Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды атап, ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз



бет3/12
Дата29.05.2022
өлшемі2,9 Mb.
#145404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Эпид эталон полный 2019-1
ЭКГ тест 2021
Қызылша
Қызылша – қодырғышы аэрогенді механизммен берілетін, қызбамен, интоксикациямен, дақты-папулезды бөртпелермен, энантемамен, жоғары тыныс алу жүйесінің зақымдалуымен, конъюнктивитпен сипатталатын антропонозды жедел респираторлы вирусты жұқпалы ауру. Қызылша ауруын алғашқы болып VІ ғасырда араб ғалымы Разес зерттеген. Орта ғасырда дәрігерлер қызылша ауруын білген, бірақ көбіне бөртпе белгілерімен өтетін басқа аурулармен шатастырып отырған. Қызылша ХІХ ғасырда барлық елдерде таралған, барлық халық ауырып отырған. Қоздырғышын 1954 жылы Эндерс және Пиблс ашқан. Негізінде қызылша балалар инфекциясы болып табылады. Бірақ, 1980 жылдан бастап жаппай вакцина егудің нәтижесінде 5 жастан жоғары және үлкендер арасында жиі кездесіп отырғаны (70% дейін) белгілі. 2005 жылы Ұлттық Иммунизациялау Күндері жүргізіліп, 15-25 жастағыларға қосымша вакцина егу жасалған, егумен қамту 99,7% жеткен. Егулердің нәтижесінде 2006 жылы қызылшамен сырқаттану 25 есе төмендеген, 2007 жылы мүлдем ауру тіркелмеген. Бірақ экономикасы дамымаған елдерде әлі күнге дейін 5 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.
Этиологиясы – қоздырғышы Polinosa morbillivirus, парамиксовирустар тобына жататын, тек жасуша дақылдарында өсетін (адам эмбрионы немесе маймыл бүйрек жасушасында) вирустар. Қоршаған ортада төзімсіз, 60 градустан жоғары температурада, күн сәулесі, ультракүлгін сәулесі, дезинфекциялық заттар әсерінен тез өледі. Қоздырғыштар үшін қолайлы температура -15-20 градус.
Инфекция көзі - ауру адам. Ауру адам жасырын кезеңінің соңғы 2 күндері, катаральді кезеңде, бөртпе шыққаннан кейін 4-5 күнге дейін жұқпалы болады. Барлығы 9-10 күн аралығында жұқпалы болады. Вирустасымалдаушылық болмайды.
Берілу механизмі – аспирациялы, берілу жолы - ауа-тамшылы. Ауруды жұқтыру науқаспен қатынаста болу уақтынан және бөлменің тығыздығына байланысты. Қызылша ауруы тек бір бөлме ішінде таралып қана қоймай, ашық есік-терезе, желдету каналдары арқылы төбедегі қабаттарға таралуы мүмкін.
Иммунитет. Жаңа туылған балаларда туа біткен баяу иммунитет 6 айға дейін сақталады. Қызылшаға қабылдағыштық өте жоғары: аурумен 1 күн қатынаста болғандардың 43%, 72 сағат қатынаста болғандардың 80%, 4 күн қатынаста болғандардың 100% ауру жұқтырады. Қайта жұқтыру, қайта ауыру болмайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет