Қылмыстық ҚҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ объективтік жағЫ


Берілген курстық жұмыстың мақсаты



бет4/9
Дата26.01.2022
өлшемі51,48 Kb.
#114987
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курсовой қылмыстық
Документ Microsoft Word
Берілген курстық жұмыстың мақсаты. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының маңызы кең көлемде қарастырып, оның белгілерін, яғни, факультативті белгісін анықтау.

Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының ұғымы мен түсінігін қарастыру;

Қылмыстық құқық бұзушылықтың зардаптарын зерттеу;

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілерін анықтау;

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстың объективті жағының маңызын сөз еткенде, алдымен, ҚК-нің 3-бабына жүгіну керек, онда жауаптылық тудыратын негіз жайында айтылған. Қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі - қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті жасау. Яғни, қылмыс құрамының объективті жағының белгілері болмаса - жалпы қылмыстық жауапкершілік те болмайды. Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық катынастарға зиян келтірген немесе зиян келтіру қаупін төндірген іс-әрекет қоғамға қауіпті деп танылады. Қоғамға қауіпті іс әрекет келтірген знянды аныктай отырып қылмыстық кұкық "қоғамға қауіпті зардап" деген ұғымды пайдаланады, ал қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы байланысты анықтау үшін қылмыстық құқықта «себептік байланыс» деген термин пайдаланылады. Бұл екі белгі де факультативтік болып саналады . Қылмыстық iс-əрекет (əрекет немесе əрекетсiздiк) кез келген қылмыстың объективтiк жағының мiндеттi белгiсi, өйткенi ол объективтiк жағының негiзi, өзегi ретiнде танылады. Əрекет немесе əрекетсiздiк қоршаған ортамен өзара əрекеттесудiң əртүрлi нысанында жəне белгiлi бiр жағдайларда, уақытта жəне орында жасалуы мүмкiн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет