Информатика 5 сынып



Дата02.02.2022
өлшемі17,77 Kb.
#116857


Информатика 5 сынып
Түсінік хат
Ұзақ мерзімді жоспар ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты, «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде құрылған.

Оқыту мақсаты: қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.

Міндеті:

  1. Оқушыларда ақпараттық үдерістердің қоғамдағы рөлінің түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын қалыптастыру;

  2. Оқушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдануға бейімдеу;

  3. Оқушыларға жүйелерді талдауға, шешімдерді, программалық қосымшаларды жасауға, оларды дамытып жетілдіруге, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалауға мүмкіндік бере отырып, олардың компьютермен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;

  4. Оқушылардың логикалық, алгоритмдік, жалпылау және үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді және рационалды тәсілдер мүмкіндіктерін қосатын есептік ойлауды дамыту;

  5. Оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;

  6. Талдау, абстракция, модельдеу мен программалау арқылы оқушыларға әртүрлі міндеттерді шешуді үйрету;

  7. Оқушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ақпал жасау.

Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат

Оқулық: Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық Г.А.Көпеева, Ү.М.Ділманова, -Астана: «Арман-ПВ», 2017

Информатика. Мұғалім кітабы. Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. Г.А.Көпеева, Ү.М.Ділманова, -Астана: «Арман-ПВ», 2017

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет