Иманов а.Қ. «Педагогика» пәні бойынша


Тәрбие сағатын талдау үлгісі/шартты түрде алынған



бет17/33
Дата03.11.2023
өлшемі229,29 Kb.
#189238
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
«педагогика»-emirsaba.org
қамбар батыр жыры, лекция Биологияға кіріспе, «педагогика»-emirsaba.org, «педагогика»-emirsaba.org, тізім
Тәрбие сағатын талдау үлгісі/шартты түрде алынған.
1.Тәрбие сағатын ұйымдастырушының аты-жөні.
2.Тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтті.
3.Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты қандай?
4. Тәрбие сағатының формасы және әдісі қандай? /Кеш, конференция, пікірталас, әңгіме, жиын, жиналыс/.
5. Тәрбие сағатының міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының мүддесіне сай келе ме?
6. Тәрбие сағатының дайындық және өткізу кезеңдеріндегі оқушылар., сынып белсенділері және ұйымдастырушысының белсенділік деңгейі қандай болды?
7. Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекілер, техникалық құралдар, музыкалық шығармалардың маңызы, оларды қолдануда тәрбие сағатын ұйымдастырушысының шеберлігі қандай дәрежеде болды?
8. Тәрбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсатына сай келе ме?.
9. Тәрбие сағатының жоспарында көсетілген кезеңдердің жүйелік, бір ізділік қағидасы сақталған ба?
10. Тәрбие сағатының өту барысында аудиториялық көңіл күй қандай болды?
11. Тәрбие сағаты сынып ұжымына қалай әсер етті? Себебі.
12. Тәрбие сағатын дайындау , өткізу барысында қандай кемшіліктер болды? Болса оларды болдырмау үшін қандай тілегіңіз немесе ұсынысыңыз бар?
13. Тәрбие сағатында қолданылған көрнекіліктердің тартымдылығы, оқушылар ұжымына ықпалы қандай дәрежеде болды?
14. Осы сынып ұжымымен келешекте өткізілетін тәрбиелік шаралардың мазмұны және бағыты қалай болуы деп ойлайсыз?
Дәріс 13. Отбасы тәрбиесінің негіздері.
Жоспар:
1. Отбасындағы балалар тәрбиесі.
2. Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориялық негіздері.
3. Отбасы және мектептің ынтымақтастығының түрлері.
4. Отбасындағы этнопедагогикалық тәрбие. Этнопедагогика материалдарын тәрбие процесінде қолдану.
5. Қазіргі отбасындағы тәрбие
Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тәбие мекемелері, балалар мен жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдры – бұлардың бәрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпалында болады. Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарасатар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар, әрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды. Отбасы белгілі қызметтерді атқарады: қайта өндіру /репродуктивті/ - ұрпақ келтіру /тек жалғастырутума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру мен тәртиелеу қажеттігі/;
шаруашылық-экономикалық /ортақ шаруашылық және қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру/;
тәрбиелеу /отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау, отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап бару/;
қарым-қатынас құру /коммуникативті-отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдарымен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру/;
қайта қалыпқа келу /рекреативті – бос уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету/.
Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты. Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей: Құрылымы бойынша /мүшелер саны, жас деңгейлері/ үш әулетті отбасылар, ата-аналар, балалар, немерелер; екі әулетті отбасылар – ата-аналар және балалар; бір балалы; көп балалы отбасылар, толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз және т.б.отбасылар; Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесің кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасындағы тәрбиенің құқықтық негізі. БӘӘ бас ассамблеясы қабылдаған «Балалар құқығы туралы конвенцияның» отбасындағы бала тәрбиесіндегі маңызы.
Отбасы тәрбиесінің, ата-ана әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенция» маңызды негізгі құжат болып табылады. «Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек», - деп жазылған Конвенцияда.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім беруді енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуды жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында «мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс» деп, ерекше аталып кеткен.
ҚР «Білім беру туралы» заңында - елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері қажет.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатынталптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі – ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың пасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды оындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрсететін И.П.Павловтың ілімінде негізделеді.
Күн тәртібін баланы жиналыққа, тілалғыштыққа, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. әдет келешекте бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану ұйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білу, спортпен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер
- Ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастардың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
- Қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.
Отбасының тәрбиелік мүмкінділігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Отбасының өзіне тән ерекше қызметі бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет