Информатика кабинетiне ќойылатын талаптар


Жарықтандыру деңгейiнiң мөлшерi



бет5/7
Дата06.02.2022
өлшемі127 Kb.
#80398
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
инф пр

Жарықтандыру деңгейiнiң мөлшерi



Жұмыс түрi

Жұмыс iстеу

Жазықтық

ЛК жарықтануы

ДК-де жұмыс (сабақтар мен практика)

Экран

В

200-300

Пернетақта

Г

400-500

Үстел

Г

400-700

Сынып тақтасы

В

400-500



ДК пайдаланатын пәндерге қойылатын талаптар

Бейнетерминалмен жұмыс iстеу ұзақтығы бейнетерминалдың ерекшелiгiне, оқушылардың жасына, жұмыстың басталу уақытына, үзiлiс ұзақтығына жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.


Жұмыс орнына дұрыс отыру төмендегi көрсеткiштерге сай болуы қажет. Жұмыс ұзақтығы (экран центрiндегi жарықтану нүктесi 0,4мм-ден кем емес өлшемдегi бейнетерминалдар үшiн):

  • 5 сынып оқушылары үшiн – 15 минут;

  • 6-7 сынып оқушылары үшiн – 20 минут;

  • 8-9 сынып оқушылары үшiн – 25 минут;

  • 10-11 сынып оқушылары үшiн, егер екi сабақ қатар жүрсе, бiрiншi сабақта – 30 минут, екiншi сабақта – 20 минут.

Жұмыс ұзақтығы экран центрiндегi жарықтану нүктесi 0,5мм-ден кем емес өлшемдегi бейнетерминалдар үшiн 30-ке кемидi:

  • 5 сынып оқушылары үшiн – 10 минут;

  • 6-7 сынып оқушылары үшiн – 15 минут;

  • 8-9 сынып оқушылары үшiн – 18 минут;

  • 10-11 сынып оқушылары үшiн, егер екi сабақ қатар жүрсе, бiрiншi сабақта – 20 минут, екiншi сабақта – 15 минут.

ДК қолданатын сабақтар саны бiр күнде 10-11 сыныптар үшiн 2-ден көп емес, ал 5-9 сыныптар үшiн 1 сабақтан кем болмауы керек.
ДК-дi қолданатын сабақтар аралығындағы үзiлiстер 10 минуттан кем болмау қажет.
Өндiрiстiк практика кезiнде күнделiктi ДК-мен жұмыс iстеу ұзақтығына байланысты төмендегi өлшемдегi бейнетерминалдар қолданылады:

  • 3 сағат – жарықтану нүктесi 0,4мм-ден кем емес өлшемдегi бейнетерминалдар;

  • 2 сағат – жарықтану нүктесi 0,5мм-ден кем емес өлшемдегi бейнетерминалдар.

ДК қолданатын жоғарғы сыныптардағы факультативтiк және үйiрме жұмыстары аптасына 2 академиялық сағаттан аспау керек.
ДК-мен жұмыс iстеу кезiнде әрбiр 20-25 минут аралығында көздiң шаршағанын басу үшiн арнайы жаттығулар жасалу керек. 10-11 сынып оқушылары үшiн информатика сабақтарының арасында дене шынықтыру үзiлiсiн жасау керек. Көз және дене шынықтыру жатығуларының жиынтығын айына 1 рет ауыстырып отыру ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет