Информатика кафедрасы «5B011100 – Информатика»



бет20/77
Дата06.10.2022
өлшемі277,92 Kb.
#152008
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77
Байланысты:
УМКД ТКО сырттай
Деректер қоры және АЖ, Кубенова Алия
Кілт сөздер: Критерийлерді жобалау, таксономия, оқу жетістіктері.
Жоспары:
1. Оқушылардың оқу әрекеттерін нәтижелерін бағалау критерийлерін анықтаудың негізгі жолдары.
2. Оқу материалдарының меңгеру деңгейіне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерінің критерийлерін салыстыру

  1. «Таксономия» ұғымның анықтамасы. Б.Блумның таксономиясы бойынша оқытудың деңгейлік мақсаттарын сипаттау. 4.Таксоноимяны оқыту нәтижелері бағалау құралы ретінде қолдану.

Дәріс тезистері:
Оқушылардың оқу әрекеттерін нәтижелерін бағалау критерийлерін анықтаудың негізгі жолдары төмендегі көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы бағаланады. Біріншіден, педагогтар мен түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйе басқарушыларының жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіктерінің көрсеткіштері алынады, олар:
Педагогикалық жүйелерді дамытуға негіз болатын инновациялық жобалау стратегиясын құрастыра білуі; Мақсаттық - бағдарлы жобалаудың тұтас циклын ұйымдастыра білуі;
Жобалардың тиімділігін бағалай білу құзыреттіліктері;
Одан әрі аталған сапалардың қалыптасқандығын қандай көрсеткіштер арқылы бағалауға болатыны анықталды. Ол проблемалық мәселе бойынша құрастырған жобалары және оларды бағалау қөрсеткіштері.
«SMARТ - талдау» әдістемесін пайдалану
Қатысушылардың аталған бағыттарда ұсынған жобалары мен олардың тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер ретінде
«SMARТ - талдау» әдістемесі пайдаланылды
(Кесте 1), (Specific - өзектілігі айқындалуы, нақтылығы; Measurable - өлшеуге болатындығы; - Achievable –
қолжетімдігі; Related – шынайылығы; Times-bound - уақыт шектеулерінің белгіленуі):
Кесте 1 − Жобаларды бағалаудың «SMARТ - талдау» картасы үлгісі



Өлшемі

Көрсеткіштері

Сәйкестігін бағалау (3–1 балл аралығы)

1

2

3

Өзектілігі

Жобалау қызметі ұйымның жұмысындағы белгілі

Ескерту:




бір қиындықтар туғызып отырған проблемаларды

Әрбір көрсеткіш




анықтап, оны тиімді шешуге бағытталған болуы

бағаланады. Толық




тиіс. Басым бағыттарды айқындау, талдау жасау

сәйкес – 3 балл,




арқылы негіздеу және шешу жолдарын ұсыну,

ішінара сәйкес – 2




жобалау қызметінін маңызды мәселеге

балл, сәйкес емес – 1




бағытталғанын көрсетеді.

балл.

Өлшемдері болуы

Жобалау қызметінің нәтижесі қалыптасқан жағдайды өзгертетін, не жетілдіретін болуы керек. Ол үшін алдын ала анықтау алуды қажет ететін сұрақтар: 1) жобалау қызметінің қандай көрсеткіштері нәтижелер деп есептеледі; 2) оларды қандай параметрлер арқылы өлшеуге болады және олар немен өлшенеді?




Қолжетімдігі

Жобалау қызметінің қолжетімдігі стратегиясын жүзеге асыру барысында оның күтілетін нәтижелерінің алдын ала анықталуы және оны орындау жолдары мен механизмдерінің нақты кезеңдері мен алгоритмінің жасалуынан белгілі болады.




Шынайылығы

Жобалау қызметі жүйенің ішкі қажеттігі және сыртқы орта талаптарына сәйкестігі, оны іске асыратын лайықты адамдар тобы белгіленуі, жобалаудың мазмұны мен технологиясы, қажетті ресурстары анықталуы. Осы әрекеттердің болуы жобалаудың шын мәнінде жүзеге асырылуына мүмкіндік жасайды.




Уақыт шектеулерінің белгіленуі

Бұл жобалау қызметінің басталу және аяқталу мерзімдерін, орындау барысындағы аралық кезеңдерді және әрбір аралық кезеңнің мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің нақты белгіленуінен көрінеді.




Күтілетін кедергілер дәрежесінің анықталуы

Жобалау қызметі барысында осыған ұқсас тәжірибелерді зерттеу және талдау арқылы алдын ала болжау әрекеттеріне сүйене отырып, болуы мүмкін кедергілер мен қиындықтардың, одан шығатын жолдардың алдын ала белгіленуі.




Жалпы бағасы







Бұл көрсеткіштер нәтижесі төмендегі бағалар бойынша анықталады: толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес – 2 балл, сәйкес емес – 1 балл. Жобаның сәйкестік формуласы: К = Кф : Км.


Ондағы белгілер:
К – Жобаның талаптарға сәйкестігі;
Кф – факт бойынша жобаның жинаған жалпы балл саны; Км –максималдық мүмкін балл саны.
Бұл деңгейді бағалауда төмендегі көрсеткіштері пайдаланылады: өте төмен – К < 0,45;
төмен– 0,45 < К < 0,65;
жеткілікті– 0,65 < К < 0,85; қажетті – К > 0,85.
Қосымша бағалау көрсеткіші ретінде жасалған жобаның өміршеңдігін анықтау алынды. Оның мәнісі жоба жетекшілерінің алдына қойылған міндеттерді орындап, жобаны жасағаннан кейінгі жағдайын анықтау болып табылады. Бұл жоба әрі қарай жалғасуы мүмкін бе, ол үшін қандай ресурстары бар, қандай ресурстар қажет? Қандай бағыттарда жалғасын таба алады? Жобалаудың қателіктері мен тәуекелдері талдана ма? Міне, осындай талдаулардың болуы жобаның өміршеңдігін көрсетеді.
Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер жоба жетекшілерінің жобалауды ұйымдастыру әдістемесін қаншалықты меңгергенін жасаған жобаларына қарап бағалауды ғана көздейді, сондықтан оны жоба жетекшілерінің алған білімдерінің нәтижелері деп қана қарастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет