрлігі



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#96149
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Таль жүйесінің негізгі бөлшектерінің қызметі

Жаңа білімді меңгерту.
Мұнара – ұңғыны қазатын аспапты көтеріп-түсіру, кигізбе құбырларды түсіру, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу тағы басқа көптеген жұмыстарды ұңғыда жүргізу үшін орнатылатын құрылыс механизмі. Бұрғы қондырғыларының тəл жүйесі, лебедка барабанының айналмалы қозғалысын ілмектің ілгерілемелі қозғалысына айналдыру жəне тəл арқаны ілмектеріне түсетін салмақты жеңілдету қызметін атқарады. Кронблок шкиві мен тəл блок шкиві арқылы белгілі ретпен болат арқан өткізіліп, бір ұшы қозғалмайтын етіп бекітіледі. Мұнарамен көтеріп-түсіру әрекеттерін жүргізген кезде таль жүйесінің қызметі зор. Тальдік жүйе деп – шығыр барабанының айналу қозғалысын арқан арқылы ілмектің жоғары-төмен қозғалысына айналдыруға арналған механизмдер тізбесі. Оған жататындар; кронблок, қозғалатын тальдік блок, арқандар, шығыр барабаны, ілмек пен штроптар.
Крон-блок (1-сурет) – мұнараның ең жоғарғы бөлігіне орналасқан механизм.
Құрылысы; рамадан, тіректерден, осьтен және соның бойында орналасқан өзара тәуелсіз айналатын бірнеше шкивтерден (роликтерден) тұрады. Қызметі; тальдік жүйе арқылы бұрғылау тізбегінің салмағын көтеру және көтеріп-түсіру операцияларын іске асыру болып табылады. Крон-блоктің құрылысы әртүрлі болып келеді.





1-сурет.Кронблок.
1-шкивтер осі, 2-пресс масленка, 3-гайка, 4,12-тіректер, 5-ось,6,7- сақиналар, серпілмелі сақина, 10-шкив, 11-қабық,13- штифт, 14-рама


Тальдік блок – корпустен, корпуске бекітілген осьтен, оське бекітілген подшипниктерге орналасқан шкивтерден, қақпақтан, ілгіштен және сырғадан тұрады. Қауіпсіздік үшін тальдік блоктің көлемі кішірек болуы керек, әсіресе ені, себебі ол мұнараның элементтеріне өте жақын жүреді. Тальдік блоктің әрбір шкиві тәуелсіз айналады, сондықтан оларға қойылатын талап та күшті. Шкивтің жұмыс кезінде ось бойымен жылжуы 1000мм диаметрге – 1мм, ал радиалдық жылжуы 0,5мм аспау керек.
Тальдік блок (2-сурет) заводтан бір секциялы (барлық шкивтер бір оське жиналған) және екі секциялы (шкивтер екі оське орналасқан, ортасында «свеча» жүруге кеңістік қалдырылған) болып жасалады. Осы екі механизмдер (крон-блок пен тальдік блок) үшін ең маңызды талап – олардың жұмысының сенімділігі мен осьтерінің қысқалығы. Ось неғұрлым қысқа болса майысу қысымы солғұрлым аз болады.





2-сурет Тальдік блоктің суреті.
1-сырға; 2-ілгіш; 3-корпус; 4-қабақ; 5-шкивтер осі; 6-роликті подшипник; 7-шкив;
8-қақпақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет