Қимақ ҚАҒанаты (IХ ғасырдың соңы – ХI ғасырдың басы)



Дата02.03.2023
өлшемі488,91 Kb.
#170769
Байланысты:
Қимақтар
Документ Microsoft Office Word, Документ Microsoft Office Word, 00061254-02625ca6, 00061254-02625ca6, 00061254-02625ca6, pptx1548262649 (1), !ОШ доп СО Информатика 5кл каз, 1589521164, 1589521164, 332f37c92ad33a836058f376ebf7a4c1, inst kaz, Inzhenerli-pedagogika, Inzhenerli-pedagogika, Inzhenerli-pedagogika, тест

ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫ
(IХ ғасырдың соңы – ХI ғасырдың басы)
ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫ
(IХ ғасырдың соңы – ХI ғасырдың басы)
Қимақ қағанаты
(IХ ғасырдың соңы – ХI ғасырдың басы)
Қимақтар:
  • VIII–IХ ғасырлар аралығында Солтүстiк-шығыс Қазақстан аумағында қимақ тайпалар одағы қалыптасты.
  • Қимақтар туралы араб, парсы, түркі және қытай деректерінде айтылған. Осы деректер негiзiнде қимақтардың Батыс Монғолия даласында өмір сүргенін білеміз.
  • Қимақтар ол жерден VII ғасырдың ортасында Алтай таулары мен Ертiс бойына көштi.

Тайпаның өз алдына бөлектенуі Батыс Түрiк қағанатының құлауы барысында 656 жылы iске асты. Қимақтар тайпасының басшысы шад- түтiк лауазымын иелендi («билеушi көсем» дегендi бiлдiредi).
VIII–ІХ ғасырлардағы оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертiстен Жоңғар қақпасы аралығындағы аумаққа берiк орнықты. Кейiн батыста Жайыққа дейiн жылжыды.
VIII ғасырдың соңында қимақ бір- лестігіне көптеген қыпшақ тайпалары ендi.
  • Қимақ қағанатының құрылуы IХ ғасырдың ортасында аяқталды.
  • 840 жылы Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейiн оған енген тайпалардың бiр бөлiгi қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалық одағының басшысы қаған лауазымын иеленді.

Қимақтардың батысқа қоныс аударуына:
  • Жайылымдар қажеттілігі
  • Енисей қырғыздарымен қақтығыстар
  • Ұйғыр қағанатының қысымы ықпал етті.

Қимақ қағанатының құрамындағы сан жағынан басымы қыпшақтар болды. Мемлекеттің орталығы Ертiстің жоғарғы жағындағы Имақия қаласы. Қимақтардың қол астындағы барлық халық иелiктерге бөлiндi.
Қимақ қағаны нақты билiктi иелендi. Ол жер иелiктерін тайпа көсемдеріне әскери қызметте сiңiрген еңбегiне қарай үлестiрдi.
Деректерде қимақ елiндегі «он бiр басқарушылар» туралы айтыла- ды. Жергiлiктi жер билеушiлерi билiктi мұрагерлiк жолмен өз балалары- на қалдырды. Алайда олардың билiгiн қаған бекітетін еді. Мұндай билiк жүйесi бөлiнуге әкелді.
Араб ғалымы әл-Идриси 16 қимақ қаласын атайды. Бұл қалалардың басым бөлiгi Ертiс және Алакөл аймағында орналасты. Алакөл аймағын тұтас қамал-қалалар жүйесі қорғады.
Мемлекеттік құрылысы
Қимақтар көне түркі әлiпбиiн пайдаланды. Ертiс бойы мен Тарбағатай тауларынан IХ–Х ғасырлардағы көне түркі жазулары табылған. Қимақтар Тәңiрге табынып, ата-баба рухынасиынды.
  • ІХ ғасыр ортасына қарай олар шығыста Алтайдан, батыста Жайыққа дейінгі тайпаларды біріктірді.
  • Қимақтардың Енисей қырғыздарының елiне баса-көктеп кiруi туралы деректер тарихтан белгiлi.
  • Қимақтар оғыздармен бейбіт қарым- қатынас орнатты.
  • Қарахандықтар қимақ жерiне бірнеше рет әскери жорықтар жасап, Ертiске дейiн жеттi.

Х ғасырдың басында Қимақ қағанатының шегарасында тыныштық орнады. Ұлы Жiбек жолы да Ертiстегi қимақ қағанының ордасына жеткен.
Х ғасырдың екінші жартысынан оның құлдырау белгiлерi байқала бастады. Қимақ мемлекетінің ыдырау себептері:
  • жеке жер иеліктері билеушілері дербестікке ұмтылды.
  • қыпшақ көсемдері дербес мемлекет үшін күресті.

ХI ғасырдың басында Қимақ қағанаты өмiр сүруiн тоқтатты. Оның жер аумағы қыпшақтарға өтті. Қимақ кезеңі аяқталып, қыпшақтар тарихы басталады.
Ішкі-сыртқы саясаты
Бекіту сұрақтары
Қимақтар алғаш мекендеген жер:
Қимақтар Қазақстанның қай бөлігін мекендеді?
Қимақтар БТҚ-нан бөлектене бастады:
Қимақтар құрамындағы саны көп тайпа:
Қимақ билеушісінің лауазымы:
Қимақтардың өмір сүрген уақыты:
Батыс Монғолия
ІХ соңы- ХІ басы
Солт-Шығыс Қазақстан
656 жылы
Қыпшақтар
Шад-түтік
Бекіту сұрақтары
Қимақ билеушісі қаған атанды:
Қимақтардың 16 қаласы жайлы айтқан:
Қимақтардың орталығы орналасқан жер:
Қимақ мемлекетіне шабуыл жасап, Ертіс бойына жеткен:
Қимақтардың орнына құрылған мемлекет:
Қимақтардың орталығы
840 жылы
Имақия
Әл-Идриси
Ертіс бойы
Қарахандар
Қыпшақтар

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет