Имам ғазали жүректің сырлары


(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен)



Pdf көрінісі
бет19/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен) 
жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла тағала да сендерді жақсы көріп
күнәларыңды кешіреді», – деп айт. Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр 
күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе 
мүмін құлдарына ерекше мейірімді)
» 
49
 
деген аятты түсірді. 
49
 
«Әли Имран» сүресі, 31. 
Мүминдердің Алла Тағаланы сүюі – оның бұйрықтарына бас июімен болады. Алла 
Тағаланың мүминдерді сүюі олардың тілектерін қабыл алуы, күнәларын кешіруі, 
оларды қорғауы, қолдауы және рақымы мен жақсылықтары болып саналады. 
«Ихияу улумиддин» кітабында төмендегілер баяндалады: 
Кім төрт нәрсені айтып, төрт нәрсені орындамаса, ол өтірікші. Олар төмендегілер: 
1. Пейішті сүйем дегенімен Алланың бұйрықтарын орындамағандар; 
2. Алла Елшісін (с.а.с.) сүйем дегенімен ғалымдарды және жарлыларды 
сүймегендер; 


24 
3. Тозақтан қорқам дегенімен күнәларды тастамағандар; 
4. Алланы сүйем дегенімен басына бәле келгенде шағымдана бергендер». 
Ел ішінде төмендегідей бір хикая айтылып келеді: 
Бірнеше кісі Имам Шиблиге келеді. Имам Шибли олардан: 
– Сендер кімсіңдер? – деп сұрайды. 
– Біз сенің достарың боламыз, – деп жауап қайтарады әлгілер. Сонда Имам Шибли 
оларды таспен ұра бастайды. Олар түсінбей артқа қашады. Сонда имам Шибли: 
«Сендер менен қашып жатырсыңдар ма? Егер дос болғандарыңда менен келген 
бәледен қашпаушы едіңдер», – дейді. Содан соң айтты: «Сүюге берілгендер сүю 
кесесінен шарап ішеді. Бүтіндей жер жүзі оларға тарлық қылады. Алла Тағаланы 
шындап таниды, оның ұлылығынан қорқады. Құдіретіне таңданады. Оның сүю 
кесесінен шарап ішеді және оның достық теңізіне сүңгиді. Оған дұға қылудан рахат 
алады. 
Бура күйлеп жүргенде 40 күн жем жемейді екен. Оған басқа уақытта көтеретін жүгінен 
он есе көп жүк жүктелсе де көтере береді. Себебі ол сүйіктісін аңсап тұрғандықтан жем 
де жемейді, ауыр жүктерді де тасиды. Міне, түйе баласы да сүйіктісін аңсағанда, жеп-
ішуге көңіл бөлмай, ауыр жүктерді қарамай таси береді. Ал сендер ше?! Сендер ұлы 
Жаратқан үшін арам нәрселерден аулақ бола аласыңдар ма? Алла разылығы үшін 
нәпсілеріңе ауыр жүк жүктей аласыңдар ма? Егер бұл айтылғандардың ешбірін 
орындай алмасаңдар, онда сендердің айтқандарың негізсіз. Бұл сөздеріңнің сендерге 
бұл дүниеде де, ақыретте де пайдасы тимейді». 
Әзірет Али былай дейді: «Кім пейішке кіруді қаласа, жақсы істерді жасасын. Кім оттан 
қорықса, нәпсісін құмардан сақтасын. Өлімді анық білген кісіге дүние ләззаты 
қызықсыз». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   197




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет