Қылмыс деп танылады. Қылмыстық теріс қылық



бет29/29
Дата07.02.2022
өлшемі71,63 Kb.
#84217
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ҚҚ 3,4,5 Қылмыс Құрамы
маршр.парақ, маршр.парақ, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, ҚҚ 7 Қ.Құқықбұз. көптігі, 1- күнгі праткикалық тапсырмасы 1
Ал келте құрамдардың негізгі мағынасы, іс-әрекеттің қауіптілігі қылмыстың нақты аяқталу кезеңінде ғана емес, оның бастапқы кезеңдерінің өзінде-ақ қауіпті әрекеттердің жасалуы арқылы заңмен қорғалатын объектілерге зиян келтірілуіне байланысты аяқталды деп танылып, жауаптылықты толық белгілеуге негізі бар қылмыс құрамдары болып табылады. Кей жағдайларда заң шығарушы қылмыстың аяқталу кезін алдын ала кылмыстық әрекет кезеңдерінің біріне – қылмысқа дайындалу немесе оқталу кезінде жатқызады. Мұндай қылмыс аяқталды деп танылу үшін қылмыстың зардаптың болуы да оны тудыратын әрекеті аяғына дейін жеткізуде қажет емес. Қылмыстың мұндай құрамдары келте құрам деп аталады (мысалы, бандитизм және т.б)
Қылмыстық құқық бұзушылықтар заты.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар объектiсiнен қылмыстық құқық бұзушылықтар затын ажырата бiлу қажет. Қылмыстық құқық бұзушылықтар объектiсi ретiнде қарастырылатын қоғамдық қатынастарға зиян келтiру осы қатынастардың жеке элементтерiне, соның iшiнде қолсұғушылық затына əсер ету арқылы жасалуы мүмкiн.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар заты деп – қылмыстық құқық бұзушылықтар объектiсiнiң элементi болып табылатын жəне қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамының белгiсi ретiнде сипатталатын зат немесе объективтi дүниенiң басқа да заттары. Мысалы, мүлiктi, яғни автокөлiктi ұрлауда қылмыстың заты – автокөлiктiң өзi, ал объектiсi сол автокөлiк иесiнiң меншiк құқығы. Қылмыстың заты – қолсұғушылық объектісінің элементі, яғни соған әсер ету арқылы қылмыскер қоғамдық қатынастарды бұзады немесе бұзуға тырысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет