Информатика мен информатика пєні туралы


Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану



бет4/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted, 7 HTML, КАНАТ ДИПЛом нов, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест
Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану

Қашықтан оқыту компьютерлік техника мен телекоммуникациялық желілерді қолдану барысында ұйымдастырылады.

Компьютерлік үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бір жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, екінші жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенін бақылауға көмектеседі.

Оқыту процесін қашықтық режимінің ұйымдастыру барысында барлық ақпараттық қызмет типтері пайдаланылады:



  • Электрондық пошта, телеконференция;

  • Мәліметтерді жіберу (FTR-сервер);

  • Гипермәтіндік орта (WWW-сервер);

  • Интернет желісінің әлемдік ресурстары (WWW кеңістігі, деректер қоры, ақпараттық іздеу жүйелері);

  • Видеоконференциялар.

Аталған типтердің көмегімен тыңдаушы мен мұғалім арасында оқыту мен дидактикалық міндеттер шешіледі. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жіберу мен телеконференция типі түрлі талқылауларды жүзеге асырады.

Электрондық пошта көмегімен мұғалім мен тыңдаушы арасында оқу материалдарын жіберу мен мұғалімге өздеріне түсініксіз болған материалдар бойынша сұрақтар эіберуіне мүмкіндік алады. Бір жағынан, ол мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Бұл жағдайда, мұғалімнің жұмысы материалдар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауап жіберу қызметтерін атқарумен шектеледі.

Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушілер арасында жалпы пікірталасты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ол мұғалімнің басқаруымен өткізіледі. Мұғалім пікірталастың тақырыбын белгілейді, конференция барысында өткізілетін мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатысушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзінің хабарламаларын (хаттарын) жібере отырып, пікірталасқа қатынасады.
ҒТР-серверлердің қызметі өте үлкен көлемдегі файлдарды (ақпараттарды) жіберуге мүмкіндік береді.

Ал WWW-сервері оқу материалдарын орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл материалдар гипермәтін түрінде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтін материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлімдерін гипербайланыс арқылы бір-бірімен толықтырып отыруға мүмкіндік береді. Гипермәтін материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлімдерін гипербайланыс арқылы бір-бірімен толықтырып отыруға мүмкіндік береді.


WWW-құжаттарында тек мәтіндік ақпараттары ған емес, сонымен бірге, графиктік, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады.

WWW-желіснің әлемдік ресурсында гипермәтін түрінде көрнекі және анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалім іздеу жүйелерінің көмегімен WWW-беттерінде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сілтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетін материалдарын да осы құжатқа енгізеді және ол жөнінде оған хабарлама беріледі. Егер ол Интернетке шыға алатындай мүмкіндік алса, онда ол осы берілген материалдарды оқи алады.

Оқыту ортасын дамыту құралдары, жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметін атқарады.

Дәстүрлі оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегі материалдар ұсынылады:



  • Компьютерлік үйрету бағдарламалары;

  • Электрондық оқу құралдары;

  • Компьютерлік тестілеу жүйесі мен білімді бақылау;

  • Электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар;

  • Аудио және видеоматериалдар;

  • Интернет желісіндегі ақпараттық материалдар;

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделетіп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға әсерін тигізеді. Қашықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негізге алуы керек. Оқу құралдарын жасақтау ұзық процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтан оқыту формасының тиімділігін арттырудың негізгі көзі болып табылады.

Қашықтан оқытудың техникалық базасы ақпараттарды жіберу жүйесін құрайды. Интернеттік ақпараттық ресурстар: E-Mail, WWW.

Білім берудегі ақпараттық технологияларды оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

- дидактикалық бағыт;



- бағдарламалық ұсыныс;

- техникалық ұсыныс;

- пәндік аумақта қолданылуы.

Дидактикалық бағыт бойынша классификация, бағдарламалық-ақпараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездесіуге болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықталған және анықталмаған деп бөлу қажет. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында херттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.

Білімнің арикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.

Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі үйренушілерге берілмейтін, практикалық есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-ақпараттық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технлогиялар декларативтік деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет