“Қылмыстық құқық” ұғымы мен жүйесі



Дата22.12.2023
өлшемі315,62 Kb.
#198310
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint
9-тарау.Сыбайлас жемқорлық

“Қылмыстық құқық” ұғымы мен жүйесі

Құқықбұзушылықтың ең ауыр түрі-қылмыстық құқықбұзушылық

  • Қылмыстық құқық – “қылмыстық құқықбұзушылық” түсінігі мен белгілерін анықтау, жаза қолдану, қандай негізде қылмыстық жауаптылыққа тартуға болатынын анықтау,сонымен қатар қылмыстық жауаптылықтан босату сияқты қоғамдық қатынастарды реттеп отыратын құқықтану саласы

Қылмыстық құқық міндеттері
Қылмыстық заңда көрсетілген қоғам мен мемлекеттің құқығы мен мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау
Қылмыстың алдын алу
Қылмыс пен жаза туралы ақпарат бере отырып, қоғам мүшелерін тәрбиелеу

Қылмыстық құқық қылмыстың не екенін,қандай қылмыс үшін қандай жаза тағайындалатынын,қылмыстық жауаптылықтың негізін,жауаптылық пен жазадан босату жағдайларын анықтайды

  • Қылмыстық құқық қылмыстың не екенін,қандай қылмыс үшін қандай жаза тағайындалатынын,қылмыстық жауаптылықтың негізін,жауаптылық пен жазадан босату жағдайларын анықтайды
  • Қылмыстық құқық қылмыс жасалуына байланысты туындаған қоғамдық қатынастарды реттейді

Қылмыстық құқықтың негізгі функциялары


Алдын ала ескерту функциясы.Жаза тағайындау,азаматтар қылмыс жаса жағдайында жауаптылыққа тартылатыны ескертіледі
Қылмыстық құқықтың қорғау функциясы.Егер жеке тұлғаның,қоғам мен мемлекеттің аса маңызды мүдделері қозғалса,қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық қорғау тетіктерін қосады
Қылмыстық құқықтың ынталандыру функциясы.Қоғамға пайдалы әрекеттерді ынталандыратын бірқатар ережелерден тұрады.Олар:қылмыс құрамының жеңіл түрі болған жағдайда,қылмыстық жауаптлылықтан босату немесе оны жеңілдету және т.б

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ

Жалпы бөлім

Ерекше бөлім

  • Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады.

Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады.

Қылмыстық құқық қағидаттары

  • Ең бірінші кезекте, бұл — заңдылық принципі.
  • Қылмыстық құқықтың келесі принципі азаматтардың заң мен соттың алдындағы теңдік принципі болып табылады.
  • Қылмыстық, құқықтың барынша маңызды принципі кінәлі жауапкершілік принципі болып табылады.
  • Кінәлі жауапкершілік принципінен жеке жауапкершілік принципі тікелей пайда болады.
  • Қылмыстық құқықтың негіз салушы принциптерінің бірі сапасында әділеттілік припципі бөлініп шығады.
  • Конституциядан қылмыстық құқық. принциптерінің тағы біреуі тікелей бөлініп шығады. Бұл — гуманизм принципі.
  • Гуманизм принципіне барынша тығыз жанасқанымен, бірақ онымен толық қамтылмайтыны қылмыстық жазалауды үнемдеу принципі.

“Қылмыстық құқықбұзушылық” ұғымы мен белгілері

Қылмыстық заң-қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуды реттейтін мемлекеттік биліктің жоғарғы ұйымы-Парламент қабылдаған нормативтік құқықты акт

Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың жалғыз қайнар көзі болып табылады

Қылмыстық-құқықтық нормалар-қоғам мүшелеріне заңнамалық құқықтар беріп,оларға заңнамалық міндеттемелер артатын ережелер Құқықтық норма құрылымында үш элемент бар: гипотеза,диспозиция және санкция



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет