Ылым министрлігі


тарау Бизнес-талдауға кіріспе



бет2/146
Дата08.02.2022
өлшемі2,46 Mb.
#98547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Байланысты:
Бизнес талдаудағы зияткерлік жүйелер

1 тарау




Бизнес-талдауға кіріспе




Сіз мүмкін, қысым немесе шамадан асыра талапшыл басшы болуы себебінен электронды бизнеспен бір кездері тәжірибе өткіздіңіз бе? Сіз өз күшіңізді байланыссыз, өкінішті, сәтсіз деп санайсыз ба? Электронды бизнес арқылы қол жетімді ақпараттың үлкен көлемін ескере отырып, неден бастау керектігін іздеу қиын болуы мүмкін. Тіпті сіз жұмысқа кіріскеннің өзінде, уақыт, күш немесе бюджет жұмсамау үшін қандай іс- әрекеттер жасайсыз?
Бұл кітап сіздің электронды бизнес дағдыларынызды құрылымдалған және итеративті тәсілмен қолдану үшін негіз береді. Сіз электронды бизнесті игеру үшін алғашқы қадам жасадыңыз және, өлшенетін нәтижелер алу және, түбінде, инвестицияларды қайтару үшін, осы дағдыларды пайдалан аласыз. Одан артық арман бар ма?
Бұл кітаптың ерекшелігі неде?
Бұл кітап тек білім көзі болып табылып, Сіздің электронды бизнес әлеміне саяхатыңызды бастау үшін қажетті барлық ақпаратты қамтып қана қоймай, сондай-ақ біздің түйінді тұжырымдамаларымызды түсінуіңізге көмектесетін және цифрлық салада табысқа жету үшін қажетті дағдыларды ұсынатын практикалық оқыту тәсілімізді қамтиды.
Сонымен қатар, бұл кітап «үш И» DMI принциптеріне негізделген құрылымдалған әдіснаманы ұстанады. Бұл принциптер тиімді Электронды бизнес үшін қажетті негіз болып табылады және олар дәстүрлі маркетингке мүлдем басқа амалдың қажеттілігін көрсетеді.
Бұл әдістеме осы кітаптың 10 тарауында сипатталған, олардың әрқайсысы Электронды бизнес технологиясы саласында бір нақты арнаны қамтиды. Әрбір тараудың соңында сізге нақты іс-қимыл жоспары беріледі және осы жоспарлармен жұмыс жасай отырып, сіз электронды бизнестің барлығын жан-жақты қамтитын, құрылымдалған және табысты стратегиясын жасай аласыз.
Клиенттен бастаңыз және кері бағытта жұмыс істеңіз
Табысты цифрлық науқандар бірқатар сипаттамаларға ие, бірақ табыссыз науқандар бір жалпы сипатқа ие: олар уәкілетті және хабардар қолданушыны мойындамайды.
Халық билігі
Интернет эволюциясын сипаттағанда үлгі ретінде Facebook, Lycos, Google, eBay, PayPal, Amazon, Apple, Samsung, Netflix және Yahoo! сияқты компаниялардың мысалдарын келтіруге қызығушылық болып, интернеттің бүкіл тарихы осылар сияқты брендтердің, компаниялардың мен технологиялардың тарихы сиқты болып көрінеді. Интернеттің шынайы эволюциясы уәкілетті тұлға туралы тарихта сипатталған. Сіз және мен Интернетті иеленесіз, және интернет эволюциясы - бұл біздің тарихымыз.
Осыдан 10 жыл бұрын Yahoo!-дан Google қарай жылжу Google маркетингінің нәтижесі болған жоқ пайдаланушылар ретінде біз алға қарай секірдік, себебі, біз ақпаратты қалай іздейтінімізді көбірек бақылауға алдық. еBay электрондық коммерция сайты кез келген уақытта кез келген бағамен кез келген біреуге сатуға мүмкіндік берді. Facebook бізге қалаған уақытта бүкіл әлемдегі адамдармен байланыста қалуға мүмкіндік берді. Цифрлық технологиялардағы барлық үлкен секірулер бір нәрсемен сипатталады - олар сізбен бізге өз өмірімізді көбірек бақылауға мүмкіндің береді.
Интернет барлық басқа байланыс арналарынан мүлдем ерекшеленеді, өйткені біз клиенттеріміз туралы көбірек мәлімет ала аламыз. Біз олардың әдеттерін, технологияларын және артықшылықтарын анықтай аламыз. Интернет ұсынатын еркіндік компания мен клиенттердің арасындағы қарым-қатынасты түбегейлі өзгертті, оларды астын-үстіне шағарып , уәкілетті клиентке процестерді баскару мүмкіндігін берді.
Коммуникация және веб-технологиялар саласындағы осы жетістіктердің аркасында компания мен оның клиенттерінің арасында ғана емес, сондай-ак жаксы болсын, жаман болсын, көріксіз болсын, өз тәжірибесін жариялы түрде бөлісе алатын баска да клиенттер арасында да кедергілер жойылды.
Нарықты зерттеу және нарық шындык
Үлкен болсын, кіші болсын, оған тәуелсіз, кез келген бизнес үшін негізгі міндет өте карапайым - өз өнімін немесе кызметін клиенттің колына тапсыру.
Компания бұған калай кол жеткізетіні туралы нарыктык зерттеулер, интуиция, пікіртерімдер, сауалнамалар және колданыстағы әдеттер мен кызмет түрлерін зерттеу хабарлайды. Алайда, нарыкка зерттеулер жүргізу кезінде, әсіресе сауалнамалар кезінде біз бір негізгі факторды ескеруіміз керек -адамдар жалған сөйлейді!
Интернет бізге адамдар шын мәнінде Интернетте не істеп жатканын байкай отырып, нарыктык шындыкты үйренуге мүмкіндік береді. Біз әлеуметтік тыңдау кұралдарын клиенттердің онлайн-әдеттері негізінде олардың іс-әрекеттері мен калауын зерттеу үшін және (1.1 суретте) көрсетілгендей, біздің нарыкты зерттеуімізді толыктыру үшін пайдалана аламыз. Осы нарыктык шындыкка кол жеткізе отырып, біздің өніміміз неғұрлым максатты болады және бізде нарыкка шығудың табысты стратегиясына көбірек мүмкіндіктер бар.


1.1-Сур. Нарықты зерттеу және нарық



Мұны шын мәнінде жасайык!
Сіз Нью-Йорктегі балабакшаны баскарасыз және клиенттеріңіз үшін олар сізді таба алатындай және сізбен және бір-бірімен өзара іс-кимыл жасау үшін интернет ресурс жасауды калайтыныңызды елестетейік. Бұл сайтты Crecheworld.com деп атауға болар еді.
Алайда, Google Keyword Planner кұралын пайдалану аркылы карапайым тексеру соңғы алты ай ішінде Нью-Йорктегі бірегей «бөбекжай» іздеу саны 10 есе азайғанын көрсетер еді! Сонымен, сіз өз әрекет салаңызды бөбекжай (creche) деп ойласаңыз болады, бірак сіздің колданушыларыңыз бөбекжай - балабакша терминін колданады.
Веб-сайтты жоспарлау процесінің осы ерте сатысының өзінде біз клиенттерге жүгіндік, олар шын мәнінде немен айналысатынын карап, өз кнімімізді тиісті түрде өзгерттік. Нарыктың шынайылығы веб-сайтка атау беру сиякты маңызды бизнес-шешімдерді кабылдау үшін нарыкты зерттеуге карағанда анағұрлым берік негізді камтамасыз етеді.
Мұндай тыңдау кұралдардың барлык цифрлык арналарға арналған түрлері бар, және осы кітаптың әрбір бөлімінде сіздің клиенттеріңіздің интернеттегі накты іс-кимылдарын түсіну үшін ең тиімді кұралдармен танысасыз.
Сіз «Бұл нарыкты зерттеу артык болып табылатынын білдіреді ме?» -деп сұрауыңыз мүмкін? Әрине, жок. Біз тұтынушылар тарапынан бакылауға өту дәрежесін атап көрсету үшін осы екі кызмет түрінің арасында айырмашылык жасадык. Акылға конымды тәсіл-бұл екі кызмет түрінің ең үздіктерін оның біреуін екіншіні тексеру және колдау үшін пайдалана отырып, бір топтастырылған стратегияға біріктіру.
«үш И» принциптері
«үш И» принциптері - Инициация (бастамашылык), Итерация және Интеграция (бірігу) - DMI барлык әдіснамалары үшін негіз кұрады және кез келген маркетинг стратегиясының кілті болып табылады.
1-Принцип: Инициация (Бастама)
Маркетологтар ретінде біз үшін ең үлкен мәселе-үнсіз қалу! Цифрлық әлем шын мәнінде өте қарапайым, яғни, тұтынушы сіздің бюджет, ресурстар, стратегиялар мен арналар туралы әрбір сұрағыңызға жауап бере алады деген мағынада - тек құлақ салса!
Электронды бизнестің бастамашылық принципі клиент цифрлық қызметтің барлық түрлері үшін бастапқы және соңғы нүкте болып табылады -дейді. "Клиент шешсін" принципі барлық сұрақтарға жауап болып табылады.
Көптеген адамдар цифрлық арналармен жұмысты тым тез істей бастайды. Олар әлеуметтік желілердегі блогтар, веб-сайттар мен профильдер жасайды және өздері, өз компаниялары мен өнімдері туралы өзіне тән емес мазмұнды жариялай бастайды. Олар цифрлық арналар осы сөздің дәстүрлі мағынасындағы хабар тарату арналары емес екенін түсінбейді.
Іс жүзінде, олар екіжақты сұхбатты жеңілдететін өзара іс-қимыл арналары болып табылады. Сіздің клиенттеріңіз интернетте не істеп жатқанын анықтау үшін уақыт жұмсасаңыз, сіздің цифрлық қызметіңіз айтарлықтай тиімді болады.
Сіздің клиенттер ақпаратты онлайн түрде жеткізеді. Сіз тыңдайсыз ба?

  1. -Принцип: Итерация

Хабарландыру жарияланғаннан кейін бірнеше минут өткен соң, біз шерту, жауап және конверсиялық коэффициенттерінің рейтингі қандай екенін көреміз. Одан да маңыздысы, жарнаманың мазмұны немесе дизайны пайдаланушының іс-әрекетіне жауап ретінде шексіз рет өзгеруі мүмкін. Бұл жариялау, жауаптарды бақылау және тиісті түрде реттеу қабілеті Ғаламтордың ең күшті жағы болып табылады және біздің «үш И» принциптеріміздің екіншісі - Итерацияны шығарады.
Бұл принцип пайдаланушымен өзара әрекеттестігіне жауап ретінде электронды бизнестік науқанды баптаудан маңыздылығын атап көрсетеді. Электронды бизнестің әрбір арнасы сіз итеративті үдеріс қолданғанда ең тиімді болады, және компанияның сіз қолданатын итерациялары неғұрлым көп болса, олардың әрқайсысы соғұрлым тиімді болады.
Аталған интерактивті үдерістің бірнеше маңызды алғышарттары бар.
Бірінші жарияланған идея міндетті түрде ең жақсы болмайтынынан бастайық. Шалқадан түсіретін науқанды әзірлейтін аңыз жарнамалық магнат өткенге кетті. Неліктен? Өйткені сіздің клиенттеріңіз өздеріне не керегін кез келген жарнама берушіден жақсы сипаттауы мүмкін. Клиенттеріңіз бен Сіздің науқаныңыздың өзара іс- қимылдарын қадағалаңыз және оны өзгертуге дайын болыңыз. Сіздің науқан өмір бойы жақсаруы мүмкін және жақсартылады да.
Бұдан әрі итерацияның ұзындығы арнаға байланысты. Мысалы, егер сіз апта сайынғы жібірілімді электрондық пошта арқылы жіберетін болсаңыз, сіз пошта хаттарын ашу коэффициентін және шерту рейтингісін жібергеннен кейін бір немесе екі күн ішінде тексере аласыз. Содан кейін сіз осы идеяларды клиенттер тарапынан не жауап тапқаны, не жауап таппағаны тұрғысынан өзіңіздің келесі науқаныңызға қолданасыз. Осылайша, электрондық пошта арқылы жүргізілетін нақты науқан үшін сіздің итеративті цикл әдетте бір аптаға созылады.
3-Принцип: Интеграция
Интеграция принцип ретінде тиімді электронды бизнес үшін шешуші мәнге ие. Ол үш деңгейде жұмыс істейді:

  1. Күш-жігеріңізді цифрлық арналар арқылы біріктіріңіз. Цифрлық арналар арасындағы Интеграция бір арна арқылы алынған ақпаратты басқа цифрлық арнаның тиімділігін арттыру үшін пайдалану болып табылады. Бұл үдеріс сіздің маркетингтік командаңыз іздеуді оңтайландыру арқылы алған ақпаратты бөлісу сияқты қарапайым болуы мүмкін. Біздің "бөбекжай немесе балабақша" деген мысалымызды алыңыз: егер сіз Нью-Йоркта тұратын ата-аналарды жарнама науқанына балаларға арналған электрондық пошта арқылы тартсаңыз, балабақша сияқты түйінді сөздерді пайдалану Сіздің пошталық хаттарыңызды ашу коэффициентін арттыруға көмектеседі. Осылайша, бір арна арқылы алынған ақпаратпен алмасу екіншісінің тиімділігін едәуір арттыруы мүмкін.

  2. Өзіңіздің цифрлық және дәстүрлі маркетингтік күш-жігеріңізді біріктіріңіз. Цифрлық және дәстүрлі маркетингтің интеграциясы сіздің электронды бизнес саласындағы күш-жігеріңіздің нәтижесінде алынған ақпаратты пайдалануды және оны сіздің дәстүрлі маркетингтік стратегияңызға біріктіруді көздейді. Мысалы, радио хабарландыру үшін сценарий жазу кезінде іздеу жүйелерін пайдаланатын клиенттержауапберетінтүйіндісөздердіпайдаланукерек.Сіздіңклиенттерденүйренумүмкіндіктеріңіздің кез келгені сіздің барлық коммуникацияларыңыз және маркетингтік науқандарыңыздың тиімділігін арттыру үшін барлық арналар арқылы таратылуы мүмкін.

  3. Есептілік көздеріңізді біріктіріңіз. Электронды бизнеспен айналысатын компаниялар өз клиенттері туралы көптеген деректерді алады. Алайда, деректерді өзіңіз дұрыс бизнес шешім қабылдай алатындай етіп жинау маңызды. Клиенттеріңізге деген біріктірілген көзқарас - бұл жақсы бастама. Бақытымызға орай, жұмыстың басым бөлігі сіз үшін Google Analytics сияқты құралдың көмегімен орындалуы мүмкін. Мысалы, бұл құрал сізге сайтқа түсетін трафик көзі туралы толық ақпарат бере алады. Ақылы іздеу жарнамасымен салыстырғанда, Сіздің сайтқа келушілердің неше пайызы электрондық пошта арқылы келеді? Қандай келушілер жылдамырақ клиенттер болады? Онда сіз цифрлық бюджеттің қай жерін ұлғайтып, қай жерін азайту керексіз? Сіздің электронды бизнесіңіздің шынайы құндылығына негізделген іскерлік шешімдерді қабылдау сіздің электронды бизнес стратегияңызды жүзеге асырудың және негіздеудің маңызды қадамы болып табылады.

Сонымен, бұл секіруді бірге жасайық! Цифрлық арналар біз үшін не істей алатынын және, одан да маңыздысы, біздің клиенттер үшін не істей алатынын білейік.


2 тарау






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет