Имени с. Аманжолова



бет4/20
Дата12.10.2023
өлшемі422,5 Kb.
#185074
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
866863374185 4 Силлабус БАЗАЛЫК СПОРТ-1
ӘЛЕУМЕТТАНУ БӨЖ нұсқаулық, 11-30, vorobev 1990 208 (4)
3. Пререквизиттер: - оқылатын пәнді игеру үшін студент анатомия, физиология, биохимия, дене мәдениеті және спорт тарихы, валеология негіздері пәндерін білуі қажет.
4. Постреквизиттер: - пәнді оқыту барысында алған білімдерді спорттық – педагогикалық, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру, спорттық медицина, балалар мен жасөспірімдер спорты пәндердерінде, мектептерде өтетін іс-тәжірибелік практика кездерінде қолдануға болады.

5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.





Пән тақырыптарының атауы

апта

Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағат саны

Сабақ түрі бойынша аудиторлық емес сағат саны

Бар
лығы (с.)

Дәріс (с.)

Пр/сем./
зертх-қ./
студ (с.)

БОӨЖ (с)

БӨЖ (с)

1

ҚР БжҒминстрлігі бекіткен мектеп бағдарламасы. Мектеп бағдарламасының мазмұны мен құрылымы.

1

1

1

1

3

6

2

Дене тәрбиесі пәні бағдарламасында базалық спорт түрлерінің бөлінуі сипаттамасы

2

1

1

1

3

6

3

Дене тәрбиесі сабағының құрылымы, түрлері.

3,4

2

2

2

6

12

4

Дене тәрбиесі сабағын жоспарлау

5,6

2

2

2

6

12

5

Жеңіл атлетиканы оқытудың теория-сы мен әдістемесі

7,8

2

2

2

6

12

6

Гимнастиканы оқытудың теория-сы мен әдістемесі

9

1

1

1

3

6

7

Спорттық ойын волейболды оқытудың теориясы мен әдістемесі

10,11

2

2

2

6

12

8

Спорттық ойын баскетболды оқытудың теориясы мен әдістемесі

12,13

2

2

2

6

12

9

Шаңғы спортын оқытудың теориясы мен әдістемесі

14

1

1

1

3

6

10

Суға жүзуді оқытудың теориясы мен әдістемесі

15

1

1

1

3

6




Барлығы




15

15

15

45

90



6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 тақырып. Дене мәдениетінің теориялық негіздері. Терминдер, ұғымдар.
Дене мәдениеті – адамдардың дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы.
Дене мәдениетінің бағыттары; негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті және жеке басылық дене мәдениеті.
Негізгі дене мәдениеті жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу - тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі сабақтары, әртүрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі. Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Қолданбалы дене мәдениеті кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Сауықтыру дене мәдениеті – емдік және денсаулық нығайту дене мәдениеті деп бөлінеді. Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру. Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру. Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру
Дәріс 2: «Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні – оқу және ғылыми пән».
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Бұл пән - дене тәрбиесі маманының кәсіптік білімінің деңгейін көрсететін негізгі пән. Ғылымдық және тәжірибелік мәліметтерді жинақтай отырып бұл ілім адамның дене тәрбиесі үрдісін басқару заңдылықтарын белгілейді, мамандарға дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білім береді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады:
1. Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері – дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді.
2. Дене тәрбиесінің әдістемесі - әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды.
3. Спорт теориясы мен әдістемесі - жаттықтыру өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әртүрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әртүрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.
Әдебиет: негізгі [1-7], қосымша [1,6]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет