Имидж ағылшын және француз тілдерінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағына береді. «Бейне» көзге көрінетін бейне, түр-тұрпат қана емес, ол ойдың, әрекеттің, қылықтың да бейнесі



Дата20.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#103784
түріПрезентация
Байланысты:
кәсіби имидж


Имидж – ағылшын және француз тілдерінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағына береді. «Бейне» көзге көрінетін бейне, түр-тұрпат қана емес, ол ойдың, әрекеттің, қылықтың да бейнесі. Имидж жеке тұлға немес әлеуметтік құрылым туралы басқалардың көз алдында әсер тудыру. Имидж – өзін-өзі презентациялау, қоғамда өзін-өзі ұсыну, көрсету технологиясы. Имидж – адамның сыртқы сипаттамасының жүйесі. Ол – жеке тұлғаның ерекшелігін, ішкі әлемін, мінез-құлқын сипаттайды. Дұрыс қалыптастырылған бейне оның иесіне адамдардың дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырады. Имидж – кез-келген адамға (персональды имидж), ұйымға (корпоративті имидж), әлеуметтік позицияға (саясат қайраткері имиджі), мамандыққа (заңгер, мұғалім имиджі), білімге (ҚР Ұлттық университеті түлегінің имиджі), сауда маркасына («Мерседес» - бұл жай машина емес), затқа (бриллиант имиджі), тұтынатын материалдық объектіге (сапа имиджі) қатысты қолданылады.

Педагог имиджі – тұтас педагогикалық үрдіске қатысушылар мен педагогтың өзара іс-әрекеттестігінен жасалынатын субъектінің рәміздік бейнесі. Педагогикалық имиджелогия – жүйелі және белгілі бір мақсатқа бағытталған жаңа ғылым саласы. Ол педагог имиджінің негізін құрайтын құрамдас бөліктерін зерттейді. Оларға: педагогтың білімдарлығы мен кәсіби біліктілігі, педагогикалық рефлексия, педагогикалық мақсаттылық, педагогикалық ойлау және суырып салмалық дарын педагогикалық қарым-қатынас және педагогикалық техника. Педагогикалық имидж – педагогикалық қарым-қатынас жасау, тыңдай алу, сөйлей алу іскерлігі, іскерлік этикеті туралы білім, субординацияны сақтау. Педагоикалық имидж – оқушылар мен әріптестерінің, ата-аналардың алдындағы дұрыс таңдалған сөздің тоны, дауыстың ырғағы, ішкі әлемнің сыртқы қимыл-қозғалысқа сәйкестілігі. Педагогикалық имидж кәсіби құндылықтар мен жеке тұлғалық мәнділік жүйесінің қалыптасуы.

Кәсіби имидж - белгілі бір мамандық иелері лайық болатын кәсіптік сапа. Кәсіби имиджге барлық мамандық иелері лайық болады. Мысалы: мұғалім, дәрігер, инженер т.б.. Кәсіби имидждің құрылуы, кәсіби маман бейнесінің жасалатындығына тікелей байланысты болады. Өз имиджін жасайтын педагогтың пайда болуы, имиджелогияның жаңа саласы педагогикалық имиджелогияның құрылуына себеп болады.

Кәсіби даму - (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.

Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.

Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.

Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім  саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.



Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн: [1]

Жұмыс, еңбек әрекеті – қандай дағдылар қолданылмайды және неге? Түсіндіріңіз.

Кәсіби дағдылар – өз дағдыларыңызды 5 баллдық жүйеде бағалаңыз. Бұл сізге қандай дағдыларыңызды жетілдіруіңізді анықтауға көмектеседі.

Құндылықтар – Сіздің құндылығыңыз  топтың өзекті деп санайтын құндылықтарымен  қаншалықты сәйкес екендігін тексеріңіз. Бұл өз құндылықтарыңызды қайтадан қарауға көмектеседі.

Оқу – өзіңізге жаңа мәліметтерді меңгеруге қолайлы стратегияны таңдаңыз.



Кәсіби дамуда педагогтың кәсіби өзіндікдаму мен өзіндік білім алу психологиясы ерекше. Әр педагог өзін іштей үнемі оқуға, ізденуге итермелеп, дайындап отыру керек. К.Д. Ушинский айтқандай, «мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Өмірдің өзі педагогтың алдындағы күн тәртібіне педагогикалық білім берудің үздіксіздігі мәселесін қойып отыр.

Кәсіби өзіндікдамуда, басқа да әрекет сияқты, мотивтердің күрделі жүйесі мен белсенділіктің қайнар көздерінің өзіндік негізі бар. Педагогтың өзін – өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен қайнар көзі – өзін – өзі жетілдіру қажеттілігі болып табылады. Өзіндікдамуда өзін – өзі бағалау деңгейі үлкен мәнге ие.

Психологтар дұрыс өзін – өзі бағалаудың қалыптасуының екі әдісін бөліп көрсеткен: біріншісі – өзінің жеткен жетістіктерінің деңгейімен мақтану, ал екіншісі – өз жетістіктерін қоршаған ортадағылардың көзқарастарымен салыстыру. Кәсіби өзіндік бағалауда педагог әрекеті, кім алдына жоғары міндеттер қойса, онда қиындықтар болатынын көрсетті. Қиындықтармен күресу педагогикалық – психологиялық жағдайды реттеп, түзетіп, дамуға әкеледі. Бұл әрине шығармашыл педагогтарда кездесетін жағдай. Егер педагог өз алдына жоғары міндеттер қоймай жеткен жетістіктерімен шектеліп қана қойса, олардың кәсіби дамуы төмендей берері сөзсіз. Сондықтан да пеадагогикалық кәсіпті таңдаған әрбір адам өз санасында педагог бейнесін қалыптастыра алуы қажет.



Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет