Инф олимпиада doc



бет1/66
Дата08.02.2022
өлшемі91,93 Kb.
#123795
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
1544775476 (1)
1575792279, 1572492836, Документ Microsoft Word

Информатика пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау
(әдістемелік құрал)

М А З М Ұ Н Ы


Кіріспе.....................................................................................................

К І Р І С П Е


Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты- жоғары білімді, бәсекелесуге қабілетті шығармашыл тұлғаның қалыптасуына қажетті оң жағдайларды жасау. Өскелең,болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат,мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып,оқытып,логикалық ой тұжырымдатып,таңғажайып ғылым саласына тартуда мектептегі пән мұғалімдерінің атқаратын ролі зор.
Ең дарынды оқушыларды анықтау,олардың бойында алға қойған мақсатқа жетудегі табандылықты,өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатында олимпиядалар өткізіледі. Олимпияда-оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын,олардың бойында информатикаға қызығушылықты,табандылықты тәрбиелейтін жарыс.
Олимпиядалар әр түрлі деңгейлерде өткізіледі: Мектепішілік,аудандық,қалалық,т.с.с.
Ұсынылып отырған «Информатика пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау» әдістемелік құралда информатика пән мұғалімдеріне Паскаль программалау тілінде олимпиадаға дайындық үшін еспетер тізбегі ғана беріліп қоймай, өз тәжірибемнен алынған олимпиадаға дайындау кезеңдерін ұсынып отырмын. Бұл құралда информатика пән мұғалімдері сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көтеруге арналған денгейленген тапсырмалар берілген.. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында әр тарау соңында бақылау сұрақтарымен, тест тапсырмаларын пайдалануға болады. Теориялық материалдар қысқа және тарау мазмұнын ашатын тұрінде көрсетілген. Құрал соңында оқушыларға 2007-2009 жылдар аралығында республикалық, облыстық, аудандық олимпиада есептері, шығарлау программаларымен берілген.
Егер олимпада нәтижесі оқушының, мұғалімнің жоғары шығармашылық денгейнің көрсеткіші болса, онда мұғалімнің алданда қойлатын талаптар ерекше. Соның біреу ол осы жарысқа дайындалу кезеңі. Қызылорда облысы бойынша жалпы информатика пәні бойынша жетістіктер мәз емес. Ол мұғалімнің әлде болса олимпиадаға ғылыми зерттеу жұмысының бір түрі ретінде қарамауы. Сондықтан болар мен осы әдістемелік құралымда информатика пән мұғалімдеріне жеке –жеке әр тақырыпты өтетін мезгілі бойынша жаспарын енгіздім. Былайша айтқанда олимпиадаға дайындық журналы.
Сонымен бірге олимпиядалар информатиканы оқытудың жалпы деңгейіне де жақсы әсер етеді,оқушыларды білім сапаларын анықтауға мүмкіндік береді және жоғары деп саналатын дайындық деңгейін сипаттай отыра қандай да бір дәрежеде мүғалімге бағыт береді.Бірақ олимпиядалар оқушылар үшін жаңа,оларды қызықтыратын ақпараттың елеулі көзі болып табылмайтындығына,сондықтан тереңдетіп дайындаудың негізгі түрі бола алмайтындығына назар аудару керек.

І тарау. Турбо Паскаль ортасында


І.1. Тіл альфавиті
Компьютер белгілі бір есептерді шешу үшін адам тарапынан сол есепті қандай жолмен және қалай шығару керектігі туралы тапсырма алуы қажет. Бұл тапсырмалар бір жағынан компьютерге түсінікті болып жазылуы керек болса екінші жағынан тапсырма беруші кісіге де ыңғайлы болғаны жөн. Осындай компьютерлік тілде жазылған тапсырмалар мен командалар жинағы программа деп аталады. Ал программалық тексттерді шешу үшін пайдаланатын символдардың жиынтығы компьютерлік тіл альфавитін құрайды.
Кез келген программалық тіл символдардан, сөздерден, сөз тіркестері және сөйлемдерден тұрады. Сөздер символдардан құралады, ал операторлар сөз тіркестерінен тұрады. Turbo Pascal
тілі құрылымының қарапайымдылығы мен игеруге жеңілдігінің арқасында программалаушылар арасында кеңінен қолданылады. Turbo Pascal тілінің альфавиті келесі символдардан тұрады.
1. Латын альфавитінің 26 әрпінен;
2. Араб цифрларынан: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9;
3. Ұлттық альфавит әріптерінен;
4. Аранайы символдардан: + - ; ‘ , . () : ;

І.2. ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ ОПЕРАТОРЛАРЫ


Меншіктеу операторы


Меншіктеу операторы барлық тілдерде пайдаланылатын негізгі оператор болып табылады.
Меншіктеу операторының жалпы жазылу түрі төмендегідей:
W:=Е.
Мұнда: W - айнымалы атауы, ":=" меншіктеу белгісі, Е-арифметикалық өрнек.
Мысалы: К:=19.36; М:="завод";
Џ1:=3.5+sqrt(sqrt(x)+1);
Y1:=3.5+sin(x)

Бос оператор


Бос оператор ешқандай да амал орындамайды. Бос оператор қалдырылып кеткен (жоқ оператор) оператордың орнын белгілеу үшін пайдаланылады. Әдетте бос оператор орнына нүктелі үтір ";" қойылады. Мысалы:


S:=А; R:=5;
М:=19.36;
Мұнда үшінші оператор бос оператор болады.
Мәліметтерді енгізу операторы
Енгізу операторы READ (READ-ағылшынша оқу дегенді білдіреді) пайдаланылады.
Енгізу операторының жалпы түрі (форматы) төмендегідей:
READ(а1,а2,...,аn);
Мұңдағы а1,а2,...,аn - айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп те атайды.

Мәліметтерді шығару операторы


Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы пайдаланылады:
WRITE(а1,а2, ...,аn);
Мұндағы а1,а2,...,аn - жай айнымалылар немесе апострофтар ішіне алынған символдар тобы болуы мүмкін. Мысалы, егер В=17.15 болып,
WRITE ('В =', В)
командасы орындалғанда, экранда В=17.15 дерегі көрінеді.
Нақгы сан үшін формат екі саннан түрады:
І-сан - санға берілетін барлық орын,
ІІ-сан - үтірден кейін алынатын бөлшек бөлік саны.
Мысалы:
WRITE (Џ : 5 : 2);
Мұндағы 5-нәтижеге берілген барлық орын, 2-үтірден соң алынатын бөлшек бөліктің саны.
WRITE операторын түсініктеме беруге пайдалануға болады. Мысалы, WRITE('А,В,С - мәндерін енгіз:'); READ(А,В,С)
Бүл жағдайда экранға:
А, В, С мәндерін енгіз: деген түсініктеме сөз шығады. Мәндер арасына қажетті бос орын калдыру үшін: ' ' пайдаланылады.
Айталық, Х=7, У=15, 2=11, ал, К=450,08 болсын, оларды
экранға шығарудың әр түрлі жағдайын көрсетейік.

Оператордың жазылуы: Экранда


WRITE (Х,Џ); 715
WRITE (X,'__',Y); 7_ _15
WRITE ('X=',X); Х=7
WRITE (X,'' : 3, Z); 7 11
WRITE('Х+Џ=', Х+Џ); Х+Џ=22
WRITE(Z, 'соңы'); 11 - соңы
WRITE('бітті'); бітті
WRITE(R); 4.5008+2

Мысалдар:


1-мысал. Радиусы R болатын шардың көлемін есептеуге
программа құрындар.
(*_______-______! шар көлемін есептеу ! ______._________*)
program B1(input, output);
const
рі=3.14
Var
г : геаl; (*шар радиусы*)
V : геаl; (*шар кљлемі*)
Begin
writeln ('r-мѕнін енгіз:');
геаd(г);
v:=(3/4) * рі * r * r * r;
writeln;
writeln ('нѕтиже:');
writeln ('шар кљлемі v=', V : 8 : 3);
end.
экранда R-мәнін енгіз:
0.2 Enter
нәтиже:
шар көлемі v=0.033
Паскаль тілінде дәрежелеу амалы жоқ, сондықтан дәрежелеуді жеке программа көмегімен немесе хn-дәрежесін - ехр(ln(х*n))
формуласы арқылы табады. Мысалы, у =S*x(1+x)n /15(1+x)n -1 өрнегін есептеу қажет болса, онда мына үзінді пайдаланылады: ... а:=ехр(1n(1+х)*n); у:=(S*х*а)/(15*а-1);....
2-мысал. Берілген төрт орынды санның цифрларының көбейтіндісін табуға программа құрыңдар.
Программа.
Program kob;
Var х, р, d: integer;
Begin
write ('төрт орынды сан енгіз!');
readln(х);
р:=1;
d:= х div 1000; р:=р*d;
d:= (х div 100)mod 10; р:=р*d;
d:=(x mod 100) div 10; p:=p*d;
d:=x mod 10; p:=p*d;
Write('нѕтиже=', р);
End.
Сұрақтар және жаттығулар.
1. Енгізу және шығару операторларының міндеттерін көрсетіндер?
2. Тұрақтылар - енгізу операторының параметрлері бола ала ма?
3. Енгізу жѕне шығару операторларында енгізілетін жѕне шығарылатын параметрлер санына шек қойыла ма?
4. Программада түсініктеме қалай жазылады?
5. Төмендегі Паскаль тілінде жазылған өрнектердің мағынасы қалай? Экранда не көрінеді? (*цилиндр көлемі*)WRITELN ('цилиндр көлемі')
6. Мына айнымалыларды енгізу түрін жазыңдар:
а) А, А2, АЗ, А4;
б) х және у;
7. Егер х=3, у=5 болса, онда (5,х+у) мәндерін шығарғанда экранда кандай сандар көрінеді?
8. Паскаль тілінде жазылған төмендегі операторлардың қатесін табыңдар:
а) write (у1, у2);г) write [у1,у2];
б) write (у1, у2)д) write 1.62
в) write (y1,у2;е) write (А, В/Ғ)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет